Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері


Жұмыс. Нитроқосылыстар мен аминдер



бет8/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
ОХТН зертханалық

6. Жұмыс. Нитроқосылыстар мен аминдер
Нитрометан алу. Моносірке қышқылы гидролизге ұшырамау үшін оны араластыра отырып, натригидрокарбанатымен нейтралдайды. Сол кезде көміртек (V) оксиді бөлінеді. Одан түзілген моносірке қышқыл натрий тұзына (5г натрий нитриті тұзын 3мл суға ерітіп) натрий нитриді ерітіндісін қосады. Қоспаны араластырып, аузын газ жүреті түтігі бар тығынмен тығындайды, колбаны штативке бекітіп, газ жүретін түтіктің екінші ұшын бос пробиркаға енгізеді де, пробирканы сыртынан салқындату үшін мұзы бар стаканға батырады. Қоспасы бар пробирканы қыздырғанда сұйық шашырамай қайнайтындай болу керек. Қайнаған кезде бос пробиркаға нитрометан (ауыр май тәрізді сұйықтық) сумен бірге айдалады. Қоспадан тек суда айдала бастағанда қыздыруды тоқтату керек:
Мына тпасырмаларды орындаңдар:
1.Монохлорсірке қышқыл бикорбанатпен нитралданғанда, қандай заттар түзіледі Реакция теңдеулерін жазындар.
2.Монохлорсірке қышқыл натрий тұзы натрий нитритімен әрекеттескенде нитрометан алынады:
NaOOC-CH2-Cl + NaNO2 NaOOC-CH2-NO2 + NaCl
Нитросірке қышқылы
Натрий тұзы
O2N-CH2-COONa + HOH O2N-CH2-COOH + NaOH
O2N-CH2-COOH CO2 + CH3 – NO2

Нитро қосылыстардың азот қышқылымен әрекеттесуі. Пробиркаға аздап нитрометан мен спирттегі натрий гидроксиді ерітінділерін құйып, оның үстіне натрий нитритінен аздап салып араластырады да мұз ваннасына қойып, салқындатады. Салқындаған қосапаға араластыра отырып, тамшылатып күщкірт қышқылын қосады. Қоспа күрең түске боялады, егер күкірт қышқылын көбірек қосса, біртіндеп заттың түсі жойыла бастайды.


Мына тапсырмаларды орындаңдар:

  1. Қышқылдық ортада натрий нитритінен азотты қышқыл алудың реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. Нитрометан ерітіндіде тауктомерлік формада болады: CH3-NO2 CH2NOOH. Бұл реакцияның өзінен- өзі тепе-тең изомерленетініне назар аударыңдар.

  3. Нитро қосылыс қышқылдық қасиет көрсететіндіктен, натрий гидроксидімен қосылып, тұнба түзеді:

CH2-NOOH + NOHCH2-NOONa + H2O
O-Na
CH2NOONa + HO-N=O  O=N-CH=N
Түссіз таутаомерлік O-
Метилнитрол қышқылы

Берілген реакциялардың себебін түсіндіріңдер.


Нитрометанның тотықсыздануы. Пробиркадағы нитрометанға концентрациялы натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, оның үстіне мырыш тозаңынан аздап салады да спирт шамы жалынында қыздырады. Пробирка аузына ылғалданған қызыл лакмус қағазын жақындатқанда нитрометанның тотықсызданудан түзілген аминометанның әсерімен лакмус қағазы көгереді жіне қоспада мырыш қышқылының натрий тұзы пайда болады. Осыған сүйене отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.


Метиламин алу жәе оның қасиеттері. Газ жүретін имек түтігі бар пробиркаға 1мл хлорсутекметиламин (хлорметил аммоний) құйып, оның үстіне натронды ізбестен екі есеге жуық артық салып, қоспаны қыздырады. Газ жүретін түтіктің екінші ұшынан шығып жатқан метиламин газын жақса, аммиактан басқаша жанады. Бөлініп шыққан метиламин газына суда қызыл лакмус қағазын ұстаса , көгереді. Түтіктен шығып жатқан газды пробиркаға жинап алып, су қосса, суда еріп, метиламмоний гидроксидін түзеді. Тұз қышқылына батырылған таяқшаны газ шығып жатқан таяқшаны жақындатса, тұман пайда болады. Ол тұман хлорметил аммоний тұзы.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Хлорсутекметиламиннен метиламинді қалай алады

  2. Метиламин жанғанда не түзіледі

  3. Метиламин суда ерігенде, қандай заттар түзеді

Бұларды реакция теңдеулерін жаза отырып түсіндіріңдер.
Реакция теңдеулерін жаза отырып түсіндіріңдер.
Тұздалған балық суында көп мөлшерде метиламин болады. Колбаға 10-15 мл тұздалған балық суымен 5-6 мл концентрациялы натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Қоспаны спирт жалынында қатты қыздырады, бөлінген газ түтік арқылы суы бар пробиркаға барады, онда еріп, оксиметиламин түзеді жөне метиламиннің иісі байқалады.
Ацетамидтен метиламин алу. Пробиркаға 3г ацетамид, 6г кальций оксиді мен хлорлы ізбес қоспасын салып араластырып, аузын газ жүретін тығынмен бекітіп, қыздырнғанда газ тәрісдес метиламин шыға бастайды.
O
2 СH3-C + CaOCl2  CH3-NH2-CaCl2 + CO2
NH2

Ацетамидтен этиламин алу. Пробиркаға 1 г ацетамидті 6-7 мл этил спиртінде ерітеді. Ерітіндіге арпаның үлкендігіндей сүзгі қағазға салынып, керосиннен тазартылған натрий түйірін салып газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындап, түтіктің екінші ұшын қызыл лакмус қағазы салынған суы бар пробиркаға батырады. Қоспа бар пробиркада натрий мен спирт активті әрекеттесіп, одан бөлінген сутегі ацетамидті тотықсыздандырады. Нәтижесінде метиламин түзіледі. Этиламин газ жүретін түтік арқылы екінші пробиркаға өтеді. Суда еріп, оксиметиламин түзіледі. Ол қызыл лакмус түсін көкке бояйды:


2CH3-CH2OH + 2Na2C2H5-ONa + 4H2
O
CH3-C + 4H  CH3-CH2-NH2 + H2O
NH2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет