«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет56/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

8.3. Жүректің қызметі

Жүрек етінде мезгіл-мезгіл пайда болған қозу үдерісінің салдарынан жүректің жиырылуы байқалады. Жүрек еті (миокард) тоқтаусыз, ырғақты қызмет етуіне байланысты қозғыштық, автоматиялық, өткізгіштік, жиырылғыштық, рефракторлық қасиеттерімен сипатталады.


Қозғыштық – тітіркендірген кезде пайда болатын қабілеттілігі, соның нәтижесінде ет ткані биохимиялық және биофизикалық өзгерістерге ұшырайды. Қозу жүрек етінің тек өзінде пайда болады. Осы қасиетті жүректің өздігінен жиырылуы немесе автоматия деп атайды. Автоматиялық қаблеттілігі миокардтың белгілі бір участігінде орын алады. Ол өзіндік ерекшеліктері бар, миофибриллалары аз, саркоплазмаларға бай, эмбриондардағы ет тканьдеріне ұқсас компоненттерден тұрады. Осындай ерекшелігі бар еттер жүректің өткізгіштік жүйесін құрайды. Олар синусты – жүрекше (синоартериалды) түйін жүрек ырғағын жүргізуші (жүрекше қабырғасынан қуыс вена аузына) және жүрекше – қарынша буыны болып бөлінеді (оң жақ жүрекше қабырғасын оң жақ қарыншадан бөліп түрған жерге дейін). Осы түйіннен жүрекше – қарынша шоғы немесе Гисса шоғы басталып, қарынша жүрекше пердесін тесіп өтіп, келесі қарынша аралық пердені бойлап, оң жақ және сол тармақшаға екі айырылады. Жүрек аяқшасының жоғарғы жағында қарын жүрекше шоғы жоғары қарай иіліп, торланған жүректің өткізгіш миоциттеріне (Пуркинье талшығына) қарай өтіп, қарынша миокардына таралады.
Миокард клеткасының электрлік активтігі. Табиғи жағдайда миокард клеткалары барлық уақытта қозу жағдайында немесе ырғақты белсенді күйінде болады. Сондықтан оның тыныштық потенциалы жайлы тек шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген клеткаларында ол – 90мВ шамасында, бірыңғай К+ концентрациялық градиентімен белгілі болады.
Әрекет потенциалы жүректің әр бөлігінде миоэлектродтар арқылы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олардың формасы, амплитудасы және ұзақтығы әртүрлі болатындығын аңғарған. Қарыншаның миокард клеткасының потенциалын сызбанұсқа түрінде жазып зерттегенде мынадай түрде болатындығы байқалған.
Осы потенциалды тіркеу үшін мембрананы +30мВ дейін тітіркендіру қажет болды. Әрекет потенциалы төрт кезеңнен тұрады:
1) бастапқы жылдам деполяризациялау – фаза 0/1; 2) баяу реполяризация, дөңес деп аталатын 2-фаза; 3) жылдам реполяризациялау фазасы; 4) тыныштық фазасы немесе баяу диастолдық деполяризация фазасы.
0/1 фазасы жүрекшенің миокард клеткасында, жүректің өткізгіш түйінінде (Пуркинье талшығында) және қарыншаның ет талшығында осындай, клетка мембранасындағы натрий каналының активтілігінен, былайша айтқанда, натрийдің өткізгіштігінің жоғарылауынан нервтің және қаңқа еттерінің талшықтарының әсерлік потенциалы жоғары фазасына ұқсас ең жоғарғы биіктігіне өрлеуіне сай әрекет потенциалында мембрана потенциалының белгісі өзгереді – 90мВ-тан + 30мВ-на ауысады. Мембраналардың баяу жүретін натрий–кальций каналдарының активтілігін тудырады. Осы канал бойынша Са2+-дың ағыны клетка ішіне кіріп, әрекет потенциалының шыңының дөңестенуіне әкеледі (2-фаза). Дөңестену кезінде натрий каналының активтілігі төмендеп, клетка абсолюттік рефрактерлік күйге ауысады. Сол кезде клеткадан шығатын К+ ионының ағыны мембрананың тез арада реполяризациялануын қамтамасыз етеді (3-фазасы), сөйтіп кальций каналы жабылады, ол өз кезегінде реполяризация үдерісін тездетеді (себебі кальцийдің енуі төмендеп, мембрана деполяризацияланады).
Мембрананың реполяризациялануы біртіндеп калий каналының жабылуын және натрий каналының реактивтілігін тудырады. Соның нәтижесінде миокард клеткасының қозғыштығы қалпына келіп, осы периодты салыстырмалы рефрактерлік деп атайды. Жұмыс атқарушы миокард клеткасында (жүрекше, қарынша) мембрандық потенциал (әрекет потенциалының келесі интервалының арасындағы) аз да болса тұрақты бір деңгейде сақталады. Бірақ сино артериялды клетка түйінінде “ритмді айдаушы” жүректің өзі болып есептеледі. Осы кезде аяқ астынан дисатолдық деполяризация байқалады (4-фазасы), сөйтіп өзінің ең қауіпті деңгейіне жеткенде (-50мВ) жаңа әрекет потенциалы пайда болады.
Сонымен, жүректің өзінің жиырылу ырғағын өзі реттеу механизмі осы жағдайларға байланысты.
Миокард клеткасының адамда өмір бойы жұмыс істеу қабілеттілігі осы клеткадағы иондық насостарының жұмысына байланысты. Диастола кезінде клеткадан Na+ ионы шығады, ал клеткаға К+ ионы қайтып кіреді. Цитоплазмаға енген Са2+ ионы саркоплазматикалық ретикуммен қысқартылады.
Миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі миокардиалдық клеткада АҮФ және креатин фосфаттың қорының азайғандығына әкеліп соғады, соның нәтижесінде насостың жұмысы бұзылып, миокардиалды клетканың механикалық және электрлік активтілігі төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет