Адамныњ этномѕдени даму мѕселелері


Ұлттық және этникалық өзіндік сана (сана сезім)



бет12/22
Дата07.10.2024
өлшемі487.5 Kb.
#504401
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

1.3.Ұлттық және этникалық өзіндік сана (сана сезім)
Ұлттық сана сезім
Ұлттық сана сезім дегенде адамның белгілі бір ұлтқа қатысты санасы деп түсінуге болады, яғни , адамның белгілі бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе.
Ұлттық сана сезімге ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.
Австриялық әлеуметтанушы және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт «табиғи қауым» ретінде ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.
Ұлт - бұл өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этникалық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.
Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этникалық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады.Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және мифтер де көрінеді.Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этникалық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.
4.2.Этникалық сана сезім (өзіндік сана)
Адамдардың бірлескен ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісіненер ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты.Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады.Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезіміненкөрінеді.Халықтың Этникалық сана сезімі ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің сана сезімінен көріне бастайды.Этникалық сана-сезім субъектінің өзінің этникалық қауым ретіндегі ұғынуынан да көрінеді.Өзін қандай да бір этникалық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет