6.Ұлттық мінез
Ұлттық мінез-бұл әрбір ұлттың ішкі рухани дүниесінің нгізгі бір компоненті, ол жеке адамның мнезі скілді,бір сыырғы тұрлаулы және тұрақты сипат ол қоғам дамуының белстерінде өзгрістерге түсіп отырады. Мәселен, қазан төкерісінен кейін қазақ халқының ұлттық мінзін жаңа заман талабыа орай ұлттық мінез бітістері пайда болды.Соның бірі жеке дара мнез-құлық ұжымдық мінздің пайда болуы.Сол секілд халқымыз нарықты қатынасты қатынастын өту кездерінде өзінің мізін осы жағдайға беймдей бастады.мәслн,социализм кзінд ұлттық мінез ұжымдық сипат алса, қазыргі кезде бұл этностың әртүрлі даралық мінз бітістрі пайда бола бастады.Осыған орай, шала қазақтың мінзі бр сипат алса, мәңгүрт қазақтарда ұлттық мінезге үйлсе қоймайтын,көрініс бретін мінз бітістр пайда бола бастады.Сөйтіп, ұлттық мінзг жеке адамның да,қоғамның дамуын нақты жағдайда сондай-ақ жеке адамның тыныш-тіршілігінд, олардың психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ұлттық мінез блгілі ұлтқа ортақ психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы: нақты этникалық қоғамдастықтың қатынас жүйесі ртінде айналадағы шынайылықтың әртүрлі жақтарына яғни ойлаудың тұрақты стеротиптерінд эмоционалдық реакциясында жәнетұтастай қылығында бекініп көрініс бретін ұлттық психикалық жиынтығының компоннті ұлттық мінездің құрамдас бірлігі –ұлттық намыс,ұлттық намыс-ұлт өкілдрнің атамекенін,тілн,тегін,салт-дәстүрін ерекшее қадірлп,оның абыройын кір жуытпай қызғыштай қору.
Ұлттық діл, ұлттық мінез проблемалары.
Жалпы, «ұлт» терминінің мәніне келсек,бұл – этникалық топтар ұғымынан гөрі белгілі бір мемлекеттегі басым этникалық топтың төңірегіне біріккен, сол елдің өткенімен, қазіргі халі мен болашағынаөз тағдырларын тамырлас еткен түрлі этникалық топтарға қатысты халықтық атау.
Белгілі жазушы, ғалым М.Әуезов этнопсихология, ұлттық мінез туралы тұжырымдарында әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам-түсінігі, әдет-ғұрып,салт-санасы болатындығын, қоғамдық сананың осынау ұлттық бояуларға қанық болуы қажеттілігі айтылған. Халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр,салт, әдет-ғұрып т.б)ұлт психолгиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді Өлең жырды бірден, табан астында жанынан шығарып айту,суырып салма қабілеттілік, қиыннан қиыстырулар, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі.
М.Жұмабаев: «... жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп,есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес , біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», -дейді.
Қазіргі білім мен тәрбие беруде негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылған: 1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу. 2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу. 3.Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.
М.Жұмабаев: «... адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жанын, тәрбие қылу керек деп ұғу керек. ... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады... Ұлттық тілі кеми бастағаны құри бастағанын көрсетеді... ұлттық тілінде сол ұлттың жері, тарихы,тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады».
«Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысқанның пенделік құпиясы) атты поэмалардан құралған романның авторы М. Шаханов: « Адамдардың 97 пайызы өзгенің ықпалында кетеді, өз бетінше ойлауға да құалықсыз.Еліктеумен өмір сүреді. Көңілі қалағанын емес өзгелерден көргенін істейді.Өз басымен ойламайды, біредің айтқанына көніп, айдағанына жүреді» дейді. Ішкі «Менінен» айрылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М.Шаханов адамзатты осы рухсыздық апатынан сақтандырады Рухани жұтаған кезде ұлттық сана ғана емес, ауылдық сана қалмайды Адам бойындағы діни-рухани тазалық, имандылық, ұлттықнышандарды сақтау мен ұлттық кесел болып табылатын мінез-құлықтан арылу, діл мен пиғыл тазалығы қажет Жалпы экономикалық мүддемен қатар халықтың мәдениеті мен тарихы, тілі мен ділі оның байлығы болып есептеледі.
Біздің бойымызда ұлтжандылыұ сезім, ойымызда өз ұлтымызға деген мақтаныш сезімі төмен екенін жасырмау керек. Рухы төмен елдің – болашағы күңгірт.
Қазақстан-2030 стратегиясында шет елдегі замандастарынан білімі мен білігі жағынан жеңілмейтін, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген Осыған орай Қ.Р. Білім және ғылым министрі Ш. Беркімбаева өз сөзінде «Біз белгілі бір білімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес қазақстандық діл мен дүниетаным негізінде азаматтық көзқарас қалыптасқан, әлуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет»- дейді. Азаматтық қасиет елге деген сүйіспеншіліктен бастау алуы тиіс.
Қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне ілесіп, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін күш ол отан сүйгіштік рух.
Білім ордаларында қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына негізделген патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді. Қазақ этнопедогогикасын республикалық «Атамекен» бағдарламасын басшылыққа алып, осы бағытта жұмыс істеп жатқан мектеп ұжымдары аз емес.
Қазіргі кезеңде ақпараттар ағыны заманы және Интернет империясы билей бастаған жаһандану заманы. Біз үшін осы жаһандану заманында жоғалып кетпеу, өз төл тумалығымызды қайталанбас төл туындыларымызбен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр.
Егеменді елдің әрбір азаматы ұлттық шеңберде қалмай бүкіл әлемдік, адамзаттық категориялардың деңгейінде ойшылдық танытып, өзіңді де, өзгені де құрметтеп және өзгелерді де өзіңді сыйлауға жеткізу-алда тұрған абзал мұрат.Сонда ғана біз өркениеттің биік шыңынан көріне аламыз.
Халықтың мінез-құлқы туралы.(И.С.Кон.)
“Халықтың мінез-құлқы”ұғымы бастыпқыда белгілі бір халықтың өмір сүру стилін көрсету мақсатында саясат туралы әдебиттерде қолданылған.Кейінірек,халықтың мінезі немесе ұлттық мінезі туралы айтқанда кейбір авторлар темпараметке енді біреулері тұлғалық қаиеттеріне көңіл бөлсе,үшінші бірулері ұлттық мінезге құндылық бағыттарын,бейлікке еңбекке деген қатынастарын және т.б. жатқызады. Мәдениантропологияда мәдениеттегі индивидтің ерекшеліктерінің ттастық паттерін анықтау үшін көптеген жаңа терминдер пайда болда. (мәдениет конфигулациясы базалық тұлға,моралды тұлға және т.б.) кейінрек зерттеушілер халық мінезі ұғымын қайта көңіл бөлді.Бірақ қазірдің өзінде халық мінезі дегеніміз не?, ол тіпті де бар ма ма, ол маңызды белгі болып табылады ма? Деген секілді сұрақтар төңірегінде әртүрлі көзқарастар бар. Бүгінгі күнде мінез тақырыбые психологиядан қудалап, оның орнына тұлғалық қасиеттер немесе тұлға ұғымдарымен ауыстыру жағдайды оданда күрделендіруде. Мұндай жағдайда халықтық мінезі ұғымын немесе түсінегін қарастырғанда бірнеше принциптерді басшылыққа алу қажет.
Біріншіден этностық мінезі дегеніміз-оның жекелеген өкілдері мінезінің мөлшері немесе шамасы емес,ол индивидтердің белгілі бір шамасында әртүрлі сәйкестікпен, әртүрлі деңгейде кездесетінтиптік қасиеттерін белгілеу еенін анықтаған. Сондықтан И.С. Кон айтқандай:”Халықтың мінезін түсіну үшін ең алдымен ол елдің тарихын, қоғамдық құрылысын және мәениетін зерттеп білу керек,ол тек индивидуалды-психологиялық әдістер бұл орайда жеткіліксіз” - деген әбден дұрыс.
Екіншіден, қандайда бір қаситтерді жекелеген этникалық қауымның жетістігі ретінде қарауға жол бермеу керек. Қасиеттер немесе олардың шамасы бірегей емес, олордың құрлымы,яғни бұнда қандайда бір қаситтер жиынтығы жөнінде ғана емес,ол қаситтердің осы жиынтықта көріну деңгейі,оның көріну ерекшелігі жайында сөз болып тұр.
Үшіншіден мінез қырларын әлеуметтік–экономикалық және географиялық жағдайға, халықтың өмір сүру салтына және олардың діни сенімдеріне байланысты жалпы құндылықтар жүйесінде қарастыру арқылы түсіндіруге болады.
Халық мінезін интерпритациялаудағы көзқарастардың ішінде әлеуметтік немесе мәдени детерминизм принципін ұстанатын әлеуметтік тарихи өзқарас жетекші болып табылады.
Халықтық мінезін зерттеудің тарихы көрсеткендей, олордың мәдени арнаулы каситтерін ерекшелеу арқылы анықтауға тырысақан кез-келген әрекеттер сәтті бола бермейді, себебі жекелеген қаситтер мен олардың шамасы бірегей емес, ал белгілі бір халық өкілдерінің менталды әлем құрлымының тарихы даму тәжрибесі мен мәденитке күделі түрде детерминацияланғандығы бірегей болып табылады. Дәл осы ебептерге байланысты соңғы кездері “халық мінезі” түсінігін “халық менталдылығы” түсінігіне ауыстырып қолдануда. Менталдық түсінігіне анықтама берген Ж.Дюби берді. Оның айтуынша:”бұл адамның әлем туралы жәнеөзінің әлемдегі орны туралы көзқарастарының негізінде жатқын бейнелер жүйесі, сондайақ адамдардың іс-әрекеттерін және мінез-құлқын анықтайды. Менталдықтың бұл түсіндірмесі орысша “әлемдік түсіну” сөзінің анықтамасына ұқсас келеді. Сонымен қатар менталдылық ұжымдық бейсаналылық пен тығыз байланысты болғандықтан У.Раульфтің пікірінше, адам санасы мен мінез-құлқының әртүрлі формасынан да тереңде жатыр, бірақол ойлауда, сезімде әрекетте көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |