Адхократиялық (органикалық) құрылымдар



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі264.07 Kb.
#485576
1   2   3
баскару психологиясы 2

Яғни

  • Адхократия құрылымы – бұл қызметкерлердің тәуекелге баруға, жеке бастамаға және әрекет еркіндігіне ынталандыратын серпінді, іскер және шығармашылық жұмыс орны. Көшбасшылар – новаторлар. Міндетті мән – эксперимент пен инновацияға берілгендік.
  • Бюрократиялық немесе иерархиялық құрылым – ресми жұмыс орны, ұйымның қызметі тәртіптер мен ережелермен белгіленеді. Көшбасшылар – еңбекті ұтымды ұйымдастырушылар.
  • Новатор- өзгерістерді болжай алатын дарынды және шығармашыл адам. Көшбасшылық жақсы болашақты болжауға және басқаларға қолдау көрсетуге негізделген.

    Адхократия бюрократия ішінде тіршілік ете алады десе де болады. Яғни, Адхократия бюрократиялық ұйымның ішінде тұтастай ұйым шеше алмайтын арнайы мәселелерді шешу үшін құрылған мобильді уақытша топтар ретінде болуы мүмкін.

Осы топтардың ішінде ұйым құрылымының төрт негізгі типі атап көрсетіледі:

  • Жобалық ұйым
  • Матрицалық ұйым
  • Конгломераттық типтегі ұйым
  • Еркін құрылым

Жобалық ұйым
Уақытша құрылым
ең білікті қызметкерлерді нақты мәселелерді барынша табысты шешуге біріктіреді
басты артықшылығы – жақсы күштерді жұмыстың белгілі бір учаскесіне шоғырландыру
мақсатқа бағдарланған команда құру

Матрицалық ұйым-жобалық ұйым варианты

Негізгі мәні – жоба жетекшісіне және ол тұрақты жұмыс істейтін функционалдық бөлім жетекшісіне жобалық топтың қосарлы бағыныштылығы.

Матрицалық құрылымдар функционалдық және дивизиялық құрылымдардың (дивизиялық құрылым – сызықтық-функционалдық құрылымдардың тиімділігі аз үлкен ұйымдар үшін жасалынған ұйымдық құрылым типі. Ол бірқатар үйлестірілген дивизиялық құрылым ретінде тұрғызылады) артықшылықтарын еркін құрылымдар артықшылығымен сабақтастыра отырып пайдаланады. Олар әлдеқайда динамикалы және сыртқы әсерлерге төнімді.

Басты кемшілігі – олардың күрделілігі, сондықтан да формасы ұйымның жетекшісі үшін қиын және атқарушы үшін түсініксіз.


Тік және көлденең өкілеттіліктердің сабақтасуына байланысты мәселе туындайды, басқарудың іргелі принципі – бірыңғай басқару бұзылады.
Жобалық және сызықтық жетекшілер арасында жобалық топтар мекемелерінің арасында кикілжіңдер туындайды.
Матрицалық құрылым психологиялық тұрғыда атқарушыларды қосарлы бағынуға қояды, сөйтіп жалпы психологиялық ерекше құбылыстың бір түрі – маргиналдықты (шектеулікті, екіжүзділікті) туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет