Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері


Жұмыс. Альдегидтер мен кетондар



бет9/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
ОХТН зертханалық

7.Жұмыс. Альдегидтер мен кетондар
Ацетон алу және оның кейбір қасиеттері. Реактивтер: натрий ацетаты (сусыз), кальций ацетаты, барий ацетаты, иод кристалдары, натрий гидроксиді ерітіндісі, тұз қышқылы, натрийдің нитропруссид ертіндісі (жаңа даярланған), сірке қышқылы, ацетон, бром суы, хлорсутекті гидроксиламин (NH2OH*HCl), сусыз көмір қышқыл натрий тұзы.
Ацетонды органикалық қышқылдардың тұздарын ауасыз жерге қыздыру арқылы алуға болады. Ацетонды өте аз мөлшерде алу үшін пробиркаға 2-3г сусыз натрий ацетатын салып қыздырғанда, 3-4 минуттан кейін пробиркадан ацетон иісі байқалады. Оны жағып көруге болады. Одан қалған затты сода екенін суығаннан кейін тұз қышқылы қосып анықтауға болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Ацетонды көбірек мөлшерде құрғақ кальций ацетатын немесе барий тұзының құммен қоспасын пиролиздеу арқылы алады.
Қабырғасы қалың пробиркаға (1/5) кальций ацетатын немесе барий тұзы мен құмның қоспасын (2:1) салып, штативке орнатады. Пробирканы газ жұретін түтігі бартығынмен тығындап, түтіктің екінші үшін суық су құйылған кристализаторға батырылған суы бар пробиркаға еңгізеді. Пробирканың алдымен барлық жерін, одан кейін қоспа тұрған жерін қатті қыздырады. Алынған тұз ыдырап, тұзілген заттарымен бірге ацетон да суда ериді. Егер ерітінді лайланса, сузеді. Заттың ацетон екенін иод кристалдары және сілті арқылы анықтайды. Сілтіні иод ерігенше және ерітінді түссізденгенше қосқанда иодоформның сарғыш тұнбасы түзіледі. Реакция иодоформ алудағыға ұқсас. Соған сүйене отырып, реакция теңдеуін жазу керек. Тұз салынған пробиркадағы қалдықтың карбонат екенін анықтан үшін, HCl қосқанда көмір қышқыл газдың бөлінуін ізбес суы арқылы анықтайды: CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
Ацетонның еріткіштік қасиеті. Үш пробирка алып біреуін целлюлоид, екіншісіне фотопленка кесіндісін, үшіншісіне ацетатты талшықтан салып, оның үстіне 2-3 мл ацетон құйып, шыны таяқшамен араластырса, қатты заттың бәрі еріп кетеді. Пайда болған ерітінділерді қатты зат бетіне жағып, біраз қойып қойса, ацетон ұшып кетеді де бастапқы зат қатайып, қайтадан әр түрлі пішінге келеді. Ацетонды осы қасиетіне сүйене отырып, кинопленкасы үзілген кезде жалғастырушы зат ретінде қолданады. Ол үшін үзілген пленканың екі ұшына ацетон жағып, бір минуттан кейін бірінің ұшын біріне беттестірсе, жабысып қалады.
Күміс айна реакциясы. Тазартылған пробиркаға 3-4 мл күміс нитратының ерітіндісін құйып, оған 3-4 тамшы аммоний гидроксидінің сұйылтыған ерітіндісін қосады. Алғаш түсі ақ, содан кейін қоңыр тұнба Ag2O түзіледі. Тұнба ерігенше шайқай отырып аммоний гидроксидінің ерітіндісін тағы да тамызады. Пайда болған қоспа күміс оксидінің амиактағы ерітіндісі. Осы қоспаға бірнеше тамшы 5% формалин ерітіндісін қосқанда, реакция жүргені байқалмаса, оны 40º-50º С су жылытқышта немес спирт шамының жалынында аздап қыздырады. Сол кезде пробирканың ішкі қабырғасын күмістің өте жұқа қабаты қаптайды, немесе қара түсті тұнбасы пайда болғаны байқалады.
AgNO3 + NH4OH → AgOH + NH4NO3
2AgOH →Ag2O + H2O
Ag2O + 2NH4OH → 2[Ag(NH3)2]OH + H2O
Жұмыс аяқталғаннан кейін пробиркадағы пайда болған күміс пен құмырсқа қышқыл аммоний тұзын ерігенше азот қышқылының сұйылтылған ерітіндісімен жуу керек.
Формальдегидтің полимерленуі. Фарфор тостағаншаға 5-6 мл формалиннің ерітіндісін құйып, су жылытқышта буландырады. Фарфор тостағаншада қоймалжың смола тәрізді масса түзіледі. Одан әрі қыздырса, қатты параформальдегид смоласы түзіледі, немесе (СН2О)3. Қыздыра берсе, формальдегид қайтадан ыдырап, бүланып кетеді.
Сірке альдегидінің полимерленуі (бірігуі). Пробиркаға 2-3 мл натрий гидроксидін құып, оған бірнеше тамшы сірке альдегідінің ерітіндісін тамызады. Қоспаны біртіндеп қыздырады, ол алдымен сарғыш түсті жағымды иісті альдолға, одан кейін өткір иісті кротональдегидіне, соңында қоңыр тартып, смола тәрізді массаға айналады.
Егер сілті орнына катализатор ретінде минералды қышқылдар (Н2SO4HCl) қосып қыздырса, не циклді (I), не түзу тізбекті (II) полимерлер түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет