Қадірлі жерлестер!



Дата09.07.2016
өлшемі126 Kb.




Шу ауданының әкімі Қ.К.Жабағиевтің
2010 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары туралы есебі


Төле би ауылы 1 ақпан 2011 жыл


Қадірлі жерлестер!
Қазақстан тәуелсіздік алған 19 жылда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біз қиын кезеңдерді бастан өткеріп, тұрақты даму жолына қадам бастық. Біздің мемлекет осы уақытта жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырды. Атап айтқанда, 2010 жылы елімізде болған үлкен саяси оқиғалармен есте қалды. Шу қалалық және ауылдық округтерде өткізілген есепті кездесулерде аудан тұрғындарының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қызу қолдап, жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қуаттайтындығын білдірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» - атты халыққа арналған Жолдауында еліміз үшін айрықша саналатын мәселелерді нақты көрсетіп, айқындай түсті.

Президенттің биылғы жолдауында да қоғамымызды дамытудың жаңа мүмкіндіткері жан-жақты қарастырылғанын, алдымызда талай асулар тұрғандығын айқын байқадық.
Жолдауда үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­ма­сын жалғастыруда нақты міндеттер қойылып, ауылшаруашылығы бойынша өнім өндіруді 2014 жылға дейін 2 есеге арттыру белгіленген. Ет өндіру бағытындағы теңдесіз жобаларды төрт түлік малдың тұқымын асылдандыру мен санын көбейту арқылы жүзеге асыруда біздің алдымызда ауылшаруашылығын индустриализациялау мақсаты тұр.

Сонымен қатар, Жолдауда білім беру, денсаулық сақтау және тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзіне асыру жолдары белгіленген.

Сондай-ақ, биылғы жылдың 1 мамырына дейін жұмыспен қамтудың жаңа стра­те­гиясын, тұрғын үй коммуналдық шаруа­шы­лығын жаңғырту және халықты сапалы ауыз сумен қам­тамасыз етуге арналған бағдарламаларды ел Үкіметі дайындап, қабыл­дамақ. Бұл бағдарламалар еліміздегі мил­лион­да­ған қарапайым адамдардың күн­бе-күнгі мәселелерін шешуге бағыт­тал­ады.

Биылғы Елбасы Жолдауды талқылауға арнайы жиын өткізілетіндіктен оның қалған бөлігін кейінге қалдыруды жөн көрдік.

Кеше ғана Ақордада, Қазақстан халқына арнаған  Үндеуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізбеу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратындығына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін. Тиісті заң Парламетке ұсынылатын болады», - деді Мемлекет басшысы. Сондықтан біз жауапты саяси науқан - Президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге жан-жақты дайындық жасауымыз қажет.


Құрметті жиынға қатысушылар!
Экономика - барлық саланың қозғаушы күші. Бюджетке түскен түсім, әлеуметтік мәселелердің шешілуі және жалпы ауданның әл-ауқаты соған байланысты.

Біздің өңірдегі экономика салаларының жалпы өнімдегі өзіндік салмағы төмендегідей:



  • ауылшаруашылығының үлесі - 41,9 %;

  • құрылыс – 24,1 %;

  • сауда – 18,5 %;

  • өнеркәсіп – 13,8 пайызды құраса, көлік, байланыс және басқа экономикалық салалардың үлесі 1,7 пайызды құрайды.

Өнеркәсіп саласының жылдық қорытындыларын талдар болсақ, өнеркәсіп көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызға өсті. Өнеркәсіп көлемінің аз мөлшерде артуы (36,1 млн. теңге) «Қамқор Локомотив» ЖШС Шу тепловоз жөндеу зауыты филиалының басшыларынан басқа бағыттардағы өнеркәсіптік тауарларды өндіруге күш салып, жаңа технологияларды іздестіруді талап етеді. Осы кәсіпорынның үлесі жалпы өндірістік өнеркәсіп көлемінің 80 пайызға жуығын қамтиды. Ал, кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыстың азаюы біраз қол байлау болуда.

Сонымен қатар, бізге индустриалды-иновациялық бағдарламаларды терең зерделеу қажет. Кейбір бағдарламаны жүзеге асыру жайлы соңғы 5-7 жылдан бері айтылып келеді. Сондықтан, тиімсіз жобалардан бас тартуымыз тиіс. Біздің басты мақсатымыз - қолда бар 8 жобаның (соммасы


19,5 млрд. теңге болатын) ішінен шынайы және қолайлысын таңдап алып, өндіріске енгізу үшін жұмыс істеу. Бұл біздің негізгі қордағы инвестиция көлемінің индексін арттыру жөніндегі ұстанымымызды жақсартуға мүмкіндік тудырады.

Ауданымыздың ауылшаруашылығы экономиканың негізгі кілті болып табылады. Өткен жылы саладағы өндірілген жалпы өнім көлемі 12 млрд. 490,0 млн. теңге болып, 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда


119,7 пайызға өсті. Егіншілік бойынша 48 495 тонна астық, 97 376 тонна – көкөніс, 86 007 тонна – бақша, 4 388 тонна майлы дақылдар жиналды.

Мал шаруашылығы бойынша тірідей салмақтағы ет 103,4 пайызға (14 443 т.), сүт - 103,0 пайызға (33 245 т.), жүн – 103,8 пайызға (596 т.) және жұмыртқа
104,8 пайызға (8 655 мың дана) өндірілді.

Дегенмен, ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 2009 жылмен салыстырғанда артқанымен, әлі де болса шешімін таппай тұрған мәселелер бар.

Шу ауданының негізгі байлығы су мен жер. Осы екі мәселе де менің тұрақты бақылауымда болып келді. Қабылданған шешімдер нәтижесінде 3 су бөгендері, 15 тоған мен 3 қашыртқы су жүйесі коммуналдық меншікке алынып, 61 тоған егесіз нысан ретінде әділет басқармасында есепке қойылды.

Жер комиссиясының жұмысы жүйеге келтіріліп, облыстық жер инспекциясымен тығыз байланыс орнатылды. Нәтижесінде сот шешімімен 12,6 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Пайдаланбаған жерлерді тиімді бизнес жобалары бар шаруашылықтарға конкурстық негізде беру биылғы жылы да жалғасын табады.

Жыл бойы біз тамшылатып суару технологиясын енгізу мәселелерін зерделедік. Тәжірибе алмасу мақсатында ТМД елдерінен мамандар шақырылды. Бүгінгі күнге 112 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалды. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасымен үстіміздегі жылы құны 32,5 млн. теңгеге ұзындығы 9,5 шақырым электр желісінің құрылысына мемелекеттік сатып алу конкурсы өткізілмек. Үстіміздегі жылы тамшылатып суғару жобасын енгізу жүзеге асырылады деп ойлаймын. Осы орайда, бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда көрсеткен көмегіңіз үшін Мұрабтай Сматайұлы, Сізге, алғысымды білдіргім келеді.

Өткен жылы мал шаруашылығы бойынша ветеринариялық жұмысы жолға қойылып, коммуналдық ветеринарлық мекемесі құрылды.

Ауданның барлық елді-мекендерінде


19 арнайы мал өлекселерін тастайтын шұңқырлар жасалынып, «Сібір жарасы» ауруының ошақтары анықталып, оларды қоршау жұмыстары аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен ДУК жабдығы алынып, жоспарланған барлық жұқпалы ауруларға қарсы ветеринарлық іс-шаралар уақтылы орындалды. Алайда, бұл салада да шешімі кезек күттірмейтін мәселелер бар.

Бұл - жалпы аграрлық саланы жандандыруда өз ой жүйелерімізді қайта бір електен өткізуді қажет етеді.

Үстіміздегі жылы төмендегі міндеттерді орындауға тиістіміз:



  • тиімділігі төмен шағын шаруашылықтарды АТК негізінде біріктіріп, қайта құру жұмыстарын жалғастыру;

  • облыстың асыл тұқымды шаруашылықтарының мүмкіншілігін пайдалана отырып, селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жолға қою;

  • мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтар құру бағытындағы жұмыстарды күшейту;

  • «Шу Сервис» СДО-ның мүмкіншілігін тиімді пайдалану мақсатында оны орталыққа көшіру, ауылшаруашылығының ескірген техникалар паркін жаңалау;

  • игерілмей жатқан егіс көлемдерін азайту;

  • жылыжайлар ашу жөніндегі іс-тәжірибені енгізу.

Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі өз жұмыстарын осындай күн талабына сай бейімдеулері керек. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кәсіпкерлерік бастаманы дамытуға тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Біздің өңірде шағын және орта бизнес едәуір қарқынмен дамыған. Алайда, біз өнеркәсіптік қызметтерге емес, қызмет көрсету саласына қарай басымдық берудеміз. Аудан көлемінде 4 орта, 112 шағын және 1796 жеке кәсіпкерлер халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Саладағы өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 4 млрд. 189 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға артты. Алайда, бөлшек сауда көлемі 313,8 млн. теңгеге төмендеді.

Бұл салада 1992, 2000 жылдары ашылған «бір күндік фирмалар» - деп аталатын мекемелерге талдау жүргізу қажет. Бұл фирмалар аудандық статистика басқармасында ресми түрде есепте тұрғанымен, көп жылдардан бері жұмыс істемейтіндердің санатында.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті Нұрымбет Аманұлы, бұл мәселелердің заң талаптарына сәйкес шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын. Өйткені, заң бойынша мекемені жауып, есептен шығаруды оның қожайыны шешуі тиіс. Тіркеуде тұрған мұндай фирманы жабу үшін, оның иесі қалтасынан шамамен 40-50 мыңдай теңге шығарып, төлеуден қашып отыр. Ал, әзірше біздің бұл бағыттағы жұмысымыздың нәтижесі аз. Соңғы он жыл ішінде мұндай мекемелердің саны 100-ден асты. Бұл, салық жинау базасын жақсарту жұмысына елеулі әсер етуде.

2010 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 2 млрд. 299 млн.теңгені құрап, жоспар 101,3 пайызға орындалды.

Бізде республикалық бюджет 22,2 млн. теңгеге артық орындалды немесе 115,1 пайыз.

Облыстық бюджетке түсімнің жоспары
691,3 млн. теңге болса, нақты түскені 746,3 млн. теңгені құрап, түсім 107,9 пайызға немесе 54,9 млн. теңгеге артық орындалды.

Аудандық бюджет түсімі 1 млрд. 384,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда


595,6 млн. теңге артық жиналды немесе бұл екі есеге көп.

Алайда облыстық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша өткен жылдың қараша айында аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 98,5 млн. теңгеге көбейтіліп, бұл аудандық бюджеттің орындалуына кері әсерін тигізді. Осының салдарынан бюджеттің кіріс бөлігінің көрсеткіші


96,7 пайызбен шектелді.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 47,6 млн. теңге игерілмей, игеру көрсеткіші 98,0 пайызды құрады. Себебі,


Шу қаласы Орынбаев көшесіндегі мектеп құрылысы мен Төле би ауылындағы су құбырлары жүйелерін жүргізуші алматылық «Самғау» ЖШС-нен мемлекеттік комиссияның пайдалануға қабылдамауынан бөлінген қаржының 25,5 млн. теңгесі игерілмей қалды. Ал, эпизоотияға қарсы және ветеринарлық шаралар бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсына бөлінген қаржыны үнемдеудің нәтижесінде
9,2 млн. теңге игерілмеді.

Бюджет саласында біз төмендегідей басымдықтарды анықтадық:



  • бұл, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық тәртібін нығайту және мониторинг бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;

  • есепте жоқ салық салу нысандарын, кәсіпкерлік іс-әрекетті тіркеусіз жүргізушілерді, жалған мекен-жайға тіркелген мекемелерді нақтылап, түгендеу;

  • тау-кен өндірісі бойынша ірі кәсіпорындарды салық комитетіне салық төлеуші ретінде тіркеуге қою (Шатырқұл, «Ер-Тай» ЖШС).


Құрметті жиынға қатысушылар!
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы аясында едәуір тірлік атқарылып, қаламыз бен ауылдарымыз абаттана түсті.

Өткен жылы 1 млрд. 140,7 млн. теңгеге 20 нысанды жөндеуден өткізу жоспарланып, республикалық бюджеттен 678,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 462,4 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында аудан аумағындағы бірнеше бағыттағы жолдар, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау нысандары мен каналдар әр түрлі деңгейдегі жөндеуден өткізілді.

Бүгінгі күнде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесі өткір тұрғандықтан бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Шу қаласы мен бірнеше ауылдарда су жүйелері қайта жаңғыртылып, су құбырлары жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін үстіміздегі жылы Алға, Бәйдібек, Ақсу ауылдарындағы су жүйелерінің жұмыстарын аяқтауға, Жаңа жол ауылындағы су құбырларының ІІ-кезегін қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 576 млн. 250 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек әр уақытта назарымызда. 2010 жылы бұл мақсатқа бөлінген барлық қаржы мөлшері толықтай игерілді. Жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде және белгіленген мерзімге сай жүргізілді. Кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету бойынша нақты істер атқарылды. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жөніндегі әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде


1952 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2011 жылғы 1 қаңтарына ауданда 2693 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың 405-і жаңа жұмыс орындарына, 481-і бос жұмыс орындарына, 1547-і маусымдық және уақытша жұмыстарға орналастырылды.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандарда жолдамамен жұмыспен қамту 2009 жылмен салыстырғанда 200 адамға артып,
731 адамды құрады. Жоспар 101,6 пайызға орындалды.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген кедейшілік шегінен төмен 2389 адам саны (кедейшілік деңгейі 2,5 пайыз)


2011 жылдың 1 қаңтарына 1799 адамды немесе 1,8 пайызды құрады.

Кедейшіліктің негізгі бөлігі аудан тұрғындарының


40 пайызы тұратын Шу қаласында тіркеліп отыр.
2010 жылдың басында қалада 959 адам тіркелсе, қазіргі кезде 588 адам есепте тұрады. Яғни, кедейшілік көрсеткіші
2,9 пайыздан 2,0 пайызға төмендеді.

Аудан бойынша кедейшілікті төмендетуге қаралған қаржы көлемдері 2010 жылмен салыстырғанда өсіп отыр. 2010 жылы бұл мақсатта 13,0 млн. теңге игерілсе, 2011 жылға 23,0 млн. теңге қарастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орнына 2010 жылы аудандық бюджеттен 791,0 мың теңге бөлінсе, 2011 жылға 15,6 млн. теңге қаралып, 14,8 млн. теңгеге көбейіп отыр.

Білім саласы бойынша есепті кезең ішінде мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің техникалық базасын нығайту бойынша нақты жұмыстар атқарылды.

Өткен жылдың бірінші жартысында-ақ мектеп жасына дейінгі балаларды оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда.

Бағдарлама шеңберінде мектеп жанынан
6 шағын орталықтар ашылып, 175 бүлдіршін және 100 бала балабақшаларда ашылған қосымша топтарда тәрбиемен қамтылды.

Жеке сектордан екі балабақша ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылып, бүгінгі күнде оларда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шу қаласындағы 780 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілгенен кейін, «Қосқұдық» шағын ауданынан тағы бір балабақша ғимаратын жөндеуге қаржы бюджеттен қарастырылды.

Үстіміздегі жыл білім сапасын көтеру жылы болып табылады. Себебі, 2009-2010 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы - 65,0 балды құрап, бұл облыстық көрсеткіштен 11,1 баллға төмен.

ҰБТ қорытындысы бойынша кадрлық алмастырулар жүргізіліп, білім үлгерімі төмен 10 мектеп қатаң бақылауға алынды. 284 мұғалім тестілеуден өткізіліп, 36 мұғалім ҰБТ пәндері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Келешекте ҰБТ-ға қатысушы әрбір оқушыға дайындықтың жеке жоспары белгіленді. Қабылданған шаралар биылғы оқу жылында өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Өйткені, білім саласын қаржыландыруға 2011 жылы мемлекеттік бюджеттен 3 млрд 725 млн 274 мың теңге бөлінді. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 480 млн 469 мың теңгеге көбейді.

Білім мен ілім, тіл мен діл, тәлім мен тәрбие, өсиет пен өнеге халқымыз үшін қашанда қасиетті ұғымдар. Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы – еліміздің ертеңгі болашағы. Осы орайда, олардың саналы тәрбие, сапалы білім алуы, оқу процестеріне жаңа технологиялық үдерістерді енгізуге тікелей байланысты. Ол үшін мектептердің техникалық базаларын бүгінгі күннің талабына сай жабдықтау керек. Алайда, аудандағы барлық білім ордаларының материалдық-техникалық базаларын жыл сайынғы бюджеттен бөлінген қаржымен жаңарту мүмкін емес.

Аудандағы тұрғындар денсаулығын жақсартуда және оларға сапалы дәрігерлік көмек көрсетуде жан-жақты қамқорлықтар жасалынып келеді.

2010 жылы Көктөбе, Жаңа жол, Алға ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашылып, пайдалануға берілді. Бірлікүстем ауылында 97 млн. 292 мың теңгеге дәрігерлік амбулаторияның өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары, бүгінде жалғасуда.

Сондай-ақ, облыстық бюджет қаржысына аудандық орталық емхана мен Шоқпар ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді.

«100 мектеп, 100 аурухана салу бағдарламасын» іске асыру мақсатында Төле би ауылындағы сметалық құны
3 млрд. 740 млн. 996,0 мың теңге тұратын 150 төсек орындық орталық аурухана құрылысы жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында тұрғындар денсаулығын жақсарту бағдарламасын орындау мақсатында төмендегі жұмыстар ағымдағы жылы атқарылуы қажет:


  • денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық қорын нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

  • нәресте өлімін, туберкулез және онкологиялық арулардың көрсеткішін төмендету;

  • дәрігер мамандармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету.

Аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына аурулардың алдын алудағы жұмыстарының өз деңгейінде емес екендігін тағы да ескерткім келеді.
2010 жылы 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны -
34 немесе жалпы туылған нәрестелердің санына шаққанда 15,7 пайызды құрады. Ал, 2009 жылы 38 бала шетінеп, көрсеткіш 17,0 пайызды құраған. Яғни, 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 2009 жылмен салыстырғанда 4 балаға кеміген. Бұл, меніңше, қанағаттанарлық көрсеткіш емес. Ауруларды сауықтырудың орнына Тараз қаласына жолдама бере салу мысалдары көп кездеседі. Сондықтан, дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты және жүйелі жұмыстар атқарылуы қажет.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге тәжрибелі дәрігерлерді, жас мамандарды тарту жұмыстарын жандандырған жөн.

Өткен, 2010 жылы жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес 26-білім беру, 15-денсаулық сақтау, 3-мәдениет пен спорт саласының мамандарының әрқайсысына 98,0 мың теңгеден
1 реттік әлеуметтік көмек көрсетілсе, 25 маманға 630 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде 22 млн. 286 мың теңге тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілді.

Тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, біз денешынықтыру мәселесіне жете көңіл бөлудеміз. Себебі, «Спорт-денсаулық кепілі».

Елбасының тұрғындардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту туралы өткен жылғы халыққа Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес көптеген жылдар бойы жөндеу көрмеген Төле би ауылындағы С.Хасенов атындағы және Белбасар ауылындағы Х.Сауранбаев атындағы стадиондар жөнделуден өткізілді. Сондай-ақ Қонаев, Көктөбе ауылдарында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бокс залдары ашылды. Шу қаласы мен Төле би ауылдарында 8 спорттық және 12 балалар алаңдары пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға демеушілерден 46 млн. теңге қаржы тартылды.

Ағымдағы жылы бізге басқа да спорттық нысандарды тәртіпке келтіру міндеті тұр. Қолда бар 191 спорт нысандарының көбісі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу барысында білім мекемелері жанындағы спорт нысандарын да жөндеуден өткізуді назарға алуымыз керек. (С.Сейфуллин ат. орта мектебі Шу қаласы)


Сонымен қатар, Шу қалалық және ауылдық округтері әкімдері өздеріндегі 17 спорт әдіскерлерінің жұмыстарына дұрыс бағыт берулері тиіс.

Елімізде VII-ші Қысқы Азия ойындарының басталуы қарсаңында, яғни 29 қаңтар күні өткізілген «Денсаулық күні» ұзындығы 12 шақырым 700 метр қашықтықты қамтитын, оған 30 мекеме, 7900 адам қатысқан алау эстафетасының салтанатты шеруі ауданымыздағы бұқаралық спортқа деген саяси көзқарасының жаңа бір көрінісі деп санаймын.

Ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер бөлімі белсенді жұмыстар атқарып келеді. Аудан әкімдігі мен мемлекеттік органдардың жетекшілері өз учаскелерінде жемқорлыққа қарсы күрес пен заң бұзушылыққа қарсы жұмыстарын жандандырулары тиіс. Біз өз тарапымыздан бірлескен кез-келген қылмыс пен заң бұзушылықтың деңгейін төмендетудің іс-жоспарын қабылдауымыз керек.

2010 жылы жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауда ауқымды істер атқарылды. Бұл жұмыстарға 178,0 млн теңге жұмсалды. Облыс әкімі Қ.А.Бозымбаевтың 2011 жылды «Жол жылы» - деп атауына байланысты аудандық бюджеттен


120 млн. теңге бөлінді. Жалпы, барлық бюджеттен 398,1 млн. теңге қарастырылып отыр. Мұндай қомақты қаржы соңғы
20 жыл бойына жол жөндеуге бөлінген емес.

Сондай-ақ, елді-мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмыстары жалғасын таба береді.

2010 жылы Шу қаласы мен 18 елді-мекендерде 22 дана қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын полигондардың кең көлемді картасын сызып, нормативтік құжаттарын дайындау үшін «Евразия-Консалтинг» ЖШС-мен 2 889 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Бүгінгі күні полигондардың мемлекеттік актісі толығымен алынып, облыстық табиғатты қорғау және пайдалану басқармасынан полигондарды заңдастырып, қоқыс төгуге рұқсат қағазын (эмиссия) алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шу қаласына қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салудың 1-ші кезеңіне үстіміздегі жылға 83 091 мың теңге, 2012 жылға 83 091 мың теңге облыстық «Қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту» бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесіне сәйкес бөлінді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «...Әрбір елді мекен әрі таза, әрі әдемі, тұрмысқа қолайлы, жұмыс пен демалыс үшін ыңғайлы болуы керек.

Нақ осы тұрғыда біз бүкіл келесі 2011 жылды “Тәуелсіздіктің 20 жылы” ұраны­мен өткізуге тиіспіз. Нақ осында миллиондаған азаматтар­дың ел мерейтойына әзірлікті патриоттық сезімен қабылдауы тиіс...» - деген болатын. Сондықтан біз қадірлі Шулықтар, бұл ұстанымды әр ауылға, әр көшеге және әр үйге жеткізуіміз тиіс.


Уважаемые участники отчета!
В послании Главы государства даны четкие указания по модернизации жилищно-коммунального хозяйства. Это естественно, в первую очередь касается города Шу. На протяжении многих лет коммунальный сектор города финансировался по остаточному принципу, в результате чего на сегодняшний день более половины инженерных коммуникаций требуют ремонта или замены.

Так, только по городу Шу из имеющихся – 123,4 км. водопроводных сетей, требуют ремонта 30 км.; из 54,7 км. канализационных сетей требуют замены – 8 км. Из имеющихся – 16,7 км. тепловых сетей города подлежит реконструкции и ремонту – 5,4 км. сетей или 32 %.

В рамках «Дорожной карты» в 2010 году мы провели большую работу по ремонту объектов инженерно-коммуникационной инфраструктуры. Проведены работы по реконструкции ІІ очереди водопроводной сети жилого массива Коскудук, тепловых, канализационных сетей и очистных сооружений на общую сумму 500,3 млн. тенге.

Эту работу необходимо продолжить.

Всего в городе имеется 124 многоквартирных дома, 46 из них расположены в микрорайоне «Запад» - в 7 домах
требуется срочный ремонт кровли и в 6 домах замена и ремонт внутридомовых и подвальных тепловых сетей. Учитывая то, что юридически, выполнение вышеуказанных работ относится к зоне ответственности самих жильцов, нами в течении года было оказано содействие жильцам в узаконении жилищных отношений. В результате чего было образовано 46 кондоминиумов. Только так мы сможем улучшить жилищные условия и повысить ответственность граждан за сохранность своего имущества. В настоящее время прорабатывается вопрос об оказании им помощи в виде жилищных пособий, назначаемых гражданам в сумме – 7,5 млн. тенге, что больше уровня 2010 года на
2,5 млн. тенге.

Генеральный план города Шу был изготовлен в


1983 году. В связи с динамичным развитием строительства в частном секторе, социальных и производственных объектов, возникла необходимость в развитии инженерно-коммуникационной инфраструктуры, которая без разработки генерального плана застройки невозможна. В 2008 году для обновления генерального плана города Шу на проектные работы было выделено 10 млн. тенге. Установлены новые административные границы города. Однако на завершение работ по изготовлению генерального плана необходимо еще 30 млн. тенге.

Также требует изменения генеральный план районного центра села Толе би, который был изготовлен в 1980 году. На его обновление за счет средств областного бюджета в текущем году выделено 20 млн. 510 тыс. тенге. Что позволит в будущем более оперативнее решать вышеуказанные вопросы в коммунальном секторе.

Не менее проблемной остается вопрос обеспечения города электроэнергией. Всего по городу имеется –
167 трансформаторных подстанций, из них 55 единиц или
33 % находятся на балансе Шуского Гор РЭС, а 67 % или
112 единиц в частном секторе. Состояние подстанций желает оставлять лучшего, они изношены и требуют замены,
так же как и 278 км. воздушных электролиний. Эти линии «держатся» на 3580 деревянных столбах и 1833 столбах с железобетонными приставками, большинство из которых были установлены еще в прошлом столетии. Только в г.Шу требует срочной, немедленной замены – 156 опор. Почему я акцентирую Ваше внимание на состоянии энергетики в г.Шу, потому что положение дел в сельских округах еще хуже. Буквально в каждом населенном пункте поднимался вопрос о проблемах с электроэнергией.

Поэтому думаю, что принятие координальных мер в этом вопросе со стороны «хозяев» Жамбылских электрических сетей – не терпит отлагательств, в связи с чем уважаемый Муратбай Сматаевич прошу Вас оказать содействие в решении данной проблемы.

Отрадно то, что руководством области взят курс на обеспечение населения области электроэнергией из альтернативных источников, т.е. посредством внедрения малых ГЭС и ветряных электростанций. В нашем районе уже в этом году планируется строительство малой ГЭС на Тасуткельском водохранилище – мощностью 9,2 мега ватта.

Нами уже отведен и получен государственный акт на участок плошадью 4,6 га. для «Компании АиТ энерго».

Кроме того, на днях ожидается приезд квалифицированных специалистов по выбору земельного участка площадью 10 га. в Шокпарской ветровой зоне, для установки ветряных электростанций. Население района приветствует креативность принимаемых решений Акима области К.А.Бозымбаева в этом деле, как и в других вопросах направленных на улучшение жизни и благосостояния населения области.
Құрметті аудан тұрғындары!
Аудан өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде едәуір шараларды жүзеге асырсақ та, әлі де түйіні шешілмеген мәселелер аз емес.
Өткен жылғы есеп беру жиынына тоқталатын болсақ, аудан тұрғындары тарапынан 91 ұсыныс түскен болатын. Оның 76-на жиын барысында нақты жауап берілді. 15 мәселе бақылауға алынып, оның 12-і өз шешімін тапты. Қалған үш мәселенің орындалу мерзімі қаржы тапшылығына байланысты келер жылдардың еншісіне қалдырылды.

Бүгінгі жиналысымызға дейін аудандығы 18 ауылдық округтер мен Шу қаласының тұрғындарымен менің 19 есеп беру кездесулерім өтіп, оған 4810 адам қатысты. Есепті кездесулерде тұрғындар тарапынан барлығы 35 сауалдар қойылды. Сұрақтардың 5-і ауыз су бойынша, 9-ы мәдениет нысандарын жөндеу және олардың құрылысы бойынша,


2-і -жолдарды жөндеу, 7-і газдандыру және телефондандыру туралы, абаттандару және экологиялық және санитарлық жағдай жөнінде -1, 11-і әртүрлі мәселер.

Кездесулер барысында тұрғындардан түскен сұрақтар алдағы уақытта сараптамадан өткізіледі және оларды жүзеге асырудың іс-шара жоспары қабылданып, шешімін табады.


Қадірлі қауым!

Бүгінгі жиында барлық шаруа шешімін тапты деп айта алмаймын. Өмір толқынынан туындап жатқан проблемалар өте көп. Біз оның ешқайсысын бөлектеп, бөлмейміз.



Олай болса, аға ұрпақ өкілдері іс-тәжірибелерімен, қатардағы еңбеккерлер іскерлігімен, мемлекеттік қызметшілер қабілеттілігімен көмектерін көрсете білсе, ауданымыздың абыройы арта беретіндігіне ешбір талас жоқ.
Каталог: userfiles -> file -> shu
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
file -> Келісемін бекітемін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Сырдария ауданының әкімі
file -> Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспар
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезең
file -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет