5.7. Есту мүшесі
Ол: сыртқы, ортаңғы, ішкі сияқты үш бөліктен тұрады.
Ішкі құлақ: тепе-теңдікті реттеуші аппарат және ұлу (улитка). Ішкі құлақта екі түрлі: бірі дыбысты қабылдайтын, екіншісі адамның кеңістіктегі тепе-теңдігін реттеуге арналған рецепторлар (қабылдағыш) бар.
Вестибулярлы каналына: қапшықша, маточка және үш түрлі жалпақ, жартылай каналдар (бүйір, артқы және жоғарғы) жатады. Евстахив түтігі ішкі құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады.
Дыбыс:: күші және жиілігі (жоғарғы дауыс) сияқты екі параметрмен сипатталады. Жиілігін герцпен өлшейді, 1 гц бір секундтағы дыбыс тербелісіне тең, егер секундына 10 тербеліс болса, онда 10 гц деп аталады.
Дыбыстың күші оның тербеліс толқыны амплитудасына тура пропорционалды болады. Ол логарифмдік өлшем бірлігі децибелмен өлшенеді.
1 децибел 10 lg 1/3 тең. 13 дыбыстың минималды күші. Мұның стандартты күшіне 0,0002 дин/см2 алынады, адам құлағына есітілудің ең аз көрсеткіші.
Дыбыс толқынының таралуы дыбыс сүйектері арқылы беріледі, бұл жерде дыбыс толқынының қысымы 30 есе жоғарылайды. Оның ең басты себебі дабыл жарғағының аумағы (0,55 см2), сопақша терезенің аумағына (0,032 см2) қарағанда үлкенірек. Соның нәтижесінде дыбыс тың қысымының сопақша терезедегі аумағыда жоғары болып келеді.
Дыбыс тербелістері ортаңғы құлақтағы екі еттердің жиырылуының нәтижесінде төмендейді (азаяды).
Ұлу іші сұйықтықпен толтырылған үш спиралды каналдан: 1) вестибулярлы сатыдан (кіреберістік сатыдан); 2) орталық сатыдан; 3) барабанды сатыдан тұрады.
Вестибулярлы сатымен барабанды саты улитканың артқы жеріндегі тесік геликотерма арқылы байланысады, ал орталық саты осылардың арасында орналасады. Ортаңғы саты вестибул сатыдан Рейснеров мембранасы арқылы, ал барабанды сатыдан негізгі мембрана арқылы бөлініп тұрады.
5.8. Кортиев мүшесі
Дыбыс қабылдаушы түкті клетка болып табылады. Бұл клеткалар базилярлы мембранамен байланысты. Адамның улиткасында 20 мыңға жақын осындай клеткалар бар.
Бұл клетканың жоғарғы беткейі түкті кірпікшелерден тұрады, ол жерде ортаңғы сатыдағы эндолимфа да орналасады. Ал осы түктердің үстінде ерекше лоскут жабынды мембрана созылып тұрады. Түкті клетканың ұштарында синапстер кохлеарлы нервпен байланысқан. Осы нерв талшықтары мен вестибул нерв талшықтары да байланысып, вестибулярлы кохлеарлы нерв (бұл бас миы нервтің VІІІ жұбы). Ал дыбыс немесе есту нервтің талшықтары ұлу нервтің талшықтарында түзілген. Сонымен түкті клетка, кохлеарлы нерв ұштары, жабынды және базилярлы мембраналар Кортиев мүшесін құрайды.
1) Ішкі құлақ лабиринтінде есту рецепторы, тепе-теңдікті реттеу рецепторы самай сүйегінің деңгейінде орналасқан және іші сұйықпен толтырылған жарғақты каналдардан тұрады. Лабиринттің құрамына вестибулярлы аппарат және ұлу кіреді. Тепе-теңдік аппарат қызметіне қарай екі бөлікке бөлінеді. “Маточка” және “мешочек”, бұлар кеңістіктегі дененің қандай күйде екендігі қабылдаса, түскен үдеуді сонымен сезеді.
2) Үш жарты каналдар жүйесі ол арқылы бұрыштан соққан үдеуге жауап береді. Ұлуда есту рецепторлары орналасқан. Вестибулярлы және есту бөлімдері каналдар арқылы бір-бірімен байланыста болады. Вестибулярлы және есту рецепторлары түкті клетка болып табылады.
Инфра дыбыстан – ультра дыбысқа дейін
Кез келген газдардағы сияқты ауада да акустикалық тербеліс ұзындық толқын түрінде таралады. Толқындардың өлшем бірлігін герцпен өлшенеді. Бұл бірлік неміс физигі Герцтің атымен “Герц” деп аталып қысқаша “Гц” деп, ал ол егер 1 секундта 10-ға жететін болса 10 Гц деп есептейді. 20 Гц-тен 20000 Гц-ға дейінгі тербеліс толқындары дыбыстың құлаққа естілетін түрлері болып саналады. Оны физика ғылымында дыбыстық немесе акустикалық тербеліс дейді. 20 Гц төменгісі инфрадыбыс, ал 20000 Гц жоғарысы ультрадыбыс деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |