Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Заратуштрадан кейінгі діни ахуал және отқа табыну (мәжусилік)



бет93/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126
Діндер тарихы

4. Заратуштрадан кейінгі діни ахуал және отқа табыну (мәжусилік)


Заратуштра – моральдық-этикалық принциптеріне қарай әр адамға өз өлімінен кейін жаза немесе сыйлық беріледі деп дәріптеген тұңғыш діни лидер болып есептеледі. Оның жақсылық және жамандық принципі адамның ерік-қалауымен байланыстырылады. Осылайша Ахура Маздаға табынуда ерік-қалау мен іс-әрекетті басты негізге алған Маздаизм – адамзаттың ерік-жігеріне, қажырлылығына сүйенетін дін.
Заратуштраның үгіт-насихаттары, уағыздары Иран тайпалары арасында мейілінше жайыла бастады. Заратуштрадан кейін Иранда маңызды культке айналған Ислам деректерінде сол аймақтағы сенім-нанымдарды сипаттау үшін қолданған от культінің (отқа табынушылық) Заратуштрадан бұрын да белең алғандығын білеміз. Отқа табыну культі Арийлерден бастау алады.
Заратуштрадан кейін монахтар діни тазалық идеалын отпен бейнеледі. Авестада монахтар «от жағушылар» деп сипатталды. Сасанидтер кезеңіндегі патшалар сарайында ұлттық бірліктің символы ретінде қасиетті от дәстүрі болды. Сарайдағы қасиетті отқа адам қолы тимейтін, үрлеп ластамайтын. Шымшуыр және күрекпен отты маздатқан монахтар қолдарына қолғап киетін, ауыздарын қымтап жауып алатын. Қасиетті бөлмедегі от діни рәсімдермен тазаланған отындармен жағылатын, сол бөлмеден үйді-үйге алынған от бұдан кейін сөндірілмейтін.
Заратуштра Шығыс Иранда өмір сүрген. Зороастризм (Маздаизм) Батысқа қарай тарап жатқанда Рагха (Тегеран маңында) осы діннің орталығы болған. Бірақ Заратуштраның иландыруларынан да ұзақтай бастаған болатын. Қауымдық дінге қатысты «язаталар» тәңір тұтылды. Мұнымен қоса өмірінің соңында Заратуштра екінші рет қайтадан келеді деген пікір ортаға шықты. Оған қатысты түрлі аңыздар тарады. Рагхада Зороастризм мед монах тобының қарамағында басқарылатын. Бұларды мәжуси (Мәжилер) деп атайтын.
Мәжусилер негізінде зерванист болған. Зерван (Зурван) уақыт тәңірі ретінде қабыл етілетін. Мәжусилер уақыт пен әлемнің кезеңдері жайындағы мәліметтерге айтарлықтай бай. зороастризм мен зерванизм арасында синтез құрған болатын.
Ахаменидтер (б.э.д. 550-331) Ахура-Маздаға табынып, Заратуштраға мән бере отырып, Ежелгі Иран тәңірлері Митра мен Анахитаға да құлшылық етіп, қан шығарып құрбандық шалады. Осылайша Заратуштраның тыйым салған нәрсесін жасайтын.
Парттар (б.э.д. ІІ ғасыр. Б.э. ІІІ ғасыры) зернавист еді. Зерван (Зурван) охрмазд (Ахура-Мазданың пехлеви тілінде, Ислам әдебиеттерінде Хурмуз) және Ехрименнің (Заратуштра Гатхаларда Ангра Майню дейді) жаратушысы ретінде қабыл етеді. Сол уақытта үштік сенім бар болатын. Бұл үштікке зерван, охрмазд және митра (Михр) кіретін. Ехримен осы үштіктің қарсысында орын алатын. Митраға, құтқарушы ретінде қарайтын. Боға құрбаны, культте маңызды орны бар (Парттарда айрықша мандеизм және манихеизм түрінде екі дін бар еді).
Сасанидтер кезеңінде (226-650) түрлі иран діндері бір-бірімен арпалысып жатқан еді. Зерванист, мәжусилік, манихеизм және митраизм осылардың қатарына жататын. І Бахрам манихеизмге тыйым салды. Сасанидтердің тұрғылықты тайпаларында ежелгі парсы салтын ұстанатын от культі монахтары «хербафтарға» қарсы мәжуси салты монахтары «мобафтар» басым түсті. Өздеріне тән зерванист салтында зороастризмді ұстанатын мәжусилер болғандықтан, бұл дін осылайша Сасанидтер Империясының мемлекеттік діні болды (Ердешир кезеңінде). Алайда бұл таза зороастризм емес, зерванизмнің біршама элементтерімен араласып кеткен және болмысын жоғалтқан бір қалдығы еді. ІІ Шапур кезеңінде «авеста» жаздырылды. Мұнымен қатар бұл дамулар зороастризмді қатаң рәсімдік және бейнеге түсіріп жайылуын тоқтатты. Зерванизм уақыт, аспан және тағдырдың әрбір нәрсені бақылап тұратындығын, адамның тағдыр алдында барынша әлсіз екендігі түсінігімен Ислам әлемінде кейіннен бой көтерген жәбрияға ұқсас болды.
Сасанид Империясы мұсылмандар тарапынан басып алынуымен қатар, мәжуси салтының мобаттары өз болмысын сақтады. Тіпті ХІХ ғасырда Пехлеви тілінде ежелгі мәтіндер ретке келтірілді. Бірақ бұл дінді ұстанушылар уақыт өткен сайын азая түсті.
Иран мұсылман болды, бірақ ежелгі Иран салты толығымен өз күшін жойған жоқ. Бұл жерлерде ортаға шыққан Ислам мәзһәбтарында ежелгі сенімдердің іздерін көруге болады. Жәбрия да (Иранда қалғандар «жәбәр» деп аталатындығын есте сақтасақ), Шиит Имам және Мунтазар Мәһди (Күтілген Мәһди) доктриналарынан, дәруіш салттарынан мұны байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет