Аәд жөніндегі тест тапсырмалары туралы


Әскери қызметтің негізі жөнінде тесті тапсырмалары



бет3/8
Дата12.06.2023
өлшемі0.69 Mb.
#474967
түріТесты
1   2   3   4   5   6   7   8
test1

Әскери қызметтің негізі жөнінде тесті тапсырмалары

1. Кез келген мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚК болу қажеттілігі неде:


А) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
B) ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
C) сыртқы жау күштерінен қорғау;
D) Қазақстанның әуе, теңіз және құрлық шекарасын күзету;
E) ТМД ҚК бірлесіп, ҚР аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету.

2. «Жаттығуда ауыр болса, ұрыста жеңіл болады» деген қанатты сөздің авторын атаңыз:


А) Абылай хан;
B) Бауыржан Момышұлы;
C) Жуков Г.К;
D) Суворов АВ
E) Сталин И.С.

3. Кеңес (Қызыл) армиясының «туған» күнін атаңыз:


А) 07.11.1918 ж.;
B) 23.02.1917 ж.;
C) 01.01.1918 ж.;
D) 07.11.1917 ж.;
E) 23.02.1918 ж.

4. ҚР ҚК негізгі түрлерін атаңыз:


А) құрлықтағы әскерлер, Аэроұтқыр күштері, ӘТФ;
B) құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері, ӘТК, Аэроұтқыр күштері;
C) құрлықтағы әскерлер, ӘТК, Ішкі әскерлер, Әуе қорғанысы күштері;
D) Әскери - әуе күштері, ӘТФ, құрлықтағы әскерлер;
Е) Шекара әскері, құрлықтағы әскерлер, ӘӘК, ӘТФ.
5. Құрлықтағы әскерлердің құрылымын атаңыз (қандай әскер түрлерінен тұрады):
А) мотоатқыштар, артиллерия, арнайы;
B) мотоатқыштар, танкілік, артиллерия;
C) мотоатқыштар, артиллерия, танкілік, арнайы;
D) әскердің жалпы және арнайы әскер түрлері;
Е) мотоатқыштар, инженерлік, танкілік, артиллерия.
6. Әуе қорғанысы күштерінің құрылымын атаңыз:
А) әуе қорғанысына қарсы әскер, ӘӘК;
B) ӘӘК, артиллерия;
C) ӘӘК, әуе қорғанысына қарсы әскер, артиллерия;
D) ракеталық әскерлер, ӘӘК;
Е) әскери-ғарыштық күш, әуе қорғанысына қарсы әскер.
7. Басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға не кіретінін атаңыз:
А) Ішкі әскерлер, ІІМ ӘСБ, Республикалық ұлан, Президенттің күзет қызметі;
B) Ішкі әскерлер, ТЖМ әскерлері, ҚР ҰҚК шекара әскерлері, ПКҚ;
C) Ішкі әскерлер, ІІМ ӘСБ, Республикалық ұлан, ТЖМ әскерлері, шекара
әскерлері, ПКК, әскери прокуратура;
D) Ұлттық ұлан, ПКК, ҚР ІІМ ӘСБ ішкі әскерлері, әскери прокуратура, шекара
әскерлері, ТЖМ әскерлері;
Е) теміржол әскерлері, ішкі әскерлер, шекара әскерлері, ТЖМ әскерлері,
Ұлттық ұлан.

8. ҚР ҚК жасақтау жолдарын атаңыз:


А) әскерге шақырылатын әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер;
B) әскерге шақырылатын, келісімшарттағы әскери қызметшілері, азаматтық
қызметшілер;
C) әскерге шақырылатын, келісімшарттық әскери қызметшілері, азаматтық
қызметшілер, әскери жаттықтырылған резерв;
D) шақырылатын, келісімшарттық және шарт бойынша әскери қызметшілер;
E) шақырылатын және ерікті түрдегі әскери қызметшілер.

9. ҚР ҚК тікелей басқаратын лауазымды тұлғаны атаңыз:


А) Қорғаныс министрі;
B) ҚР Президенті;
C) Премьер-Министр;
D) ҚК штаб бастықтарының комитет төрағасы;
E) Мәжіліс төрағасы.
10. ҚР қазіргі заманғы даму кезіндегі ҚК негізгі міндеттерін атаңыз:
А) ядролық ұстамдылықты қамтамасыз ету, бітімгершілік қызметті жүзеге асыру;
B) әуе-космос шабуылынан бейбіт кезеңде елді қорғауды қамтамасыз ету;
C) А + В;
D) бейбіт уақытта сыртқы шабуылдан елді қорғауды қамтамасыз ету, бітімгершілік қызметті жүзеге асыру.
E) бейбіт уақытта елді сыртқы шабуылдан қорғауды қамтамасыз ету, терроршылдықпен күрес.
11. «ҚР қорғау жөніндегі азаматтың міндеттерін» дұрыс құрыңыз:
А) ҚР қорғау оның азаматының құрметті борышы және міндеті болып табылады;
B) ҚР қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы болып табылады;
C) ҚР қорғау оның азаматының құрметті міндеті және борышы болып табылады;
D) Отанды қорғау – бұл шақыру жасындағы барлық азаматтардың әскери қызметті міндетті атқаруы;
E) Отанды қорғау – бұл әскерді ұстау үшін азаматтардың салықты уақытында міндетті төлеуі.
12. Әскери қызметшінің негізгі қызметін атаңыз:
А) әскери қызметші әскери тәртіпті сақтауға, оны сеніп берілген қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және әзірлікте ұстауға міндетті;
В) әскери қызметші Отанды қорғауды жүзеге асыруға, ал қажет болса, оны қорғауға дайын;
С) әскери қызметші оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға міндетті;
D) әскери қызметші – Отан қорғаушы, сол себептен ол қорғауды жүзеге асыруға дайын, ал қажет кезінде оны жүзеге асырады;
Е) әскери қызметші ҚР азаматы ретінде әскери қызметтің заңмен бекітілген мерзімін адал өткеруге міндетті.

13. «Патриотизм» ұғымының негізгі құрамдас бөліктері қандай?


А) Отанын сүю, халықтың табыстары мен жеңісін мақтаныш ету;
B) Өз халқын сүю, сәтсіздіктері мен жеңілістеріне күйіну;
C) Отанын, өз халқын сүю, оның табыстарын мақтаныш ету, сәтсіздіктері мен жеңілістеріне күйіну;
D) Өз Отанына, халқына адалдығы, оны жаудан қорғауға талпыну;
Е) Отанын сүю, оның мүдделеріне қызмет етуге талпыну.

14. Отан қорғаушысының әскери жалдамалыдан айырмашылығын атаңыз:


А) патриотизм;
B) әскери борышына шынайы берілгендік;
C) батылдық, ерлік;
D) әскери борышына шынай берілгендік, патриотизм;
E) келісімшарт бойынша әскери қызметті атқару.

15. Отан қорғаушылар күнін атаңыз:


А) 25 тамыз;
B) 9 мамыр;
C) 7 мамыр;
D) 23 ақпан;
E) 16 желтоқсан.
16. ҰОС партизан қозғалысына қатысқан қазақстандық батырларды (2 адам) атаңыз:
А) Қ. Қайсенов, Б.Момышұлы;
B) С.Ковпак, В.Талалихин;
C) С. Нұрмағанбетов, А. Маресьев;
D) А.Молдағұлова, М.Мәметова.
E) С. Рахимов, Р. Қошқарбаев.
17. Достық жолдастықтан қалай ерекшеленеді:
А) тек жеке проблемалар, қиындықтарды шешу кезіндегі достардың бір-біріне көмегі;
B) қиындықтарды достармен бірге жеңе білу;
C) жолдастың көмегімен жеке қиындықтарды шешу;
D) қиындыққа ұшыраған жолдасына көмек көрсету;
E) әскери мамандықты меңгеру кезінде досына көмек көрсету.

18. Нағыз жолдастықтың айрықша ерекшелігін атаңыз:


А) адалдық, жауапкершілік;
B) адалдық, бір-біріне көмегі;
C) бір-біріне көмегі;
D) жауапкершілік, бір-біріне көмек.
Е) қаза болған жолдастарды еске алу.
19. Жолдастық шеңберіндегі жауапкершіліктің нені білдіретінін атаңыз:
А) берілген тапсырманы орындауда жеке адалдық;
B) командирден тапсырма алу кезінде серігінің жұмыс үлесін орындауда қиындықтарды өзіне ала білу дайындығы;
C) серік еңбегін өзіне алуға ерікті дайындық, жолдастың жауапкершілігін азайту үшін, оның жұмысының үлесін орындауға көмек көрсету;
D) серігінің еңбегін өзіне алуға ерікті дайындық және ортақ іс міндеттерін шешуге көмектесу үшін, оның жұмысының үлесін орындауға көмек көрсету.
E) өзіне және жолдасына орындау үшін, командирден алынған міндеттерді тең бөліп орындауға дайындық.
20. Әскери жолдастықтың принциптерін бұзу деп нені айтуға болады?
А) Жарғылық қатынастар (ары мен абыройын қорлау), қызметкерлерді жәбірлеу;
B) Абыройын кемсіту, жолдасын жәбірлеу;
C) жолдасына өзінің лауазымды міндеттерінің бір бөлігін орындауды «жүктеу»;
D) Әскери ұжымда жанжалдық жағдайға ұшыраған жолдасына көмек көрсетпеу;
Е) жас жауынгерлерге тәжірибелі әскери қызметшілердің дұрыс емес қатынасы.
21.Өзара қатынастардың жарғылық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түрін және бұл жауапкершіліктің барынша көп шамасын атаңыз:
А) тәртіптік жауапкершілік, тәртіптік батальонда 3-жылға дейінгі мерзімде ұстау;
B) қылмыстық жауапкершілік, 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру;
C) қылмыстық жауапкершілік, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
D) қылмыстық жауапкершілік, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
E) тәртіптік жауапкершілік, атқаратын қызметтің толықтай, қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту.

22. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы әрбір әскери қызметшіге нені білдіреді:


А) Отан қорғаудың қасиетті парызы туралы;
B) батырлық дәстүрлер мен Отанды қорғаудың қасиетті парызы туралы;
C) Отан қорғаудың қасиетті парызы, әркімнің құрмет белгісіне құрметпен қарауы туралы;
D) Әскери қызметшінің ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға қатынасы;
E) тарих, әскери бөлімнің сіңірген еңбегі туралы.

23. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы жоғалуынан туындайтын салдарларды атаңыз:


А) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
B) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер қылмыстық жазаға тартылады, бөлім таратылады;
C) бөлім командирі және Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлі сотқа беріледі, бөлім таратылады;
D) Жауынгерлік тудың жоғалуына тікелей кінәлілер, әскери трибуналдың сотына беріледі, бөлім өзіне жүктелген жауынгерлік және қызметтік міндеттерді орындауды жалғастырады.
E) Жауынгерлік тудың жоғалуына кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, бөлімге жаңа Жауынгерлік ту тапсырылады.

24. ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда жүзеге асырылатын барынша маңызды рәсімдерді атаңыз:


А) әскери ант қабылдау, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді шығарып салу;
B) әскери ант қабылдау, Жауынгерлік туды тапсыру; ардагерлерге құрмет көрсету;
C) әскери ант қабылдау, Жауынгерлік туды тапсыру, жас жауынгерлерге қару-жарақ пен әскери техниканы тапсыру, запасқа жіберілген әскери қызметшілерді шығарып салу, ардагерлерге құрмет көрсету;
D) Жауынгерлік туды тапсыру, әскери ант қабылдау, жас жауынгерлерге қару –жарақ пен әскери техниканы тапсыру, жауынгерлік қызметке қабылдау, ардагерлерге құрмет көрсету.
E) әскери ант беру, ардагерлерге құрмет көрсету, Жауынгерлік туды тапсыру, жас жауынгерлерді қабылдау, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді шығарып салу.

25. Ұлы Отан соғысы кезіндегі үш орденді атаңыз:


А) Жауынгерлік Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Нахимов ордені;
B) Қызыл Жұлдыз ордені, «Отанға қызметі үшін» ордені, Жеңіс ордені;
C) Еңбек Қызыл Ту ордені, Богдан Хмельницкий ордені, Суворов ордені;
D) Жеңіс ордені, Үш дәрежелі Даңқ ордені, Нахимов ордені;
Е) Ушаков ордені, Ленин ордені, үш дәрежелі Даңқ ордені.

26. Азаматтардың әскери міндеттерінің мазмұны ашылатын ҚР заңын атаңыз:


А) "Қорғаныс және ҚК туралы" заңы;
B) "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" заңы;
C) "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңы;
D) "Жалпыға ортақ әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" заңы
E) Конституция, "Қорғаныс және ҚК туралы" заңы.

27. ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтаудың сізге белгілі түрін атаңыз:


А) әскерге шақыру бойынша, келісімшарт бойынша;
B) әскерге шақыру бойынша, азаматтық қызметшілер бойынша;
C) келісімшарт бойынша, запастағы әскери оқытылғандар;
D) а+ азаматтық қызметшілер;
E) келісімшарт бойынша, шарт бойынша.

28. Еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою жасын атаңыз:


А) 16 жас;
B) 17 жас;
C) 18 жас;
D) 15 жас;
E) 15 жас 6 ай.

29. Жасөспірімдерді әскери қызметке міндетті даярлауды шартты түрде бөлуге болатын кезеңдерді атаңыз:


А) әскерге шақырылғанға дейін, шақырылатын;
B) Ерте шақырылатын, шақырылатын;
C) ерте шақырылатын, шақырылғанға дейін, шақырылатын;
D) ерте шақырылатын, орташа шақырылатын, шақырылатын.
E) әскери қызметтің негіздері бойынша дайындық; әскери – патриоттық тәрбие, әскери-техникалық мектептерде жауынгерлік мамандықты алу.

30. Алғашқы медициналық куәландырудың негізгі функциясын (функцияларын) атаңыз:


А) есепке алу, денсаулықты тексеру;
B) есепке алу санатын айқындау, әскерге шақырылатындардың денсаулық деңгейін анықтау, медициналық тексеруге және емдеуге жіберу;
C) денсаулық жағдайын анықтау, емдеуге жіберу;
D) денсаулық жағдайын тексеру, шақырылуға жарамды жасөспірімдерді анықтау.
E) дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау.

31. Онсыз әскери қызметті іске асыру мүмкін емес рәсімді атаңыз:


А) бөлімнің тізіміне енгізу;
B) қаруды тапсыру, әскери техниканы бекіту;
C) әскери ант қабылдау;
D) әскери ант қабылдау, жауынгерлік мамандыққа оқыту.
E) әскери ант қабылдау, жас жауынгерлерге қару-жарақтарды тапсыру.

32. Әскери қызметті айқындайтын негізгі құқықтық құжатты (негізгі құқықтық құжаттарды) атаңыз:


А) «Қорғаныс және ҚК туралы»Заң, ҚР Конституциясы;
B) «Қорғаныс және ҚК туралы» заң;
C) «Қорғаныс және ҚК туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдар;
D) ҚР Конституциясы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдар.
E) «Қорғаныс және ҚК туралы», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау» туралы Заңдар.

33. Жалпы әскери жарғылардың дұрыс атауын анықтаңыз, кім және қашан бекіткен:


А) ҚК жалпы әскери жарғылары, ҚР Президентінің Жарлығымен (1998 жылы);
B) ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар жалпы әскери жарғылары, ҚР Қорғаныс министрлігінің жарлығымен (2005 жылғы);
C) ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар жалпы әскери жарғылары, ҚР Президентінің Жарлығымен (2007 жылғы);
D) ҚК жарғылары, ҚР Президентінің жарлығымен, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар (2007жылғы);
E) ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар үшін жалпы әскери жарғылар ҚР Мәжілісімен бекітілген (2007жылғы).

34. Олардың мазмұны бойынша әскери қызметшілердің қызметтік міндеттер түрін атаңыз:


А) лауазымдық, жалпы, арнайы;
B) арнайы, лауазымды;
C) жалпы, арнайы;
D) жалпы, шаруашылық, лауазымды.
E) лауазымдық, арнайы, шаруашылық.

35. Олардың тұрмысын, әскери өмірдің күнделікті қызметін реттейтін ҚК, басқа


да әскерлер мен әскери құрылымдар әскери жарғыларының атауларын атаңыз:
А) саптық жарғы, ішкі қызмет жарғысы;
B) саптық жарғы, ішкі қызмет жарғысы, гарнизондық және қарауыл
қызметтерінің жарғысы, тәртіптік жарғы;
C) саптық жарғы, ішкі қызмет жарғысы гарнизондық және қарауыл
қызметтерінің жарғысы, тәртіптік жарғы, жауынгерлік жарғы;
D) ішкі қызмет жарғысы, жауынгерлік жарғы;
E) тәртіптік жарғы, гарнизондық және қарауыл қызметтерінің жарғысы,
жауынгерлік жарғы.

36. Әскери қызметтің басталған күні деп саналатын күнді атаңыз:


А) азаматтың жинау пунктінен Қорғаныс істері жөніндегі департаментке жіберілген күні;
B) әскери антты қабылдаған күн;
C) бөлім тізіміне енгізілген күн;
D) азаматтың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктіне келу күні;
E) Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен әскерге шақырылушыға шақыру қағазын тапсыру күні.

37. Әскери қызметшілердің құрамын атаңыз:


А) сарбаздар мен матростар, офицерлік құрам;
B) сарбаздар мен матростар, сержанттар, старшиналар, офицерлер;
C) сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар;
D) мерзімді, келісімшартты, шарт бойынша қызметтің әскери қызметшілері;
E) сарбаздар, матростар, курсанттар, сержанттар, офицерлер.

38. Әскери қызметшілердің жауапкершілік түрлері:


А) тәртіптік, қылмыстық;
B) қылмыстық, әкімшілік;
C) қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік, материалдық;
D)қылмыс, заң бұзушылық жасағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес тәртіптік және басқа да жауапкершіліктер;
E) тәртіптік, қылмыстық, материалдық жауапкершілік.

39. ҚР ӘТФ бөлімшелерінде Жалпы құқықтарды, өзара қарым-қатынастың міндеттері мен сипатын реттейтін жарғыны атаңыз.


A) кемелік жарғы;
B) ішкі қызмет жарғысы, гарнизондық және қарауылдық қызметтердің жарғысы;
C) ішкі қызмет жарғысы, ӘТФ жауынгерлік жарғысы;
D) кемелік жарғы, ішкі қызмет жарғысы;
E) кемелік жарғы, гарнизондық және қарауылдық қызметтің жарғысы.

40. Әскери қызметшілер киімдерінің үлгілерін атаңыз:


А) салтанатты, жұмыс киімі, күнделікті, арнайы;
B) салтанатты, күнделікті;
C) күнделікті, салтанатты, далалық, жұмыс киімі;
D) жұмыс киімі, қызметтік, салтанатты, күнделікті, далалық;
E) салтанатты, күнделікті, жұмыс киімі.

41. Әскери сержанттарға сәйкес келетін, әскери атақтарды атаңыз.


А) 3-сыныпты сержант, 2-сыныпты сержант, 1-сыныпты сержант;
B) кіші сержант, сержант, аға сержант, старшина;
C) кіші сержант, сержант, 3-сыныпты сержант;
D) кіші сержант, сержант, аға сержант.
E) кіші сержант, сержант, аға сержант, старшина, бас старшина.

42. Ротада болуы тиіс үй-жайлар санын атаңыз, олардың ең маңыздыларын көрсетіңіз (5-7)


А) 12;
B) 14;
C) 11;
D) 12;
E) 10.
43. Су сепкідегі және қол жуғыштағы бір шүмектің қанша әскери қызметшіге есептелгенін атаңыз.
А) су сепкіде 15-20 адамға және қол жуғышта 5-7 адамға;
B) су сепкіде 10-15 адамға және қол жуғышта 3-5 адамға;
C) су сепкіде 16-21 адамға, қол жуғышта 7-9 адамға;
D) су сепкіде 15-20 адамға және қол жуғышта 7-9 адамға;
E) су сепкіде 12-15 адамға және қол жуғышта 7-9 адамға.

44.Әскери бөлімдегі күн тәртібі бойынша (кәдімгі жағдайда) жеке құрамды ұйқыдан ояту және ұйқыға жатқызу уақытын атаңыз.


А) 6-23;
B) 7-22;
C) 6-22;
D) 7-23;
E) 6-22.30.

45. ҚК ІҚЖ белгіленген мерзімдік қызметтің жеке құрамы үшін тамақ ішу арасындағы ең үлкен уақыт аралығын атаңыз.


А) 7 сағаттан аспауы керек;
B) 5 сағаттан аспауы керек;
C) 6 сағаттан аспауы керек;
D) 8 сағаттан аспауы керек;
E) 4 сағаттан аспауы керек.
46. Ротаның тәуліктік нарядының маңызды қызметтерін (міндеттерін) атаңыз.
А) қару-жарақтар мен және оқ-дәрілерді күзету, жеке құрамды күзету;
B) Ішкі тәртіпті ұстау, қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді күзету, жеке құрамды күзету, күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету, төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
C) қару-жарақтар мен және оқ-дәрілерді күзету, жеке құрамды күзету, төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;
D) казарма мен әскери қалашық аумағын күзету;
E) күн тәртібінің орындалуын, бөлімшенің оқ-дәрілері мен қару-жарақтарын сақтауды қамтамасыз ету.

47.Әскери қызметшілердің қандай санаты ротаның тәуліктік нарядының құрамына кіретінін көрсетіңіз.


А) офицерлер, сарбаздар;
B) офицерлер, сарбаздар, сержанттар;
C) келісімшарт қызметінің сержанттары, сарбаздар;
D) келісімшарт қызметінің сержанттары, офицерлер;
E) келісімшарт қызметінің сержанттары, сарбаздар.

48. Рота бойынша кезекші қызметін өткеру орнын атаңыз.


А) казарма ішінде, ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қоймаға жақын;
B) казарма ішінде, орын бар жерде;
C) казарма ішінде, қару-жарақ сақтау бөлмесіне жақын, кіру есігі алдында;
D) казарма ішінде, рота кеңсесінің жанында, қару-жарақ сақтау бөлмесіне жақын;
E) казарманың ішінде, взводтың ұйықтайтын жатын жайына жақын.

49. Қарауыл қызметінің талаптарын бұзуға әкелетін салдарларды атаңыз.


А) қылмыстық жауапкершілікке;
B) тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке;
C) материалдық жауапкершілікке;
D) әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікке;
E) тәртіптік жауапкершілікке.

50. Қарауылдың негізгі міндеттерін атаңыз.


А) мемлекеттік және әскери объектілерді қорғау, тәртіптік батальондағы тұлғаларды күзету;
B) Жауынгерлік Туды қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді қорғау, гауптвахтада отыратын тұлғаларды күзету;
C) мемлекеттік және әскери объектілерді, Жауынгерлік Туды қорғау және күзету, тәртіптік батальонда және гауптвахтада отыратын тұлғаларды күзету;
D) әскери қалашықтарды, арнайы объектілерді қорғау және күзету;
E) әскери қалашықтарды, қорғау және күзету, тәртіптік батальонда және гауптвахтада отыратын тұлғаларды күзету.

51. Сақшының анықтамасын беріңіз.


А) сақшы – объектіні күзететін қаруланған қарауыл;
B) өзіне тапсырылған бекетті күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындайтын сақшы-қарауыл;
C) сақшы бекетте жауынгерлік міндетті орындаушы қаруланған қарауыл;
D) сақшы қойылған әскери міндетті орындайтын лауазымды тұлға;
E) сақшы командирлерден (бастықтардан) алынған, жауынгерлік міндеттерді орындайтын қаруланған әскери қызметші.

52.Сақшыға қол сұғылмаушылық нені білдіреді?


А) жарғыда көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығының берілетіндігі;
B) барлық адамдардың сақшы қызметімен айқындалған талаптарын сөзсіз орындау міндеттілігі, оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы оған қару қолдану құқығы берілетіндігі; оның қатаң айқындалған адамдарға бағынатындығы;
C) барлық адамдардың сақшы қызметімен айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі;
D) жауынгерлік (қызметтік) міндеттерді орындау кезінде сақшының құқығы, оның жеке басының қадір-қасиеті мемлекетпен ерекше қорғалатындығы;
E) сақшының құқығы ҚР заңдарымен ерекше қорғалуында.

53. Бекеттегі сақшыға не тыйым салынады, атаңыз?


А) ұйықтауға, отыруға, әлденеге сүйенуге, жазуға, оқуға, ән салуға, сөйлеуге, тамақ жеуге, шылым шегуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, қандай да бір адамды қабылдауға және кімге болмасын қандай да бір заттарды беруге, қажеттіліксіз патрондарды оқшантайға сұғуға;
B) ұйықтауға, отыруға, жазуға, оқуға, шылым шегуге, тамақ ішуге, ішуге, қажеттіліксіз патрондарды оқшантайға сұғуға, қызмет орнынан уақытша болса да кетуге;
C) ұйықтауға, отыруға, ішуге, тамақ ішуге, шылым шегуге, оқуға, әлденеге сүйенуге, сөйлеуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, қажеттіліксіз патрондарды оқшантайға сұғуға, қызмет орнынан уақытша болса да кетуге;
D) қызмет орнын тастап кетуге, алкогольді ішімдіктерді ішуге, шылым шегуге, сөйлеуге, табиғи қажеттіліктерін орындауға, қандай да бір адамды қабылдауға және кімге болмасын, қандай да бір заттарды беруге, қажеттіліксіз патрондарды оқшантайға сұғуға;
E) алкогольді ішімдіктерді, есірткіні қолдануға, қызмет орнын тастап кетуге, бекетке бөгде адамдарды өткізуге.

54. Сақшы бағынатын қарауылдың лауазымды тұлғаларын атаңыз.


А) қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, жұмысқа таратушылар;
B) қарауыл бастығы, қарауыл бастығының күзет техникасы құралдары жөніндегі көмекшісі, жұмысқа таратушылар;
C) қарауылдың бастығы, қарауыл бастығының көмекшілері;
D) бөлімше командирі, қарауыл басшысы;
E) бөлімше командирі, взвод командирі, қарауыл бастығы мен оның көмекшілері.

55. Сақшы әскери бөлім Жауынгерлік Туының жанындағы жауынгерлік қызметті қандай күйде атқарады?


А) «Тік тұр» күйінде;
B) «Еркін» тұру күйінде әскери қызметшілер Жауынгерлік Туды қарсы алу кезінде сақшы саптық тұрыста тұрады;
C) «Тік тұр» күйінде, шаршаған жағдайда «Еркін тұру» күйін дербес қабылдайды;
D) «Еркін тұру» кейінде, офицер келген жағдайда «Тік тұр» күйін қабылдайды;
E) «Тік тұр» күйінде, шаршаған кезде бастықтың рұқсатымен, «Еркін тұру» күйін қабылдайды.

56. Бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы бекеттί қабылдаған қарауылдың іс- әрекетін сипаттаңыз.


А) дабылды, шкафтың бүтіндігін (Жауынгерлік Тудың қабын) тексереді;
B) шкафтың бүтіндігін (Жауынгерлік Тудағы қабын. Шкафта, қабындағы мөрдің болуын) тексереді;
C) шкафтың бүтіндігін (Жауынгерлік тудағы қабын) тексереді;
D) Жауынгерлік тудың жағдайын, жауынгерлік қызмет орнын тексереді.
E) Жауынгерлік тудың бүтіндігін, байланысты, жарықтандырылуын, шкафта, қораптағы мөрдің болуын тексереді.

57. Егер Жауынгерлік Ту жанындағы бекетке қауіп (өрт немесе зілзала) төнген жағдайдағы.


А) Жауынгерлік Туды қауіпсіз жерге алып шығады;
B) қарауыл бастығының нұсқауы бойынша Жауынгерлік Туды қауіпсіз жерге алып шығады;
C) Жауынгерлік Туды қауіпсіз жерге алып шығады, қарауыл бастығын шақырады;
D) Жауынгерлік Туды алып шығады және оны әскери бөлім бойынша кезекшіге жеткізеді;
E) Қарауыл бастығына баяндайды, оның нұсқамасымен Жауынгерлік Туды құтқару жөнінде шаралар қабылдайды.

58. Мына бөлшектерден тұратын сөйлемді құраңыз (жауапты әріптердің реттілігімен қойыңыз, мысалы: в, а,; алынған тіркестерді дәптерге жазыңыз):


А) ...командирлерді (бастықтарды) (оларды қолдану бойынша, сондай-ақ ұсыныстарды, өтініштерді және шағымдарды беру және қарау тәртібі ...;
B) ... тәртіптер, оны сақтау жөніндегі әскери қызметшілердің міндеттері, түрлері ...;
C) ... ҚК тәртіптік жарғысы әскер ... мәнін анықтайды;
D) ... марапаттаулар мен тәртіптік шара қолданулар, … құқықтары.
E) ... ұсыныстар мен өтініштерді, шағымдарды қарау мен беру.

59. Сарбаздар мен матростарға сәйкес келетін әскери атақтарды атаңыз.


А) Қатардағы жауынгер, матрос, ефрейтор, аға матрос;
B) Қатардағы жауынгер, (курсант ), ефрейтор, матрос, аға матрос;
C) Матрос, аға матрос (курсант ), қатардағы жауынгер, ефрейтор, (курсант);
D) сарбаз, матрос, курсант;
E) сарбаз, ефрейтор, матрос, курсант.

60. Әскери – жауынгерлік қызметтің негізгі құрамдарын атаңыз.


А) Гарнизондық және ішкі қызмет;
B) Қарауылдық және ішкі қызмет;
C) Гарнизондық, қарауылдық және ішкі қызмет;
D) Қарауылдық және ішкі қызмет, жауынгерлік кезекшілік;
E) ішкі қызмет және жауынгерлік кезекшілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет