3.9. ТЫНЫС АЛУ жүйесі
11-дәріс жоспары
9.1. Тыныс алу кезеңдері
9.2. Альвеолдағы газ алмасу
9.3. Өкпедегі тыныс алу
9.1. Тыныс алу кезеңдері
Тыныс алу дегеніміз – сыртқы ортамен организм арасындағы газдардың алмасуын (О2 және СО2) қамтамасыз етуші физиологиялық үдеріс. Былайша айтқанда, адам ағзасында метаболизм үдерісінің жүруіне сәйкес ағзаға оттегіні енгізіп, көмір қышқылы газын сыртқа бөліп шығару. Мысалы, тыныштық күйде ой еңбегі кезінде, орташа есеппен, минутына адам ағзасы 250–300 мл оттегіні сіңіріп, 200–250 мл СО2 сыртқа бөліп шығарып отырады.
Ал физикалық жүктеме түсіріп жұмыс істегенде оттегіні қабылдау, айтарлықтай көп мөлшерде болады. Мысалы, физикалық жаттықпаған адамдар минутына 2–3 литр, ал жақсы шыныққан адамдар бір минутта 4–6 литр оттегіні қабылдайды.
Тыныс алу үдерісі бес кезеңнен тұрады. Оның төртеуін физиологтар зерттейтін болса, соңғысын биохимиктер зерттейді.
Кезеңдеріне:
1. Сыртқы тыныс алу немесе өкпедегі газдардың алмасуы. Оның басты мәні сыртқы ортамен өкпе капиллярларындағы қандардағы оттегі пен көмірқышқыл газының алмасуы.
2. Альвеолдағы ауа мен өкпе капиллярындағы қандармен алмасу.
3. Қан арқылы газдарды тасымалдау, былайша айтқанда, өкпеден оттегіні тканьдерге, көмірқышқыл газын тканьнен өкпеге тасымалдау.
4. Үлкен қан айналу шеңбері арқылы қан мен ткань клеткалары арасындағы газдардың алмасуы.
5. Ішкі тыныс алу – клетка митохондрияларындағы биологиялық тотығу үдерісі жатады.
9.2. Альвеолдағы газ алмасу
Ауадағы оттегі және (СО2) көмірдің қос тотығының ағзаның ішкі ортасымен алмасуы өкпедегі ауаның үздіксіз құрамының жаңарып тұруына, оның ішінде өкпедегі көптеген альвеолдардың толығуына мүмкіндік береді. Альвеолдағы газдардың алмасуы жалпы өкпедегі газ алмасудың бір бөлігі деп қарастыру керек. Әрбір альвеолдағы ауаның құрамының арақатынасына көптеген факторлар әсер етеді. Бірінші, оның құрамы өкпенің өлі кеңістігінің анатомиясына байланысты. Екінші, тыныс алу жолындағы және альвеолдағы ауаның таралуы таза физикалық факторға байланысты. Үшінші, өкпедегі газ алмасудағы ең бір шешуші рөл атқарушы альвеолдағы вентиляция және өкпе капиллярларындағы перфузия үдерісі.
Анатомиялық және альвеолярлық өлі кеңістік дегеніміз не? Анатомиялық өлі кеңістік дегеніміз – кондуктивті немесе ауа жүретін өкпе аймағы. Бұлар газ алмасуға қатыспайды (жоғарғы тыныс жолы, трахея, бронхтар және терминалды бронхтар). Бұл кеңістіктің маңызды жағы тыныс алу кезіндегі ауаны қыздырады және тыныс шығарған кезде 30% жылуды және ылғалды (су) ұстап отырады. Ал су өкпедегі альвеол капилляр мембранасының құрғап қалуынан сақтайды.
Әрбір адамның тыныс алу жолы 23 генерация немесе бөліктен тұрады. Бронхиалды бұтақталуы трахеядан альвеолға дейін дихотомиялы болады (бифуркация). Ауа бронхтан өткеннен кейін 8-12 қатарында ауаның t0 370C, ал ылғалдылығы 100% болады.
Анатомиялық және альвеолярлық өлі кеңістіктің көлемінің жиынтығын физиологиялық өлі кеңістік деп атайды. Анатомиялық өлі кеңістік альвеолдағы газ алмасудың тиімділігін төмендетеді.
Тыныштық күйде 500 мл ауаны жұтатын болсақ, оның 350 мл ғана альвеолға барады. Қалған 150 мл анатомиялық өлі кеңістікте қалып қояды. Альвеолдағы ауаның құрамы тыныс алған және тыныс шығарған кездегі ауаның құрамынан өзгеше келеді.
АТМОСФЕРАДАҒЫ, АЛЬВЕОЛДАҒЫ ЖӘНЕ ТЫНЫС ШЫҒАРУ
КЕЗІНДЕГІ ГАЗДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ %-бен (ММ С.Б)
Ауадағы газдың құрамы
|
Атмосфе-ралық ауа
|
Альвеолдағы ауа
|
Тыныс шығарған-дағы ауа
|
О2
СО2
N2
Н2O
Жалпы
|
20,85 (160)
0,03 (0,2)
78,62 (596)
0,5 (3,8)
100,0 (760)
|
13,5 (104)
5,3 (40)
74,9 (569)
6,3 (47)
100,0 (760)
|
15,5 (120)
3,7 (27)
74,6 (566)
6,2 (47)
100,0 (760)
|
Атмосферадағы, альвеолдағы және тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы газдардың белгілі бір өзіндік қысымы бар немесе парциалды қысымы, басқаша айтқанда, газ қоспасында әрбір газдардың өзінің жеке қысымы (парциалды) болады. Осы газдың парциалды қысымының градиенті немесе күші арқылы газдардың молекулалары альвеол мембраналары арқылы қанға сіңеді немесе өтеді. Мысалы, теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 760 мм с.б. тең, ал О2 пайыздық құрамы 20,93% (21-ге жақын). Осы жағдайда оның парциалды қысымы мына жолмен анықталады:
760х, 20,93 / 100 = 159 мм с.б. тең.
Тауға жоғары көтерілген сайын қысым төмендейді, мысалы, 1 км – 673, 2 км – 597,3, 3 км – 525,5, 5 км – 406,7, 7 км – 305, 10 км – 196 мм с.б. тең. Осы жағдайда оттегінің пайыздық қатынасы бұрынғы күйінде қалады (20,93). Бірақ парциалды қысымы биіктікке сәйкес – 141, 125, 110, 85 және 41мм с.б. болып төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |