Амин қышқылдарының туындыларына: адреналин, норадреналин, дофамин, тиронды гормондар сияқты гормондар тобы жатады, барлығы да тирозии амин қышқылының туындылары. Серотонин- триптофан, гистамин-гилидинин тек тиреоидты гормондар ғана клетка мембранасы арқылы өте алады, ал қалғандарды өте алмайды.
Сондықтан гормондардың химиялық қасиеті ағзада болатын күрделі үдерістердің жеке-жеке кезеңдерін, нысана мүшеге жету, әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Секреция – безді клеткалардың ішіне түскен заттардан және белгілі бір мақсатпен қызмет атқаруға бағытталған арнаулы өнімдердің пайда болуы.
Бездердің функционалды күйі олардан бөлінетін секреттердің (ас қорыту, тер бөліну, т.б.) саны мен сапасына қарай анықталады.
Безді клеткадан бөлінетін секреттердің химиялық табиғаты: белоктар, липопротейдтер, мукополисахаридтер, тұздардың ертінділері, негіздер мен қышқылдар сияқты әртүрлі болады. Секрет бөлетін клетка химиялық табиғаты жағынан бір түрлі немесе әртүрлі, бір ғана немесе көптеген өнімдерді синтездеп және бөліп шығаруы мүмкін.
6.2. Безді клеткалардың биопотенциалы
Секреторлық клетканың биопотенциалының көптеген ерекшеліктері бар:
амплитудасы төменгі деңгейінде;
жылдамдығындағы өзгерістерінде;
базалды және апикалы мембраналарындағы потенциалдың айырмашылығында.
Мембрана потенциалы тыныштық күйде 30-75 мВ-қа дейін жетеді. Көптеген гландулоциттердің қозуына тән қасиет – мембраналарындағы деполяризациялық үдеріс. Бірақ кейбір клеткаларында қозу кезінде гиперполяризациялануымен қатар екі фазалық потенциалдан тұрады. Мембрананың деполяризациялануы Nа+ ионының клеткаға кіріп, одан К+ ионының сыртқа шығуынан десек, ал мембрананың гиперполяризациялануы клеткаға Cl- ионы келіп, Na+ және К+ иондарының клеткадан сыртқа шығуының нәтижесінде болады. Осы жердегі басты ерекшелігі – базалды және апикалды мембрананың полярлық айырмашылығында (2-3 мВ). Осының нәтижесінде айтарлықтай электрлік өріс қалыптасады (20-30 В/см). Сондықтан да оның кернеуі клетка қозған кезде екі есе жоғарылап, секреторлық гранулдардың апикалды полюске ауысуынан секрет клеткадан сыртқа шығады.
Физиологиялық әсер етуші секреттер Са++ ионының концентрациясын жоғарылатып, калий және натрий каналдарына әсерін тигізіп, секреторлық потенциал туғызады. Кейбір секрет бөлдіруші стимуляторлар, әсіресе, аденилат циклазаны активтендіруші Са++ ионының гландулоциттерде алмасуына әсерін тигізбеушілер электрлік құбылыс туғызбайды.
Сонымен, мембрандық потенциалдың өзгеруі және грандулоциттердің электрлік өткізгіштігі клетка ішіндегі Са++ ионы концентрациясының жоғарылауына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |