Адамзаттың асыл тәЖІ


В) Діндер, мәзхабтар арасындағы алауыздық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.05.2024
өлшемі1.46 Mb.
#502169
1   2   3   4   5
Адамзаттың асыл тәжі

В) Діндер, мәзхабтар арасындағы алауыздық
Г) Ол дәуірде адамгершілікті ауызға алудың өзі - ерсі


Наным-сенім мәселесінде анархия белең алып, адамның ақылына
сыймайтын небір сенімдер пайда болған.
Халықтың бір бөлігі ештеңеге сенбейтін, тек осы өмірдің қызығын
тамашалап қалуды көксейтін. "Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, екінші 
рет
тірілу мүмкін емес. Ақыры өлеміз, сондықтан мына дүниеде тояттап 
қалуға
тиіспіз" дейтін олар ойларына келгенін істейтін.
Ардақты Пайғамбарымызға Аллаһтан уахи түсе бастағанда осындай
адамдар жайында Құран Кәрімде мынадай аяттар жолданады:
"Ей, Расулым!
Оларға былай деп айт: Аллаһ сендерге өмір сыйлады. Кейін Ол
сендерді өлтіреді, сосын шүбәсіз болатын қиямет күнінде бәріңді
жинайды. Бірақ адамдардың көбісі бұл ақиқаттан мүлде бейхабар"
(Жасия сүресі, 26-аят).



Исламның кәусарымен сусындап, мұсылман болу бақыты бұйырғаннан соң күллі әлемге
қара қылды қақ жарған әділдігімен әйгілі болған Хазіреті Омар жәһилия (Аллаһ
тарапынан соңғы Пайғамбар жіберілгенге дейінгі надандық жайлаған дәуір) кезеңінде
пұттарға табыну турасында басынан өткен оқиғаларды былайша баяндайды:
"
Жәһилия кезеңіндегі екі ісіміз есіме түссе, біреуіне - қайғырып
жылаймын, екіншісіне - күлемін. Жылайтыным - сол кезде ақымақтығымыз
сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжырынып, қыз баладан құтылғанша асығып,
бейкүнә, мейірімге мұқтаж шараналарды тірідей көметіндігіміз. Осы
қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды.
Күлетінім - пұтқа табынатын едік. Әрқайсысымыздың үйіміздің
төрінде қолдан жасаған пұттарымыз тұратын. Соларға табынып,
құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ, пұттарымыздың бейнесін ұннан
немесе халуадан жасап, өзімізбен бірге алып шығатынбыз. Жол ұзап,
қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуапұттардан кесіп алып
жейтінбіз. Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?"


Пұттар
Меккеге ең алғаш пұтты әкелген - Амр ибн Лухай есімді араб.
Амр Шамға барған бір сапарында Ма'аб деген мекенге жолай соғады.
Осы жерде Нұх пайғамбардың ұрпағы саналатын бір тайпаның пұттарға
табынғанын көреді. Қызығушылық жеңіп, сұрастыра келе жергілікті
халықтан: "Біз осы пұттардан көмек сұраймыз, сұрағанымызға ие боламыз.
Жаңбыр тілесек, жауынға қарық боламыз" деген жауап алады.
Мұнан соң Амр пенделігі ұстап, Меккеге алып кетуге пұт сұрайды.
Ма'абтықтар оның сөзін жерге тастамай, Хубәл атты пұтты сыйлайды.
Амр Хубәлді Меккеге алып келіп, орнатады. Надан халық бұрын-соңды
болмаған әдетті қызық көріп, соған иланып (тілеуіңді орындайды десе илана
кететін қара халықтың әдеті емес пе?), пұтқа табына бастайды.
Осыдан бастап пұтқа табынушылық Меккеде кеңінен тарайды. Әр
тайпаның өзіне тән пұты болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет