2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі
1. Л.Г. Почебуттың "Мәдени құндылық бағдар" атты әдістемесінің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген .
тип дәстүрлі мәдениет (ДМ)
тип қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ)
тип динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)
1-кесте Моноэтностық және полиэтностық топтағы қазақ студенттерінің мәдени құндылық бағдарларының салыстырмалы көрсеткіштер
Р/с
|
Типтер
|
Моноэтностық топтағы қазақтар
|
Полиэтностық топтағы қазақтар
|
1
|
Дәстүрлі мәдениет (ДМ)
|
75 %
|
55 %
|
2
|
Қазіргі заман мәдениет (ҚЗМ)
|
62 %
|
60 %
|
3
|
Динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)
|
55 %
|
57 %
|
Сонымен, біз эксперименттің нәтижесінде моно және полиэтностық ортадағы мәдени құндылық бағдардың ерекшелігінің нәтижесін көрсеттік. Алынған мәліметтерден мынадай қорытындылар шығып отыр. Дәстүрлі мәдениетке қазақ ұлты 75 % балл берсе, ал полиэтностық ортадағы топтар 55 % балл берген.
Қазіргі заманның тез ағымы өмір салты мен дәстүрлерді де өзгеріске ұшыратуда. Аса көрнекті көрінбегенімен соңғы жылдары қазақ қауымының арасында шетел мәдениетіне еліктеу жүріп жатыр. Шыққан нәтижелерде осы әсердің полиэтностық топтарға емес, керісінше қазақ халқына әсер бар екендігін көріп отырмыз. Келесі типтің нәтижесіне тоқталып болсақ жоғарыда айтылып кеткен ойымызға дәлел табамыз, өйткені пайыздық жағынан "Қазіргі заман мәдениеті" қазақтар арасында үлкен орынды алып отыр, ал полиэтностық топ өкілдеріне керісінше төмен. Мұндай динамиканы басқа жағынан түсіндіруге болады. Сандық құрамы аз халықтар өз этносының ерекшелігін сақтау мақсатымен көбінесе өзіндік салт-дәстүр мәдениетке жақын жүреді Сондықтан да Қазақстандағы полиэтностық топ өкілдерінің көрсеткіші осындай нәтижелер көрсетіп отыр . Соңғы типтің көрсеткіштерінің айырмасы аса көрнекті емес, яғни динамикалық дамып жатқан мәдениет әсері әлі толық біздің елімізге толық ене қойған жоқ. Оның әсері болашақ уақыттарда сезілуі мүмкін. Өйткені бұл тип шетел халқының өмір салтына жақын келеді.
Біздің мемлекетіміз ондай даму қарқынына әлі жете қойған жоқ. Сондықтан оның белсенділігі де төмен. Осындай ауытқу кезеңдерінде тұлғаның өзіндік қатынасының деңгейі де жалпы этностық "Менге" әсері туралы сұрақ туындайды.
Зерттеу нәтижелерінің көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында алынған мәліметтерді "Мәдениет типтері" гистограммасына орналастырамыз.
Зерттеудің келесі кезеңінде топтағы нормалық қалауларды анықтау үшін О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесін алдық. Берілген тест индивидтің әртүрлі нормалардың қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтерде нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Комуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтың әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.
Кесте 2 Моно және полиэтностық топтағы қазақ студенттерінің нормативті қалауларының салыстырмалы көрсеткіштері.
№ Р/Р
|
Нормативті қалаулар
|
Моноэтностық топтағы қазақтар
|
Полиэтностық топтағы қазақтар
|
1
|
Іскерлік қалаулар сферасы
|
47,3 %
|
53 %
|
2
|
Коммуникациялық қалау
|
45,4 %
|
42,3 %
|
3
|
Шынайылық шкаласы
|
19,2 %
|
18,5 %
|
Кестеде екі топ өкілдерінің нормативті қалауларының көрсеткіштері берілген.Ең алдымен іскерлі қалаулар сферасын алып қарайтын болсақ қазақ ұлтының пайыздық саны көп яғни ол бізді мынадай қорытындыға әкеліп отыр. Жаңа мемлекет ерекше заман талаптарын қойған кезде адамдардың қалаулары өзгеріске ұшырайды. Өзіміз байқап отырғандай тілімізбен бірге қазіргі кезде мәденетіміз, дініміз маңызды орын алып жатыр. Осы процестер қазақ ұлтының жалпы іскерлігін де арттырып оларды алдыға итермелеуде. Полиэтностың ортаның мүшелері қарқынды топтан қалмай келеді бірақ сандық көлемінің аздығына байланысты олардың пайыздық жағы төмен болып отыр. Ал екінші нормативті қалауда коммуникативті белсенділік полиэтностық ортада басым. Оның себебі ұлттық метелды ерекшеліктермен түсіндіріледі.
3 кесте Моноэтностық және полиэтностық топтағы қазақ студенттерінің өзіндік қатынастарының салыстырмалы көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |