Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


а. Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар



бет16/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126
Діндер тарихы

а. Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар


Дүниедегі адамдардың 23 пайызының (шамамен 1. 350. 000. 000) діні болған Ислам VIІ ғасырдың басында Арабстанда пайда болды. Ол уақыттарда дүниеде үрей бар еді. Соғыс, әділетсіздік, зұлымдық, биліктің қайта-қайта ауысуы, материализм жайлаған еді. Рухани өмірдің дәмін алғандар бұл өмір ағысынан ұзақ тұрып, өздерінің азаптан азат болуларын ойлады. Сол уақыттағы діндердің ешбірі бағыт-бағдар бере алмады. Уақыт өте келе бұл діндегі алғашқы адамдар өмірден озған соң артта талас-тартыстар, қанағатсыздықтар мен қарама-қайшылықтар ғана қалды. Бір ескертушіге, адамзатты бақытқа жетелейтін жаңа жолға қажеттілік туды.
Бұл өмір ағысына қарсы ескертуші дауыс Арабстаннан келді. Ол кезеңде Арабстан құрлықаралық сауда жолдары өтетін маңызды айлақтары бар өлке еді. Хз. Ибраһим (шамамен б.э.б. 2000) салған Қағба діни орталық ретінде Құдыстағы ғибадатханадан ертеректе салынған. Қағбаға байланысты Мекке жылдар бойы әрі діни әрі сауда жағынан Араб түбегінде маңызды орынға ие болатын. Арабтар тұрған жерлерінің климатына байланысты көшпелі халық еді. Алайда отырықшыл жерлер де бар болатын (Мекке, Мәдина, Иемен т.с.с.). Тайпалар арасында үнемі келіспеушіліктер туындап, соғыстар болатын. Бірақ жылда төрт ай (харам айлар) бойы соғыспау әдетке айналған. Осы уақыттарда Меккенің төңірегінде жәрмеңкелер ұйымдастырылатын. Жәрмеңкелерде өлеңдер оқылып, жиналғандарға арнап сөз сөйленетін. Арабтарда жазба әдебиет айтарлықтай дамымаған еді. Оқу-жазу білетіндер аз болатын. Алайда қара өлеңдерге деген қызығушылық басым болатын. Указ жәрмеңкесінде жарыстар өткізіліп, жарыста жүлде алған өлеңдер алтын әріптермен жазылып Қағбаның қабырғасына ілінетін. Осылайша жеті қасида (мадақтау өлең) танымал болған (муаллақат-у сәба). Араб тілінің ауызша қара өлеңде алар орны ерекше.
Міне, Хз. Мұхаммед (с.а.у.) (571-632) осындай бір ортадан шықты. Меккенің алдыңғы қатарлы он жанұясының бірі Хашим әулетінен шыққан. Әкесі Абдуллаһ, анасы Әмина.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның өмірі жайында мағлұматтар жеткілікті. Пайғабарлар арасында өмірі жайлы ең көп мәлімет бар болғаны Хз. Мұхаммед (с.а.у). Оның балалық шағындағы салмақтылығы, ер жеткендегі сенімділігі, орта жасындағы парасаттылығы баршаға аян. Қырық жасына жеткенде Нұр тауында Хира үңгірінде 610 жылдың Рамазан айында 27-күні Ұлы Аллаһтың періштесі Жәбірейіл (а.с.) оған үн қатты. Өзінің Жәбірейіл (а.с.) екендігін, Ұлы Аллаһтың өзін яғни Мұхаммед (с.а.у.) – ды пайғамбар етіп таңдағандығын хабарлау үшін міндеттелгендігін айтып, оған дәрет алып тазалануды үйретті. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға үш рет «оқы» деді. Ол әр сөз айтылғанда Хз. Мұхаммед (с.а.у.) оқи алмайтындығын айтты. Періште оны құшағына қысып, кейін босатқан соң былай деді:
«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы,
Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.
Оқы! Ол Раббың аса ардақты.
Сондай қаламмен үйреткен.
Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен» (Ғалақ сүресі 1-5 аят)
Міне Ислам осылай басталды. Бұл уақыттарда араб қоғамы этикалық тұрғыдан құлдырау кезеңін бастан өткізіп жатқан болатын. Халық пұттарға табынып, бұзылған діндер, адасқан сенімдермен қараңғылық құшағында өмір сүріп жатты. Хз. Исмайыл (а.с.) – нан кейін ол қоғамға ешқандай ескертуші (елші) келмеген еді. Сонымен қатар Хз. Ибраһим (а.с.) – нан қалған Ұлы, жалғыз, әрбір нәрсеге құдіреті жететін бір тәңір түсінігі де бар болатын. Яғни аз да болса «Ханиф» дінін ұстанатындар бар еді. Бұлар пұттарға табынбайтын.
Арабстанның солтүстігіндегі византиялықтар христиандықты, сасаниттер зороастризмді, батыстағы эфиопиялықтар болса христиандықты ұстанатын. Алайда бұл діндердің арабтарға айтарлықтай ықпалы болған жоқ. Сондай-ақ Араб түбегінде Иемен, Тайф және Мәдина сияқты қалаларда еврейлер, Иеменде (Нежран) христиандар бар еді. Бұдан басқа зороастризм мен сабийлік діні де бар болатын.
Арабтарда пұтқа табынушылық кең таралған еді. Пұттар тастан, тақтай мен металдан жасалатын. Металдан адам бейнесінде жасалған пұт «санам» (көпше түрі «әснам»), тастан немесе ағаштан жасалған пұтқа «уәсән» (көпше түрі «әусән») және белгілі бейнесі жоқ табыну үшін жасалған тастарға «нусуб» (көпше түрі «әнсаб») деп аталатын. Қағбада араб тайпаларының есебі бойынша 360 пұт бар еді. Бұл пұттардың арасындағы ең үлкені «Хүбәл» еді.
Арабтардың бұлардан басқа «тағут» атты табынатын пұттары да бар болатын (саны 100 шақты еді). Қағба секілді бұл пұттарға құрмет көрсететін арабтар оларға атап құрбан шалып, жеребе тастап оны тауаф ететін. Басты пұттар «Ұзза» (Батны Нахләда), «Лат» (Тайфта) және «Мәнәт» (Қудайфта).
Арабтар Аллаһты білгенімен алайда пұттарды Аллаһпен өз араларына дәнекер ететін. Пұттарды Аллаһ пен араларында дәнекер санағандықтан арабтардың бұл ұстанымы «мүшріктік» (серік қосушылық) деп аталды. Бірі тайпасынан шықпағанша пұтты ауыстыра алмайтын. Егер ауыстырған жағдайда оған оң көзбен қарамайтын. Үйлеріне де пұттарды қойып, оған тағзым ететін. Арабстанда пұтқа табынушылықтан басқа жұлдыздарға, ата-бабаларына табыну әдеті де бар болатын.
Қыздарын тірідей жерге көміп, оларға жаны ашымайтын. Қолдарымен жасаған пұтқа табынып, кейде ұн немесе сол секілді нәрселерден жасалған пұттарын қарны ашқан сәтте жеп қоятын. Материяның, байлықтың, дүниенің, ойын-сауықтың жетегінде кеткен бұл араб қоғамынан бір пайғамбар шықты. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) адамгершілігі, биязы мінезі, турашылдығы, зеректігі, қысқаша айтқанда барлық қасиеттерімен балалық шағында да, ер жеткенде де адамдардың назарын өзіне аударды. Оған «Мухаммәдул әмин» деген ат берілді. Өйткені ол өтірік айтпайтын, қауымының жеңілтектігіне қосылмай, туралықтан айнымайтын. Қағбаны жөндеген кезде «Хажару-л Әсуәдты» орнына қою мәселесінде тайпалардың арасында шыққан дау-дамайды бір жапқышты ортаға жайып, әр жерінен әр тайпаның рубасыларына ұстатып, оны өз орнына қойды. Осылайша дау-дамай шешімін тапты. Алайда кезек қауымын дінге шақыруға келгенде жағдай осылай болды ма?
Алғашқы уахидан кейін 40 күннен 3 жылға дейін жалғасатын қиын кезең оны күтіп тұрды. Бұл кезеңге тоқталмай тұрып уахи жайлы сөз қозғаймыз.
Уахи, тек қана пайғамбарларға ғана келетін қалыптан тыс мағлұмат алу жолы. Илхам соны түсінуге жәрдемші болады. Бірақ бұл тәжірибе немесе бақылау арқылы болмайды. Тек пайғамбарларға ғана тән. Алайда пайғамбардың жанында болғандардың мұны байқауға мүмкіндіктері бар. Әлемнің жаратушысының, адамға, өзі секілді адамдармен оны не үшін жаратқандығын, міндеттерін, өмірдің және әлемнің соңын ақылмен шешімін таба алмайтын мәселелерден хабар беруі үшін уахидан артық басқа қандай жол болуы мүмкін? Сондықтан да, пайғамбарлар тек адам ғана, уахиды беруші Ұлы Аллаһ. Бір аятта Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның өзі жайында бұл ақиқат былай баяндалады: «Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде...» де (Кәһф сүресі 110-аят). Бұл жайында ақынның «Мұхаммед бір адам, алайда басқалар секілді емес. Ол тастар арасындағы жақұт секілді» деуі тегін емес.
Жоғарыда уахиды пайғамбарлардың жанындағылардың байқауы мүмкін деген едік. Расында Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға келген алғашқы уахиға куәгер болмағанымен кейінгілерінде куәгер бар. Сахабалар жиырма жыл бойы бұған куә болды. Олардан келген мәліметтерге қарағанда Хз. Мұхаммед (с.а.у.) мұндай жағдайларда айбатты дауыс арқылы уахиға дайындайтын. Кейін тебіреніп, толқыған сәтінде, баяғы салмақты әрі байсалды адам, суық күннің өзінде борша-борша болып терлейтін. Бұл уақытта оны ауыр салмақ басқаны соншалықты егер түйе үстінде отырса түйе оны көтере алмай жерге шөгуіне тура келетін. Шөкпеген жағдайдың өзінде аяқтары садақтай иіліп, сынатындай болып көрінетін. Жанында отырған адам егер тізесі оның тізесіне тиіп отырса сүйегі шытырлағандай болатын еді. Бұдан басқа араның дауысы секілді дыбыс шыққандығы жайында да мәліметтер бар.
Міне осылай басталған құбылыстың соңы көк аспанның күркіреуінен кейін жаңбыр жауғаны секілді аяттар түсе бастайды және осы секілді келген аяттарда адамдардан тіпті жындардан да осыған ұқсас аяттар алып келуін сұраған. (Құран аяттарының поэзия және прозадан көш ілгері ерекше тәсілі бар. Аяттардың тілдік құрылымы мен оқылу мәнері, сонымен қатар мағынасы өте тартымды). Ол әдебиет пен қара өлеңнің дәуірінде де умми (сауатсыз) кісінің қасында атақты ақын да дәрменсіз қалды. Тілмен төтеп бере алмаған соң қылышқа жүгінді.
Бұдан әрі өрбіген оқиғалардан бұрын уахиға тоқталар болсақ, уахи Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға да, қауымына да біршама қиындықтар туғызғандығын көре аламыз. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның өзі ұнатпайтын сиқыршылар мен сәуегейлер секілді жағдайға түстім бе деген сенімсіздік пайда бола бастады, кей уақыттарда өзін таудан лақтыруды да ойлады. Мұндай жағдайларда Хз. Жәбірейіл оған көрініп, оның шындығында Аллаһтың елшісі екендігін есіне түсіретін. Осындай жан-дүниесінде сенімсіздіктер пайда болып, шынымен бұл Аллаһ тарапынан міндеттің жүктелуі ме әлде шайтанның алдап-арбауы ма деп абыржыған уақытында оған әрдайым демеу болған жан-жары Хз. Хадиша былай деді: «Сен ешқашан өз пайдаңды ойламайсың, әрдайым жақсылық үшін қол ұшыңды бересің, Аллаһ саған шайтанды араластырмайды».
Хз. Мұса (а.с.) – ға Синай тауында 80 жасында уахи келген болатын. Буддаға 35 жасында інжір ағашының түбінде илхам келді. Осы себепті Құранның Тин сүресіндегі «Інжір» сөзімен Будданы байланыстырғысы келетіндер бар.
Уахи Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға келе бастады және біршама уақытқа дейін ол елдің алдына шықпады. Хз. Иса (а.с.) – ға отыз жасында алғашқы уахи келді. Киелі Рух (мұсылмандар бойынша Жәбірейіл) бір көгершін бейнесінде келіп басына қонып, қырық күн шөлде сынақтан өтті. Хз. Исаға байланысты аша дар ағашы оқиғасы кезінде, ол отыз үш жасында еді (Мұсылмандардың сенімі бойынша аша дар ағашына керілген Хз. Исаның опасыздық жасаған шәкірті Яһуда; Інжілдердегі «Уа Аллаһым мені неге жалғыз тастадың» сөйлемі соған қатысты). Яғни Хз. Исаның қызметі үш жылға жалғасты. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға уахи қырық жасында келе бастады және 43 жасында «елші» болғандығы оған айтылды. Бұл үш жылға созылған уақытта уахидың тоқтағанын көрген мүшріктердің «Аллаһың сені жалғыз қалдырды» дегендеріне байланысты Хз. Жәбірейіл Духа сүресін алып келді. Бұл сүренің бір аятында «Раббың сені тастамады да, кейімеді» дей келе пайғамбарының көңілін жайландырды. Бірақ маңызды мәселе « Раббыңның нығметіне келер болсақ (басқаларына) тоқтатпай айт» түрінде дінді уағыздай бастауын бұйыруы еді.
Бұл мәселеде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға алғашқы иман келтірген адамның Хз. Хадиша екендігін нақты айта аламыз. Ол Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның жағдайын оның туысы Нәуфәлдың ұлы Уарақаға жеткізді. Уарақа христиан дінін ұстанатын. Болған жайды тыңдаған соң Хз. Мұсаға келген үлкен періштенің Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға да келгенін айтты. Кейін Хз. Мұхаммед (с.а.у)-ға жолыққанда оған «Сен бұл үмметтің пайғамбары боласың. Саған келген Хз. Мұсаға да келген үлкен періште. Саған өтірікші дейді, қысым көрсетеді, еліңнен көшіреді, сенімен соғысады. Егер мен сол күндерге жете алсам саған Аллаһ үшін жәрдем етемін» деді. Уарақаның мұсылман болып, болмағандығы жайлы нақты мәлімет жоқ.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) атасы Абдулмүттәлібтің өлімінен соң немере ағасы Әбу Тәлібтің қамқорлығында болған еді. Құрғақшылыққа әрі отбасының мүшелерінің көп болуына байланысты, оларға жәрдем ретінде оның ұлы Алиды өзінің қолына алған болатын. Бес жасынан бастап Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның қасында өскен Хз. Али Хз. Мұхаммед пен жұбайы Хз. Хадишаның Құран оқып, Аллаһқа жасаған құлшылықтарын көріп не істеп жатқандарын сұрады. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) оған «Біз, әлемді жаратқан Аллаһқа сәжде қылып жатырмыз. Ол маған пайғамбарлық міндетін жүктеді. Пұттарға табынуға тыйым салды. Аллаһ жалғыз, серігі және ұқсасы жоқ» деді де Құран оқыды. Хз. Али аятты естігенде таңданысын жасыра алмады. Мұсылман болғысы келді. Бірақ алдымен әкесімен ақылдассам деді де кейін бұл райынан қайтты. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның жанына келді. «Аллаһ мені жарататын кезде Әбу Тәлібтен сұрамады. Мен Аллаһқа құлшылық ету үшін неліктен одан сұрауым керек» деді де мұсылман болды.
Хз. Али секілді алғашқы мұсылман болғандардың қатарында Харистың ұлы Зәйд те бар болатын. Ол Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның азат еткен қызметшісі еді. Пайғамбардың жанында қалуды таңдап, үшінші мұсылман болу атағына қол жеткізді.
Хз. Әбу Бәкір сыйлы әрі бай саудагер еді. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның жақын досы болатын. Меккеліктер арасында абыройлы еді. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) жанұясынан бұрын оны Исламға шақырды. Ол еш қарсылықсыз Исламды қабыл етті. Өйткені ол пайғамбардың адамгершілігіне нақты сенетін. Хз. Әбу Бәкірдің себепкер болуымен бірнеше адам Исламды қабылдады.
Алғашқы мұсылмандар жасырын түрде құлшылық етті. Өйткені олар зұлымдық пен қысым көрді. Үш жыл ішінде Хз. Омары да қосқанда мұсылмандардың саны қырыққа жетті. Бұдан кейін мұсылмандар сенімін жасырған жоқ. Құлшылықтарын ашық жасап, діндерін жая бастады. Міне Исламның таралуы осылай басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет