Адамжүсіп Мәшһүр-Жүсіп 8 актілі қойылым / Тұрышев А.Қ, Павлодар : Кереку, 2010. 49 б



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі415.5 Kb.
#124525
1   2   3   4

7-ші акт.

Қоянды жәрменкесі
1921 жыл ортаншы ұлы Мұхамметәмен Ташкенте қаза тауып, Мәшһүр-Жүсіп қасына ұлы Мұхаметшәрапиденді (Шәрапиден), немересі Төлеубайды алып 1924-25 жылдары жолға шықты. Біржағынан жолай «Қоянды» жәрмеңкесіне қатысу еді. Қарқаралы арқылы Семейді басып өтіп, Ташкент жаққа тартпақшы болдық-дейді атқозшысы Қанафия Кененов.

–Мәшһүр-Жүсіп қой бұл болмас: «Өлі арыстанымды іздеймін деп тірі боздағымнан айрылармын». Аумалы-төкпелі заманның түрі мынау мүмкін жете алмаспын, ақтар қашып, қызылдар басып жатқан уақыттың түрі осы қой есім бар да елімі барайын – дейді.

Жолда келе жатқанда Мәшһүр-Жүсіп:

–Шөледеген шығарсыңдар аяқ суытып, біраз дем алайық, шай-пұй ішіп алайық.

–Алдымызда тұрған бос қыстаққа барайық, сонда сендерді бір тамақтандырып алайын,-деп өзі бастап иесіз үйге алып келеді.

–Немересі Төлеубай (12-13 жаста) ата, біздің алып шыққан тамағымыз жоқ қой.

–Қазір не көрсеңдер де үндемеңдер, ештеңе сұрамаңдар, асықпай әлденіп алып, сапарымызды жалғастырамыз,-деп Мәшһүр-Жүсіп төрге барып малдасын құрып отырды. Атын байлап, соңынан балалары да кіріп, отырды.

–Мәшһүр-Жүсіп ақырын бір «дұғаны» оқи бастады. Кенет өзінен өзі есік ашылып, алдарына дастархан жайылды. Ұстап келе жатқан тірі жан көрінбейді. Дастарханға ет салынған табақ, түрлі-түсті тағамдарға толы ыдыстар келіп, дастраханға қойылды. Дастарханға Мәшһүр-Жүсіп жақсы көретін өрік-мейіз де қойылды. Шай құйылып, кеселер келіп, босаған ыдыстар жоғары көтеріліп, ауамен қалқып есіктен шығып кете береді. Олардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын жан баласы блімейді. Мәшкеңнің өзіне ғана аян.

–Шәрафиден Төлеубайға көңіл бөліп неге тамақты дұрыс ішпей отырсың-дейді.

Сөзге Мәшһүр-Жүсіп араласып:

–Қорықпай, ішіп-жеп, тойып алыңдар-деп өзі қалағанын түк болмағандай жайбарақат ішіп-жеп отыра береді. Тамақтанып алған балаларын ертіп, Мәшһүр-Жүсіп қыстаудан шығады. Жол үстінде Шәрафиден, –Ата, бізді тамақтандырған кім? Тамақтар қайдан келді? Және де кімдер тасып жүр?-дейді.

–Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бізді тамақтандырған жын-перілер ғой дейді жайымен ғана. Шәрафиден мен Төлеубай біріне-бірі аңтаң боп қарап қалады.

Шәрафиден:

–Ата жол қысқарсын «Мамыттарды көгендеу» - деген әңіменің мәнісі қандай, айтып беріңізші-дейді. Мәшһүр-Жүсіп бір күрсініп алып, ол ұзақ оқиға.

–Оның шындығы былай. Араға от салу әрекетімен Елеман жігіттері аз ғана ата Мамыт адамдарына маза бермей, тисіп, қолға түскендерін күштеп қотандағы қозы көгеніне мойын сұндырып, көгендеген сияқты ырымын жасайды да киіз үйге қамай береді. Сондай бір қарбалас шақта Мамыт баласы Смағұл деген қашып келіп мен отырған киіз үйге кіріп келіп, менің артыма жасырынды.

–Мен, оның ақырын қымтап қойып артын күттім. Бір кезде, үш жігіт есік алдына дікеңдетіп келіп, ат басын тіреп тұрып, ат үстінен шойын қарасы:

–Мәшеке, ана Смағұлды бері шығарып беріңіз. Әбутүсіпке қол жұмсамақ болды өзі, әліне қарамай, тез шығарыңыз, әйтпесе, өзіміз сүйреп, баса көктеп кіріп алып шығамыз. Мәшһүр-Жүсіп жігіттердің мына сөзіне қатты ыза болды.

–Әй, жігіттер, бұтаға келіп паналаған торғай да бір қабат аман қалушы еді. Менің сол құрылы да болмағаным ғой сендерге, Сұмағұл бар мен оларды аттым – деп, қолымды ұртына салып «Пу, пу, пу» - деп былай үшеуін нұсқап, үш рет аттым. Олардың біреуі - Баязиттің Қанафиясы көп ұзамай о дүниелік болып кетті. Жап-жақсы оқып жүрген жас жігіт болса керек. Енді бірі - Мүсірдің Рахымының баласы Сәмен ел кезіп, хабарсыз кетті. Ал үшіншісі өздерің білесіңдер менің туған бөлем Әбжанның Құдышы. Бөлем Құдыш көп ұзамай екі көзінен басыр болып, күнді-күнге, түнді-түнге ұрып жатып қалды. Маған да ауыр болды, Әбжанның атқа мінер саналап жүрген жалғыз баласы болатын. Құдыштың шешесі Бәті апай тірі еді. Адуынды, елге сыйлы, әрі маған сөзі өтуші еді. Мен де ол кісіні қатты құрмет тұтамын. Жағдайдың неден болғанын бірден біліп, баласын жетектеп, ұрса жүре маған әкеліп: –Мына бөлеңді өзің аттың, енді не істесең де, өзіңнің еркіңде, өзің жазып ал – деп қолқа салып отырып алды.

–Апа-ау, Бәті апа деймін. Басқаның дұғасын қайтаруға болар еді, ал мына өз дұғамды өзім қалай қайтарам. Оқып көрейін, сәтін дұғамның қайтаруын бір Құдай біледі, күтіңіз деп үш күн, үш түн дұғамды оқып әрең қайтырып, жазып, бетін бері қараттым. Жазылған соң, Құдыш, –Жастық шақтың желігі ғой, әйтпесе неміз бар еді Мәшһүрдің үйіне соқтығып, өзіне соқтығып-дейтіғұн көрінеді қазір-деп әңгімесін аяқтады.

Әне, міне дегенше «Қоянды» жәрмеңкесі де көрінді. «Жәрмеңке» іші азан-қазан. Әр ұлт өзінің әкелген заттарын айқайлап насихаттауда. Жәрмеңкеге Мәшһүр-Жүсіп те келген, оны атқозшысы Кененнің Қанафиясы әкелген болатын. Қоянды жәрмеңкесінде ақынның тікелей қарым-қатынас жасаған достары Жаңалінің Нүркесі, Шотаның Әйтиі, Сабырдың Жәниі, жиені Жүсіптің Қасенғалиі, Шанин Жұмат, Иса Байзақов, Уәлидің қызы Майра, атақты руы Қыпшақ Қажымұқан, домбырашы Байжанның Қалиі, Жаяу Мұса, Байқошқардың Сұлтанбайы, Бұланбайдың Мұқашы, Аманның Түсіпбегі, Тоғандықтың Жабайы, Сүтжанның Қасендері, қолынан өнер тамған Сүбек ұста, Құлмағамбетұлы Жәмит, Жалбырұлы Иманбай, Мұсабайұлы Мәшірап, Сағынай шебер т.б. көріп, қол алысып, кейбірімен төс қағысып мәре-сәре болып қалды. Иманжүсіп те қарап қалмады, өлең айтты, қара күштің де неше өнерін нақышына келтірді.

Мәшһүр-Жүсіп қолқалаған соң Уәлидің Майрасы сапырып отырған қымызын қоя тұрып, қолына сегіз баспалы гормонын алып, ырғай изеп, соза тартып, отты көзі ақықтай жарқылдап «Майра» әнін нақышына келтіріп шырқап кетті.

Үйдің іші, толған үстіне тола берді. Майрадан кейін кезек бойынша Қали «Аққұм», «Ғазіз», «Шама», «Алтыбасар», «Топай көк» міне осындай алуан әндер айтылып жаты. Зерубай, Омар тағы-тағылар өнерін көрсетіп жайылған елді де, сый қонақты да күлкіге батырып рақаттандырып жатыр.

Бұл кезде төрде отырған қонақтың ішіндегі ешкі бас, өткір көзді жас жігіт күйіне келіп, бабына түскен бе, бүйрек қызыл шұбар қаршығадай ойнақтап отыра алмай отыр еді.

Қасында ұзын бойлы, жасы үлкен кісі, қырынан қысып, санынан нұқып, етегінен басып тоқтатып отыр екен.

– Майра, домбыраңызды қонаққа неге ұсынбайсыз? Сіздер білмейсіздер, бұл-ақын Иса. Біздің Керекулік – дегенде, Исаның көзі ойнақтап, тұмсығын алақанымен сыйпай сүртіп бір тартып қойды, қолы домбыраға тиер-тиместен, шырқай айғайлап:

«Домбыра екі шекті ішің қуыс,

Ызботтан сөзім шықсын уыс-уыс,

Майра апам домбыраны алып берді,

Исада түні бойы болмас тыныс,- »
-деп ағыза жөнелді. Жұрт қолқалап қоймаған соң Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасын нақышына келтіріп оқып берді. Біраздан соң қыза келе, Иса құйрымен есіктен төрге, төрден есікке қарай жылжығанын өзі де білмеді.

Әнге еліріп, қымыздың буына қызып алған жұрт ду етіп, ортаға Жаяу Мұсаны шығарды. Ол ақырын «Сұршақызды» айтқанда ел тынышталып, ұйып тыңдап қалған еді. Бұл арада Байжанов Қали, Әміре Қашаубаев та аянып қалмады. Шашубайдың да өнері қара санан келеді екен, екі қолымен тік тұра қалып, жүріп берсін, түрлі қимылдар жасап, елді әбден қызыққа батырды.

Қымыз ішіліп, ет желініп бола бергенде Мәшһүр-Жүсіп:

– Ал, Әміре, мына кісілер сенің әніңді естиміз деп келіп отыр, көрсетсеңші өнеріңді – деуі мұң екен Әміренің қолына домбырасы тиісімен-ақ айғайы бірге шықты. Бір күрсініп, бір күліп «Ағаш - аяқты» айтып, жердегі үні аспандағы аққудың үнімен таласып жатты. Әміренің тағы бір ғажабы басқа әншілер сияқты ән салғанда тістенбей, «а» деп көтергенде-ақ аузы кең ашылып, көмекейіне дейін көрінеді екен. Айғайы күшейген сайын қысқалау мойыны жуандап, онан да гөрі қысқара түскен сияқтанады. Біраздан соң Әміре гармонмен ән салды. Жұмат Шанин де қалыспады, қобызбен «Қорқыттың күйін» зарлатты-ай кеп.

Жастар жағы:

– Уәй, мына салың не дейді-ау. Уа аруақ! Уа аруақ! – деп айқайлайды.

– Рахмет, балам! Көп жаса, өркенің өссін! – деп жатыр ақсақалдар.

Бір мезетте, топ ішінен біреу сумаңдап, сурылып шығып.

– Ей, Қажымұқан сенің беделің бар палуансың.

– Мәшһүр деген әулие шығыпты ғой. Әне отыр. Және өзінің бірнеше өнері бар көрінеді. Күрестің де айла амалын біледі дейді деп қарқылдап күлді.

– Қажымұқан, ашуды сабырға жеңдіріп.

– Мен ол кісімен күреспеймін. Өзім қазір барып, тізерлеп отырып алдына жығылып, өзім-ақ жеңілер едім. Өй жетесіз неме, өзіңді бүріп жіберейін бе? - дегенде манағы отырған, қымыздың қызуына қызара бөрткен үйден еңбектеген күйі шыға тұра қашты, Қажымұқан май құйырықтан теуіп қана үлгереді. Қажымұқанның ісіне риза болған ел қыран-күлкіге батып, бір мәз-мейрам болып қалды.

Ендігі кезек ойын-сауыққа тиді. Халық ортаға Қажымұқан шықсын, неге шықпай жатыр деп, дегбірлері қалмай шуылдауда. Қажымұқан үстіндегі атлас жеңіл шапанын сыпып тастап, шаршы топтың арасынан жеңіл қозғалып сурылып шықты. Анадайдан қарап тұрған досы Сүбек ұстаны шақырып алып, кеудесіне үлкен қара тас қойдырып, Сүбек ұстаға ұрғызып қақ бөлгізіп, мойнына сомтемірді галстук қылып тағып, жұртты айран-асыр қылды. Мойнына ұзын сырық салып, екі басына қалағанынша кісі мінгізіп, жүрді. Арба толы шөпті тісімен тартып жүргізді т.б.

Қоянды жәрмеңкесі біткен соң Қажымұқан досы Сүбек ұстанікіне тынығуға ат басын тірейді. Екі-үш күн болып, досына не керек екендігін сұрайды.

– Олжамның жартысын ал. Не болмаса, өнеріммен жинаған мына сөлкебайларымның таңдағанын берейін дейді.

– Сүбек ұста Қажеке маған түктің де керегі жоқ. Мына жалғыз ұлым Хайруллаға арнап бір ескерткіш қалтырыңыз. Көзіңіздей көріп жүрейін -дейді. Досының тілегін қабыл алған Қажекең есіктің алдында көрініп жатқан салмағы бір тонна тасты досы Сүбек ұстаның үйінің дәл іргесіне көтеріп әкеп қояды.

Енді жұрттың көзі есік жақта тұрған өте сұлу, белі қиылған талдырмаш

аппақ сұлуға ауды. Екі көзі қарақаттай қап-қара, белі қиылған, мойыны аққаудың мойынындай әсем, қос бұрымы тілерсегін соғады. Тым жас көрінеді. Танитын біреу кәні Гүлшара (Шара) – Биле!.. – деп айғай салды. Қалың ел жапырылып, есіктің көзін босатып, сыртта дөңгелініп тұра қалысты. Хусайын деген гармоншы жігіт бидің бір сазын құйқылжыта жөнелді. Әйелдер жағы өзара сыбырласып, танитындары мынау қыз - Шара, Баймолда Жиенқұлұлының қызы ғой деп жатыр, Бетім-ай! бұл, бұ жақта қайдан жүр десіп жатыр кей бір білгіш әйелдер бетін шымшып. Шара да «өзі де зытайын деп тұрған қоянға «тәйт» деген соң не шара» демекші, сол арада артында тұрған бір кісі ортаға қарай итеріп жібереді. Ұшып түскен Шара, көзі жыпық-жыпық етіп жан-жағына айнала қарады да дөңгелене жөнелді. Гормоншы жігіт «Қара жорға», «Келіншек», «Айжанқызды» құйқылжыта, жұрттың көңілін қытықтай гармонды құлаштай тартады-ай кеп. Шара мың бұралып, күй ырғағына қарай ат боп шауып, ұршық боп иіріліп, киіз басып, күбі пісіп не керек биге тән қазақ тұрмысынан алынған нақыштарды бар өнерін салып ортада шыркөбелек айналып, ес-ақылы қалмай билеп жүр. Биге сусап қалған жұрт аң-таң, әсіресе балалар жағы ауыздарының суы құрып, сілекейлері шұбырып, аққанын да білмей қалыпты. Әйелдер жағы тамсанып, жастық шағы есіне түсті ме? Әлде, қызуы жоқ шалға барғанына налыда ма, босағада сүйеніп тұрған қара торы әйел, тамсанып, ух! деп қалғанын өзі де білмей қалды. Сырттағы аттылы, түйеге мінген, шеңбер ішіндегі биге мойынын созған бала - шаға, қатын - қалаш, шал-шауқан, жігіт-желең бәрі желігіп алған Шараны жібергісі жоқ.

Мәшекеңнің көп отырып қалып, жол жүргісі барын ескеріп, жүргізуші бір сәт ойынды, думанды тоқтатып Мәшһүр – Жүсіптен бата сұрасты. Мәшһүр – Жүсіп қолын жайып, өнерлі жастарға батасын берді.

Мұнан соң да қызық тоқтамады. Сиқыршылар жыландарын ысылдатып, құлақ пен мұрындарынан тас шығарып, бақсылар ауыздарынан от шығарып, желаяқтар аяқтарына тас байлап жүгіріп т.б. қызық жалғасын табуда. Мұнда орыстар да, ала тақиялы өзбектер, айыр қалпақты қырғыздар, татарлар, башқұрт т.б. толып жатқан ұлттың өкілдерін де көресің. Екінші – жақта айтыс қыза түскен. Ышқырына етегін қыстырып, дамбалының балағын түріп алған шал-кемпірлер де жаяу жарысқа түскелі дайындалып жүр. Бір келіншек күреске түсуге дайындалып, жұлқынып қояды.


8-шы акт.

Мәшһүр-Жүсіптің қазасы
1931 жылы ашаршылық болады. Достарын жинап, ас береді. Қабырын қаздырады, көк тас шығады. Мәшекең көзі тірісінде Әбәйділдә қажыны шақыртып құран шығартады, ас бергізеді.

Әбәйділдә қажы шыдамай кетіп.

– Осы асты ел болып келесі жылы берсек те болар еді. Әлде бізге сенбей отырсың ба?- дейді.

Сонда Мәшһүр -Жүсіп:

– Келесі жылы өзіңнің қайда боларыңды білесің бе? – деп өзіне қарсы сұрақ қояды.

– Әбәйділдә, «тірі адам тіршілігін жасайды» - демекші, халқыммен бірге боламын да, қайда кетуші едім - дейді.

– Е, Әбәйділдә келер жылы үрерге итің, сығарға битің болмайды. Маған ас бермек түгілі, өз бастарыңның қайда қалатынын да білмейсіңдер ғой:

Келер жыл болады сондай ауыр,

Адамдар аш жалаңаш болып жауыр.

Кетеді айдалаға есі шығып,

Ағайын, туған-туыс, суып бауыр

-депті де Көпейұлы Жүсіпке Құдай рахмет-ойласын,-деп сақ-сақ тағы күледі. Маған бата жасамақ түгілі әркімінің басына туар «тұрымтай тұсына» заман болады. Мен көрмеймін, сендер көресіңдер, көресіңдер де көнесіңдер.

–Мәшһүр-Жүсіп ішінен күбірлеп, қаперіне келіп қалған мына сөзді: «қайран досым Әбәйділдә менен кейін сегіз айдан соң өзің де о дүниелік боласың ғой - дегенді естіртпей, жұтып қойыпты. Расында да сегіз айдан соң жан досы Әбәйділдә да бақи өмірге аттанып кете барады.

Мәшһүр-Жүсіп.

– Мәшһүрге тие берсін! Ал ішіңдер Аллау әкпір! - деп батасын істеп, жайған алақанын бетіне тигізбей, иегі тұсынан төмен түсірді. –Жан -жағына қарап, неге таңданасыңдар! Мәшһүр өлмейді деп білесіңдер ме? Тумаған адам өлмейді. Туу-өлу деген мағына. Туған адам бәрі өледі. Абай айтты емес пе: «Дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойынына кірер денең» - деп. Бірақ... біреу ерте, біреу кеш. Өлім жолы иненің жасуындай, барлық адам өтеді сол тесіктен, - деді ауыр күрсініп.

Мәшһүр-Жүсіп қасына жол серігі, әрі күтушісі Шатабекті алып, Ескелдіге қарай тартты. Үлкен ұлы Шәрапиденді және Дихан Әбіловті ертіп алды. Бір топ жігіт белдерін буып алған Мәшекеңнің болашақ жатын орынын қазып жатыр екен.

Мәшһүр-Жүсіп.

– Қазыңдар! Терең қазыңдар. Мәшһүр қашып шығып кете алмайтындай етіп терең қазыңдар! – деп сылқ-сылқ күледі.

– Және кең қазыңдар. Он-он бес адам сиятындай кең болсын. Кірпіштері берік қалансын.-деді.

–Тірлігінде... ұры-қырылардың, озбыр, қиянатшыл, аю мінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілмен қылыштаған Мәшһүрдің шатағы аз боп па? Тірімде тістері батпаған сол сойқандар мен көз жұмғансын өш алуға үстімнен арыз жаудырып, мүңкір-нәңкірге тергеттірмей қоймас. Сонда менің мұндағы дұрыстығымды қорғауға бірнеше періштелер келер... Кең қазыңдар! –деп Мәшекең тағы да өзінің әдеттегі мысқыл күлкісімен сылқ-сылқ күлді. Қазушы, қабыршылар да қосыла күлді.

Қабірді жағалай отырған бір топ кісінің ішінен Тәш:

– Мәшеке! Ұлылығыңызға құлдық! Тірісінде көрін қаздырып қойған адам еш заманда, ешқайда жоқ. Мәшһүрдің мынасы не сұмдық? – деп отырды әнекүні біреу.

– Кім?

– Дүтбай «білгіш».



– Сұмдық көрде емес, төрде боп отырғандарда, қиянатта, зорлық-зомбылықта, алдау-арбауда, кісі хақысын жалмауда, өсек-өтірік, жала-пәледе... Менің «көрім» шыр етіп дүниеге келген сағатымда лайықталған. Соны енді өз көзіммен көруге қаздырсам несі сұмдық? Өлгенде жататын орнымды көзімнің тірісінде әзірлетіп қойып жатырмын. Өлгенде көрде емес, төрде... мына төргі бөлме төрінде, төрт бағаналы алып нар кірауат тәрізді ағаш «төсекте» шалқамнан жатпақпын. Өмір бойғы армандарының біріне жетпеген Мәшһүрдің о дүниеге кетерінде жеткен бұл арманын күндегілер күншілік көгенінде қылғынсын. Аллау әкпар!

Таңертеңгі уақыт. Үлкен ұлы Шәрәпи Мәшһүр-Жүсіп шай ішіп отыр. Ақзейнеп қырындап шай құйып отыр.

Мәшһүр-Жүсіп:

– Шәрәпи, сен ана шкафты аш та «Месқараны» әкелші!. Әкеп берген соң. Мәшһүр-Жүсіп:

– Жүректің қазынасын қазған Мәшһүр, Өксітпей, шашпай-төкпей жазған Мәшһүр, -деді. Қалыңдығы «Құраннанда» екі есе қалың «Қарамесін» қимай ұзақ сипап, бір-екі бетін ашып, төңкерді.

– Шәрәпи енді орнына апарып қой. Есіңде болсын, менен кейін менің сөздерімді елеп-ескеріп кітап қылып шығарамын дейтұғын болса, араб харіптерімен теріп шығарылатын болсын! Аллау әкпар!

Зейнеп үстел үстіндегілерді жинап, үстін сүртіп бола бергенде, босаға жақта тұрған шәйнек пен шіләпшінға көз жүгіртіп:

– Зейнепке қарағым, сен анда бара тұр. «Мен таһарат алайын» - деді. Зейнеп шығып кетті. Шәрәпи қолына су құйып, Мәшһүр-Жүсіп іш дәретін алды. Жуынды сүртінді. Төсегіне кеп отырып, үйде жүргендердің бәрін шақырып:

«Олжа қыламын!» - деуші болмаңдар. Топырақ қайдан бұйырса, адам сол жерде жүре бермек. Бір жерден бір жерге сүйретпеңдер. Мен соны ескеріп, өзімнің көрімді өзім қазып қойдым (А.Қ.). Қазақша: «Мал байлаймыз сход (расход), пәлен-түген!» - деп былшылдамаңдар (демеңдер-А.Қ.). Мен өзімді тірі күнімде Құдайға шын бергенмін. Өлген соң, менімен жұмыстарың болмасын. «Үйдегі парызды базардағы нарық бұзады» - дегендей, заманның толқыны еріксіз билеп кетіп: «Өлгенде, керек болады» - деген ой тіріде өзіңе жарату жабдығыңа ықтияр түсірді: «Пенденің дегені болмайды, // Алланың дегені болады»... Бір жайнамаз, екі шапан, сәлде – Сары сумкада. Және Алла оған жетпесе, көр садақаға арнаған күміс, күміс сақиналар бар. Ауызға су тамызатұғын мақта һәм камфорт майы сәлденің қасында бірге. Жайнамаз, Сіләмбол (Стамбол) алша, өлгенде, бір шапан, оның сыртында жайнамаз орап барып, екеуі қабір басында берілсін... (11 том., 244-245 беттер) – деді аздап алқына отырып.

– Зират үйімді екі бөлмелі етіп салыңдар. Төргі бөлмесінің есігін ашық қылыңдар. Ауызғы бөлмеме ыдыс-аяқ, кітап-құрандарымды, ер-сайман, кілем, үккіш т.б. пайдаланған заттарымды түгел қойыңдар. Насыбай шақшамды әрдайым дайын насыбаймен толтырып кетіп отырыңдар. –Қысы-жазы бар, әрі-бері өткен жолаушылар келіп түнеп қалса, барлық мүлкімді пайдалансын. Бірақ, жуып-тазалап қайыра орны-орындарына қойып кететін болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімді де бас салмаймын. Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етемін. Тек жаздың ыстық айларында ақіретімді айырбастап отырыңдар, қыстың күні керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады. Ұғып ал, Шәрәпи.

– Мен енді дем аламын.

–Шәрәпи, сен бара бер. Шаруаңды істе. Малыңа қара! Біраз уақыттан кейін кел! Ұйықтап кетсем оятпа! - деп, жымиып күлді.

Шәрәпи:

– Біраз, далада мал қамдап үйге ақырын басып кірдім. –Атам ұйықтап жатқан бөлменің есігін ашып қарасам, Мәшекең шалқасынан ұйықтап жатыр. Үлкен ақ орамалын кеудесіне көлденең салыпты. Қасына жақындап –молда ата!, молда ата!-дедім, еш үн жоқ. Бетіне үңілдім. Құлағымды тосып дем алып жатырма деп дыбысын тыңдадым. Тірлік белгісі де жоқ. Мәңгіге ұйқыға кетіпті... Кеудесіне басымды қойып жылап жібердім.- дейді. 1931 жылы 17 қарашада өмірден ұлы ақын өтті.

Жоқтау.

«Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, артына өлмейтұғын сөз қалтырған?.» -деп. (Соңында Мәшһүр-Жүсіп туралы бейне – фильм қойылады. Мәшһүр-Жүсіп атындағы Павлодар орталық мешітінің ашылуы, Мәшһүр-Жүсіп кесенесі, Мәшһүр-Жүсіптің туғанына – 150 жыл тойдан үзінді көрсетіледі.)

Әдебиеттер
1 Мәшһүр – Жүсіп. Шығармалары. 1- 13 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар, 2003-2008 жылдар.

2 Көпеев Сүйіндік Шәрәпиденұлы. Мәшһүр-Жүсіп өмірі. «ЭКО» ҒӨФ. Павлодар, 2000 жыл.

3 Дихан Әбілев. Машһүр Жүсіп. // «Жұлдыз» №12. 1993 жыл. –Б. 117-125.

4 Рамазан Тоқтаров. Абайдың жұмбағы. –Алматы, «Әл-Фараби». 1999 жыл. -Б. 657-660.

5 Дихан Әбілев. Сұлтанмахмұт. 1-3 том. «Жазушы» бюспасы, -Алматы., 1980. –Б. 127-132.

6 Қазақ ССР тарихы. Қазақ мемлекет баспасы, -Алматы. 1957 жыл. –Б. 508-542.

7 Жиенқұлова Ш. Өмірім менің өнерім. «Жазушы» баспасы, -А., 1983.

8 Байзақов И. Шығармалары. Қазмемәдеббас., -А, 1956.

9 Ән асқары - Әміре. Құраст. Ж. Шәкәрімов. –А., Өнер, 1988.

10 Балабеков. Б. Ән сапары. «Жазушы», баспасы, -А., 1975.

11 Ай, заман-ай, заман-ай... –А., Қазақ ССР баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы-РББ. 1991.

Ескерту: Автор Адамжүсіп (Мәшһүр - Жүсіп) пьесасына қатысты ой-пікірлер болса, сын-ескертпелер болса хабарласуын өтінеді.




Мазмұны
Адамжүсіп (Мәшһүр-Жүсіп)...................................................................3

1-ші акт. Адамжүсіптің (Мәшһүр-Жүсіп) дүниеге келуі.......................4

2-ші акт.Медіреседегі оқу.........................................................................8

3-ші акт.Мәшһүрге үкі таққан Мұса Шорман........................................16

4-ші акт.Абай мен Мәшһүр-Жүсіп..........................................................21

5-шы акт.Шәкәрім мен Мәшһүр – Жүсіп...............................................29

6-ші акт.Мұхаметәмен (Әмен) Мәшһүр-Жүсіптің

ортаншы ұлының ерліктері, қазасы........................................................32

7-ші акт.Қоянды жәрменкесі....................................................................39

8-шы акт.Мәшһүр-Жүсіптің қазасы........................................................44



Әдебиеттер.................................................................................................48






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет