Аәд жөніндегі тест тапсырмалары туралы



бет2/8
Дата12.06.2023
өлшемі0.69 Mb.
#474967
түріТесты
1   2   3   4   5   6   7   8
test1

2-деңгейдегі тест:
3. Мына сөз бөлшектерін пайдалана отырып, тіркес құраңыз (жауапты әріптер реттілігі арқылы ұсыныңыз, мысалы: b, а; алынған тіркесті сауалнама парағына немесе дәптерге жазыңыз):
A)... Отанды қорғауға, сабақ кестесі, күн тәртібі және ... техника ережелері;
B) ... бұл әскери бөлімнің тарихымен, оның жауынгерлік дәстүрлерімен, ерліктермен таныстырады...;
C) қаруды пайдалана отырып, сабақ өткізу кезінде және ... әскери техникамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті ...;
D)... әскери бөлім базасындағы үйренушілердің оқу жиындары басталар алдында;
Е)... соғыс және бейбіт уақытында бұл бөлім жауынгерлері..., бөлімше міндеттері ... бойынша...;
(дұрысы- "d","b","е","a","c")


3-дейгейдегі тест.
4. Егер, қоршаған ортаға 30 %-дық НСN ертіндісінің 200 граммы түсіп, барлық ерітінді буланғаны, ал циан сутегі 200 м³ тең жер беті ауқымына шашырағаны белгілі болса, нілдегіш қышқыл қоспасын есептеп шығарыңыз (г/м³) және НСN химиялық қару ретінде пайдалануға болу-болмауын көрсетіңіз (Жауабы. О,3 г/м; иә);


Бүркеншек бірінші деңгейдегі тест.
5. Алаңы 200 м² және биіктігі 1,5 м жер беті қабатында 0,2 г/м ³ болатын аммиак салмағын есептеп шығарыңыз (жауаптардың таңдаңыз): а) 60 г; b) 90 г; c) 0,9x 10-¹ кг; d) 100 г; e) 0,6x 10-¹ кг (Жауап: а,d ).
6. Тесті түрдегі тапсырманың мысалы: Отан қорғаушысына тән екі (үш) қасиетті атаңыз.

Тестілік тапсырмалар «Бағасының» негіздемесі


Тестілік тапсырманың «Бағасы» дара тестілік тапсырманың аса маңызды құрылымдық элементі болып табылады, өйткені оқушылардың білім деңгейін жартылай санды анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманың «бағасын» анықтау туралы мәселе күрделі, осы пәнді оқитын оқушының деңгейіне, нақты оқытушының көзқарасына және басқа да бірқатар алғышарттарға байланысты болады, алайда осы тестілер блогы үшін баллдармен есептелген нақты «баға» сипатына қарай дара тестілеу тапсырмасын бағалаудың өз принципін сипаттаған нақты әзірлеушінің тестін пайдаланатын АӘД оқытушысы – ұйымдастырушыға байланысты болмайтын тексерілушінің білімін бағалауды әділ етеді.
Тапсырма «бағасының» негіздемесін қарастырайық:
№ 1 тест 3 баллға бағаланған, өйткені онда үш дұрыс жауап бар.
№2 тест 1 баллға бағаланған, өйткені жауаптар жиынында бір дұрыс жауап бар.
№3 тест 5 баллға бағаланған, өйткені онда 8 бөлікті бөлу қажет, бұл ретте соңғы бөлік тиісті нұсқаны табуды қажет етпейді, не жеке-дара қалады.
№ 4 тест 5 баллға бағаланған, өйткені жауап алу кезінде оған 5 операция орындау қажет: пайыздық араласу мағынасын еске түсіру, улаушы заттың жалпы, содан соң 1 м³ салмағын анықтау, нілдегіш қышқылды химиялық қару ретінде қолдану мүмкіндігін айқындау, улаушы заттың типін анықтау.
№ 5 тесті үш кезең арқылы жүзеге асыру қажет (көлемді санау – 2 балл және улаушы заттың жалпы салмағын есептеу – 1 балл); өйткені жауаптар жиынында екі дұрыс жауап болғандықтан, өлшем бірліктеріне аудару қажет, онда оған 2 балл қосылады, сондықтан қорытынды 5 балл болады.
№6 тест (тапсырма) – 2 балл, Отан қорғаушысының 2 қасиетін мысалға келтіру керек.
Тестілік тапсырмаларды үйретуші ретінде де бақылаушы ретінде де пайдалануға болады; Бұл ретте оларды ағымдағы, шектік және қорытынды бақылауда қолдануға болады.
Дара тестілік тапсырмалардан бақылаудың тақырыптық, шектік немесе қорытынды түрлерінде пайдалануға болатын блок-тестілерді (немесе жұмыстар нұсқасын) жасақтауға болады.
Бұл блок-тестілер баллмен жиынтық бағалау арқылы ерекшеленеді. Мәселен, салыстырмалы түрде аз тақырыптар үшін оқушылар ала алатын жалпы баллдар саны 18-25-ті құрайды. Шектік бақылау үшін мұндай баллдар саны 25-35, ал қорытынды бақылау үшін 55-60 болуы мүмкін.
Блок – тестілер 1-деңгейден бастап бүркеншек бірінші деңгейге дейін тапсырмалардың барлық деңгейін қамтитынын есте ұстау керек.
Қорытынды бақылауда жеке тестілер тапсырмалар саны 18-ден 24-ке дейін, ал бақылаудың басқа түрлерінде қажеттілігіне қарай 5-тен 12-ге дейін болады. Блок-тест көп деңгейлі болғандықтан, «3» бағасының төменгі шекерасын 51 % -ға дейін төмендетіп, жоғары шекарасын 80 % жоғарылатуға болады; «4» бағасын егер оқушы баллдарының жалпы санының 80 – 90 % жинықтаған жағдайда қоюға болады, ал егер ол 90 %-дан көп жинаса, оған «5» қойылады. Мысалы, блок-тесттерді орындау кезінде тексерілуші алатын балл 60 болсын делік. Егер ол 31-47 балл алса, «3» бағасын, егер 48-54 балл алса, «4» бағасын, ал 55 және одан да көп балл алса, «5» бағасын алады.
Тестілік бақылауды қолданудың барынша тиімділігіне бақылаудың ішкі жүйелік рейтингілік жүйесімен кезең кезеңдік үйлесуінде ғана қол жеткізуге болады. АӘД оқытушы-ұйымдастырушысына бағдарламаны сапалы игеруді бақылаудың 2 (1-2 деңгейдегі) нұсқасы ұсынылады. АӘД оқытушы–ұйымдастырушылары оқушылардың дайын екендіктеріне көз жеткізсе, пәнаралық байланыстарды пайдалана отырып, химия, физика, тарих және басқа да мұғалімдермен бірлесе отырып, 3-4-деңгейдегі тестілерді дайындай алады. Тестілік тапсырмалар оқу-әдістемелік кешенін толықтырады және әскери істің негіздері бойынша білімді игеру деңгейінің өзіндік дайындығын, тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол мына маңызды: ЖӘЖ, ТД, АД, СД тағы басқа тақырыптар бойынша тестілік тапсырмалар кешенін қамтиды және АӘД оқытушы – ұйымдастырушысы үшін өзіндік және бақылау жұмыстарын жүргізуге тапсырма көзі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет