4.Құлшылықтары және түсініктері
Сабиилікте адамды құтқаратын жол «тәңірлік хикметте» баяндалады. Тәңірлік хикметке қол жеткізу үшін біраз тер төгуге тура келеді; ұмтылу керек, талпыну керек. Ол үшін рух әуелі өзіне ыңғайлы орта әзірлеуі тиіс. Ыңғайлы ортаны табу кейбір құлшылықтарды орындаумен, діни бұйрықтар мен тыйымдарға мойынсұнумен іске асады. Адам азаттыққа жетуде құлшылық алғашқы баспалдақ болып табылады. Сабиилердің сенімі бойынша құлшылықсыз тәңірлік хикметке ие болу және қарабайыр өмірден бір жола құтылу мүмкін емес. Бұл құлшылықтарға шомылдыру рәсімі (бой дәрет), діни рәсімдер және тағамдар, ораза ұстау, дұға (намаз), құрбан шалу және т.б. жатады.
Шомылдыру рәсімі
Шомылдыру рәсімі – сабиилердің ең айқын ерекшеліктері болып табылады. Шомылдырылғанда немесе бой дәретін алғанда суды, әсіресе ағын суды пайдалану маңыздырақ. Сабиилікте шомылдыру рәсіміне қажетті суды Ярдна (Үрдүн, Иордания) деп атайды. Сабиилердің сенімі бойынша Иордания, Евфрат, Тигр және Қарун өзендері «өмір суы» деп саналады, яғни олар Ярднаға жатады.
Шомылдыру рәсімі «өмір суына» сүңгіп шығу арқылы орындалады. Су және суға түсу сабииліктегі сенім мен құлшылықтың басты тұғыры. Сол себепті сабиилер әрдайым өзенді жағалай қоныстанады.
Сабиилікте шомылдыру рәсімі екі міндеттің қызметін атқарды. Олардың бірі рухани кірден, ластықтан, яғни күнәдан тазалану болса, екіншісі ұлы болмыстың жер бетіндегі өкілі өмір суымен араласа отырып ұлы өмірдің бір бөлшегіне айналу.
Сабиилікте шомылдыру рәсімі жасалу түріне және уақытына қарай үшке бөлінеді. Бұл шомылдырулар масбута, ришма және тамаша деп аталады. «Толық баптизм» рәсімі деп аталатын масбута әрбір сабиидің кем дегенде аптасына бір рет орындау керек маңызды шомылдыру рәсімі болып саналады. Масбута баптизмі жексенбі күні жасалады. Базар күнінен бөлек үйленгенде, бала туылғанда, діни күндер мен мейрамдарда, өліні ұстауда, қатты ауырғанда және сапардан қайтқанда масбута (толық шомылу) баптизмі жасалады. Өтірік сөйлеу, ұрсысу және балағаттау секілді күнә саналатын әрекеттерден кейін де осы шомылдыру рәсімі жасалады. Толық баптизм монахтың бақылауында жасалады. Әйелдер мен ерлер болған жамағатта монах, алдымен ерлерді кейін әйелдерді баптизм жасайды. Баптизм жасалып жатқанда баптизм етуші де баптизм болып жатқандар да рәсімнің ақ киімін киюі керек. Бұл киімді «раста» деп атайды. Әйелдер ерлерден бөлек расталарының (ақ киімдер) сыртынан жамылғы орайды.
Толық баптизм (масбута) ағынды суларда (өзендерде) немесе ағынды сулармен жалғасып жатқан қауыздарда жасалады. Бұл баптизм кезінде тақтай, су ыдысы, күнжіт майы, ұн, тұз және осыған ұқсас заттарды балшықтан жасалған стол үстіне бір шиша, таза шегір-гүл сабағын және рәсім кезінде монахтың ұстап жүрген таяғы сияқты рәсім заттары тұрады. Толық шомылдыру, монахтың бақылауында белгілі кезекпен және белгілі қағидаларға сай жасалады. Бұл жерде монах кезекті адамның басынан ұстап, үш рет суға батырады, кейін ылғал саусағымен сол құлақтан оң құлаққа дейін мәсіх етіп, өзеннен алақанымен үш рет су алып ішкізеді. Барлық шомылып жатқандар шомылып болғаннан кейін, өзен жағасында қатарға тұрып монах оларды күнжіт майымен солдан оңға қарай үш рет мәсіх етеді. Мәсіх етілгендер қайта су жағасына келіп оң қолымен сол қолына үш реттен су шашады. Баптизм жасалғандарға монах алдын ала дайындалған тамақтардан жегізіп және қолындағы су ыдысынан су ішкізеді. Баптизмнен кейін монах, жүресінен отырған үміткерлердің артында тұрып аяқтау дұғасын жасайды. Баптизмде сол қолдың қолданылмауы мұқият қадағаланады.
Сабиилікте екінші баптизм «ришама» деп аталады. Бұл шомылдыру рәсімінде монах әйел қажет емес. Әрбір сабиилік мұны өздері жасай алады. Бұл баптизм әр күні, күн шыққаннан кейін және діни рәсімнен бұрын орындалады. Бұл шомылдыру рәсімінде оқылатын дұғалар бар. Әрбір сабииге бұл дұғалар бала кезінен үйретіледі. Ришама баптизмі Исламдағы дәретке ұқсайды. Бұл баптизмді жасайтын сабии өзенге түспестен бұрын қолдарын, кейін үш рет бетін жуады. Одан кейін қолына су алып маңдайын солдан оңға қарай мәсіх етеді. Екі саусағын суға батырып үш рет құлағын жуып, қолына су алып үш рет мұрнын тазалайды. Бұларды орындаған соң қолына алған суымен үш рет аузын шаяды. Үш рет тізелерін және аяғын жуады. Соңында алдымен оң аяғын екі рет, сол аяғын бір рет суға батырып баптизмді аяқтайды. Бұл баптизм уақытында түрлі дұғалар етіледі. Күнделікті ришама баптизмін жасаған әр сабии сол күні жамандықтардан қорғалады.
Сабиилікте үшінші баптизмді «тамаша» деп атайды. Бұл да монахсыз және өзенге үш рет сүңгу арқылы жасалады. Бұл кірлеген әр сабиидің орындауы керек болған шомылу рәсімі. Әйел босанудан және етеккірлерден кейін шомылады. Өліні ұстағанда, жыныстық қатынаста болғанда, жүніп болғанда өзенге үш рет түсіп шығу арқылы орындалатын баптизм. Үш рет өзенге түсіп шыққан сабии кейін қолымен басына үш рет су шашады және осыларды орындап жатқанда дұға оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |