«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет18/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.2. Ет жҮйесі


2-дәріс жоспары


2.1. ет жүйесі
2.2. жіпшелердің жылжу теориясы
2.3. еттің жиырылу режимдері


2.1. ет жүйесі

Ет көптеген ұзын клеткалардан немесе ет талшықтарынан тұрады. Еттердің ең басты қасиеті – жиырылу және босаңсу.


– Ет қанмен жақсы қамтамасыз етілген.
– Ет жеке-жеке нерв талшықтары арқылы реттеледі.
Гистологиялық тұрғыдан қарастырсақ:
а) қаңқа еттері;
ә) бірыңғай салалы еттер;
б) жүрек еті сияқты үш типтен тұрады.
Ет талшығы көптеген миофибрилден тұрады. Осының нәтижесінде көлденең жолақты болып көрінеді.
Әрбір миофибрилл: актин және мизин сияқты екі түрлі белоктық жіпшелерден тұрады. Миофибрилдердің арасында көптеген митохондриялар орналасқан. Ет талшығының цитоплазмасын саркоплазма деп атайды, оның ішін көптеген мембраналық торлар немесе саркоплазмалық торлар алып жатады. Ет талшықтарының көлденең және миофибрил-дердің арасында түтікше жүйесі немесе Т – жүйесі өтеді. Олар сарколеммамен байланысқан.
Кейбір жерлерде (әсіресе, саркомерада) Т – жүйесі 2 саркоплазма торында цистер-насының арасында орналасады. Сондықтан да осы бір Т – түтікшеден және екі цистернадан тұратын кешенді триада немесе үштік деп атаймыз. Түтікшемен цистерналар бір-бірімен көлденең орналасқан көпіршелер арқылы байланысады. Цистерналар Са++ ионын жинап және шығарып отырады. Соның нәтижесінде осы иондардың концентрациясы саркоплазмада кейде төмендеп, кейде жоғарылап отырады, сөйтіп АҮФазаның белсенділігін жоғарылату арқылы ет талшығының жиырылуына әсер етеді.
Қарақошқыл және ашық түсті жолақтардың ауысып отыруы І және А аймақтарының орналасуына байланысты (1-сурет).
І аймағы Z деп белгіленіп, солғын сызық арқылы екіге бөлінген. Екі Z сызығының аралық бөлігін (миофибрилл) саркомера деп атайды. Осы екі Z сызығының екі жағына қарай актин жіпшесі таралады. Ал саркомераның ортасында миозин жіпшесі орналасқан. Саркомераның белгілі бір участогында актин және миозин жіпшелері бірін-бірі жауып тұрады. Осындай өзара бірін-бірі жауып орналасуының нәтижесінде саркомерада бірнеше жолақтың болуына әкеледі. Актин жіпшесі миозин жіпшесін жауып тұрған жерінде А дискісін немесе жолағын құрайды, ал сол кезде І дискі немесе жолағы бар аймақта тек актин жіпшесі ғана болады. А дискінің ортасы ашық түсті оны Н аймағы деп атайды, өз кезегінде М сызығы арқылы миозинді екіге бөліп тастайды.
Миозин – жуан талшықтар. Миозин молекуласы екі бөліктен тұрады: ұзын таяқша тәрізді бөлігі “құйрығы” және біркелкі екі “басы”. Миозин жіпшесіндегі миозин молекуласының орналасуына келсек, “басы” оның ұзына бойына орналасқан, тек орта шетінде ғана жоқ. Миозин басының бәрінде де АҮФазалық активтілік қасиеті бар.
Актин – жіңішке талшықтар. Әрбір актин талшығы екі спиральдан тұратын актиннің молекуласынан түзілген, оның (G – актин) біреуінің бетіне екіншісі оралып орналасады. Актин молекуласының бүкіл комплексін F – актин деп (фибриллярлы актин) атайды. F ак-тиннің әрбір молекуласы мен АҮФ байланыста болады. Бірақ актинның ешқандай да түрінің АҮФазалық белсенділік қасиеті болмайды. Сонымен актин F – актиннен және екі көмекші белок – тропомиозин және тропониннен тұрады.
Тропомиозин – таяқша тәрізді фибриллярлы белок. Ол жіпшелерді қосып, ажыратып тұратын механизм. Тропонин – глобулярлы белок үш суббірліктен тұрады – І,С,Т. Мысалы, Тропонин Т – тропонинді тропомиозинмен байланысты. Тропонин С – Са++ ионына өте сезімтал, оның қосылысы түседі. Ал тропонин І – актин мен миозин арасындағы өзара әсерлегішті төмендетіп отырады.
Актиннің осы екі көмекші бөлігі миозинмен әрекетке Са++ ионы болмаған жағдайда да түсе береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет