Адренергические средства


ЭПИНЕФРИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ



бет3/6
Дата24.10.2023
өлшемі469 Kb.
#481536
1   2   3   4   5   6
АДРЕНЕРГИЧЕСКИЕ 4

ЭПИНЕФРИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • анафилактикалық шок
  • аллергиялық генезді бронхоспазм кезінде
  • Жергілікті анестетиктер ерітіндісіне қосып қолданады
  • Жүректің тоқтауында қолданады

ЭПИНЕФРИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

  • 1) Жеңіл мазасыздық, тремор, қозу. Бұл әсерлердің көрінісі ұзаққа созылмайды.
  • 2) Венаға еккен кезде қарыншалық фибрилляциялы жүрек аритмиясына әкеп соқтырады.
  • Катехоламиндрге миокардтың сезімталдығын жоғарылататын заттармен (наркозға арналған заттар) қосып енгізгенде аритмия өте қауіпті болады.
  • 3) өкпе ісіңуі болуы мүмкін.

ЭФЕДРИН - симпатомимтеик

  • Әсер ету механизмі:
  • симпатикалық талшықтардың варикозды кеңеюлерінен норадреналин медиаторының босап шығуына ықпал жасайды.
  • ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ эпинефринге ұқсас: Жүректің қызметін ынталандырады, артериялық қысымды жоғарылатады, бронхолитикалық әсер көрсетеді, ішек перистальтикасын төмендетеді, көз қарашығын кеңейтеді, қаңқа бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады, гипергликемия туғызады
  • Бұл әсерлер баяу дамиды, бірақ ұзаққа созылады.
  • ОНЖ-не әсер өтеді: ынталандырғыш әсері айқын (психостимулятор, допинг).
  • Осыған байланысты психиатриялық және анестезиологиялық клиникада айтарлықтай
  • қолданылады

Эфедриннің жанама әсерлері

  • Қан қысымының жоғарылауы
  • Жүректің қатты соғуы, тахикардия
  • Стенокардия ұстамалары
  • Бас ауыруы
  • Тремор.
  • Қозу, сана сезімнің бұзылуы
  • Ұйқының бұзылуы
  • Психоз, галлюцинациялар
  • депрессия
  • Эфедринді 10-30 минуттан кейін қайталап енгізсе ТАХИФИЛАКСИЯ дамиды, яғни жауап қайтару дәрежесінің төмеңдеуі болады. Бұл норадреналин қорының жылдам төмеңдеуіне байланысты.
  • Дәріге тәуелділік (психикалық)

ЭФЕДРИНДІ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ :

  • бронхиальды ентікпе
  • созылмалы гипотония кезінде
  • мұрынның бітелуі кезінде
  • AV-тежелулерінде
  • ұйықтатқыш және наркотикалық заттармен, уланған кезде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет