Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет22/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126
Діндер тарихы

г. Ақыретке сенім


Құран Кәрім және хадистерде «Аллаһқа және ақырет күніне иман келтіргендер» деген сөз қолданылып Ақырет күнінің маңызы көрсетілген. Ақыретке иман Аллаһқа иман келтіру секілді ғайбқа иман келтіру болып саналады. Сонымен қатар қашан қияметтің болатындығын Аллаһтан басқа ешкім білмейді. (Бұл «Муғаййабат-у Хамса» білінбейтін бес нәрсенің арасында)
Ақырет яғни адамдардың өлімінен, қияметтің болуынан кейін не болатындығы Исламда былай түсіндіріледі: Адам өлгеннен кейін қайта тіріліп дүниеде істегендеріне жауап береді, жазасын тартады немесе сыйға бөленеді. Дүние мәңгілік емес. Қияметтен кейін барлық адам тіріліп махшар өмірі басталады. Мұнан кейін есеп беру, кітап, жаза, сый, жәннәт-жәһәннам жалғасады.
Исламдағы ақырет сенімі тұлғаның да қоғамның да жауапкершілік сезімін оятады. Дүниеде істегендеріне жауап беретіндігін ойланған адам байсалды әрі әділ болуға, жақсы және шариғатқа қайшы келмейтін істерді істеуге, жамандықтардан бойын аулақ ұстауға тырысады. Ақыретке иман адамды ашкөздіктен құтқарады, өмірдің қиын сәттерінде сабырлы, байсалды болуға шақырады. Исламнан басқа діндерде де өлгеннен кейін қайта тірілу сенімі бар. Иудаизмде ақырет мәселесіне қарағанда дүниелік нәрселерге баса назар аударады. Христиандықта болса екінші әлемнің болымен қатар, христиандар кез-келген уақытта ақыреттің болатындығынан қорқып монахтық өмірді таңдайды. Ислам болса екі дүниені тең ұстап, шектен шығуды ауыздықтады. Индуизм секілді кейбір діндерде әлемнің ежелден әрі мәңгілік екендігі қабылданған. Бұл діндерде ренкарнация (рухтың бір тәннен екінші бір тәнге өту сенімі) сенімі болғандықтан ақырет түсінігі де соған сай.

ғ. Қаза мен тағдырға иман


Тағдыр, келешекте болатын нәрселердің Ұлы Аллаһ тарапынан алдын-ала білініп белгіленуі. Қаза болса сол білінген және белгіленген нәрсенің уақыты мен жері келгенде Аллаһ тарапынан іске асуы. Қаза мен тағдырға иман жақсылық пен жамандықтың, қандай нәрсе болмасын Аллаһ тарапынан ежелден жазылып, уақыты келгенде де Аллаһ тарапынан іске асуына сенуді білдіреді.
Тұлғаның қалау еркіндігі яғни ерік бостандығы бар. Бірақ бұл таңдау еркіндігі Ұлы Аллаһтың дайындап қойған сынақ шарттарының аясында жүзеге асады. Адамның қашан, қандай ата-анадан дүниеге келетіні, бойы, түсі, жүрегінің және асқазанының қызметін атқаруы өз қолында емес. Ондай таңдауынан тыс нәрселерден жауапты да емес, адамның қалау еркіндігімен таңдағандарын жарату Аллаһқа байланысты. Адам нені таңдаса Аллаһ сол нәрсені жаратады. Емтихан шарттарын дайындайтын Аллаһ, таңдайтын адам. Адамның таңдауына сай жарататын Аллаһ. Ұлы Аллаһ адамның не таңдайтынын ежелден білгендіктен Лауху-л Махфузға болатындарды жазған. Аллаһтың жазғандығы үшін адам оны қайталамайды, адамның қалай әрекет ететіндігін Аллаһ алдын-ала білгендіктен жазады. Бұл мәселеде «Ілім мәлімге (белгілі болған) тәуелді» деген қағида бар. Сондықтан да адамның жауапкершіліктен құтылу үшін «Не қылайын, маңдайыма жазылған осы екен ғой» деуге ақысы жоқ. Адамға қалғаны міндетін атқаруы, еңбек етуі, қайраттылық танытуы, керекті сақтық шарасын жасауы және одан кейінгісін Аллаһқа қалдырды.
Исламда әрі еңбек ету және өзінің қалауынан тыс нәрселерді тәуекелмен қабыл алу бар. Ақырет сеніміндегі тепе-теңдік, тағдыр мәселесінде де өзін осылай көрсетеді. Исламда адам әрекетін жасап, дұға етіп бір нәрсенің болуын сұрай алады. Алайда сұраған нәрсесі орындалмаса ол адам үшін осы қайырлы екендігіне қанағат етуі керек. Бұл мәселе аятта былай баяндалады: «(Әй мүминдер!) Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ (Т) біледі, сендер білмейсіңдер» (Бақара 216). Басқа діндерде айдан-анық тағдыр мәселесін кездестіре алмайсыз. Мысалы христиандықта мәселе негізгі күнәмен байланыстырылып қайшылыққа түседі (негізгі күнә болғандығы үшін жамандыққа жақын ба, жамандыққа жақын болғандығы үшін негізгі күнә бар түрінде). Индуизмде «карма» сенімі тағдыр түсінігін құрайды және адамның бүгінгі өмірі алғашқы өмірінің нәтижесі болып табылады. Келешек өмір қазіргі өмірдің нәтижесіне байланысты. Каста топтары «карма» нәтижесі ретінде бағаланады. Буддизмде карма қалау әрекетімен байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет