Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын



Дата23.02.2016
өлшемі309.06 Kb.
#10521
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1397 қаулысы


      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
      2) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен    
бекітілген        
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметін сертификаттау және сертификат беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі – АНҚ) – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;
      2) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
      3) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген заңды тұлға;
      4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
      5) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);
      6) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
      7) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      8) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету;
      9) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметі) – іздестіру-құтқару қызметінің көмегін қажет ететін әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және сондай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету;
      10) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) – мынадай:
      әуе кемелері арасында және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;
      әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;
      11) аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері) – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі жүзеге асыратын әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға байланысты аэронавигациялық қызмет көрсету.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын (бұдан әрі – ӘҚҚ) және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін (бұдан әрі – РТЖБҚ) сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      4. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБҚ сертификаттауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру
тәртібі
      5. Сертификаттау мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) өтініш берушінің сертификатты алу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтініш беруі;
      2) уәкілетті органның сертификаттауға ұсынған құжаттарға бағалау жүргізуі;
      3) уәкілетті органның сертификаттық тексеру актісін жасай отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сертификаттық тексеру жүргізуі;
      4) сертификат беру (беруден бас тарту).
      6. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттама) ұсынады.
      7. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттаманың мынадай талаптарға сәйкестігін бағалауды жүргізеді:
      аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін аэронавигациялық ұйымның бекітілген ұйымдық құрылымының болуы және ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБҚ қызметінің персонал шататының жинақталуы;
      өтініш берушінің басшы құрамының аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәжірибесі, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен тікелей байланысты, сондай-ақ мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесі туралы деректердің болуы;
      аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жабдықтың болуы;
      ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеуді жүргізу бойынша РТЖБҚ қызметінің персоналын оқытуды растайтын мәліметтердің көрсетілген құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың болуы.
      8. Құжаттаманы бағалау қорытындысы бойынша және олардың Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі бойынша уәкілетті орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру жүргізу туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) өтініш берушіге жібереді.
      9. Егер бағалау қорытындысы бойынша ұсынылған құжаттамада ескертулер анықталса, онда оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, шешімде көрсетіледі. Өтініш берушіге осындай шешімді жіберген сәттен бастап, сертификаттау мерзімін есептеу өтініш беруші анықталған ескертулерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      10. Оң шешім шығарылған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзімі және сертификаттау объектісі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.
      Комиссияның құрамына уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.
      Комиссияның бір ӘҚҚ органын немесе РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеруі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      11. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеру аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты жүргізіледі. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлері мен кіші түрлерінің құрылымы Қағидаларға 4-қосымшада берілген.
      12. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеруді мемлекеттік авиация инспекторлары сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып жүргізеді.
      13. Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша комиссия өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, тұжырымын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2 данада сертификаттық тексеру актісін жасайды. Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға ұсынады.
      14. Сертификаттық тексеру актісінде сертификатты берудің мүмкін емес екені туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тізбесін (бұдан әрі – Сәйкессіздіктер тізбесі) қоса береді.
      15. Сәйкессіздіктер тізбесін алғаннан кейін өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде осы ескертулерді жою мерзімін және жауапты адамдарды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету әрекеттерінің жоспарын бекітеді және оны уәкілетті органға келісуге жібереді.
      Түзету әрекеттерінің жоспарын уәкілетті орган келіскен сәттен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкессіздіктерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Түзету әрекеттерінің жоспарында белгіленген мерзімде сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органға оларды жойғандығы туралы анықтаманы ұсынады және сертификаттық тексеру қайта басталады, ол туралы қайта басталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
      16. Егер өтініш беруші түзету әрекеттерінің жоспарында белгіленген мерзімде сәйкессіздіктерді жоймаса, уәкілетті орган бас тартудың себебі көрсетілген сертификат берушіден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді.
      17. Уәкілетті орган сертификатты беруді сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Екі не одан көп ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне сертификаттық тексеру жүргізуге өтініш берілген жағдайда сертификат өтініште көрсетілген ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексерудің соңғы актісіне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      18. Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
      19. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сертификат рұқсат етілген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) сертификатқа қосымшада көрсете отырып, үш жылға беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.
      Сертификат аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін ӘҚҚ органы мен (немесе) РТЖБҚ қызметінің барлығына немесе бір бөлігіне ғана ресімделеді.
      20. Сертификаттық тексеру процесінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан не ұшуларға байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шығуын немесе ақауын жоюдан туындаған не ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу жоспарының орындалуына байланысты сертификаттық талаптардан ауытқулар анықталған жағдайда, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне белгіленген деңгейге балама ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін өтініш беруші қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, қолданылу мерзімі шектеулі сертификатты беру мүмкіндігін белгілейді. Қолданылу мерзімі шектеулі сертификатты беру мүмкіндігі тиісті негіздемесімен сертификаттық тексеру актісінде көрсетіледі.
      Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезінде сертификат Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімге ұзартылады.
      21. Уәкілетті орган Заңның 16-3-бабының 2-тармағында көзделген бірінші деңгейдегі бұзылуды анықтау негіздемесі бойынша сертификаттың қолданылу аясын ішінара шектеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бірінші деңгейдегі бұзушылық анықталғандарға қатысты рұқсат етілген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерін (кіші түрлерін) алып тастау туралы сертификат иесіне хабарлайды.
      Сертификаттың қолданылу аясын ішінара шектеу туралы шешім уәкілетті органның тиісті тексеруімен расталған, анықталған бұзушылықтарды сертификат иесі жойған сәтке дейін қолданылады.
      22. Сертификат иесінің атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруіне байланысты уәкілетті органның сертификат беруі ұсынылған өзгерістерге қатысты бөлігінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар бойынша өтініш берушінің уәкілетті органға берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
      Сертификатты беру ақы төлеусіз тиісті өтінішті алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      23. Сертификаттың иесі сертификаттың сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, сертификаттың иесі уәкілетті органға еркін нысанда жазылған қажетті негіздемесімен бірге сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш береді. Уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын беруді өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Сертификаттың телнұсқасын қосымша тексеру жүргізбей және ақы төлемей беріледі.
      24. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
      1) аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметі сертификаттық талаптарды сақтамағанда;
      2) иелігінде ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметі бар аэронавигациялық ұйымның өтініші бойынша анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрады.
      25. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті орган аэронавигациялық ұйымның құрамындағы ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.
      26. Сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті сертификатты кері қайтарып алады.
      27. Сертификатты кері қайтарып алған жағдайда, сертификаттың иесі сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті органға дереу қайтарып береді.
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
1-қосымша              
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметінің сертификатын алуға арналған
өтінім
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (өтініш берушінің толық атауы, БСН)
мақсатында
_____________________________________________________________________
                            (сертификат алу)
___________________________________ сертификаттау жүргізуді сұраймын.
      Аэронавигациялық қызметтің мәлімделген түрі (кіші түрі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      1) өтініш беруші:
      2) сертификаттау рәсімдерін орындауға;
      3) қойылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;
      4) өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік
құқықтық актілерінің талаптарын мойындайды және оларды орындауға,
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның аэронавигациялық
қызмет көрсетуге бақылау жүргізуді жүзеге асыруына мүмкіндік беруге
міндеттенеді.
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы/қолы/Т.А.Ә./күні)
      М.О.
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
2-қосымша              
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметінің сертификатын алуға арналған өтінімге қоса
берілетін құжаттар
тізбесі
      1. Аэронавигациялық ұйымның құрылтай құжаттары:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      2) жарғының көшірмесі;
      3) өтініш берушінің негізгі жұмыс орнының мекенжайы.
      2. Аудиттелген жылдық қаржылық есептілік.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің бағыныштылық нұсқауын қамтитын ұйымдық құрылымы.
      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің штат кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер.
      5. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі туралы ереже.
      6. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің құрамына кіретін аэронавигация ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтер, басшы құрамының жұмыс тәжірибесі мен білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері.
      7. Аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары.
      8. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері бойынша мәліметтер.
      9. Техникалық оқу және персоналдың біліктілігін арттыру курстарын жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама.
      10. ӘҚҚ бұзушылығына байланысты күтпеген жағдайлар кезіндегі іс-шаралар жоспары.
      11. Соңғы жылға арналған инспекциялық тексерулер актілерінің көшірмелері.
      12. Салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау өткізгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеу фактісін растайтын төлеу тапсырмасы данасының көшірмелері.
      13. Мыналарды қамтитын ӘҚҚ органының ұшу басшылары, аға диспетчерлері, авиациялық станциялардың операторлары, нұсқаушылар және диспетчерлер құрамы туралы мәліметтер:
      1) лауазымы;
      2) тегі, аты, әкесінің аты;
      3) бастапқы даярлығы;
      4) диспетчер куәлігінің сыныбы, нөмірі, қолданылу мерзімі, берген орган;
      5) дербес жұмысқа берілген рұқсат;
      6) медициналық куәландыру, диспетчер, оператор куәлігінің қолданылу мерзімі;
      7) байланысты ағылшын тілінде жүргізуге берілген рұқсаты, аяқтағандығы туралы құжатының нөмірі, кім және қашан берген;
      8) мамандығы бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;
      9) ағылшын тілі бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;
      10) жаттығу құрылғысында даярлықтан өтуі (авариялық жағдайларда байланыс істен шыққан кезде және күтпеген жағдайларда әрекет ету жөніндегі дағдыларды үйрену және қолдау);
      11) жұмыс өтілі;
      12) жасы.
      14. Диспетчердің, оператордың жұмыс технологиясының көшірмелері (сертификаттау нысанының қолданыстағы әрбір пункті үшін).
      15. Жауапкершілік аймақтарының, әуе трассаларының, жергілікті әуе желілерінің, ӘҚҚ секторларының шекаралары енгізілген әуе кеңістігі құрылымының картасы.
      16. Соңғы бір жыл ішіндегі әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданындағы) әуе қозғалысының қарқындылығы және ӘҚҚ органдарының (аймақтарының) қызмет көрсету мүмкіндіктері туралы анықтама.
      17. ӘҚҚ-ны ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігінің жай-күйіне соңғы жылы жасалған талдау.
      18. РТЖБҚ қызметінің басшылық, инженерлік-техникалық құрамы туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:
      1) лауазымы;
      2) тегі, аты, әкесінің аты;
      3) дербес жұмысқа берілген рұқсаты;
      4) мамандығы бойынша соңғы өткен біліктілігін арттыру курсы;
      5) жасы.
      19. РТЖБҚ қызметіне бекітілген және сертификаттауға жататын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс құралдарының жиынтық тізбесі.
      20. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайтын құжаттар:
      1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарын резервтеу бойынша бекітілген нұсқаулықтар тізбесі;
      2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйіне қарай қызмет көрсетілетіндерінен басқа) техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кестесі;
      3) ҰРТҚ мен байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келісімдерінің көшірмелері;
      4) өлшеу және бақылау құралдарының есепке алынғаны туралы анықтама;
      5) ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізілгені туралы анықтама;
      6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу кезінде тексеру жүргізілгені туралы анықтама;
      7) ҰРТҚ және байланыс құралдарының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келетіні туралы анықтама;
      8) ҰРТҚ және байланыс құралдарының соңғы жылдардағы істен шығу жағдайлары туралы анықтама;
      9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекітілген авиациялық электр байланысын ұйымдастырудың үлгі схемаларына сәйкес авиациялық электр байланысы схемаларының көшірмелері.
      21. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысын ұйымдастыруға және қауіпсіздікке жасалған соңғы жылғы талдау.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;
      **құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
3-қосымша              
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметінің сертификатын алуға берілген өтініші бойынша
шешім
      № _____                       2013 жылғы «___» ________________
_____________________________________________________________________
                     (өтініш берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
   және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
                            қызметінің атауы)
сертификаттау жүргізуге берілген 20__ жылғы «___» ___________________
№ _________ өтінімді қарап, мынаны хабарлаймыз:
1. Сіз ұсынған құжаттар аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты
пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру
қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді)
(сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Сертификаттық тексеру ___ бастап ___ дейінгі аралықта жүргізіледі.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
     МО
____________________________
       (қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы «___» ___________
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
4-қосымша              
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметінің сертификаты сұралған,
сертификаттауға жататын аэронавигациялық
қызмет түрі (кіші түрлері)



Қызмет көрсету

Көрсетілетін қызмет түрі

Көрсетілетін қызметтің кіші түрі

Ескертпе

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету

---

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

---

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS)

OFIS деректерін тарату

---

Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну



Дауыстық деректерді қолдануға негізделген (дауыстық ATIS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметі

---

Әуеайлақ маңында ақпаратты деректерді тарату желісі (D - ATIS) арқылы автоматты тарату қызметі

---

VOLMET радиохабарларын тарату

---

Авариялық хабар беру (AL)

---

---

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (байланыс, навигация, бақылау) (CNS)

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (AFIS)

---

---

1

2

3

4





Радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалану

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (жер – әуе байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін

Авиациялық жұмыстарды орындау үшін

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшін

Навигация (N)

Авиациялық радиобайланыс (жер – жер байланысы)

ӘҚҚ органдарының өзара әрекет етуін қамтамасыз ету үшін

Әуежай ішіндегі электр байланысы үшін

Тіркелген авиациялық электр байланысы желісі үшін

Әуе кеңістігінде NDB сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде VOR сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде DME сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңістігінде ILS сигналдарын қамтамасыз ету

I санат

II санат

III санат

III A санаты

III B санаты

III C санаты

1

2

3

4









Әуе кеңістігінде GBAS сигналдарын қамтамасыз ету



Байқау (S)

Бір жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну



Екі жақты шолу радиолокаторы деректерін ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерін ұсыну



Әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӘҚБ АЖ)



Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған құралдары кешені (ӘҚБ АҚК)



Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны (ӘҚБ АЖО)



Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерін құжаттау жабдығы

Радиолокациялық ақпаратты құжаттау жабдығы



Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды адамдардың сөйлесуін құжаттау жабдығы


Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
5-қосымша              
Бекітемін                  
Уәкілетті органның басшысы 
не ол уәкілеттік берген адам
____________________________
қолы, Т.А.Ә.      
20__ жылғы «___» ___________
Сертификаттық тексеру актісі
_____________________________________________________________________
                      (уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» __________ № __ бұйрығына сәйкес төмендегі құрамдағы
комиссия:
      Комиссия төрағасы:
      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері:
      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық тексеру жүргізді.
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметінің атауы)
      Қорытынды мәтіні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)
      Комиссия мүшелері:
      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)
      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)
      Актімен таныстым:
      Аэронавигациялық ұйымның басшысы
      ________________________________
           (лауазымы/қолы/Т.А.Ә.)
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
6-қосымша              
Бекітемін                  
Уәкілетті органның басшысы 
не ол уәкілеттік берген адам
____________________________
қолы, Т.А.Ә.      
20__ жылғы «___» ___________
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметіне қойылатын сертификаттық
талаптарға сәйкессіздіктер
тізбесі





Сәйкессіздіктің мазмұны

Ескертпе






Комиссия мүшелері: __________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Таныстым:
Аэронавигациялық ұйымның басшысы
________________________________
     (лауазымы/қолы/Т.А.Ә.)
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметін сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
7-қосымша              
ЕЛТАҢБА
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Сертификатты берген уәкілетті органның
бизнес сәйкестендіру нөмірі
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметінің
сертификаты
№ ________
20__ жылғы «___» ________ берілді.   Қолданылу мерзімі
                                     20__ жылғы «___» ________ дейін.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
   және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
               қызметінің атауы, БСН, заңды мекенжайы)
Осы сертификат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
    және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
                            қызметінің атауы)
аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметінің осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын
қосымшасында көрсетілген аэронавигациялық қызмет түрлеріне қойылатын
сертификаттық талаптарға сәйкес екендігін куәландырады.
Сертификат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
комиссиясының 20__ жылғы «___» _________________ № ____ сертификаттық
тексеру актісі негізінде берілді.
ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖҚБ қызметіне қойылатын сертификаттық
талаптарға сәйкестігін тұрақты бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ жүзеге асырады.
М.О.
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
____________________________
        қолы, Т.А.Ә.
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органының және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметінің сертификатына
№ ________ қосымша          
Сертификаттың қолданылу аясы



Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрі

Қызмет көрсетудің кіші түрі

Ескертпе

Әуе қозғалысына қызмет көрсету



















Радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі


















М.О.
Азаматтық авиация саласындағы


уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
____________________________
        қолы, Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен    
бекітілген        
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметтеріне қойылатын
сертификаттық талаптар
      Осы Сертификаттық талаптар Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) белгілейді.
      Талаптарда:
      1. Аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары, сондай-ақ оларға қол жеткізу стратегиясы мен іс-шаралары.
      2. Әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарының болуы.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органында және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінде бекітілген:
      1) құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерінің;
      2) лауазымдық нұсқаулықтарының;
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын диспетчерлерінің, авиациялық станциялар операторларының жұмыс технологияларының;
      4) азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарының;
      5) авиациялық оқиғалар мен инцеденттер жөніндегі авариялық хабар беру схемасының;
      6) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану құжаттамасының;
      7) көрсетілетін аэронавигациялық қызмет көрсету түрлеріне қатысты бөлікте, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, персоналды таныстыру жөніндегі, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпаратты (талдауды) жеткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы.
      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің:
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын сақтауы.
      5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі.
      6. Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына (авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жерүсті электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелері, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, байқау ақпаратын, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін диспетчерлік қызметтер мен лауазымды адамдардың келіссөздерін құжаттандыру жабдығы) және оларды электрмен жабдықтау көздеріне пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету.
      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және (немесе) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын алуға берген өтінішіне қоса берілетін құжаттамаға қойылатын талаптардың орындалуы.
      8. Аэронавигациялық ұйымда ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа аэронавигациялық ұйымның ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы.
      9. Метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты алуға шарттың көзделген болуы (егер өтініш беруші мұндай қызметтерді көрсетпесе).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет