Тұлға деңгейіндегі этникалық өзіндік сана
Жекелеген адамның этникалық «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.
Адамның этникалық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының» құрлымының біреуі болып табылады. Ол мыналардан тұрады:
-ол мыңдаған және миллиондаған этностардың ішіндегі өз этносының бір өкілі екендігін елестету;(көзқарасы)
-осы этностың көптеген басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.
-ең бастысы сол қауымға , оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.
Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім екендігін,қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.
Тұлғаның этникалық «Мен -концепциясының» элементтері «Мен концепциясының » барлық бөлімінде кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.
ІІ ТАРАУ Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мәселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тәжірибесін зерттеп құрайды. Осы тәжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев. С.М.Жақыпов. Н.Елікбаева. т.б. болып табылады.
70 жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының профессор Н.Джандельдиннің "Ұлттық психологияның табиғаты" профессор Н.Елікбаевтың "Ұлттық психология" еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық әдіснамалық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар аталған ғалымдар көптеген ғылыми конференцияларда этникалық психология тақырыбына байланысты мақалалармен халық көпшілікке ой салуда.
Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып В.К. Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық турпат өзгерістерін өзгертіп зерттеп қана қоймай болашақ кезеңдегісіне де алдын ала болжау жасау қажет екенін атағаны мәлім. Бұл әрине сананың детерминация механизмдері мен гео био детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар. Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтық-биосфералық жағдайына сәйкестенетін ұлттық дәстүрлер мен текстік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.
Сондай-ақ бұл бағытта Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |