Адамның сүтқоректілер класына жататындығын анықтайтын белгілер



жүктеу 42.69 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі42.69 Kb.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебіне оқушыларды байқау арқылы қабылдаудың І іріктеу кезеңіне арналған тапсырмалар.
Биология, 9 сынып

  1. Адамның сүтқоректілер класына жататындығын анықтайтын белгілер

А) Дененің екі жақты симметриялы болуы,ұрықтың даму процессінде хорда,желбезек саңылаулары,жүйке түтігінің болуы

В) Жұп аяқ қол,омыртқа жотасының жұлынмен,бас сүйектің миымен дамуы

С) Жылықандылық,сүт безінің дамуы,денеде түктің болуы ,эмбрионның ана организмінде дамуы,ұрықтың ұрықжолдас арқылы дамуы

Д) Сырттай ұрықтану,ұрпағына қамқорлық жасау

Е) Дененің сәулелі симметриялы болуы,ұрықтың даму процессінде хорда, желбезек саңылаулары,жүйке түтігінің болуы

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Аралас секреция бездері

А) Жыныс бездері, ұйқы безі, ұлтабар бездері, қарын бездері

В)Тер бездері, сүт бездері, ұйқы безі

С) Сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі

Д) Жас бездері, сілекей бездері, бүйрек үсті безі

Е) Жыныс бездері, ұйқы безі, май бездері

{Дұрыс жауабы}=А




  1. Аралық нейрондардың қызметі

А) Қоректендіру

В) Ми ішінде бір нейроннан екінші нейронға ақпараттар жеткізеді

С) Тірек

Д) Тітіркенгіштікті мидан мүшелерге өткізеді

Е) Рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне тітіркенгіштікті жеткізеді

{Дұрыс жауабы}=В





  1. Көру аймағы үлкен ми сыңарларының бөлігінде орналасқан:

A) Маңдай

В) Самай


С) Шүйде

D) Төбе


Е) Есту

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Қол белдеуінің бұлшық еттеріне жатады

А) Дельта тәрізді,иықтың екі басты бұлшық еті,иықтың үш басты бұлшық еті,алақанның ұзын бұлшық еті

В) Дельта тәрізді бұлшық ет

С) Дельта тәрізді,иықтың екі басты бұлшық еті,иықтың үш басты бұлшық еті,алақанның ұзын бұлшық еті ,саусақтардың бүккіш бұлшық еті

Д) Дельта тәрізді,иықтың екі басты бұлшық еті,иықтың үш басты бұлшық еті

Е) Иықтың екі басты бұлшық еті,иықтың үш басты бұлшық еті, алақанның ұзын бұлшық еті

{Дұрыс жауабы}=В




  1. Қысқа сүйектерге жатады

А) Қабырғалар

В) Жаурын, бұғана

С) Білезік сүйектері

Д) Жамбас сүйек

Е) Тоқпан жілік

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Қанның ядросы жоқ жасушалары

А) Эритроциттер

В) Лейкоциттер

С) Тромбоциттер

Д) Лимфоциттер

Е) Фагоциттер

{Дұрыс жауабы}=А




  1. Жүректің өз жиырылуын қамтамасыз етуі

А) Систола (жүрек бұлшықеттері жиырылуы)

В) Аритмия (тұрақсыз соғу)

С) Автоматия

D) Диастола (жүрек бұлшықеттері босаңсуы)

Е) Анемия (қан аздық)

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Газ алмасу себептері

А) Капиллярлардағы қан ағысының баяулығы

В) Ұлпалар мен қандағы газ қысымы мен альвеоладағы қан қысымы айырмашылығы

С) Оттегінің болмауы

Д) (IV) оттегінің жоқтығы

Е) (IV) оттегінің және көмір қышқылының көптігі

{Дұрыс жауабы}=В




  1. Асқазандағы нәруыздың ыдырауы ... ферменттің әсерінен жүреді

А) Пепсиноген

В) Трипсин

С) Пепсин

D) Липаза

Е) Амилаза

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Ащы ішек бөлімін құрайды

А) Он екі елі ішек,аш ішек,көлденең ішек

В) Аш ішек,мықын ішек,көлденең ішек

С) Он екі елі ішек,соқыр ішек, көлденең ішек

D) Он екі елі ішек ,ащы ішек,мықын ішек

Е) Он екі елі ішек ,ащы ішек

{Дұрыс жауабы}=Д




  1. Не себепті мешел ауруымен ауырмас үшін сәбилерге күн көзіне шығу керек

А) Күн сәулесі әсерінен теріде Р дәрумені түзіледі

В) Күн сәулесі әсерінен теріде Е дәрумені түзіледі

С) Күн сәулесі әсерінен теріде Д дәрумені түзіледі

D) Күн сәулесі әсерінен теріде А дәрумені түзіледі

Е)Күн сәулесі әсерінен теріде В дәрумені түділеді

{Дұрыс жауабы}=С




  1. Бүйрек қан айналымының ерекшелігі

А) Кіші қан айналымына жатады

B) Бүйрек арқылы аз қан ағады

С) Тазартылған қан жоғарғы венаға келеді

D) Қылтамырлардың қос тізбегінің болуы

Е) Қан капсулада венозды болады

{Дұрыс жауабы}=Д




  1. Орталық ұрықтық жапырақшадан қалыптасатын мүшелер

А) Сезім мүшелері, жүйке жүйесі, тері

В) Дәнекер ұлпасы, сүйек, бұлшықет, қан айналым және зәр шығару мүшелері

С) Зәр шығару мүшелері

D) Ас қорыту мүшелері

Е) Тыныс алу мүшелері

{Дұрыс жауабы}=В




  1. Жоғары жүйке жүйесі қызметі

А) Ойлау, сөз, ес

В) Шартты рефлекс

С) Жыныс рефлексі

D) Шартсыз рефлекс



Е) Қорғаныс рефлекс

{Дұрыс жауабы}=А


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет