Адамныњ этномѕдени даму мѕселелері


Этнопсихология.Этнопсихологияда кездесетін категориялар



бет3/22
Дата07.10.2024
өлшемі487.5 Kb.
#504401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Дип.-Поли-және-моноэтностық-топтарға-арналған-әдебиеттерді-талдау

1.2.Этнопсихология.Этнопсихологияда кездесетін категориялар.

Субьективтілік пен рухани элементтер элементтер ұлттық қауымның қалыптасуында және оның күделікті іс-әрекетінде үлкен орын алады.Онда қауымның идеясы, бағыт –бағдары мен ұлттық даму құндылықтары, қоршаған ортаны тануы мен қабылдауы бейнеленеді.Этностық қауымның суьбективтілігін этностық психология этностық деп деп атау кейбір еңбектерде кездеседі.


Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен халықтардың мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму бел-белестері бар.
Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.
Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.МәселенГиппократ өзінің “О воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың себебін елдің мекен –жайын, кңлиматыны мен басқа табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.
Этнопсихологияға түбегеилі қызығудың жаңа кезеңі хх № ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын білдік.Белгілі жағдайда қалыптасатын мінез ұлттық қандай болатынына,оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.
Мінез теориясын жасауға белгілі үлес қосқан ағылшын философы Д.Юм “О национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде халық мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.
Сондай-ақ философ Д.Юм кез-келген ұлт топтарының өз психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасыіруханияты болатындығы олардың кәсіби топтардан тұратындығы турулы айтқан.Оның халық психологиясы,сол халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы пікір.
“Адам қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады”,-деген И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен қатар ойшыл бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың бірлігі климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды.
И.Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық зерттеулер т арихында үлкен орын алады.Ғылым өзінің “Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас антропологиясы” атты еңбегінде “халық” , “ұлт” , “халық мінезі” деген ұғымдарды қарвстырады.Халық өз мінезіне ие екеніне тоқталған.Ол эмоциялық қобалжуда(аффектацияда),басқа мәдениетті қабылдауда және өзге халықтарға қатынасында байқалатыны айтқан.
Автор ұлттық мінездің негізгі бағыты басқа халықтарға деген қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.Ол халықты географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтардың мінезін ашатын кілті деп санайды.
Ұлы философтың кейбір еуропалық халықтардың ұлттық мінезіне салыстырмалы талдау жасауға ұмтылса этностық психологияда ерекше қызығуды тудырып отыр.Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие екенін айтып кеткен.Себебі,ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс ұлттары өкілдерінің мінез-құлқының салыстырмалы талдауын жасап,обьективтілік принципін сақтап отырған.Бұл өз кезеңінде халықтану жүйесінде тағы бір даму сатысы болады.
Ұлттық мінез туралы білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық көзқарасы”Философия духа” (“Рухани философия”) атты еңбегінде орын алған .Ғалымның пікірі бойынша,халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүжілік рухтың даму сатысы ретінде көрсетілген .Халық рухы белгілі қызметті атқарады.Ол өзіне өмірдің мәдениетін,дінін,салт-дәстүрін құрып, мемлекеттік құрылысты,оның заңдарын, адамдардың мінез-құлқын анықтап, қалыптастырған.Ұлт тағдырын,тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің негізінде ұлттық рух жатыр.Барлық халықтар рухты тасмалдаушылар,басқаша айтатын болсақ,ол дүние жүзінде тарихы дамуы мүмкін емес.Міне осыдан Гегельдің көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.Оларды бір-біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі аңғарылады.Ғұлама ғалым көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде өркениетті дамудағы 4кезеңінің ішінен германдық кезеңге ерекше мән берген дәлел.Ол өз еңбегінде халық мінезін ұлттық қауымның қасиеттері,ал темпераментті индивидумның қасиеттері деп,осы мәселенің әдіснамалық жағдайын шешуге тырысқан.
Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М.Лацарис пен Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі” атты журнал шығарды .Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы ойлар” деген мақаласында психологияға жаңа ғылым ретінде “Халықтар психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаамай, оны жалпы бүтін орта ретінде зертеу қажет екенін жазды.Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән ретінде дүниеге келді.М.Лацарус пен Х. Штенталь осы жаңа ғылымның негізгі міндеттерін былай деп анықтаған.
1.Халық рухының психологиялық мәнін тану:
2.Халықтардың өмір сүруі заңдылықтарын ашу;
3.Қандай да бір халықтың пайда болуы,дамуы жоғалып кету ерекшеліктерін себептер анықтайды.
Ғалымдардың ойынша “Халықтардың психологиясы” ұғымы-жалпы тілдің,діннің,өнердің,ғылыми заңдардың және басқа да мәдени,рухани элементтердің психологиялық мәнін түсіндіретін ғылым.
Олардың пікірінше ,халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:-бірінші “Халық рухы деген не?” деген сұраққа жауап беретін абстрактілік бөлек;
-екінші, нақты белгілі халықтардың зерттейтін бөлік.
Авторлар айтқан:” бірінші барлық халықтар үшін қажетті заңдарды қояды,екінші іс-әрәкеттегі жалпылама заңдардың көрінісі ретінде бөлек халықтарды бейнелеп сипаттайды.Біріншісі-халықтың-тарихы психология болса,екінші психологиялық этнология”.
“Этнопсихология”ұғымы Батыстағы ғылыми әдебиттерде жиі кездесе бермейді.Ол психологияға В.Вунд еңбектері арқылы енді.Неміс ғалымы сананың эксперименттік психологиясын құрумен қоса, әлеуметтік психологиялық білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған.
Ататы ғалымның айтуынша,негізгі халық азығына жататын тілді,аңызарды, салт-дәстүрлерді зерттеу халық рухын жеткілікті түсінуге кепілдік береді.Жеке психологияда тіл-ақылмен ,аңыз –сезімен,салт-дәстүр-ерікпен сәкес келетінін анықтаған.
1927 жылы Г.Шпеттің айтқан ойы “Жалпы психологиядағы жетістіктер ,этнопсихологияда орын таба алмай жатқандығы” бүгінгі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Л.Н.Гумилевтың этнос және этногенез тұжырмдамысы қызықты.Себебі,ол өзінің теориясында; “Этнос-адамдардың мінез-құлқында өзіндік ерекшелігі бар топтауырындармен айрықшаланатын,тарихи уақытта заңды өзгертетін,тұрақталған,қалыптасқан ұжым”,-деген.Кеменгер ғалым этнос, әйтеуір ертеме,кеш пе,екі немесе көтеген компонеттерден туады деген пікірін ұсынды.Осы компонеттер қосылып,бір бүтінді құрайды.Алайда,белгілі ішкі құрылымы арқылы туындайды деген түсініктемесін ортаға салған.
Сондай-ақ олар әрбір этностың жеке,ішкі тәжрибесі басқаларда қайталандайтынын айтқан.Оның құрлымы және мінез-құлық топтауырындары бәрін көрсеткен негізі идеясы;этноспен географиялық ортаның бір-біріне әсері болмайды деген түйін жасады.Л.Н.Гулелевтың көзқарасы өте маңызды әсіресе оның әр ұлт тәжрибесі басқаша қайталанбайтындығы,топтауырындардың ерекшеліктеріне мән беру қажеттілігі бүгін де мәнді.
1883 жылы “Советская этнография” журналында этнопсихологияның нені зерттейтіні туралы пікір-талас материалдары жарық көрді.Талқылауға қатысушылар бір ауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар аударатынын бідірген.Соның ішінде этникалық топтауырындар мен өзіндік сана, құндылықтары,ерекше көрсетілген.
Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін талқылаған А.Ф.Дашдамировтың (1983) “Этнопсихологияның міәдеті-ұлттық зіндік сана, ұлттық сезім және көңіл-күй қалай қалыптасады,әрі қалай көрінеді?-деген сұағының мәнә зор.
Г.В.Старовойдың пікірі бойынша ,этнопсихология ғылым ретінде жалпы психологияның бір бөлігіне жатады.Этнопсихологиялық зерттеудің аясын барлық психикалыфқ функциялардың ерекшеліктері кіреді,әрі олар онтогенез бен филогенезде қалыптасады.Ал, бұл этнопсихологиялық проблематикаға психиканың дамуындағы жалпы психологиялық мәселелердің тікелей байланысы бар екенін көрсетеді.
А.А. Реаның этникалық психологияны жеке ғылым ретінде қарау керек деген пікіріне қосыла отырып, оның маңызды этнопсихологиялық зерттеулердің кеңінене дамыту қажет.
Этнопсихологияның әдістамалық негізі,психикалық құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік жолы болып табылады .Осы бағытты дамытқан –Л.С.Выготскийдің ,Л.Н. Леонтьевтың мектептері .Ұлттық мінез туралы айтатын болсақ, оған тұлғанның жүйелік іс-әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау керек .
70-80 жылдарда КСРО-дағы этнопсихологиялық ізденіс саласында серпіліс болған байқаймыз . Мысалы:Б.Ф. Порлиневтің этнопсихологиялық зерттеулерін зор маңызын атап кетуге болады. Оған ғылым жасаған этнос пен этногнездің биологиялық , географиялық тұжырымдамасы дәлел .
Тұлғаның өміріндегі ұлттық мінездің байқалуіын А.Г. Асмоловтың тұжырымдамасы ашады.Тұлғаның құрылымдың бірілігінде ұлттық мінез айқындалады.
Бүгінгі шетел этнопсихологиясы эмперикалық мәліметтерді талдау мен интерпритация тәсіліне ізін қалдыратын психология,биология ,психотриа,социология,антропологияэлементтерін қамтыған.Империкалық және теориалық білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған .Ұлттық үрдістерді талдау әртүрлі бағытта,эмперикалық жолмен жүргізілуде.
Батыс ұлтттық психологиясының дамуында 2фактор бар.
-жеке-тұлғалық тұрғыны көздеп,этикалық ортаның барлық мәселелерін біріктіруге ұмтылуы;
-зертеушілердің философиялық әдіснамалық серпіліс көрінісінің басымдылығы.
Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселелер;
-ұлттық мінездің қалыптасу ерекшеліктері;
-әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияның ара қатынасы;
-тұлғаның қалыптасуына жаскезіндегі тәжрибенің мағанасы.
Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірінші бағытты айқындайды;
-психоаналитикалық;
-әртүрлі мәдениеттегі тұлғаны зерттеу;
-әлеуметтік психология.
80-ші жылдардың екінші жартысы 90-шы жылдардың басында шектеледі ұлттық мінез тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып,оған деген қызығушылық артты.Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми публистикалық түрде талданып жүрді.Тұлғаның этностық-мәдениерекшеліктерін қолайлы және қолайсыз қасиеттердің қандай да бір түрін ұлттық мінезге қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ.
Тұлғаның ішкі дүниесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті американдықтар өз негізіне айналдырған.Солардың бірі-АҚШ-тың мәдени антропорлгиясының негізін салушы ,Германияда туған-Ф.Боас.
Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі біздегі этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты.Адам туралы әртүрлі ғылымдардың өзара эдіснамалық принципі мен зерттеу эдістерін қамтиды.
Ал,енді Қазақстандағы этнопсихологияның даму кезеңіне мән берсек, 18 ғасырдағы қазақтың Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ұлы мұрагерлері қалдырған этнопсихологиялық көзқарастары қазіргі уақыттың өзінде маңызын мағанасын жойған жөн.
Бұлардан бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыз Әбу-Насыр Әл-Фараби әртүрлі халықтардың тілі,мінезі менэдет-ғұрпы туралы,ал Ж.Баласұғын,М.Қашқари,С.Сарай халық мінезі туралы жазған.Қазақтың ақын-жыраулары Асан қайғы, Шал,Қазтуған,Дулат және тағы басқалардың көшпелі халықтың мінезі жайлы толғау өсиеттерінен кейбір этнопсихологилық сұрақтардың жауабын табуға болады.Айталық ұстаз қаламгер Ж.Аймаутов 1926 жылы Ташкентте жарық көрген “Псиқология” атты кітабында “төңіректегі табиғат шарттары оған(адамға) зор сүрең береді.Мәдентеттің өркендеуіне мейлі күйедей жұғатын нәрсе;жерінің ауасы мен топырағы(құйқасы) егін салуға,мал өсіруге қолайлы,жерінде темір кені болуы;адам баласының ілгері басым дамуына зор себептің бірі қатынас жолы.Адам атаулыны тұтас алап қарасақ,солтүстік жақтағы жұрттар аралас, дәйім қатынасып жатса,оңтүстік жақта көбнесе бөлек-бөлек бытырап жатады, бірін-бірі білмейді;міне оңтүстік жақтық халық жетіле алмай кенже қалған себебі сол.Осындай себеппен таулы ,орманды жерлердің халқы да мәдениеттен мешеу қалды.Ал,енді сулы жердің халқын қарасаңыз,суында кеме жүретін болса мәдениеттің ұйытқысы болғанын кресіз",-деп жазған.Оның "жағырапия жағдайының адам құлығына сүрең",-деп атағанынан халықтар табиғаттың адам өмір сүретін ортасына тікелей байланысын,әсерін аңғарамыз.Осы көзқарасты дәлелдеу мақсатында кейбір ұлттық ерекшеліктерді зертеушілер өз іздеенісінде қолданады.
Ұлы отан соғыс жылдарынан кейін ұлттық мінез,халық психологиясы мәселелеріне тоқталған,әрі оны терең зеррреген қазақ психологы Т.Тәжібаев болады.Ол “19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы ағарту мен педагогикалық ойлардың дамуы” атты кітабында халықтың мінез мәселесі қызықтыда өзекті екендігі,алайда әлі толық зерттелмегендігін жазады.Философтардың,психологтар,тарихшылар,әдебиетші,этнограф ізденушілерді күтуде екенін де жазған.
Біздің Республикамызда этнопсихологиялық мәселелер туралы сұрақтар екі негізгі бағытта қарастырылуда.Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатын халықтық психологиялық тәжрибесін зерттен құрайды.Осы тәжрибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың,Ж.Аймауытовтың,Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады.Бүгінгі таңда осы дәтүрді Қ.БЖарықбаев,С.М.Жакыпов,Л.К.Көмекбаева т.б. қарастырады.Сонмен қатар ,этнопсихологияның әртүрлі мәселелерін көтеріп,оны жан-жақты терең зерттеген пофессорлар;Қ.Жарықбаев,С.М.Жақыпов,Н.Елікбаева т.б. болып табылады.
70-жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының-профессор Н.Джандельдиннің “Ұлттық психологияның табиғаты”, профессор Н.Елікбаевтың “Ұлттық психология” еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық және әдіснамалық мәселелері қамтылған.Сонымен қатар,аталған ғалымдар көптеген ғылыми конфернцияларда этникалық психология тақырыбына байланысты мақалалармен қалың көпшілікке ой салуда.
Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып,В.К.Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық тұрпат,өзгерістерін зерттеп қана қоймай,болашақ кезеңдегісіне де алдын-ала болжау жасау қажет екенін атағаны мәлім.Бұл әрине,сананың детерминация механизімдері менгеобиодетерминацияны қосып,бүтін аймақ деңгейіндегі сана танымының детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар.Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтық—биосферолық жағдайына сәкестенетін ұлттық дәстүрлер мен тектік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.
Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер етеді,этнопсихологиялық эксперименталды жұмыс болып табылатын.А.Т.Малаеваның еңбектерінгің де ерекшеліктері бар. Ізденгіс көз қароастарыда мәнді .
Біздің еліміздегі этнопсихологияның жалпы жағдайын алып қарайтын болсақ , маңызды теорриялық материалдар және тәжібрибелік этнопсихологиялық өңдеулер жеткіліксіз. Пән аралық ынтымастықтың көмегімен этнопсихологиялық сипаттамасы бар мақалалар енді ғана жарыққа шығуда. Әдістемелік құралдардың тапшылығыда көп кедергі келтіруде. Келешекте бұл бағытта ілгері ізденіс, кешенді зерттеулер аса қажетті. Бұл уақыт талабы.
Этнопсихологияда кездесетін категорияларды төмендегідей 6 түрін қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет