«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет24/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.5. Тыныштық потенциалы

Көптеген сүтқоректілердің нейрондарында сырттан әсер етуші тітіркендірушінің жоқтығынан оның потенциалы тыныштық күйде болады. ХХ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Америкада Кертис және Коул, Англияда Ходжкин және Хаксли мынадай қорытындыға келді.


Тыныштық потенциалының шығуының физика-химиялық тегіне байланысты, аксон мембранасының екі беткейіндегі иондар концентрациясының айырмашылығына байланысты және мембрананың иондарды таңдап өткізу қасиетіне байланысты деп тұжырымдаған болатын.



Ион

Клетка сыртындағы концентрация

Клетка ішіндегі концентрация

К+
Na+
Cl -
A- (орг. химия)

20
460
560
0

400
50
100
370

Аксон ішіндегі аксоплазмада К+ ионы көп те, Na+ ионы аз. Ал аксонды жуып отыратын сұйықтықта, керісінше, Na+ көп те, К+ ионы аз (Cl- ионының күйі есептелінбейді, себебі айтарлықтай рөл атқармайды).


Осы көрсетілген градиенттер мембрананың белгілі бір бөліктері катиондар немесе натрий насосы (сорғышы) арқылы іске асырылады.
Осы әсер етуші тасымалдау механизмінің үздіксіз жұмысы АҮФ-тың гидролиз кезіндегі бөлінген энергиясы арқылы іске асырылады. Сол кезде аксоннан Na+ ионы сыртқа шыққанда ілесіп, К+ ішке кіреді.
Иондардың активті (А) және пассивті (Б) ауысуы аксон ішіндегі кері потенциалдың пайда болуынан.


3.6. Әрекет потенциалы

Аксонды электр тогымен тітірткенген жағдайда мембрананың ішкі беткейіндегі потенциал – 70 мВ-тан 40 мВ-қа дейін өзгеріске ұшырайды. Осындай өзгерісті әрекет потенциалы деп атайды. Ол осцилографта қисық сызық түрінде көрсетіледі. Төменнен, қысқа мерзімде аксон мембранасының Nа+ ионының өткізгішінің жоғарылауынан және Na+ ионының оған кіруінің нәтижесінде әрекет потенциалы пайда болады. Na+ өткізгішінің жоғарылауының салдарынан (өткізгіштіктің электрлік эквиваленті) аксон ішінде оң зарядталған иондардың саны көбейіп, тыныштық күй потенциалы 70 мВ қарағанда, мембрандық потенциал төмендейді. Мембрандық потенциалдың осындай өзгеруін деполяризация деп атайды. Натрийдің өткізгіштігінің жоғарылауы мен деполяризацияның бір-біріне әсері – оң, кері байланыс принципіне сәйкес жүреді, басқаша айтқанда, өзара бір-бірін күшейтіп, соның нәтижесінде әрекет потенциалының күрт көтерілу фазасы (кезеңі) пайда болады. Әрекет потенциалы 110 мВ кезіндегі деполяризациясын есептеудің нәтижесін қарастырсақ, аксонға Na ионы аз мөлшерде кіреді (шамамен, 10-6%, клеткадағы Na жалпы санынан).


Әрекет потенциалы ең жоғарғы деңгейіне жеткенде мембрананың Na ионына өткізгіштігі төмендейді (Na каналының активтілігі төмендейді), ал 0,5 мс кейін К+ ионының өткізгіштігі жоғарылап, калий аксоннан сыртқа шыға бастайды.
Калий ионының біртіндеп шыға бастауынан, мембрананың ішіндегі оң зарядтар теріс зарядтармен орын алмастырады. Бұл мембрананың реполяризациясы деп аталады. Бұл әрекет потенциалының төменгі көрсеткіші, ол потенциал мембранасының алғашқы қалпына келуіне мүмкіндік береді.
Осы жоғарыда айтылғандарға тоқталатын болсақ, тыныштық потенциалын анықтаушы басты фактор К+ ионы болатын болса, ал әрекет потенциалының пайда болуы Na+ ионына байланысты деп тұжырымдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет