«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет54/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

7.10. Қанның ұюы

Қанның ұюының ферменттік теориясын профессор А.А.Шмид (1872) жасаған. Оны П.Моравиц (1905) қолдап әрі қарай дамытқан.


Қанның ұюы:
– Протромбиннің түзілуі;
– Тромбиннің түзілуі;
– Фибриннің түзілуі сияқты үш кезеңнен тұрады.
Одан басқа да алдыңғы және соңғы фазалары бар. Алдыңғы фазасында микроциркуляторлы тамырлардан қысымы төмен қан ағуы тоқталады, сондықтан да оны микроциркуляторлы гомеостаз деп атайды. Соңғы фаза қосарланып жүретін екі үдерісті біріктіреді: ретракция (жиырылу және тығыздалу) және фибринолиз (еру), қан ұйығының еруі. Сөйтіп, гемостаз үдерісіне:

  • қан тамырының қабырғасы;

  • қанның клеткалары;

  • плазманы ұйытушы плазманың ферменттік жүйесі сияқты 3 компонент қатысады.

Қан ұйытудағы плазма факторы. Қан ұю факторы бойынша халықаралық номенклатура комитетінің белгісіне сәйкес плазмалық факторларды оның ашылу реті бойынша рим цифры арқылы белгілеу ұйғарылған.

8-ТАРАУ


3.8. ҚАН АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІ.


9,10 -дәріс жоспары


8.1. Қан айналу жүйесі. Гемодинамиканың негізгі принциптері
8.2. Жүректің қанды ағызуы және таратуы
8.3. Жүректің қызметі
8.4. Электрокардиограмма
8.5. Жүрек жұмысы қызметінің реттелуі
8.6. Лимфа айналымы


8.1. Қан айналу жүйесі. Гемодинамиканың негізгі принциптері
Қан тамырлар жүйесінен қанның ағысын (қозғалуын) зерттеуші ғылым саласының бірі – гемодинамика. Бұл физика ғылымының гидродинамика деген тарауының (сұйықтардың ағысын) бір бөлігі болып есептеледі.
Термодинамиканың заңына сәйкес кез келген түтікшеден ағып өткен сұйықтықтың көлемі (Q) трубаның (Р1) басындағы және аяғындағы (P2) қысымның айырмашылығына тура пропорционалды да, оның ағуға қарсы кедергісіне кері пропорционалды.

Q= P1- P2/R;


Егер осы формуланы адамның қан тамырында ағатын қанның жүйесіне қолданатын болсақ, онда бұл формула басқаша түрге айналады. Себебі қантамырының ең ақырғы жерінде, былайша айтқанда, қуыс венаның жүрекке құяр жеріндегі қан қысымы нөлге тең. Сондықтан да теңдеу мынадай сипатқа ауысады:


Q= P/R;

Q – 1 минуттегі жүректен ағып шығатын қанның мөлшері (саны);
P – қолқадағы қанның орташа қысымы;
R – қан тамыры қабырғасы кедергісінің мөлшері.
Осы теңдеуден мынандай байланысты байқауға болады. P=QхR, былайша айтқанда, қолқадағы қанның қысымы (P) жүректен 1 минутта атқып шыққан көлеміне және шеткі қолқадағы кедергіге (R) байланысты. Ал ортадағы қан қысымын және қанның минуттық көлемін бірден өлшеп анықтауға болады. Осы көрсеткіштер белгілі болса, шеткі кедергілерді де табуға болады. Ал шеткі тамырлардың кедергісі көптеген жеке-жеке тамыр кедергілерінің жиынтығынан тұрады. Кез келген осындай қан тамырын трубаға баламалап, Пуазеил формуласы бойынша, оның кедергісін анықтауға болады:

R=8Lγ/Үr4;


L–түтіктің ұзындығы;


Γ – одан ағатын сұйықтың тұтқырлығы;
Ү– шеңбердің оның диаметріне қатынасы;
r– түтіктің радиусы.
Қан тамыр жүйесі – жеке-жеке параллелді және бір-бірімен тізбек сияқты байланысқан көктамырдың жиынтығы. Егер олар бір-біріне тізбектеліп жалғасатын болса, олардың жиынтықты кедергісі жеке-жеке тамырлардың кедергісінің қосындысына тең.
R= R1+ R2+ R3+…….. Rn

Ал параллелді қосылған түтікшелерде жалпы кедергіні:


R= 1/ 1/R1+1/ R2+ 1/R3+……..1/ Rn


формуламен есептейді.
Қан аққанда негізгі кедергілер артерияларда пайда болады. Сондықтан да артерия мен артериолдар жүйесін кедергі жасаушы қан тамырлары деп атайды. Артериолдар өте жіңішке тамырлар (диаметрі 15-тен 70 мкм тең). Бұл тамырлардың қабырғасы бірыңғай салалы қалың сақиналы орналасқан еттерден тұрады. Осы сақиналы еттер жиырылған кезде тамырдың қуысы тарылып, артериолда кедергі күрт көтеріледі. Артериолдағы кедергінің көбеюінен артерияда қан қысымының көтерілуіне әсер етеді. Себебі артериядан қан артериолға нашар ағып өтеді. Барлық қан тамырларына қарағанда артериолдардағы кедергі өте жоғары. Сондықтан да оның қабырғасындағы болатын өзгерістерге байланысты артериядағы қан қысымының жалпы деңгейі де өзгеріп отырады. Осы себептен И.М. Сеченовтың айтуы бойынша артериолдарды “жүрек, қан тамыр жүйесіндегі басты ашып-жабушы кран”, – деп атайды. Жұмысшы мүшелерде артериолдың тонусы азайып, қан ағысының жоғарылауына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет