Асыра сілтеп жұмсаудан іргеңді аулақ салып, пайдалы болу.
Ашкөздікке салынбай, керектісін алу.
Такаппарлыққа белшесінен батпай-ақ, абыройға, құрметке ие болу.
Халқына масқаралықққа ұшырамайтындай қызметтер көрсету.
Қорқақтыққа салынбай-ақ ұлы болу.
Төрт жаман қасиет:
Халқына түк үйретпей тұрып, өлімге үкім шығару. Мұны «зұлымдық» деп атайды.
Халқына бейхабар күйде күтпеген жерден жұмыс тапсыру. Мұны «зорлық, қысым» дейді.
Жедел орындалуы тиіс емес бұйрықтар шығарып, кейіннен мұның дереу орындалуын талап ету. Мұны «қатігездік, мейірімсіздік» дейді.
Жалпылама адамдарға бір іс тапсырғанда немесе оларға сыйлық тағайындағанда сараңдық таныту. Мұны «орынсыз әрекет» деп атайды.
Конфуцизмде әке-шеше сүйіспеншілігі: Балаға деген сүйіспеншілік маңызды орын алады. Бұл адамның жақындарына, туыстарына деген қарыздарлығынан бастау алады. Қоғамда үйлесімділік көзделеді. Үйлесімділіктің басты ұйытқысы – жанұя. Жанұяда әке-шеше сүйіспеншілігі – адамгершіліктің басты шыңы болып табылады. Конфуцизмде моральдық-этикалық жағы – өзгесіне қарағанда басымдау келеді. Бұл жүйе басшылар үшін – ел басқару өнеріне, тектілер үшін – саяси моральдық-этикаға, халық үшін – салт-дәстүрге байланысты.
Конфуцизм жанұяға қатысты абзалдылықты, жүйелі, қоғамдық тәртіпті, ағайын сүйіспеншілігін және халықтың тәрбиесін ішінде қамтиды. Сондықтан да, Конфуцийдің моральдық-этика жүйесінде мына төрт артықшылық орын алады: Адамгершілік, әділеттілік, қарым-қатынас және мәлімет.
Бөлім сұрақтары:
1. Конфуций қай жерде және қашан дүниеге келді?
2. Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптері жайында мағлұмат беріңіз?
3. Конфуцизмда қасиетті кітаптар қанша коллекциядан тұрады?
4. Конфуцийдің бес адам тұрғысы қайсылар?
5. Бұл ұлттық діннің ұзақ уақыт бойы болуының қандай себептері бар?
7. БӨЛІМ ДАОЦИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ
Қытайдың ұлттық діндерінің бірі – Даоцизм. Оның негізін Лао-Цзы қалады. Бұл дін «Дао» ұғымына құрылды. Магиямен айналысатындары, монахтары және дін басшылары, өздеріне тән діни рәсімдері және сол діни рәсімдердің көне дәстүрлері бар. Көктем мейрамында от жағылады; даоист монахтар жартылай жалаңаш күйде отқа күріш пен тұз салып, жалаң аяқ сол оттың үстінен жүгіріп өтеді. Өлгендері тірілердің мазасын алмай, тыныштықпен рахат күй кешеді деген сенім бар. Мазарларды таңдауда кейбір ережелерге бағынады; өлікке зияны тимеу үшін әр түрлі шаралар қолданылады. Бұл шараларды қатаң ұстанғандықтан ұзақ уақыт бойы мазарларда зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмеді.
Достарыңызбен бөлісу: |