Адамныњ этномѕдени даму мѕселелері



бет11/22
Дата07.10.2024
өлшемі487.5 Kb.
#504401
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

1.ӨЗІНДІК САНА.

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.


Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген.Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.
Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.
С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:
-өзінің ұқсастығының санасы
-өзінің «Менінің» санасы
-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы
-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.
И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:
-өзін-өзі тану
-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас
-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу
Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:
1 танымдық (когнетивті)
2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)
3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)
Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)
Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.
Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.
Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.
Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет