Топтың нарцизм (этнонарцизм) және агресивтілік
Этникалық топтың мүшелері өздерін құнды адамдар деп ойлай отырып, басқа топтар басқа топтарда мұнысын мойындап , дәл сондай көзқараста деп түсінеді. Ал шын мәнісінде басқа этникалық топтардың оларды мүлде бағаламайтықтарын білгенде таң қалып жатады. Бұлда этноцентризм басқа бір көрініс болып табылады.
Осы орайда жаңа идея туындайды әрбір этникалық топ белгілі бір нарцизм деңгейіне ие. Әсіресе доминантты халықтарда ерекше күшті болып келеді (Ақш, Ресей).
Саяси психологияның дәлелдеуі бойынша тұлғаның нарцизмі оның жоғары агресивтілігінің бір себебі болып табылады. Осыдан мынадай гипотеза туындайды: ұлттың этноцентризмі қаншалықтаы күшті болса әсіресе топтық нарцизм онда осы ұлт соншалықты мөлшерде агресивті екенін байқауға болады.
Эталондар мәселесі.
Эталондар мәселесін, оның салыстыру көрсеткіштері жекелеп және терең зерттеу қажет. Басқа ұлттар мен оның өкілдері түрлі этникалық және мәдени-тарихи қауымдастарда әртүрлі болып келетін қандай да бір эталондардың негізінде бағаланады. Этникалық жеке дара және топтық ерекшеліктер де бар екені белгілі. Сондықтан да белгілі бір ұлттың мәдени жетістіктерін қандай да бір ұлт өкілдері жоғары бағалап, әлемдік мәдениетке қосқан үлкен үлес деп санаса , үшінші ұлт өкілдері оларды мүлде төмен бағалауы мүмкін. Ол әр түрлі көрсеткіштер эталондар құндылықтарға сүйенеді. Сондықтан да зерттеушілердің этноцентризм негізін этникалық құндылықтар тұрғысындағы қарастырулары дұрыс болып табылады.
Этноцентризм әсіресе тұрмыстық сферадан, салт-дәстүрден , және әдеттерден көрінеді.(тамақтану, әжетхана және т.б.). Қарым – қатынас сферасында да үлкен айырмашылықтар байқалады. Этникалық топтардың ар-ұят, адамгершілік және намыс туралы көзқарастары әр түрлі болғандықтан, олардың өкілдері бір-біріне абайсызда тіл тигізіп, қорлауы мүмкін.
Этноцентризмді зерттеудегі психологияның міндеттері.
Этноцентризм бұл кешенді құбылыс. Ол туралы құнды мәліметтер әлеуметтену, этнология, психология, экономика және басқа ғылымдардың әдістері арқылы алынады. Этноцентризм жайлы құнды дәлелдер көркем әдебиеттерде, журналистикалық текстерде және т.б. көптеген құнды құжаттар көздерінде көруге болады. Мамандардың айтуынша, психологияның міндеті – этноцентризмнің мотивн зерттеу. Бұл мотивтер – универсалды және қарапайым болып келеді, ал этноцентризм барлық жерде кездеседі.Әйгілі әлеуметтік психолог Р.Браунның пікірінше, этноцентризмнің психологиялық теориясының принципиалды мақсаты – неліктен бұл мотивтер кейде индивидуалды мінез – құлыққа, ал көп жағдай да топтық белсенділікке әкеледі. Деген сұраққа жауап іздеу болып табылады.
Этноцентризм мәселесі мен айналысқан психологтар Р.Броунның қойған сұрағы өз алдына маңызды. Дегенмен, бұл этноцентризм психологиясындағы бір ғана басты сұрақ емес. Этнопсихология аймағында бұданда басқа психологиялық мәселелер жеткілікті.
Д.М.Евансонның идеясы бойынша этноцентризм табиғатын білу – тұлға аралық және топ аралық қатынасты түсіну үшін қажет. Этноцентризмді зерттеу - әлеуметтік психологияның дамуы үшін маңызды. Бұл орайда этнопсихология әлеуметтік психология бірін – бірі толықтырып отырады. Этноцентризм әртүрлі себептерге байланысты тұрақты солардың ішіндегі ең маңыздысы – индивидтердің психикасында өз тамырын жайғандығы. Адамдар позитивтімен бейнесі мен өзін сыйлауға талпынады. Бұл талпыныс тереңде жатқандықтан оның жоқ болуын елестету мүмкін емес. Сондықтанда этноцентризм де болмай қалмайды. Осыған ұқсас көзқарасты Г Тэджфел мен Дж. Тернер де айтқан. Этноцентрикалық тұлғалардың ерекшеліктері: 1 1.этноцентрикалық тұлға басқа топ өкілдерін өзі және өзінің тобы үшін қауіпті деп санайды.
2.этноцентрикалық тұлға өзінің топ мүшелерінен конформизмді және бағынуды, топқа және оның лидеріне деген адалдықты талап етеді.
3.Этноцентрикалық тұлға үшін кез-келген өзара қатынас иерархиялық емес және авторитарлы болып келеді.
Этноцентризм теориясының негізін салушылардың ойынша, жоғарыда сипатталған этноцентрикалық тұлғаның ерекшеліктері бұл ішкі психикалық процесстер және басқа топ және оның мүшелерінің қасиеттері мен байланысы аз болып келеді. әрбір топтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында этноцентризмді түсінуге тырыспайды. Осындай адамдар үшін пікір мен тәжірибе емес, олар үшін стеротиптер және сол стеротиптерге сәйкес жасаған антерпретация басты орын алады.Этнопсихологиялық зерттеулерде үш тенденцияны бөледі. Мәдени релятивизм тенденциясы- бұл әр түрлі халықтардың мәдениеті арасындағы өзгешеліктерді, яғни қабылдаудағы ,ойлаудағы, әлемді түйсінудегі ерекшеліктеріне көңіл аудару болып табылады. Барлық мәденит маңыздылығы, құндылығы жағынан бірдей ал сапасы жағынан әр түрлі қарастырылады. Әр түлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін мәдени өзгерістерге биологиялық факторлардың аз мөлшерін қосу негізінен түсіндіруге болады.
Мәдениет арасындағы ұқсастықты абсолютизациялық, Мысалы психологиялық феноменнің бірі – интеллект барлық мәдениетте бірдей қарастырылып, бір пост арқылы зерттелінеді – бұл абсолютизм тенденциясы.
Универсализм тенденциясы бойынша барлық халықтарда базалық психологияның роцестері бірдей немесе ортақ болады, ал олардың көрінуі мәдениетеріне байланысты. Басқа халықтарды зерттеуде зерттейтін әрбір мәдениетке міндетті түрде адаптацияланған стандартты әдістемелер қолданылады.
Психологияда этникалық шиеленістердің себебін әртүлі тұрғыдағы көзқарастар негізінде талдайды.
1.Топ арлық шиеленіс(конфликт) адамның тума берілген агрсивтілікке бейімділігі секілді универсалды адамзаттық сипаттамаларының өнімі болып табылады.
Зигмунд Фрейд пен К.Лоренцтің айтуынша, адамдардың агресивті мінез құлқы көршілеріне қастанып өз тобын сақтауға бағытталған биологиялық берілген агресивтіліктің салдары екен.
2. Миллер мен Д.Доллардың фрустация – агрессия гипотезасы бойынша агресивті мінез-құлық адамдардың немесе топтардың фрустацияға ұшырауы кезінде пайда болды.
3.Басқа топтарға қатынасы баланың ерте кездегі әлеуметтену процесі мен отбасындағы эмоционалдық қатынасы амбиваленттілігіне байланысты . Отбасында қатал, қатынаста тәрбиеленген адам агрессиясын өзіне ұқсамайтындарға, яғни сыртқы топқа шығарады.
4.Реалды шиеленіс теориясының (М. Шериф) дәлелдеуінше топ аралық шиеленіс топтың қызығушылықтық сәйкессіздігінен, өзара әрекетке түсуші топтардың біреуі екінші жоқ тоатың қызығушылықтарына зиян келтіре отырып жеңіске жетуінің нәтижесінен болады.
5.Әлеуметтік ұқсастық теориясының ( А.Темфол.) дәлелдеуінше топ аралық дұшпандықтың тууында қызығушылықтар мен мақсаттардың сәйкессіздігінде болуы міндетті емес, көп жағдайда өзінің топқа жататындығын сезіну, ұғыну шамасына, яғни әлеуметтік және этникалық ұқсастықтың шамасының болуы да жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |