Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


БӨЛІМ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНІ



бет74/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Діндер тарихы

9. БӨЛІМ

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНІ


«Түркі халықтарының дәстүрлі діні» тіркесінен түркілердің өздеріне тән діни сенімдері, айрықша діндері туралы ой қорытуға болады. Ислам дінін қабылдаған түркілердің алдыңғы наным-сенімдері мен қазіргі кезде бір миллионға жуық түркі қауымы ұстанатын сенімдер, құлшылықтары мен дәстүрлері бұл жерде түркі халықтарының дәстүрлі діні деп аталады.
Тарихи деректерге қарағанда түркілер Исламды қабылдағанға дейін иудаизм, зароастризм, буддизм, манихеизм және христиандық секілді діндермен таныс болды. Түркі тайпаларының арқасында осы аталған діндердің бірін қабылдағандар да болды. Бірақ бұл процесс жаппай дін қабылдау сипатына ие болмады, тек бір тайпамен немесе бір топпен ғана шектелді. Өйткені түркі халықтары Исламнан басқа уағыздалған діндердің ешбіреуін де өздерінің сенімі және мәдениеттерімен ұштастыра алмады. Сондықтан Исламға дейінгі барша түркі тайпаларының өздерінің ерекше сенімдерінен басқа діндері болған емес. Ислам діні келгенде жағдай бірден өзгеріп сала берді; түркі халықтарының басым көпшілігі Исламды өздерінің төл діні ретінде қабылдады. Исламды түгел дерлік қабылдауда және Исламнан басқа діндердің қайсысы болмасын, жаппай қабылдау сипатына ие болмауында түркілердің наным-сенімдерінің үлкен әсері болды.
Исламнан басқа діндердің түркілер арасында жаппай сипат алмауы –сол діндердің сенім жүйлерінің түркілердің мінез-құлқына, менталитетіне сәйкес келмеуінде еді. Түркілер – белсенді, қажырлы халық. Олар бір тәңірге ғана сенеді. Моральдық құндылықтарға өте мән береді және ақыреттік өмірді мойындайды. Буддизм, манихеизм, тіпті христиандық секілді діндерде адамдарды енжарлыққа, немқұрайдылыққа итермелейтін негіздер басымдау. Солардың ішіндегі буддизм пақырлықты дәріптейді, тәңір ұғымын жөнді жеткізе алмайды және ақыреттік өмірге мән бермейді. Сондықтан да Көктүріктер буддизмді өздерінің діни сенімдеріне, әдет-ғұрыптарына (төре) және мінез-құлықтарына қайшы келгендіктен қабылдай қоймаған. Көктүрік қағаны Білге қағанның буддистік ғибадатхана салу ниетіне уәзірі Тоныкөк қарсы болған. Тоныкөк буддизмнің түріктердің өз діндеріне қайшы келетінін және түріктерді енжарлыққа баулып, пәлекеттерге жол ашатынын айтып қарсы шықты. Осы әрекеті арқылы ол буддизмнің түріктер арасында жаппай тарап кетуінің алдын алды. Тоныкөк буддизмнен гөрі біртәңірлі сенімді және әдет-ғұрыптарын ұстанып, жат сенімдер мен мәдениеттерге қарсы болды.
Манихеизм жауынгерлік рухты өлтіретін, гностикалық дуализмді негізге алатын синкретикалық дін. Түркілердің ерекшеліктеріне қайшы келетін бұл дінді, ұйғырлардың тағына отырған Бөғу Қаған (759-779) қаласа да түркілердің барлығының діні болмаған және қабыл еткендер де мұны ұзақ ұстанбаған.
Иудаизм, Хазар түркілерінің аз бөлігі, христиандық гагауз бен чуваштардың ұстанған діні еді. Бұл діндердің түркі тайпаларының арасында жалпы қабыл етілмеуі ол діндердің барлық түркілерді қанағаттандырарлық түсінік болмағандығының салдары және олардың сенімдері мен мәдениеттеріне, мінез-құлықтарына сай келмейтіндіктерімен түсіндіреді.
Исламмен танысқанда жағдай алғашқы діндерден басқаша болды. Түркілердің басым көпшілігі, барлығы дерлік Исламды шын көңілден қабылдады. Қазіргі кезде түркі халықтарының дәстүрлі дінін ұстанып келе жатқан аз да болса түркі тайпалары баршылық. Бірақ түркі тайпаларының 98 %-дан астамы Исламды дін ретінде қабылдады. Исламға қайшы келетін сенімдер мен іс-әрекеттерден бас тартты. Ал Ислам дініне қайшы емес әдет-ғұрыптарды күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Өйткені түркілер өте ежелден бері «Көк Тәңірі», «Жалғыз Тан» сенімін ұстанды және бұл сенімдер олардың өмірінде ықпалы зор еді (199). Оның үстіне Меңгі Ханның дін адамдарын құзырында пікірталасқа шақырғанда оларға, «Біз тек қана жалғыз Танның бар екендігіне және оның арқасында өмір сүріп жатқанымызға әрі оның бұйрығымен өлетінімізге сенеміз» деуі монғолдарда да жалғыз Тәңір сенімінің болғандығының дәлелі. Және барлық түркі және монғол тайпалары арасында Көк Тәңір сенімінің бар екендігін және бұл «Ұлы Тәңір» сенімін басқа ұлттарға қарағанда өте жақсы сақтап келгендігін айтқан М. Элиаде (200), Меңгі Ханның Франция патшасына жазған мына хатынан иман үлгісін былай келтіреді: «Мәңгілік Танның бұйрығы мынадай: Көкте тек қана жалғыз бір Тәңір бар және жер бетінде де бір мырза бар, Тәңірдің ұлы Шыңғыс Хан болады». Негізінде Орхон жазбаларында Бір Танның бар екендігі, оған көрсетілетін құрмет және әрбір нәрсенің оның қалауымен болатындығы сенім көңіл аудартарлық. Бұл жазбаларда әр нәрсенің жаратушы және билеуші бір Тәңір сенімі анық көрінеді. Бұл «жалғыз тәңірлік сенім» мен Исламнан бұрынғы арабтардағы Ханиф сенімі арасында ұқсастық байқалады. Бұл ұқсастық Оғұз Қаған дастанында анық байқалады. Дастанда Оғұз Ханның бір Тәңірге иман келтірмейінше ешбір әйел затын әйелдікке алмағандығы, пұтқа табынушылыққа қарсы шығып, әкесін де кешірмей тағынан түсіргендігі және жалғыз Тәңір сенімін үстем еткендігі айтылады (Бұл Хз. Ибраһим мен әкесі Азердің жағдайымен салыстырылуы керек) (201).
Қазіргі таңда 250 миллион шамасында түркі бар. Бұлардан дәстүрлі түркі діні сенімін ұстанушылар Алтай-Сібір түркілері (якуттар, тувалар, хакастар, шорлар, алтайлар) 800-900 мың шамасында.
250-300 мың шамасындағы гагауздар христиан дінін ұстанады. Бірақ қазіргі христиандардан бөлек. Гагауздардың қасиетті кітаптары түрік тілінде. Христиандардан ерекше сенім мен құлшылықтары бар. Олар ежелгі түркі мәдениетін жалғастыруда және бұл мәдениетті христиандыққа үстем етуде. Бұлардан басқа ХVІ ғасырда Ресей билігінің қол астына кірген, Ресей ортадоксальды мисионерлер тарапынан христиандастырылған чуваштар бар. Адам саны 1 миллионнан аса чуваштар да, гагауздар сияқты түркі мәдениетіне қатысты кейбір ерекшеліктермен Исламға қатысты терминдерді қолдануда. Оларда христиандық біршама бар және дәстүрлі түркі діні сенімдері өз негізін сақтаған.
Хазар түркілерінен 4-5 мың жобасында иудаизмнің караим ағымында. Бұлар тек қана Тауратпен амал етеді, Талмұтты қабыл етуде өздерін яхудилерден бөлек көреді және түрік екендіктерін айтуда. Түркілерден буддизмді ұстанушы азғана топ бар. Бұлардан басқалары мұсылман. Исламнан басқа дінді дін деп қабыл еткен түркі тайпалары 2 пайыз шамасында. Исламды қабыл еткендер болса 98 пайыз. дәстүрлі түркі діні жайында бұл жерде жалпы мәлімет беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет