Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Біздің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес беруден жалықпайық, пікірлесе берейік ,әрқашан бірге жұмыстанайық. Біздің мәпелеп өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.,- дей отырып бүгінгі бас қосуымызды аяқтаймыз. Келіп ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |