Адами ќарым- ќатынасќа ‰йретудегі «¤зін- µзі тану» пєнініњ мањызы


Психологияны тереңдете қазіргі таңда Акмеология саласымен байланыста қарауды алға ұстану қажеттігі туындауда, сондықтан Акмеология туралы ізденісте болу қажет



бет4/6
Дата30.03.2024
өлшемі457.5 Kb.
#497027
1   2   3   4   5   6
Психолого-педагогикалық коррекция лекция жинағы

1.Акмеология
Психологияны тереңдете қазіргі таңда Акмеология саласымен байланыста қарауды алға ұстану қажеттігі туындауда, сондықтан Акмеология туралы ізденісте болу қажет.
Акмеология (гр.тілінен аударганда - ак т е өрлеу, шың, жетілу логос- оқу, меңгеру) мағынасын білдіреді. Жеке адамның кез келген іс-әрекетте биік жетістікке жету, өрлеу заңдылығын зерттейді. Акмеология өз алдына дербес ғылыми бағыт, педагогика, психология, синергетикалық білімнің соңғы жетістіктеріне негізделген. Акмеология адамның шығармашылық және өмірде «өзін бекіту» факторын, жолын
және жағдайын, әлеуметтік жетістік пен кәсіби шеберлік деңгейін зерттейді. Аталған бағыт адамның өзін-өзі ұйымдастыру, тәрбиелеу, өзіндік мәнін ұғыну мен өмірде жетістікке қалай жетуге болатындығы жайындағы сұраққа жауап береді.
Батыс психологиясында акмеология жеке бағыт деп қарастырылмайды, ал Ресейде мемлекеттік деңгейде мойындалды. Оның негізін салушының бірі Н.А.Рыбников осы акмеология терминін «ересек адам дамуы» туралы ғылым ретінде пайдалануды ұсынды.
Ал, 20-шы ғасырдың ортасында Б.Г. Ананьев, акмеология орны: “адамды ғылыми жүйеде зерттеу ” деген анықтама береді. 20-ғасырдың 90-жылдары Санк-Петербургте ғылыми-қоғамдық мекеме “Акмеология ғылымының академиясы ” ашылып тіркелді. Кейіннен Санк-Петербургтік Акмеология және Психология Институты болып ашылды.
Акмеология түсінігі қарапайым тілде өзіндік ұйымдастыру, өзіндік дайындық және өзіндік жетілу дегенді білдіреді
Өзін дайындау деңгейі өзіндік білім және тәрбиеден көрінеді Ал өзіндік жетілу: кәсіби шебер болуда жүйемен биікке өрлеу. Өрлеу арқылы әлеуметік ортада өзін бекіту басты мақсат болып табылады.
Психолог мәртебелі, творчестволық және перспективалы мамандық. Бүгін тұлға алдында күрделі мәселе тұр, оның дайын шешімі болмайды. Тұлға өзін жоғары маман деңгейінде көрсетумен қатар, белгісіз тәуекел жағдайда әрекет етуге, ойлануға қаблетті болуы шарт.
Психологияда қазір озарақатынасты, түсті жорып, қайта ойландыру кезеңінен өтуде. Адам мәңгі өзіне қызығушылық танытпайтыны түсінікті. Өмірдің мәнін табу, одан айырылу тек бақытсыздықты ғана емес, өмір сүруді керек етпейтін дертке келіп жатқаны белгілі. Ал өмірдің мәнін беруге болмайды, тек оны табу керек. Психология ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан адам болашақ үшін өмірді өзгерте алады, күші жетеді деген өркениетті қызметке көшті. Адамның әлемді қабылдауды, ерекше өзгешілігі «бүтін-жинақталған ықпалды» таным ретінде қайта қарауды қажет етеді. Бүгін студентке осындай зияткерлік және творчестволық по- тенциалды, кәсіби құзыреттілікті ашуға себепші акмеологиялық қағида және оқыту технологиясын қолдануды меңгерту мақсаты тұр. Нақты акмеология толыққанды адамды субьект ретінде танымдық, коммуникативті,шығармашыл, кәсіби және басқару әрекетін зертгейді!
Әрине, адам өмірінде биік шыңды бағындыру мен үлкен жетістікке
жету сенім мен күш-қуаттың, дайындық пен ұйымдастырудың көмегімен жүзеге асырылады. Акмеология ғылым ретінде дамудың бүтіндігі мен кеңдігін, өнімділік пен басталу уақытын және т.б. Қамтамасыз ететін факторды анықтап, зерттейді. Ол өзіндік даму үрдісіне макро-, мезо- және микросоциумның (мемлекет, еңбек ұжымы, отбасының және т.б.) табиғат ортасы мен адамның өзінің тұлғаның кеңінен өзіндік дамуына мумкіндік беретін тактика мен стратегияны құрастыра отырып оған әсер ету механизмі мен нәтижесін қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет