Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру қағидаларын



Дата23.02.2016
өлшемі253.28 Kb.
#10518
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерiне қойылатын сертификаттық талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1397 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
      2) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерiне қойылатын сертификаттық талаптар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен    
бекiтiлген        

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметiн сертификаттау және сертификат беру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзiрлендi және аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрi – АНҚ) – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешендi қызмет көрсету;
      2) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетудi және әуе кемесiнiң бортына қажеттi метеорологиялық ақпарат берудi, әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудi және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
      3) өтiнiш берушi – сертификат алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берген заңды тұлға;
      4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуiне қатысты хабарламаларды жинау пунктi;
      5) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлiк қызмет көрсету (аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлiк қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету);
      6) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң сертификаты – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжат;
      7) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      8) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауiпсiз және тиiмдi орындалуын қамтамасыз ету үшiн консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету;
      9) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметi) – iздестiру-құтқару қызметiнiң көмегiн қажет ететiн әуе кемелерi туралы тиiстi ұйымдарды хабардар ету және сондай ұйымдарға қажеттi жәрдем көрсету үшiн ұсынылатын қызмет көрсету;
      10) әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) – мынадай:
      әуе кемелерi арасында және әуе кемелерiнiң маневр жасау алаңындағы кедергiлермен соқтығысуын болғызбау;
      әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;
      11) аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерi (кiшi түрлерi) – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметi жүзеге асыратын әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға байланысты аэронавигациялық қызмет көрсету.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын (бұдан әрi – ӘҚҚ) және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн (бұдан әрi – РТЖБҚ) сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Сертификаттау көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      4. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБҚ сертификаттауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру
тәртiбi

      5. Сертификаттау мынадай кезеңдерден тұрады:


      1) өтiнiш берушiнiң сертификатты алу үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш беруi;
      2) уәкiлеттi органның сертификаттауға ұсынған құжаттарға бағалау жүргiзуi;
      3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру актiсiн жасай отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан сертификаттық тексеру жүргiзуi;
      4) сертификат беру (беруден бас тарту).
      6. Өтiнiш берушi уәкiлеттi органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды (бұдан әрi – құжаттама) ұсынады.
      7. Уәкiлеттi орган өтiнiш келiп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде ұсынылған құжаттаманың мынадай талаптарға сәйкестiгiн бағалауды жүргiзедi:
      аэронавигациялық ұйымның құрамына кiретiн аэронавигациялық ұйымның бекiтiлген ұйымдық құрылымының болуы және ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБҚ қызметiнiң персонал шататының жинақталуы;
      өтiнiш берушiнiң басшы құрамының аэронавигациялық қызмет көрсетудi ұйымдастыру бойынша тәжiрибесi, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетудi қамтамасыз етумен тiкелей байланысты, сондай-ақ мамандардың кәсiби бiлiмi мен тәжiрибесi туралы деректердiң болуы;
      аэронавигациялық қызмет көрсетудi жүзеге асыру үшiн жабдықтың болуы;
      ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеудi жүргiзу бойынша РТЖБҚ қызметiнiң персоналын оқытуды растайтын мәлiметтердiң көрсетiлген құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың болуы.
      8. Құжаттаманы бағалау қорытындысы бойынша және олардың Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi бойынша уәкiлеттi орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру жүргiзу туралы шешiмдi (бұдан әрi – шешiм) өтiнiш берушiге жiбередi.
      9. Егер бағалау қорытындысы бойынша ұсынылған құжаттамада ескертулер анықталса, онда оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, шешiмде көрсетiледi. Өтiнiш берушiге осындай шешiмдi жiберген сәттен бастап, сертификаттау мерзiмiн есептеу өтiнiш берушi анықталған ескертулердi жойғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      10. Оң шешiм шығарылған жағдайда, уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде сертификаттық тексеру жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзiмi және сертификаттау объектiсi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен айқындалады.
      Комиссияның құрамына уәкiлеттi органның мемлекеттiк авиация инспекторлары енгiзiледi.
      Комиссияның бiр ӘҚҚ органын немесе РТЖБҚ қызметiн сертификаттық тексеруi бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      11. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметiн сертификаттық тексеру аэронавигациялық қызмет көрсетудiң мәлiмделген түрлерiне (кiшi түрлерiне) қатысты жүргiзiледi. Аэронавигациялық қызмет көрсетудiң түрлерi мен кiшi түрлерiнiң құрылымы Қағидаларға 4-қосымшада берiлген.
      12. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметiн сертификаттық тексерудi мемлекеттiк авиация инспекторлары сертификаттық тексеру жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк авиация инспекторлары үшiн уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiткен нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып жүргiзедi.
      13. Сертификаттық тексеру нәтижесi бойынша комиссия өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйiн, тұжырымын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкiндiгi туралы қорытындысын көрсете отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2 данада сертификаттық тексеру актiсiн жасайды. Актiге барлық комиссия мүшелерi қол қояды және өтiнiш берушiге танысуға ұсынады.
      14. Сертификаттық тексеру актiсiнде сертификатты берудiң мүмкiн емес екенi туралы қорытынды көрсетiлген жағдайда, уәкiлеттi орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметiне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктер тiзбесiн (бұдан әрi – Сәйкессiздiктер тiзбесi) қоса бередi.
      15. Сәйкессiздiктер тiзбесiн алғаннан кейiн өтiнiш берушi үш жұмыс күнi iшiнде осы ескертулердi жою мерзiмiн және жауапты адамдарды көрсете отырып, сәйкессiздiктердi жою жөнiндегi түзету әрекеттерiнiң жоспарын бекiтедi және оны уәкiлеттi органға келiсуге жiбередi.
      Түзету әрекеттерiнiң жоспарын уәкiлеттi орган келiскен сәттен бастап сертификаттау мерзiмiн есептеу анықталған сәйкессiздiктердi жойғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      Түзету әрекеттерiнiң жоспарында белгiленген мерзiмде сәйкессiздiктер жойылғаннан кейiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға оларды жойғандығы туралы анықтаманы ұсынады және сертификаттық тексеру қайта басталады, ол туралы қайта басталған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге хабарланады.
      16. Егер өтiнiш берушi түзету әрекеттерiнiң жоспарында белгiленген мерзiмде сәйкессiздiктердi жоймаса, уәкiлеттi орган бас тартудың себебi көрсетiлген сертификат берушiден бас тарту туралы дәлелдi жазбаша жауап бередi.
      17. Уәкiлеттi орган сертификатты берудi сертификаттық тексеру актiсiне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. Екi не одан көп ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметiне сертификаттық тексеру жүргiзуге өтiнiш берiлген жағдайда сертификат өтiнiште көрсетiлген ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметiн сертификаттық тексерудiң соңғы актiсiне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      18. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берiлмейдi.
      19. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сертификат рұқсат етiлген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерiн (кiшi түрлерiн) сертификатқа қосымшада көрсете отырып, үш жылға берiледi. Қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн сертификат жарамсыз болып саналады.
      Сертификат аэронавигациялық ұйымның құрамына кiретiн ӘҚҚ органы мен (немесе) РТЖБҚ қызметiнiң барлығына немесе бiр бөлiгiне ғана ресiмделедi.
      20. Сертификаттық тексеру процесiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан не ұшуларға байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының iстен шығуын немесе ақауын жоюдан туындаған не ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiн енгiзу жоспарының орындалуына байланысты сертификаттық талаптардан ауытқулар анықталған жағдайда, комиссия сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктердi жою кезеңiне белгiленген деңгейге балама ұшу қауiпсiздiгi деңгейiн қамтамасыз ететiн өтiнiш берушi қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, қолданылу мерзiмi шектеулi сертификатты беру мүмкiндiгiн белгiлейдi. Қолданылу мерзiмi шектеулi сертификатты беру мүмкiндiгi тиiстi негiздемесiмен сертификаттық тексеру актiсiнде көрсетiледi.
      Сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктердi жою кезiнде сертификат Қағидалардың 19-тармағында белгiленген мерзiмге ұзартылады.
      21. Уәкiлеттi орган Заңның 16-3-бабының 2-тармағында көзделген бiрiншi деңгейдегi бұзылуды анықтау негiздемесi бойынша сертификаттың қолданылу аясын iшiнара шектеу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган бiрiншi деңгейдегi бұзушылық анықталғандарға қатысты рұқсат етiлген аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерiн (кiшi түрлерiн) алып тастау туралы сертификат иесiне хабарлайды.
      Сертификаттың қолданылу аясын iшiнара шектеу туралы шешiм уәкiлеттi органның тиiстi тексеруiмен расталған, анықталған бұзушылықтарды сертификат иесi жойған сәтке дейiн қолданылады.
      22. Сертификат иесiнiң атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiне байланысты уәкiлеттi органның сертификат беруi ұсынылған өзгерiстерге қатысты бөлiгiнде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар бойынша өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Сертификатты беру ақы төлеусiз тиiстi өтiнiштi алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      23. Сертификаттың иесi сертификаттың сақталуын қамтамасыз етедi. Сертификат бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, сертификаттың иесi уәкiлеттi органға еркiн нысанда жазылған қажеттi негiздемесiмен бiрге сертификаттың телнұсқасын алуға өтiнiш бередi. Уәкiлеттi орган сертификаттың телнұсқасын берудi өтiнiш келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
      Сертификаттың телнұсқасын қосымша тексеру жүргiзбей және ақы төлемей берiледi.
      24. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда:
      1) аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметi сертификаттық талаптарды сақтамағанда;
      2) иелiгiнде ӘҚҚ органы және (немесе) РТЖБҚ қызметi бар аэронавигациялық ұйымның өтiнiшi бойынша анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейiн сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрады.
      25. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол керi қайтарылып алынған жағдайда, уәкiлеттi орган аэронавигациялық ұйымның құрамындағы ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметiне қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
      26. Сертификаттың қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай iшiнде анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган тиiстi сертификатты керi қайтарып алады.
      27. Сертификатты керi қайтарып алған жағдайда, сертификаттың иесi сертификаттың түпнұсқасын уәкiлеттi органға дереу қайтарып бередi.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
1-қосымша              

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметiнiң сертификатын алуға арналған
өтiнiм

_____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________
                 (өтiнiш берушiнiң толық атауы, БСН)
мақсатында
_____________________________________________________________________
                            (сертификат алу)
___________________________________ сертификаттау жүргiзудi сұраймын.

      Аэронавигациялық қызметтiң мәлiмделген түрi (кiшi түрi):


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      1) өтiнiш берушi:
      2) сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
      3) қойылатын сертификаттық талаптарға жауап беруге;
      4) өтiнiш берушi әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi
саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң талаптарын мойындайды және оларды орындауға,
азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның аэронавигациялық
қызмет көрсетуге бақылау жүргiзудi жүзеге асыруына мүмкiндiк беруге
мiндеттенедi.
_____________________________________________________________________
                      (лауазымы/қолы/Т.А.Ә./күнi)

      М.О.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
2-қосымша              

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметiнiң сертификатын алуға арналған өтiнiмге қоса
берiлетiн құжаттар
тiзбесi

      1. Аэронавигациялық ұйымның құрылтай құжаттары:


      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң* көшiрмесi немесе анықтама.
      2) жарғының көшiрмесi;
      3) өтiнiш берушiнiң негiзгi жұмыс орнының мекенжайы.
      2. Аудиттелген жылдық қаржылық есептiлiк.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң бағыныштылық нұсқауын қамтитын ұйымдық құрылымы.
      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң штат кестесi және персоналмен жасақталуы туралы мәлiметтер.
      5. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметi туралы ереже.
      6. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң құрамына кiретiн аэронавигация ұйымның басшы құрамы туралы мәлiметтер, басшы құрамының жұмыс тәжiрибесi мен бiлiмi туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi.
      7. Аэронавигациялық ұйымның кемiнде 3 жыл кезеңге арналған бекiтiлген даму жоспары.
      8. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру мiндеттемелерi бойынша мәлiметтер.
      9. Техникалық оқу және персоналдың бiлiктiлiгiн арттыру курстарын жоспарлауды, өткiзудi растайтын құжаттама.
      10. ӘҚҚ бұзушылығына байланысты күтпеген жағдайлар кезiндегi iс-шаралар жоспары.
      11. Соңғы жылға арналған инспекциялық тексерулер актiлерiнiң көшiрмелерi.
      12. Салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау өткiзгенi үшiн мемлекеттiк баж салығын төлеу фактiсiн растайтын төлеу тапсырмасы данасының көшiрмелерi.
      13. Мыналарды қамтитын ӘҚҚ органының ұшу басшылары, аға диспетчерлерi, авиациялық станциялардың операторлары, нұсқаушылар және диспетчерлер құрамы туралы мәлiметтер:
      1) лауазымы;
      2) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      3) бастапқы даярлығы;
      4) диспетчер куәлiгiнiң сыныбы, нөмiрi, қолданылу мерзiмi, берген орган;
      5) дербес жұмысқа берiлген рұқсат;
      6) медициналық куәландыру, диспетчер, оператор куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi;
      7) байланысты ағылшын тiлiнде жүргiзуге берiлген рұқсаты, аяқтағандығы туралы құжатының нөмiрi, кiм және қашан берген;
      8) мамандығы бойынша соңғы өткен бiлiктiлiгiн арттыру курсы;
      9) ағылшын тiлi бойынша соңғы өткен бiлiктiлiгiн арттыру курсы;
      10) жаттығу құрылғысында даярлықтан өтуi (авариялық жағдайларда байланыс iстен шыққан кезде және күтпеген жағдайларда әрекет ету жөнiндегi дағдыларды үйрену және қолдау);
      11) жұмыс өтiлi;
      12) жасы.
      14. Диспетчердiң, оператордың жұмыс технологиясының көшiрмелерi (сертификаттау нысанының қолданыстағы әрбiр пунктi үшiн).
      15. Жауапкершiлiк аймақтарының, әуе трассаларының, жергiлiктi әуе желiлерiнiң, ӘҚҚ секторларының шекаралары енгiзiлген әуе кеңiстiгi құрылымының картасы.
      16. Соңғы бiр жыл iшiндегi әуе трассаларындағы (жауапкершiлiк ауданындағы) әуе қозғалысының қарқындылығы және ӘҚҚ органдарының (аймақтарының) қызмет көрсету мүмкiндiктерi туралы анықтама.
      17. ӘҚҚ-ны ұйымдастыруға және оның қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне соңғы жылы жасалған талдау.
      18. РТЖБҚ қызметiнiң басшылық, инженерлiк-техникалық құрамы туралы мәлiметтер мыналарды қамтуға тиiс:
      1) лауазымы;
      2) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      3) дербес жұмысқа берiлген рұқсаты;
      4) мамандығы бойынша соңғы өткен бiлiктiлiгiн арттыру курсы;
      5) жасы.
      19. РТЖБҚ қызметiне бекiтiлген және сертификаттауға жататын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрi – ҰРТҚ) және байланыс құралдарының жиынтық тiзбесi.
      20. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайтын құжаттар:
      1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланыс құралдарын резервтеу бойынша бекiтiлген нұсқаулықтар тiзбесi;
      2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйiне қарай қызмет көрсетiлетiндерiнен басқа) техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу кестесi;
      3) ҰРТҚ мен байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге аэронавигациялық ұйымның басқа ұйымдармен жасасқан келiсiмдерiнiң көшiрмелерi;
      4) өлшеу және бақылау құралдарының есепке алынғаны туралы анықтама;
      5) ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргiзiлгенi туралы анықтама;
      6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу кезiнде тексеру жүргiзiлгенi туралы анықтама;
      7) ҰРТҚ және байланыс құралдарының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келетiнi туралы анықтама;
      8) ҰРТҚ және байланыс құралдарының соңғы жылдардағы iстен шығу жағдайлары туралы анықтама;
      9) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 жылғы 9 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекiтiлген авиациялық электр байланысын ұйымдастырудың үлгi схемаларына сәйкес авиациялық электр байланысы схемаларының көшiрмелерi.
      21. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысын ұйымдастыруға және қауiпсiздiкке жасалған соңғы жылғы талдау.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн қолданыста болады;
      **құжаттардың көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
3-қосымша              

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметiнiң сертификатын алуға берiлген өтiнiшi бойынша
шешiм

      № _____                       2013 жылғы «___» ________________

_____________________________________________________________________
                     (өтiнiш берушiнiң толық атауы)

_____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
   және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
                            қызметiнiң атауы)

сертификаттау жүргiзуге берiлген 20__ жылғы «___» ___________________


№ _________ өтiнiмдi қарап, мынаны хабарлаймыз:

1. Сiз ұсынған құжаттар аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты
пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және сертификат беру
қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келедi (сәйкес келмейдi)
(сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Сертификаттық тексеру ___ бастап ___ дейiнгi аралықта жүргiзiледi.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Уәкiлеттi органның басшысы


не ол уәкiлеттiк берген адам
     МО
____________________________
       (қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы «___» ___________

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
4-қосымша              

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметiнiң сертификаты сұралған,
сертификаттауға жататын аэронавигациялық
қызмет түрi (кiшi түрлерi)

Қызмет көрсету

Көрсетiлетiн қызмет түрi

Көрсетiлетiн қызметтiң кiшi түрi

Ескертпе

1

2

3

4

Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ATS)

Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету (ATS)

Аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету

---

Қонуға жақындағанда диспетчерлiк қызмет көрсету

---

Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету

---

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (FIS)

OFIS деректерiн тарату

---

Консультациялар мен ақпараттарды ұсыну




Дауыстық деректердi қолдануға негiзделген (дауыстық ATIS), әуеайлақ маңында ақпаратты автоматты тарату қызметi

---

Әуеайлақ маңында ақпаратты деректердi тарату желiсi (D - ATIS) арқылы автоматты тарату қызметi

---

VOLMET радиохабарларын тарату

---

Авариялық хабар беру (AL)

---

---

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (байланыс, навигация, бақылау) (CNS)

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету (AFIS)

---

---

1

2

3

4







Радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалану

Байланыс (С)

Авиациялық радиобайланыс (жер – әуе байланысы)

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшiн

Аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету үшiн

Қонуға жақындағанда диспетчерлiк қызмет көрсету үшiн

Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету үшiн

Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн

Авариялық-құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарына арналған авариялық радиобайланыс үшiн

Навигация (N)

Авиациялық радиобайланыс (жер – жер байланысы)

ӘҚҚ органдарының өзара әрекет етуiн қамтамасыз ету үшiн

Әуежай iшiндегi электр байланысы үшiн

Тiркелген авиациялық электр байланысы желiсi үшiн

Әуе кеңiстiгiнде NDB сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңiстiгiнде VOR сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңiстiгiнде DME сигналдарын қамтамасыз ету

---

Әуе кеңiстiгiнде ILS сигналдарын қамтамасыз ету

I санат

II санат

III санат

III A санаты

III B санаты

III C санаты

1

2

3

4













Әуе кеңiстiгiнде GBAS сигналдарын қамтамасыз ету




Байқау (S)

Бiр жақты шолу радиолокаторы деректерiн ұсыну




Екi жақты шолу радиолокаторы деректерiн ұсыну

Mode A/C

Mode S

ADS-B деректерiн ұсыну




Әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдары

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесi (ӘҚБ АЖ)




Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған құралдары кешенi (ӘҚБ АҚК)




Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орны (ӘҚБ АЖО)




Радиолокациялық ақпаратты, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн диспетчерлiк қызметтер мен лауазымды тұлғалардың сөйлесулерiн құжаттау жабдығы

Радиолокациялық ақпаратты құжаттау жабдығы




Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн диспетчерлiк қызметтер мен лауазымды адамдардың сөйлесуiн құжаттау жабдығы




Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына
қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
5-қосымша              

Бекiтемiн                  


Уәкiлеттi органның басшысы 
не ол уәкiлеттiк берген адам
____________________________
қолы, Т.А.Ә.      
20__ жылғы «___» ___________

Сертификаттық тексеру актiсi

_____________________________________________________________________


                      (уәкiлеттi органның атауы)
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» __________ № __ бұйрығына сәйкес төмендегi құрамдағы
комиссия:

      Комиссия төрағасы:


      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелерi:
      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
      _______________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)

_____________________________________ сертификаттық тексеру жүргiздi.


(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметiнiң атауы)

      Қорытынды мәтiнi:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:


      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)
      Комиссия мүшелерi:
      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)
      _______________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.) (қолы)

      Актiмен таныстым:

      Аэронавигациялық ұйымның басшысы
      ________________________________
           (лауазымы/қолы/Т.А.Ә.)

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
6-қосымша              

Бекiтемiн                  


Уәкiлеттi органның басшысы 
не ол уәкiлеттiк берген адам
____________________________
қолы, Т.А.Ә.      
20__ жылғы «___» ___________

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және
байланыс қызметiне қойылатын сертификаттық
талаптарға сәйкессiздiктер
тiзбесi



Сәйкессiздiктiң мазмұны

Ескертпе










Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Таныстым:


Аэронавигациялық ұйымның басшысы
________________________________
     (лауазымы/қолы/Т.А.Ә.)

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органын және (немесе) 
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiн сертификаттау 
және сертификат беру қағидаларына  
7-қосымша              

ЕЛТАҢБА
Уәкiлеттi органның атауы


Уәкiлеттi органның мекенжайы
Сертификатты берген уәкiлеттi органның
бизнес сәйкестендiру нөмiрi

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметiнiң
сертификаты

№ ________

20__ жылғы «___» ________ берiлдi.   Қолданылу мерзiмi
                                     20__ жылғы «___» ________ дейiн.

_____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
   және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
               қызметiнiң атауы, БСН, заңды мекенжайы)

Осы сертификат


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
    және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
                            қызметiнiң атауы)
аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының
және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс
қызметiнiң осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын
қосымшасында көрсетiлген аэронавигациялық қызмет түрлерiне қойылатын
сертификаттық талаптарға сәйкес екендiгiн куәландырады.

Сертификат


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)

комиссиясының 20__ жылғы «___» _________________ № ____ сертификаттық


тексеру актiсi негiзiнде берiлдi.

ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖҚБ қызметiне қойылатын сертификаттық


талаптарға сәйкестiгiн тұрақты бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ жүзеге асырады.

М.О.


Азаматтық авиация саласындағы
уәкiлеттi органның басшысы
не ол уәкiлеттiк берген адам
____________________________
        қолы, Т.А.Ә.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына


қызмет көрсету органының және (немесе)
радиотехникалық жабдықты пайдалану  
және байланыс қызметiнiң сертификатына
№ ________ қосымша          

Сертификаттың қолданылу аясы

Қызмет көрсету

Қызмет көрсету түрi

Қызмет көрсетудiң кiшi түрi

Ескертпе

Әуе қозғалысына қызмет көрсету




























Радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметi




























М.О.

Азаматтық авиация саласындағы


уәкiлеттi органның басшысы
не ол уәкiлеттiк берген адам
____________________________
        қолы, Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен    
бекiтiлген        

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану
және байланыс қызметтерiне қойылатын
сертификаттық талаптар

      Осы Сертификаттық талаптар Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерiне қойылатын талаптарды (бұдан әрi – талаптар) белгiлейдi.


      Талаптарда:
      1. Аэронавигациялық ұйымның кемiнде 3 жыл кезеңге арналған бекiтiлген даму жоспары, сондай-ақ оларға қол жеткiзу стратегиясы мен iс-шаралары.
      2. Әзiрленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген әуе қозғалысына қызмет көрсетудi бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезiндегi iс-шаралар жоспарының болуы.
      3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органында және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнде бекiтiлген:
      1) құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiнiң
      2) лауазымдық нұсқаулықтарының
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын диспетчерлерiнiң, авиациялық станциялар операторларының жұмыс технологияларының
      4) азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi нұсқаулықтарының
      5) авиациялық оқиғалар мен инцеденттер жөнiндегi авариялық хабар беру схемасының
      6) ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану құжаттамасының
      7) көрсетiлетiн аэронавигациялық қызмет көрсету түрлерiне қатысты бөлiкте, әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзiлген соңғы өзгерiстер мен толықтыруларды қоса алғанда, персоналды таныстыру жөнiндегi, сондай-ақ ұшу қауiпсiздiгi бойынша ақпаратты (талдауды) жеткiзу жөнiндегi нұсқаулықтың болуы.
      4. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысымен бекiтiлген Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекiтiлген Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын сақтауы.
      5. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекiтiлген Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi.
      6. Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына (авиациялық әуе электр байланысы, авиациялық жерүстi электр байланысы, навигацияның радиотехникалық құралдары, бақылау жүйелерi, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандыру құралдары, байқау ақпаратын, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн диспетчерлiк қызметтер мен лауазымды адамдардың келiссөздерiн құжаттандыру жабдығы) және оларды электрмен жабдықтау көздерiне пайдалану құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеудi қамтамасыз ету.
      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiн сертификаттау және (немесе) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң сертификатын алуға берген өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттамаға қойылатын талаптардың орындалуы.
      8. Аэронавигациялық ұйымда ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң (меншiктi немесе шарт негiзiндегi ұқсас қызмет түрiн көрсететiн басқа аэронавигациялық ұйымның ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң бақылауында) болуы.
      9. Метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты алуға шарттың көзделген болуы (егер өтiнiш берушi мұндай қызметтердi көрсетпесе).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет