Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет66/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Дәріс №23-24
Тақырыбы: Микроорганизмдер және қоршаған орта
Жоспары:
1.Микроорганизмдердің тіршілік ету аймағы.
2.Микроорганизмдердін топырақта таралуы және рөлі.
3.Су микрофлорасы
4. Микроорганизмдерді ауада таралуы

Микроорганизмдер жердің барлық геологиялық сфераларында – литос-ферада, гидросферада, атмосферада табылады. Бұлардың екеуі микрооргани-змдер сақталатын жəне тіршілік ететін орталар, ал үшіншісі – уақытша мекендеу жəне таралу ортасы.


Литосфера жəне оның беткі қабаты – топырақ. Литосфера немесе жер қыртысы – Жердің сыртқы қатты қабаты. Ал топырақ – атмосферамен жанасатын литосфераның үстіңгі борпылдақ қабаты. Тіршілік осы қабатта шоғырланады. Топырақ абиотикалық жəне биотикалық факторлардың əсерінен тас жыныстардан пайда болған. Желдену, шіру, ыдырау, шаймалдау процестердің нəтижесінде пайда болатын өнімдер беткі қабатынан топырақтың терең қабатына жылжып, оның тік профилін тігінен кесілгендегі көрінісін құрастырды. Ол пайда болу уақыты, генетикалық горизонттардан тұрады.
Топырақ құрылысы күрделі əрі көп компонентті жүйе, ол қатты, сұйық, газ тəрізді үш фазадан тұрады. Қатты фаза – ол тау жыныстарының əр түрлі мөлшердегі қиыршықтардан жəне бөлшектерден құрылады: қиыршық тас (2-20мм), ірі бөлшекті шаң (0,05-0,01мм), саз (0,01мм одан төмен).
Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың тиипіне және оның жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақтың микроорганимге байлығы соншалық, тіпті оның 1 гр, ауру қоздырмайтын, яғни саратит бактериялар бірнеше жүзден миллиардқа дейін кездеседі ал микробтардың жалпы саны 1гр топырақта 1,5-2 миллиард шамасында болады. Қара топырақта жерден 1гр –да 5 миллиярд, құмдақ топырақта 3 миллиардтай, ал орманды жердің күлгін топырағында 2 миллиардтай микроб клеткасы кездеседі.
Тамыр айналасында, яғни ризосферада қажетті қоректік заттар ( азот, фосфор, канттар) мол болғандықтан онда микроорганизмдердің саны да анағұрлым көп болады. Ғылыми мәліметтерге қарағанда, бұршақ тұқымдас-тардың тамырынан бөлінетін зат – азот қосылыстарына бай болса, астық тұқымдастар тамырынан көбінесе көміртегі қосылыстары бөлінеді. Осыған байланысты микроорганизмдердің жалпы саны әр түрлі мөлшерде болады. Мәселен, нашар өңделген сұр топырақтардың бір грамында микроорга-низмдер саны 5-10 миллиондай. Беде өсімдігі ризосферасындағы бір грамм топырақта 100 млн. Микроорганизмдер клеткасы кездеседі.
Тамыр айналасында тіршілік ететін бактериялар мен саңырауқұлақтар, бірте-бірте өсіп – жетілу кезеңі ішінде өсімдіктердің жапырақ – сабақтарына ығысады. Мұнда олар жапырақ-сабақтардан бөлінетін заттармен қоректенеді. Әрине өсімдіктердің жер бетіндегі денесінде микрооргагизмдердің барлығы бірдей емес, кейбір топтары ғана тіршілік етуге бейімделген. Микроорга-низмдердің бұл тобын эпифит микроорганизмдер деп атайды.
Бактериялардың топырақта атқаратын қызметті әр қилы. Олардың кейібіреуі автотрафты түрде тіршілік етеді, яғни миниралды қосылыстар мен коректенуге бейімделген. Ал бұған қажетті қуатты олар топырақтан бөлек тотықтыру реакциясынан алады. Бұлардың ішінді аммони тұздарын азот қышықылына дейін тотықтыра алатын нитрификациялаушы бактерия да бар
Топрақта жүріп жататын негізгі биологиялық процестер, топырақтың құнарлығы, оның сапсымен құралуы микроорганизмдер тіршілігіне байла-нысты. Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуі жақсарады, сөйтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің көбейуіне мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет