1 сурет. Бөлмелердегі өрт температурасының уақыттан қатынасы.
Кг мөлшері бойынша барлық бөлмелерді екі топқа бөлуге болады: Кг < 0,15 және Кг > 0,15. осы топтардың әрбіреуінде h ≤ 6 м және h > 6 м (2 кесте) биіктігі бойынша екі топшадан тұрады.
2 кесте
Бөлме тобы
|
Кг
|
Бөлмелердің аталуы олардың биіктігі бойынша, м
|
h ≤ 6
|
h > 6
|
I
|
0,15 аз
|
Азаматтық ғимараттардың үй астылары, мұздағыш қабаттары, кейбір материалды қоймалар, кейбір өндірістік ғимараттардың үй асты бөлмелері және т.б.
|
Көтергіш шахталары, элеваторлардың күштік бөлімшелері, табиғи жарықтандырусыз қоршау ғимараттарының бөлмелері, жабық портал өткізуі кезінде театр сахнасы, өндірістік ғимараттардың үй астылары
|
II
|
0,15 көп
|
Тұрғын ғимараттардың, мектеп, аурухана, бала мекемелерінң, әкімшілік-шаруашылық ғимараттардың бөлмелері, мемлекеттік мекемелердің бөлмелері, тұрмыс бөлмелері, өндірістік ғимараттардың кейбір қабаттарының бөлмелері (мысалы текстиль фабрикалардың), өндірістік ғимараттардың үй үсті бөлмелері
|
өндірістік мекемелердің машина және технологиялық залдары, ашық порталды өткізу кезінде театрлардың көрме залдары, өндірістік ғимараттардың, ангарлардың, вокзалдардың мәдениет үйлерінің қабаттарының бөлме баспалдақ торлары
|
Ғимаратта өрттің дамуы мынамен көрсетіледі: бір бөлмеден басқа бөлмеге әр-түрлі жолдармен өрттің және жану өнімдерінің таралуы, жану материалдарының жануы.
Өрттің пайда болу орнына байланысты ғимараттарда оттың және жану өнімдерінің таралудың үш сызбанұсқасын көрсетуге болады (2 сурет).
Рис 2. Ғимараттарда оттың және түтіннің мүмкін таралу сызбанұсқалары.
Бірінші сызбанұсқа үй асты бөлмелерінде немесе ғимараттың үй асты жоқ бірінші қабатында пайда болу кезінде қолданылады.
Екінші сызбанұсқа бірінші қабатта өрттің пайда болу жағдайына сипатталған.
Үшінші сызбанұсқа үй үсті бөлмелерінде, ал олар жоқ кезінде, ғимараттың жоғарғы қабаттарында өрт пайда болған кезінде қолданылады.
Ғимараттарда өрт жағдайының бағалануы және болжамдауы
Ғимараттарда өрт жағдайының бағалануы және болжамдауы ортада және уақытта өрттің негізгі параметрлерінің анықталуында шығады.
Алдынан жағдайдың бағалауы мен болжамдалуы жанып жатқан бөлмеде (бөлмелерде) өткізіледі, содан кейін таралу параметрлердің және күш пен құралдарды енгізу есебімен оның мүмкін динамикасын талдауына көшеді.
Ғимаратта өртті сөндіру кезіндегі барлық жағдайларда өрттің үш даму параметрлері болжамдалады:
өрт ауданы;
жанып жатқан бөлме көлемінде температуралық режим;
бөлмелерде өрт даму кезінде ауа алмасу.
Берілген бөлмеде өрт ауданын болжамдау кезінде негізгі параметрі болып, оның уақытта шамасын анықтайтын, жанудың сызықтық таралу жылдамдығы болып келедіυЛ, м/мин, ол өрт қауіптілік qП, газ алмасу жағдайының коэффиценті КГ және бөлме биіктігі h функциясын орындайды:
(2)
Қазіргі уақытта нақты өрттерді суреттеуінің математикалы-статистикалық талдау негізінде алынған υЛ шамасының орташалынған мәндерімен қолданылады.
Температураны болжамдау кезінде мынаны ескеру керек, өрттің бос дамуы кезінде болуы мүмкін: температураның жоғарлауы, орнатылған режим және температураның төмендеуі.
Орнатылған режим жанып жатқан бөлмеден шығатын газдардың шығыны келетін ауаның және жану өнімдерінің шығын суммасына тең болғанда келеді. Жанып жатқан бөлме көлемінде орнатылған нейтрал аймағының орнатылуы кезінде осындай жағдай келеді, осында шығу қысымы атмосфералыққа тең болады. Нейтрал аймағынан төмен қысым атмосфералықтан үлкен, сондықтан бөлменің көлем бөліміне сыртқы ауаның ағыны болады. Нейтрал аймағынан жоғары қысым атмосфералықтан үлкен. Бұл осыған әкеледі, от және қыздырылған жану өнімдері таралады, бірінші кезекте, жанып жатқан бөлме көлемінің осы бөліміне, ол нейтрал аймағынан жоғары орналасқан. Бөлек бөлмеде өрт жағдайын бағалау және болжамдау кезінде нейтрал аймағының орналасуын қазіргі уақыт кезіне немесе мүмкін өрт динамикасы есебімен формула бойынша анықтау:
(3)
мұндағы hН – геометриялық орталығының ағын (төменгі) тесігінен нейтрал аймағына дейінгі ара қашықтық, м; Н – геометриялық орталықтарының ағын және созылған (жоғарғы) тесіктері арасындағы ара қашықтық, м; SП и SВ – ағын және созылатын тесіктердің ауданы; ρп және ρв сыртқы ауаның және шығатын жану өнімдерінің тығыздығы, кг/м3.
Жанып жатқан бөлменің қоршау құрылымдарындағы бір тесігі бар кезінде нейтрал аймағы тесік биіктігінің шамамен 1/3 орналасады.
Ғимаратта өрттің дамуын болжамдаған кезде, мынаны ескері керек, азаматтық және өндірістік ғимараттардағы оттың таралу жолдары жанатын құрылымдардың сыртқы және ішкі жабындылары болуы мүмкін (қабырғалар, ара қабырғалар, жабындылар, шатырлар); құрылым элементтеріндегі өткізулер және әр-түрлі тесіктер; баспалдақ торлары, көтергіш шахталары (лифттар), желдету каналдары. Соңғы екі жолы ғимаратта өрт кезінде түтін таралуының негізгі жолдары болып келеді.
Өрттің дамуы кезінде оттың және түтіннің таралу бағыты әр-түрлі сызбанұсқалары бойынша отқа төзімділік дәрежесіне, ғимараттың тағайындалуы және қабаттылығына, және де солардағы жоспарлануына және компоновкасына қатысты болады. Осылай І отқа төзімділік дәрежесіндегі бір қабатты ғимараттарда оттың таралу бағыты өрт жүктемесінің сыртынан горизонталды болып келеді.
І,ІІ және ІІІ отқа төзімділік дәрежесіндегі көп қабатты ғимараттарда өрт кезінде оттың таралу бағытын горизонталды және ауалы өткізулер бар құрылымдардың ішіндегі, әсіресе коридорлы жүйесі кезінде, деп есептеуге болады. Бірақ бұл ғимараттарда от жанып жатқанға қатысты жоғарда және төменде орналасқан бөлмелерге таралуы мүмкін, қабырғадағы әр-түрлі тесіктер, баспалдақ торларының шахталары және лифттары, желдету каналдары арқылы.
Жанудан қорғалған IV отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттарда, оттың таралуы горизонталь бағытта болады, бірақ та вертикальді бағытта таралу мүмкіншілігі І,ІІ,ІІІ отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттаға қарағанда үлкен болып келеді. IV отқа төзімділік дәрежесіндегі ғимараттарда өрт кезінде басыңқысы болып оттың таралу бағыты вертикальді (жоғарға) болуы мүмкін. Ғимараттарда өрт кезінде түтін таралуының негізгі жолдары тұрақты түрде вертикальді (жоғарға) болады.
Ғимаратта өрттің дамуы кезінде жану қарқындылығының, түтін мен от таралуының жоғарлауына құрылыс конструкцияларының құлауы болып табылады.
Өрт жағдайында тасу қабілеттілігін жоғалту температура әсері кезінде немесе құрылым қимасының оның жануы есебімен төмендеуі болуы мүмкін.
Ғимаратта өртті сөндіру кезінде құрылымның фактикалық отқа төзімділік дәрежесін бағалауын қарастыруы кезінде қате шешімдер шығарылуы мүмкін. Практикада мынадай жағдайлар орын алды: құрылымның құлау қауіпі болмаған кезде күштер мен құралдар алынған орындардан шешілгенде, және керісінше олар құлау қауіпі болған кезде керек уақытта шығарылмаған кезде, кейбір жағдайларда жеке құрамның өліміне әкеледі.
Өрт сөндіру басшысы отқа төзімділік нормативті шегіне қарап, кейбірде (үлкен отқа төзімділік нормативті шегі кезінде) құрылымның қорғауына күштер мен құралдарды шығармайды, олар қатаң жағдайларда қалады, және тасушы қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін.
Осылай, мысалы, темірбетон конструкциялары құлау алдынан майысу мен тесіктер пайда болады. Штукатурка қабатымен қорғалған, ағаш конструкциялары құлауы алдынан штукатурканың қабаттап құлауы және т.б. болып келеді.
Құрылыс конструкцияларына әр-түрлі уақытша динамикалық және статистикалық жүктемелер әсер етуі мүмкін (жоғарыда жатқан конструкциялардың құлауы, жарылыс кезінде пайда болатын соққы жалыны, жеке құрамның жиналуы, судың көп болуы және т.б.).
Әр-түрлі сызбанұсқалар бойынша өрттің даму процессін анықтайтын барлық факторларынан шығып, келесі қорытындыларға келуге болады: ғимаратта өрт дамыған кезінде ең үлкен өрт ауданы және түтін аймағы бірінші және екінші сызбанұсқалары бойынша, ең кіші – үшіншісі бойынша болуы мүмкін. Ғимаратта өрт ауданы барлық жанып жатқан бөлмелердің аудан суммасы сияқты анықталады.
Ғимаратта өртпен күресу бойынша практика көрсетулеріне қарап от вертикалды (жоғарға) бағытталған кезде, от қабат бөлмелері бойынша тарала бастайды. Бөлмелерде оттың таралу сипаты біржақты немесе екіжақты болып келеді. Кейбір жағдайларда от басынан барлық жаққа (айналып) немесе бір бұрышта таралуы мүмкін. Бірақ уақыт өтіп оттың таралу сипаты бір жақты немесе екі жақты болып келеді. Осында оттың таралу ені, от таралатын бөлменің еніне тең болады. Өрттің таралу сызбанұсқалары 8.3 және 8.4 суретте көрсетілген.
8.3 сурет. Коридорлы жоспары қабатында өрттің таралу сызбанұсқасы.
Достарыңызбен бөлісу: |