Қадылжанова Гүлнәр Қадылжанқызы 9-сынып Исатай ауданының топырақ экологиясы Бағыты



жүктеу 190.68 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі190.68 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылы

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі

Қадылжанова Гүлнәр Қадылжанқызы

9-сынып
Исатай ауданының топырақ экологиясы

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

Болашақ дамуы бар саяхат маршруттары



Секциясы: Экология

Жетекші: Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы II-санатты география пәні мұғалімі

2011-2012 оқу жылы

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қадылжанова Гүлнәрдің «Исатай ауданының топырақ экологиясы» атты ғылыми еңбегіне

Пікір

Қадылжанова Гүлнар 6 сыныптан бастап география пәнін сүйіп оқыды . Ол 9-сыныпта ғылыми жұмыс жазуға ден қойды. Оның ерекше қызыққаны тақырыбы : «топырақ экологиясын» зерттеу. Гүлнар топырақ экологиясы туралы өзіндік пікір айтуға талпыныс жасаған.

Зерттеу келтірілген нақты деректер оқушының пәнге , білімге қызығушылығының ғылыми негізделгенін танытады. Мұның бәрі оқушының география сабағында алған теографиялық білімнің, оқудың ізденудің нәтижесі. Топырақ экологиясын зерттей отырып, өзіндік ой қорытыу нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы шәкірт бойында қалыптаса бастаған.

Гүлнәрдің тілі жаттық. Оқушылардың арасындағы ғылыми жұмысқа қатысуға лайық деп есептеймін.



Жетекші: Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы

География пәнінің

II-санатты мұғалімі

Аңдаухат

«Исатай ауданының топырақ экологиясы» тақырыбындағы ізденіс жұмысы- жалпы Исатай ауданының топырақ түрлерін олардың қасиеттерін және механиканикалық құрамымен экологиялық проблемаларын айқындау мақсатында жазылған.

Жұмыс барысында топырақтың механикалық құрамы, физикалық қасиеттері сипатталып , жұмыстар тәжірибе жүзінде орындалған.


Мазмұны:

Кіріспе

Исатай ауданына физика-географиялық сипаттама.

I. Негізгі бөлім

1.1. Исатай ауданының топырағы және оның қасиеттері

1.2. Топырақтың механикалық құрамы.

1.3. Аудан топырағының шаруашылыққа қолданылуы

1.4 Исатай ауданы топырағының экологиялық проблемалары

II. Зерттеу бөлімі.

2.1 Топырақтың ластану көздері.

2.2 Топырақ жәндіктері мен микроорганизмдері

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

Зерттеу мақсаты :

Исатай ауданының топырақ экологиясының қасиеттерін және механикалық құрамы мен экологиялық проблемаларын айқындау



Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде жалпы Исатай ауданының топырақ экологиясына сипаттама беру.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Ғылыми жұмысқа қойылған мақсат міндеттерге орай анықталды.

Исатай ауданының топырақ экологиясының көздерін кеңдігінен дәлелдеу

Зерттеу болжамы:

Топырақ түрлерін сипаттау.Топырақтың механикалық құрамын және маңыздылығын тәжірбие жүзінде дәлелдеу.



Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс тәсілдері саралау, зерттеулер, экологиялық бағалау, салыстыру, жалпылау, бақылау.



Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, тараудан және қортындыдан тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі соңынан берілді

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл жұмысты география сабағында, оқушылардың реферат баяндама жұмыстарына қолдануға болады

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын , өзен-көлін , тарихы мен байлығын, жалпы алғанда геграфиясын білуден басталады . Осынау өркиениетке ұмытылып отырған кезеңде өз жеріміздің әрбір обьектілерін білу және олардың қыр сырына үңілубасты міндет болып саналады.

Осы тұрғыда жергілікті Исатай ауданының топырақ экологиясын зерттеу мол ізденіс пен асқан жауапкершілікті қажет етеді.

Бүгінде мұнай қорына бай Исатай ауданының топырағы әлі де толық зерттелмеген. Аудан тарихы туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан өзге топырағы жөнінде жазылған материалдар өте аз. Қара алтын қорына бай Исатай ауданының топырақ экологиясын зерттеу-кезегін күтіп тұрған мәселе. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.[2]

Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағдай жасау.Сол себепті осы мәселе тақырыптың өзектілігін айқындайы.

3

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты-Исатай ауданының топырақ экологиясын зерттеу,халық шаруашылығына пайдалануын анықтау.Осы аталған жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:

Исатай ауданына физика-географиялық сипсттама беру.

Аудан топырақтарын жинап,сол топырақтарға сипаттама беру.

Топырақтың шаруашылықтағы пайдалану ауқымының кеңдігін дәлелдеу.

Топырақтың экологиялық проблемаларын анықтау.

Проблемалардың шешу жолдарын көрсету,ұсыныстар беру

4

Исатай ауданына физика-географиялық сипаттама

Географиялық орналасуы. Исатай ауданы Атырау облысының батыс бөлімінде орналасқан. Каспий теңізінің солтүстік жағалауын жиектеп,Нарын құмының қойнауына сұғына енген. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Махамбет ауданымен,ал батысында Құрманғазы ауданымен шектесіп,46°31 және 48°0,5´ солтүстік ендікті, 49°26´ және 51°25´ шығыс бойлық аралығын алып жатыр.Яғни жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165км, ал батыстан шығысқа қарай 130км.[1]

Каспий маңы ойпатының ерте заманнан бергі тереңге жиналған қазба байлықтарының тамыры аудан аумағына да таралған.19 ғасырдың басында Еділ-Жайық аралығында мұнай көзі табылып, ғасыр ортасында жүргізілген геологиялық іздестіру, сисмикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мұнай қоры анықталды.Нарын құмының жер асты тұщы су көзі малға қоныс өрісі мен құнарлы шөбі, табиғи ерекшелігі мен шаруашылығын дамытуға қолайлы. [3]

Ауданның жалпы аумағы 1478 км2, оның ішінде тыңайған жер-0,447, шабындық-13,5, жайылым-1231, басқалай жер 232,98 км2. Арнаулы жер қоры 819км аудан орталығы Аққыстау селосы Атырау қаласынан солтүстік –батысқа қарай 70км жерде.Аудан аумағы мен «Атырау-Астрахань» темір жолы, «Атырау-Астрахань» автомобиль жолы, «Қиғаш-Атырау-Өзен» су құбыры өтеді.

Жер бедері Каспий маңы ойпатында орналасқандықтан,аудан аумағы геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі көпшілік бөлігінде теңізге қарай көлбеулене кеми түседі. Топырағы құмды сазды.Өткен ғасырларда Атырау аймағы мен бірге аудан аумағының бір бөлек жері де теңіз суы астында болды. Ал теңіз шегінген кезде бірітіндеп емес,арасында тоқтап кідіреді,эрозиялық әрекеттер байқалады.Осыдан кейін көлтабандар сорлар пайда болды 5



Негізгі бөлім:

1.1 Исатай ауданының топырағы және оның қасиеттері

Топырағы: Каспий маңы ойпатының топырақ жамылғысының таралуы ендік белдемге байланысты қалыптасқан, яғыни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бақытқа қарай созыла шашыла түзеледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденше рет ауысып отырады десек , бұл исатай ауданы аумағына да тән . Аудан аумағы негінен шөлейт зона құрамына кіреді. Мұнда бозғылт құмды топырақ, батпақты тұзды саз топырақ, ойдым-ойдым тақырлар және үлкенді-кәшілі сорлар кездеседі. Кейбір жерлерде көшпелі,сусымалы құм массивтері ұшырасады. Мысалы,Исатай селосы осындай көшпелі құм аймағында орналасқан. [6]

Қасиеттері аудан аумағының топырағы алуан түрлі: бір жері сазды,құмды болып келсе,екінші бір жерлері қайыршақты және тастақты болып келеді.Аталған топырақ түрлерінің қасиеттері бір-бірінен ерекшеленеді.Топырақтың қасиеттерін қарапайым тәжірибе жасап көру арқылы байқауға болады. Мысалы,суда тұндырып,қайнатып майлылығын, илеп отқа күйдіріп біріккіштігі мен беріктігін және дәмін татып тұздылығын анықтау тиімді.

Аудан жерлерінен топырақтың түрлері мен оның қабаттарынан шыққан минералдар жинақталынды.Олар: Хамит Ерғалиев ауылының оңтүстік батысынан 5км жерден алынған күкірт пен майлы қара топырақ,солтүстік батысынан алынған су мен тұз және қоймалжың күрең түсті батпақ, батысынан 20-30 см дей тереңдіктен шығып жатқан ақ топырақ және солтүстігіндегі қайыршақ. Ең әуелі майлылығын анықтау үшін алынғандардың бәрін жеке-жеке ыдысқа салып,суға қайнатылды. Сол кезде қайыршақты қайнатқан су аппақ болды,оның суының дәмін татып қарағанда тұщы болды.Айбас елді мекенінің құмды топырақтарын суға қайнатқанда тұщы болды,оны илеп көргенде бірікпеді және отқа қыздырғанда да өзгеріске ұшырамады.Ал Айбас тұзының дәмі кәдімгі ас тұзымен бірдей,тамақ үшін қолдануғатиімді болып көрінеді.[8]

Хамит Ерғалиев ауылының солтүстік батысынан 6км қашықтықтағы жерден алынған қоймалжың күрең түсті батпақты кептіру үшін отқа қойылды.Ол лаулап жанып,ауаға өткір иісін таратты және кепкен соң батпақ ақ сортақ болып кеуіп, бетіне тұзы шықты.Сондай-ақ бұл батпақтың құрамында тұз бен күкірт бар деген болжам айтуға болады.



6

Хамит Ерғалиев ауылының оңтүстік батысынан 5км жердегі топырақты анықтау үшін шамамен 24см қазылды. Оның 15см тереңдігінен сары кесектер шықты. Оны отқа жаққанда лаулап жанды,ал 9см темір эрозиясына ұшыраған майлы қара топырақ. Оны қолға ұстағанда күкірт исі сіңіп кетті,әрі ұзақ уақыт сақталып қалады.Бұдан бұл жердің топырағының құрамында күкірт бар деп айтуға болады.

Ақ топырақ 20-30см тереңдіктен қазылып алынды.Оны суға салғанда,извест секілді быжылдап қайнап бастады.Сонымен қатар топырақ қабаттарының ерекшеліктеріне де мән берілді.

7

1.2 Топырақтың механикалық құрамы

Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта, азоттың жиналуына әсер етеді.

Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.[9]

Топырақ бөлшектерінің көлденеңі 1 мм-ден артық болса, онда оларды топырақтың қаңқасы деп атайды, ал 1 мм-ден кем болса, ол бөлшектерді топырақтың ұлпасы (мелкозем) деп атайды. Топырақтың қаңқасына жататын механикалық бөлшектер тастар (көлденеңі 10 мм-ден ірі), ірі қиыршық (5—10 мм), орташа қиыршық (3—5 мм) және ұсақ қиыршық (1—3 мм). Топырақтың ұлпасына кіретін бөлшектер ірі құм (0,5 мм), орташа құм (0,25—0,5 мм), майда құм (0,05— 0,25), ірі шаң (0,001-0,005 мм), тозаң (0,001-0,0001 мм) және коллоидтар (0,0001 мм-ден аз бөлшектер Механикалық тұрғыдан топырақ тасты, қиыршықты тастақты, құмдақ (80 пайызға астамы құм, 10 пайыз дейін сазы бар), құмдауыт (құмы 70 пайыздан астам, сазы 30 пайыз аз), ұсақ сазды (10-80 пайыз саз, қалғаны құм), саздақ, сазды, борлы, әкті (20 пайыздан астам әк), қара топырақ (20 пайыздан астамы гумус) және қара шірік (торф) болып бөлінеді.Механикалық бөлшектердің көлеміне қарай топырақтың бес түрін ажыратады: қиыршықты тастақты (3-1 мм),құмдақты (1-0,05мм), ірі шанды (0,05-0,1 мм), шанды (0,01-0,001 мм),

қайырлы (<0,001 мм) топырақ. Ал механикалық құрамы бойынша топырақ: құмдақ, құмдауыт, саздау, сазды деп бөлінеді. Аталмыш құрылымы топырақтың табиғи құрылу процесінің және жерді пайдалану әсерінен пайда болады. Органикалық заттардың кейбір ыдырау өнімдері (мысалы, гумин және ульмин қышқылдары) кальциймен қосылыс түзіп, майда топырақ бөлшектері бір-бірімен жабысып, бірігіп ірі бөлшектер құрайды. Сондықтан топырақ құрылысы саңлаулы-түйіршікті, үйінділі, діңгекті, қатпарлы түрде болуы мүмкін. Топырақ құрылымының айырмашылығы оның сулы-физикалық және биологиялық режимдерін анықтайды.[10]

8

1.3 Аудан топырағының шаруашылыққа қолданылуы.

Аудан халқы топырақты ежелден-ақ қажеттеріне жаратып кееді. Соның ішінде құрылыс,жол төсеу, саман тас басу,сылық жұмыстары секілді шаруашылыққа көп қолданысқа ие.

Аудан жерінен сылық жұмысы үшін қажет ақ топырақ,тас басу үшін қара және қызыл саз,құрылыс құмы(ПГС),кірпіш тас шығаруға қызыл саз көбірек алынуда.

Аққыстау,Хамит Ерғалиев ауылдарында саз топырақ өте біріккіш және отқа төзімді,әрі тұтқырлығы басым. Сондықтанда екі ауылдан алынған топырақты аудан орталығындағы кірпіш зауытына апарып, қызыл тас өндіріп шығарады. Жалпы алғанда саз топырақ кірпіш өндірісі үшін таптырмас шикі зат көзі. Судың біріккіштік қасиетін байқау мақсатында мынадай тәжірибелік жұмыс жасалды: сазды суға езіп,еленді. Оны әбден елеп болғаннан соң отқа қойып күйдірілді. Ұзақ уақыттан кейін ол кәдімгі қызыл кірпішке ұқсады. Сындырып,уату мүмкін болмады.Бұл оның біріккіштік және беріктік қасиетін көрсетеді.

Ақ топырақты ерте кездері сылақ жұмысы үшін шымтезекпен араластырып үйдің қабырғасын сылаған. Бұндай топырақтан соғылған сылақ ұзақ уақыт сақталады. Аудан жерінен қайыршақты топырақ та кездеседі.Топырақтың бұл түрі өте таза болады,әрі батпақты жерлердің орнын қайта қалпына келтіреді. Сондықтан да асфалтсыз жерлерге қайыршақты топырақ төселеді.

Қара және қызыл сазды қамысты шөппен илеп,саман тас басу үшін қолжданады. Құрылыс құмын қайыршақпен араластырып,цементтік қоспаға қосып,тас қалау үшін қажетке жаратады.[1]



9

1.4 Исатай ауданы топырағының экологиялық проблемалары

Исатай ауданы –өндіріс орындары көп орналасқан бірден-бір аудан.Сондықтан да мұнда экологиялық проблемалар жиі туындап тұрады. Сондай проблемалардың бірі топыраққа келіп тіреледі. Топырақ экологиясы табиғи және антропогендік жағдайлармен тікелей байланысты.

Қуаңшылық әсерінен жердің тақырға айналуы құмды көшкін табиғат жағдайы әсерінен келетін экологиялық проблема болса,мұнай қалдықтары мен топырақтың ластануы,терикондардың көбейуі,топырақтың тұзды сорға айналуы адам қолымен жасалған залал болып табылады. Сусымалы құмды Исатай селосында үнемі құм көшкіні болып тұрады.

Көшпелі құмдарды қатайтудың басты жолдары- оларды битумдау, механикалық жолмен тоқтату(қорған,қайшы соғу),сексеуіл,жыңғыл,дала жусаны,ала бота,тізгін,қара шағыр сияқты өсімдіктерді себу,

Бұл екі тұрғыдан пайдалы,біріншіден көшпелі құмдардың қаупінен елді мекендер құтылады,құнарлы жерлерді сақтап қаламыз; екіншіден,көшпелі құмдарды қатайтқаннан кейін бұл жерлерде ағаш люцерна егіп жақсы өнім алуға болады.

Марташидағы Салтанат Балғымбаев кен орнының маңына барып қарағанда ол жерден тұзды сор көл табандары қалыптасғандығын байқауға болады.Тұзды көл табандар тұзды шаңға айналды.

Кейінгі Аққыстау селосының топырағының тұздылығы артып,үй салуға,ағаш отырғызуға жайсыздық алып келуде.Сонымен қатар топырақ тұздылығының артуы сол жердің өсімдік жамылғысының сиреуіне де әкеп соғуда.

Аудан орталығынан тура солтүстік шығысқа қарай 25 шақырым жерде бұдан 1 ғасыр бұрынғы ағылшындардың тастап кеткен мұнай орны бар. Ол жердегі кішкентай темірдің қышқыл су шығып жатыр.Ол су шапшып шығып, айналадағы жерлерді тұзды сорға айналдырып тақырға,батпаққа ұластыруда.Топырағы бүлінген жерді қайта қалпына келтіруді рекультивациялау деп атайды. Жерді қорғауға агротехника жетістіктерін бірыңғай қолдана бермей,жергілікті жердің ерекшеліктерімен санасып,топырақтың ауа райы мен климатын, жер жағдайының айырмашылықтарын есепке алу керек.Жерді жаппай жыртып тастаудың



10

келешекте диханшылыққа үлкен нұқсан келтіретінін,әсіресе соңғы 15-20 жыл ішінде тың жер игерудің барысында байқадық. Жерді жаппай жырту,әсіресе жайылымдарды жырту мал шаруашылығына орны толмас шығын келтіретінінбілуіміз керек:

Топырақ эрозиясына қарсы табиғат қорғау ағаштарын отырғызу,гидротехникалық құрылыстар салу,ауыл шаруашылығында дақылдарды кезектестіріп отыруға көбірек көңіл бөлу(бір дақылды жылма-жыл себу топырақтың құнарлығын жояды)

Топырақты қорғайтын көпжылдық шөптерсебу.

Жер жыртқанда, атмосфералық және ирригациялық жүйелерден келетін сулардың ағып кетуіне қамқорлық жасау.

Сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту мақсатында бұларға тамыры тереңге кететін жер эрозиясына бой беретін ағаштарды және дақылдарды отырғызу.

Құмды және тасты жерлерді, мал жаюды реттеп отыру(Бұл жерлердегі өсімдіктердің тамырымен құрып кетуіне жол берілмеуі тиіс)

Топырақты ауыл шаруашылығы химиясы қалдықтарына(пистицид)сақтау және мұнай өнеркәсіптерінің зиянды әсерінен құтқару-басты міндеттің бірі

Соңғы жылдардың мәліметі көрсетіп отырғандай мұнай өндірісінің қалдықтары,автомашиналардың улы газдары топырақтың сыртқы бетіне өзінің дағын ғана салып қоймай,онда өсетін өсімдіктер мен дақылдардың өміріне өауіп туғызады.

Топырақтың тұздануы мен балшыққа айналуы оларды мөлшерден тыс артық суарудың нәтижесі екендігін көріп отырмыз. Аталған негативтік көріністерден құтылатын басты жолдар жер суарғанда су пайдалану нормативін қатаң сақтап отыру [11]


11

Зерттеу бөлімі:

2.1. Топырақтың ластану көздері

Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.

Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.[11]

Химиялық ластаушылар (неорганикалық және органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен



12

ауыстырылуда. Олардың формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макрожәне микротыңайтқыштар жатады. Минералды макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді.

Минералды тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.[3]

Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді деген сөз.



13

2.2 Топырақ жәндіктері мен микроорганизмдері

Топырақты табиғи тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын әр түрлі тірі организмдер; топырақтың кабаты. Онда топырақ микроорганизмдерінен — бактерия, саңырауқұлақ, сәулелі саңырауқұлак, т.б. және көптеген омыртқа-сыз жануарлардан қарапайым жэндіктер, кұрттар, былқылдақденелілер, ересек бунакденелілер мен олардың дернәсілдері, жер қазғыш омырт-калылар, т.б. кездеседі. Олардың санының өзгеруі жыл маусымына да байланысты, көктем мен күзде кобірек болса, қыс пен жазда азаяды. Қарапайым жәндіктер өздігінен тіршілік ететін, бір жасушалы өте үсақ организмдерден тұрады. Топырақ арасындағы тұнба суларда бірнше мыңға жуық түрлері мекеңдейді.[10] Оларды 4 класқа бөледі: талшыктылар, саркодиналар ,споралылар және инфузориялар . Карапайым жәндіктер кәсіптік бағалы жа-нуарлардың негізгі қорегі, ал басқа түрлері паразит түрінде адамдар мен жануарларға ауру жұқтырады. Мыс, талшықгылар , споралылар құстар мен адамдарды безгек ауруына шалдықтырады. Жұмыр кұрттардың бір түрлері топырақтың арасында (50 — 1200 млн/га-ға дейін) шоғырланып, топырақтың қалыптасу процесіне қатысады, ал екіншілері өсімдіктерді зақымдап, адамдар мен омыртқалы жануарларды ауруға шалдықтырады. Сақиналы кұрттардың да кейбір түрлсрі топырақта мекендейді. Мысалы жауын кұрты топырақты өз ішегінен өткізіп, оны қопсытып, араластырып, ауа мен ылғал өткізгіштігін жақсарта отырып, топырақ құрамының қальптасу процесіне қатысады. Топырақты буынакаяқтылар арасында шаянтәрізділср, өрмекші тәрізділер, бунакденелілср кластарынан өрмекшілер, кенелер, бұ-заубастар, шаяндар, сымқүрттар, т.б., хордалылардан жыландар, кесірткелер, кірпілер, суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар, тышқандар мекендейді. Кірпілер мен жертесерлер зиянкестер мен кеміргіштерді жойып пайда келтірсе, кейбір түрлері адамдар мен жануарлар арасында ауру қоздырғыштарын таратады (сарышұнақтар,



14

тышқандар, т.б;).Топырақ жәндіктері мен микрорганизмдері жүйесі табиғаттағы зат айналымында, топырак құрамынқұрылу процесінде, оның құнарлылығының түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олардың барлық табиғи органикалық қосылыстарды табиғи немесе бірнеше органикалық қосылыстарды ыдырата алады. Яғни, олар топырақта өскен өсімдіктсрдің барлық қалдықтарын ыдыртып, өсімдіктерге сіңетін әр түрлі минералды заттармен қатар, қарашірінді түзеді. Мұндай организмдерге, мысал ретіндс, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында өмір сүріп, ауадағы азотгы осы өсімдіктердің тамырларына жинайтын түйнек бактерияларын жатқызуға болады. Бүкіл әлемдегі ауыспалы егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ерекше орын алатыны да сондықтан. Топырак құнарын тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы организмдерге жағдай жасап, ауыспалы егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс колдану қажет. Топырақтың 10 — 15 см-ге дейінгі беткі құнарлы қабатында га-на 10 т бактериялар, сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын құрты,140кгбалдыр,17кг-дай әр түрлі жәндіктер кездеседі.[12]



15

Қорытынды

Мемлекетіміздің табиғи байлығы – жер ресурсы,бабаларымыздың аманаты,қазақ жерінің экологиялық жағдайы мен болашағы әрбір отанды сүйер азаматты толғандыратын мәселе.Сондықтан да жер қойнауын қорғауда өмірдің өзі талап етіп отырған үлкен ұлттық бетбұрыс,заңдылықтармен бекітілген серпін керек.Сондықтан да ала,топырақ,су құрамында үнемі тиісті деңгейде көңіл бөліп,олардың табиғи құрамының сақталуына және қорғалуына мүмкіндігінше қолдау көрсету бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуге болады. Осы аталған мәселелер ел экономикасы үшін ғылыми және техникалық мәндері бар әдістер мен техникалық құралдарды жетілдіріп,бұзылған жерлерді рекултивациялау,сонымен бірге жерді қорғау және мониторинг.

Топырақтың экологиялық жағдайына баса назар аудара отырып, оның халық шаруашылығына маңызына көңіл бөліу керек. Осының нәтижесінде топырақты қорғау шараларын тұрақты түрде іске асырып отырудың да өзіндік маңызы бар.Өйткені,топырақ тіршіліктің басты нышаны. Ал өнімнің сапалы табиғи таза болуы ол топырақтың сапалы әрі таза болғанының нәтижесі екенін ұмытпау керек.

Ауданымыздағы экологиялық жағдайды сауықтырып,тұрғындардың денсаулығын жақсартудың негізгі шараларының бірі- елді мекендерді көгалдандыру. Ата-бабамыз айтып кеткендей, «Ана көркі-алдындағы баласы,жрдің көркі-желкілдеген ағашы». Олай болса,туған өлкені жасыл желекке бөлеу –өзіміз үшін де,өзгелер үшін де,келешек үшін де үлкен міндет.Ал жасыл желектің жайқалуы үшін топырақтың құнарлы болуы шарт.

Соңғы кездері Исатай ауданы топырағының құнарлылығы күрт төмендеп кетті. Бұған қуаңшылықтың жиі болуы мен өндірістің қоршаған ортаға залалы себеп болып отыр.Мұндай жағдайлар топырақпен қоса өсімдіктер

16

дүниесігне де зиян,әрі сиреп кету қаупін туғызады.Олай болса, топырақ экологиясын жақсарту- алда тұрған үлкен мәселе. Өйткені,топырақ табиғат байлығы және оның ажырамас құрамдас бөлшегі және байлығы оның ажырамас құрамдас бөлшегі. Сонымен,елді көгалдандыру оның топырағын құнарландырумен тікелей байланысты.

Осы орайда өз ұсыныстарым:

Жер астынан шығып жатқан қышқыл суды тоқтату шарасы алынып,экологиялық проблемасы шешілсе;

Құм көшкінін жиі болдырмас үшін сексеуіл егілсе;

Қуаңшылық салдарынан тақырға айналған жерлерді жасанды жолмен суарудың амалы қарастырылса;



17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер

1 .Исатай ауданының шежіресі . Редакциялық алқа28-30б

2. Жиенқұлов.Е Атырау обылысының физикалық географиясы.1998ж Жылой аудандық баспаханасы 35-бет22-32б

3. Қаженбаев.С. Табиғат қорғау.Алматы;1993ж 3-8б

4. Баешов.А.және т.б., Экология негіздері,Түркістан,2000ж 12-15б

5 .Бисенова.А.с., Ж. Шілдебаев, Экололгия,Алматы,1998ж 10-12б

6. Есназарова. Ұ.Ә. «Қазақстанның физакалық географиясын оқыту» әдістемелік құралы ,Алматы 2004 ж 5-6б

7. Қаженбаев.Е. «Географияны оқыту әдістемесі» оқу құралы , 2002ж 8б

8. «География және табиғат» журналы 2005\6 11-14б

9. «География және табиғат» журналы 2003\2 30б

10. Жатқанов.Ж.Ж. Экология негіздері, 2003жыл 22-26б

11.Пупонин А.И. Земледелие.-М. 2000 жыл 3-9б



12. Бараева.А.И. Почвозащитное земледелике. Под. Ред.акад. 1998жыл 10-15б

18

18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет