25-топ. Стрептомицеттер және оған жақын туыстар. Клетка қабық-шасында L -ДАП және глицині бар гетерогенді топ. Өкілдері фрагменттерге бөлінбеген ауа мицелийлерін түзеді. Облигатты хемоорганотрофтар. Аэробтар. Бұл топ 5 туысқа жіктелген, негізгі туыс – Streptomyces
26-топ. Мадуромицеттер. Аэробты актиномицеттер, дамыған субстратты мицелий фрагменттерге бөлінеді. Хемоорганотрофтар. Аэробтар мезо-және термофилдер. Споралар тек ауа гифтерінде түзіледі. Кейбір туыстар екі спорадан ( Microbisporu), төрт спорадан (Microtetraspora) немесе әр түрлі санды (Actinomadura) споралардан тұратын қозғалмайтын артроспоралардың тізбектерін құрайды. Басқа туыстардың қозғалыс споралары спорангияларда орналасады ( Planobispora, Planomonospora, Spirillospora). Streptosporanguim туыстарының споралары қозғалмайды. Топырақта кең таралған, 2 топша мен 7 туысқа жіктелген.
27- топ. Thermomonospora және оған жақын туыстар. Бұл топ өкілдерінің жіпшелері фрагменттерге бөлінбейді, споралары ауа мицелийлерін түзеді. Оларға - Thermomonospora, Actinosynnema, Nocardiopsis, Streptoalloteichus жатады.
28-топ. Термоактиномицеттер. Бір ғана Thermoactinomyces туысынан тұрады. Олардың 16S РНҚ мен спораларының құрылысы бойынша бациллалармен ұқсастығы табылған. Бірақ олар нағыз актиномицеттер сияқты субстратты және ауа мицелийді түзеді. Жеке споралар ауа және вегатативті гифтерде түзіледі. Әр түрлі қанттар ме полимерлерді ыдыратады. Thermoactinomyces туысы өкілдерінің бұтақталған мицелийі септаларға бөлінген. Ауа мицелийінің дамуы әр түрлі деңгейде өтеді, кейде ол лизиске ұшырап , споралары қоректік ортаға шығады. Термофилді, тез өседі. Аэробтар. Сапрофитті хемоорганотрофтар. Споралары нағыз бактерияларды споралар сияқты құрамында дипокалин қышқылы бар және құрылымы да бірдей. Мезофилді түрлері топырақта, ал термофилдер шіріген пішен не астық дән және шамадан тыс қызған жемде табылады
29-топ. Басқа туыстар. Бұл топқа басқа актиномицеттерден ерекше 3 туыс бірігеді: Glycomyces, Kitasatosporia, Sacchorothrix.
Олардың ортақ қасиеттері: ауа мицелийінде ұзын споралар түзеді және клетка қабықшасында микол қышқылы болмайды. Аэробтар. Хемооргано-трофтар. Топырақта таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |