«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


Өзіндік жұмыстың технологиялық картасы



бет89/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Өзіндік жұмыстың технологиялық картасы

Жоғарыда көрсетілген схема сәйкес әрбір оқу элементтеріне түсініктеме:





Оқытуды әдістемелік басқарылуы

Тақырып бойынша оқу материалының мазмұны

1

2

  1. ОЭ.Жүректің анатомиялық құрылысына қысқаша тоқтала отырып, көлденең жолақты бұлшықет пен жүрек етінің айырмашы-лықтарына көңіл аударыңдар.

1. ОЭ. Жүрек еттерінің – жүрекшесі де, қарыншасы да жиырылуы қаңқа еттерінің жиырылуына ұқсас, бірақ жиырылу уақыты ұзағырақ. Жүректің жиырылған кезде талшықтардың өткізгіштігі әлсіздеу. Оның бойыменен қозу баяу өтеді. Сонымен қатар жүректің жасушаларының электрлік белсенділігі қозуды кенеттен өткізетін қабілеті бар.

2. ОЭ. Жүрек қуысындағы қысым әр камерада әр түрлі. Жүрек қақпақшалары қызметі. Үш жақтаулы, екі жақтаулы және жарты ай тәрізді қақпақшалар қан ағысын бір камерадан екінші камераға тоқтаусыз өткізіп отырады. Жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі айыр-машылығы.

2.ОЭ.Жүректің қуыстарында , яғни оң құлақшасы мен қарыншасында, сол құлақша мен қарыншасында әр түрлі. Оң жақ жүрекшедегі қысым орташа 4 мм.сын.бағ. Оң жақ қарыншадағы қысым 28мм.сын.бағ. Ал сол жақ жүрекшедегі қысым 8 мм.сын.бағ болса сол жақ қарыншадағы қысым 128мм сын.бағ тең. Жүктемеге дейінгі қысым жүрек камераларында диастола кезінде пайда болады. Жүктемеге дейінгі қысымның жоғарылауы Франк-Старлинг механизмі бойынша жүректің жиырылуын күшейтеді. Сондықтан жүктемеге дейінгі әсер жүректің жиырылуының алдында пайда болады. Ал жүктемеден кейінгі қысым қан ағып шыққаннан кейін кедергіні азайтуға жұмсалады. Сондықтан жүктемеден кейінгі жүктеме қанды қантамырларына айдауға жұмсалады.



3. ОЭ.Қан айналу жүйесі. . Қан тамырлардағы кедергілер деген не? Оны қалай өлшеп, білуге болады? Пуазейль заңын түсіндіріңіз. Арте-риалдық қысымды реттеу жолдары.



3.ОЭ. Жүректен ағып шыққан қан қолқа тамырына түскеннен кейін артерия қанта-мырлары арқылы барлық мүшелерге таралады. Қан қозғалысының заңдылықтары бойынша тамырдан өтетін қанның мөлшері, жылдамдығы тамырдың басыменен соңындағы қысым айырмасына және гидродинамикалық кедергі деңгейіне байланысты өзгереді. Ал гидро-динамикалық кедергі қантамырлар арасының мөлшеріне, қанның тұтқырлығына және ағу сипатына қарай сипатталып отырады. Демек, денеде қанның қозғалысын қамтамасыз ететін негізгі фактор- қантамырлардың қысым айырмасы. Осы қан қозғалысының әсерін мынандай теңдеумен бейнелеуге болады:

Q=(P1-P2)/R


Қанның кедергі мөлшері оның тұтқырлығына, қантамырлардың ұзындығына және диаметріне қарай өзгереді. Осы өзгерісті ең алғаш рет математикалық жолмен есептеп көрсеткен француз физигі және физиологы Пуазейль.


Артериалдық қысымды реттеу вегетативтік жүйке жүйесінің бір талшығы симпатикалық нейрондар арқылы іске асырылады. Бұл талшық ноорадреналиннің әсерінен артерия және вена тамырларын қысу арқылы оның тонусын өзгеріске ұшыратады.

4. ОЭ. Тақырып бойынша қорытындылау.

4.ОЭ. Түйіні (резюме). Қан айналу жүйесіне жататын мүшелер: жүрек және қантамырлары
(артерия,вена, артериолдар, венулалар және капиллярлар) жануарлар мен адам ағзаларында тиісті мүшелерге, ұлпаларға және жасушаларға қоректік заттарды биохимиялық реакцияларды дер кезінде жүзеге асыруға оттегіні жеткізіп, зат алмасу кезінде пайда болған ақырғы өнімдерді дер кезінде сыртқа шығара отырып, ағзаның ішкі тепе-теңдігін (гомеостазын) сақтауын реттеп отырады.

5. ОЭ. Студенттердің өзіндік жұмысы




Ауызша

Бақылау тесттік тапсырмалар бойынша 25 тест

1. И.П. Павловтың жүректің қызметін реттеудегі еңбегі.
2. Француз физигі Пуазейлдің қан ағысына кедергісін анықтайтын теңдеуді пайдаланып шешу әдісі.
3. Старлингтің жүрек заңын түсіндіріңіз.

Барлығы 25 тест:
1. Капиллярдағы қысымның 5мм сын.бағ көтерілуі:
А) Плазманың көлемін 5 пайызға;
Б) Клеткааралық кеңістіктегі суды капиллярға сорылуына;
В) Гематокрит 25пайызға төмендетуге;
Д) Гемотокритті 25 пайызға жоғарылатуға;
Е) Капиллярлардан судың клеткааралық кеңістікке өтуін жоғарылатады.

  1. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы симпатикалық нейрондармен реттелмейді:

А) Ірі артериялар;
Б) Артериолдар;
С) Капиллярлар;
Д) Венулалар;
Е) Ірі веналар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет