Аға оқытушы Г. Т



бет2/5
Дата04.03.2016
өлшемі460 Kb.
#39148
1   2   3   4   5

Е) заңға қайшы келмейтін жалпы бір мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған коммерциялық ұйымдар жиынтығы
$$$ 67

Қандай жастан ҚР азаматы саяси партияның мүшесі бола алады:

А) 11 жастан

В) 16 жастан

С) 18 жастан

D) 19 жастан

Е) 20 жастан
$$$ 68

ҚР-да кімдер қоғамдық бірлестіктердің мүшесі бола алады:

A) 14 жасқа толған ҚР азаматы

В) 16 жасқа толған ҚР азаматы

С) 16 жасқа толған шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар

D) 18 жасқа толған ҚР азаматы

Е) 16 жасқа толған ҚР азаматы, сонымен қатар, азаматтығы жоқ адамдар және шет ел азаматтары
$$$ 69

Құқықтық мемлекет:

A) қоғамның табиғатынан шығатын істерді орындауды және таптық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тарихи қалыптасқан жан-жақты әмбебап саяси қоғамды ұйымдастыру нысаны

B) жария-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің және олардың құқық субъектісі ретіндегі тұлғалармен өзара қарым қатынасының құқықтық нысаны

C) адамзатпен құрылған және құрылатын және қоғам дамуының тарихи жеткен деңгейін сипаттайтын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығы

D) қоғам дамуының белгілі кезеңіндегі экономикалық құрылыс

E) мекемелердің, қатынастардың және қоғамдық сананың әртүрлі нысандарының жиынтығы
$$$ 70

Құқықтық мемлекеттің қағидалары

A) құқықтық заңдардың жоғарылығы, азаматтардың құқықтары және міндеттерінің бірлігі, билік бөлісу

B) басқарудың республикалық нысаны

C) президенттілік институтының болуы

D) мемлекет шекарасының болуы

E) демократиялық саяси режим
$$$ 71

Табиғи құқық:

A) қоғам мен мемлекет алдында, мәдениетте, өмірде, Отанды қорғауда, тәрбиеде, тұлғаның өмірі, денсаулығы және құқықтарын қорғаудағы еңбегі үшін азаматтарды марапаттаудың жоғарғы нысаны

B) міндеттерден босатуды білдіретін субъектінің өз мүдделерін өте толық түрде қанағаттандыруға берілетін құқықтық мүмкіншілігі

C) адамның әрекетінің құқыққа сай немесе құқыққа қарсылық белгілері болып қызмет ететін нормалар жүйесін білдіретін әлеуметтік-нормативті реттеуші

D) мемлекет жалпыға міндетті маңыз беріп және оларды орындауды мәжбүрлеу күшімен қорғайтын, әдетке айналған әлеуметтік нормалардың жиынтығы

E) адам табиғатымен негізделген және нақты заң шығарушының еркінен тәуелсіз, ажырағысыз құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы
$$$ 72

Азаматтық қоғамның құрылысы:

A) мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жанұя, шіркеу

B) мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар, жанұя, шіркеу

C) саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар, жанұя, шіркеу, халықаралық ұйымдар

D) еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм

E) адамдардың қоғамдық өмірдің құқықтық құбылыстарына қатынасын білдіретін идеялар, көзқарастар, сезімдер, дәстүрлер жиынтығы
$$$ 73

Азаматтық қоғамның белгілері:

A) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқарушылық, құқықтық мемлекет

B) жалпы хабарланғандық және адамдардың ақпаратқа құқықтарын шынайы жүзеге асыру

C) экономиканың көпсалалығы, биліктің легитимді және демократиялы сипаты

D) еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм

E) аталған белгілердің барлығы азаматтық қоғамға тән
$$$ 74

Адам құқығы:

A) нақты, мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста болатын тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған заңмен қорғалатын заңдық мүмкін болатын әрекет тәртібі мөлшері

B) қандай да болмасын тосқауылдардың жоқтығын білдіретін азаматтардың құқығы

C) қоғам және мемлекет эволюциясымен бірге түрі өзгеретін тарихи өзгермелі категория

D) тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған заңмен қорғалатын мүмкін болатын әрекет тәртібі мөлшері

E) тұлғаның қоғамдағы белгілі жүйедегі құқықтарын және міндеттерін білдіретін заңды түрде бекітілген жағдайы
$$$ 75

Адам және азаматтың алғашқы құқықтары:

A) азаматтық және саяси құқықтар

B) әлеуметтік, саяси құқықтар

C) экономкалық, мәдени құқықтар

D) бейбітшілікке, өзін-өзі анықтауға құқығы

E) қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа құқығы
$$$ 76

Таптық қоғамға дейінгі әлеуметтік нормалар

A) қоғамдық ұйымдардың нормалары

B) техникалық құралдарды пайдалану ережелері

C) нормативті-құқықтық акт

D) әдет-ғұрыптар, моралдық нормалар, салт-дәстүрлер

E) нормативті келісім
$$$ 77

Құқықтың пайда болу жолдары:

A) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен құдай еркіне байланысты

B) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен адамгершілік нормалары

C) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен мононормалардың әлеуметтік нормаға айналуы

D) прецеденттік құқық пен құдай еркі

E) әлеуметтік норманың құқықтық сипатқа ауысуы
$$$ 78

Нормативтілік, интеллектуалды - ерікті сипат, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігімен қамтамасыз етілгендік, формалды анықталғандық, жүйелілік - бұл ненің белгілері?

А) саяси жүйенің

В) нормативті - құқықтық актінің

С) құқықтық мемлекеттің

D) мемлекеттік биліктің

Е) құқықтың
$$$ 79

Құқықтың қай белгісінде құқықтық нұсқаулар әрекетінің жалпылық, міндеттілік, үздіксіздік, аумақтық ұйымдастырылғандығы деген түсініктер шоғырланған:

А) ерікті сипат

В) жалпыға міндеттілік

С) формалды анықталғандық

D) жүйелілік

Е) нормативтілік
$$$ 80

Құқық мәні туралы негізгі теориялар:

A) табиғи, нормативтік, әлеуметтік

B) табиғи, күштеу, әлеуметтік

C) нормативтік, теологиялық, келісімдік

D) нормативтік, әлеуметтік, келісімдік

E) діни, материалистік, органикалық
$$$ 81

Құқықтың қазіргі анықтамасы.

А) қоғамда танылған әрекет мүмкіншілігі немесе негізделген, расталған бостандық

В) мемлекеттік билікпен орнатылған және онымен қоғамдық қатынастардың бекітілуі мен дамуы толықтай қорғалатын нормалар жүйесі

С) үстем таптың мазмұны өмірдегі материалдық жағдаймен анықталатын билеуші таптың заңға айналған еркі

D) билеуші таптың еркінің заңға айналғандығын білдіретін адамдарының мінез-құлқының нормативті - таптық реттеушісі

Е) қоғамда қатынастарды реттеуге арналған мемлекетпен тағайындалған және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті нормалар жүйесі
$$$ 82

Мемлекеттік-өкілдік нормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік:

A) құқық нормасы

B) құқық саласы

C) құқық мазмұны

D) құқық жүйесі

E) құқықтық норманың санкциясы
$$$ 83

Объективті құқық:

A) адам әрекетінің құқықтығы немесе құқыққа қарсылығының өлшемі, практикада тұлғаның заңдық құқықтары мен міндеттерінің бар-жоқтығын анықтаудың заңдық негізі болып табылатын нормалар жүйесінде көрінетін әлеуметті нормативті реттеуші

B) тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың тұлғаларға берген құқықтық мүмкіндіктері

C) мемлекеттік-өкілдік нормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік

D) құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау

E) құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп
$$$ 84

Құқық функциялары /қызметі/:

A) декларативті, позитивті

B) корпоративті, әлеуметтік

C) ұлттық, нәсілдік

D) реттеуші, қорғаушы

E) әлеуметтік, авторитарлық
$$$ 85

Құқықтың қоғам өміріндегі мәні мен әлеуметтік орнымен анықталатын қоғамдық қатынастарға заңды әсер етудің негізгі бағыттары:

A) құқық жүйесі

B) құқық мазмұны

C) құқық саласы

D) құқық түсінігі

E) құқық қызметі
$$$ 86

Нақты-географиялық, ұлттық тарихи, діни және арнаулы-заңдық белгілер негізінде құқық типі төмендегідей бөлінеді:

A) тарихи; өркениеттік

B) феодалдық, буржуазиялық

C) ұлттық құқықтық жүйелер, құқықтық отбасылар

D) романо-германдық, мұсылмандық

E) социалистік, англо-саксондық
$$$ 87

Романо-германдық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:

A) сот прецеденті

B) корпоративті нормалар

C) адамгершілік нормалары

D) нормативті актілер

E) әдет-ғұрыптық құқық
$$$ 88

Англо-саксондық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:

A) сот прецеденті

B) корпоративті нормалар

C) адамгершілік нормалары

D) нормативті актілер

E) әдет-ғұрыптық құқық
$$$ 89

Діни адамгершілік нормалары құқықтың негізгі қайнар көзі болып саналатын құқықтық жүйе:

A) романо-германдық

B) англо-саксондық

C) социалистік

D) феодалдық

E) діни
$$$ 90

Экономикалық базис типіне байланысты құқық типі төмендегідей бола алмайды:

A) социалистік

B) феодалдық

C) мұсылмандық

D) құл иеленуші

E) буржуазиялық
$$$ 91

Әлеуметтік нормалар:

A) қоғамдағы адам әрекетін реттеуші жалпы ережелер

B) нормалар жүйесін құрайтын әлеуметтік нормативті реттеуші

C) мемлекеттік-өкілдік нормативті нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік

D) құқықты өмірге, адамдардың шынайы әрекетіне енгізу

E) құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар
$$$ 92

Әлеуметтік норманың түрлері:

А) орган, лауазым

В) консенсус

С) құзірет

D) әдет-ғұрып, дәстүр

Е) ұйым
$$$ 93

Әдет - ғұрып:

А) тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

В) белгілі іс - әрекеттердің қайталануы

С) әлеметтік қатынас

D) адамның мінез - құлқы және ерік білдіру бостандығының шарасы

Е) нормативтік акт
$$$ 94

Корпоративті нормалар:

А) жергілікті өкілетті органдармен өзінің қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылатын нормалар.

В) қоғамдағы мінез - құлық ережелері

С) мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бұйрықтарында, шешімдерінде бекітілген нормалар

D) қоғамдық ұйымдардың қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылған жарғы, ереже, шешімдерінде көрсетілген, бекітілген әрекет тәртібі

Е) белгілі мемлекеттің белгілі бір жерінде қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез - құлық ережелері
$$$ 95

Құқықтың қайнар көзі:

А) құқықтық нормаларды мазмұндау, бекіту тәсілі

B) құқықтық нормалардың пайда болуы мен дамуын өмірге келтіретін және объективті қалыптастыратын қайнар көздері

С) мемлекеттік құқық құрылыста саяси билікті жүзеге асыру тәсілін ұйымдық - саяси өзгерту тәсілі

D) нормативті - құқықтық нормаларды өңдеуге, шығаруға, өзгертуге бағытталған қызмет нысаны

Е) субъектіге арналған міндетті, қажетті мінез - құлықты ресми нұсқау тәсілі
$$$ 96

Құқықтың қайнар көзіне төмендегінің қайсысы жатпайды:

А) нормативті - құқықтық акт

В) мораль қағидалары

С) құқықтық әдет - ғұрып

D) сот прецеденті

Е) нормативтік келісім - шарт
$$$ 97

Құқықтық әдет-ғұрып:

А) тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

В) мемлекеттік органның шешімі

С) мемлекетпен танылған, тарихи қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

D) барлық қатынас субъектілеріне арналған биліктік нұсқау

Е) кейбір индивидтердің еркін білдіру әдісі
$$$ 98

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің иерархиясынан тыс жатады:

A) Қазақстан Республикасының кодексі, заңдары және ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлықтары

B) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары

C) Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары

D) министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; басқа орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары

E) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары
$$$ 99

Нормативті-құқықтық акт:

А) құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі

В) мемлекетпен танылған, тарихи қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

С) құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті - құқықтық актілердің жиынтығы

D) белгілі қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының заңды құқықтары және міндеттерінің байланысы

Е) азаматтардың барлық жалпы құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің жиынтығы
$$$ 100

Заңдардың түрлері:

А) конституциялық және жай

B) референдуммен немесе парламентпен қабылданған

С) конституциялық және жай; парламентпен қабылданған және тұрақты; жалпы және арнайы

D) конституциялық және жай; мемлекеттік барлық аумағында немесе белгілі аумақта күші бар; алқалы және жеке; реттеуші және қорғаушы

Е) конституциялық және жай; жалпы және ерекше; тікелей немесе жанама күші бар
$$$ 101

Қазақстан Республикасының Президенті шығарады:

A) заңдар, кодекстер

B) өкімдер, жарлықтар

C) қаулылар, жарлықтар

D) жарлықтар, бұйрықтар

E) шешімдер, жарлықтар
$$$ 102

Заңнама жүйесі:

А) құқық нормалары

B) құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті - құқықтық актілердің жиынтығы

С) құқық нормасының мазмұны

D) объективті жүйе

Е) құқық нормасының бір қалыпты құрылымы
$$$ 103

Нормативті-құқықтық актілердің уақыттағы әрекеті:

A) жалпы және уақытша

B) мерзімсіз және жедел

C) конституциялық және төтенше

D) жалпы мемлекеттік және жергілікті

E) тұрақты және уақытша
$$$ 104

Заңның кері күші:

A) болашақта болатын оқиғаларға бағытталған әрекеттер

B) заңдық күші жойылған заң жаңа заңның арнайы нұсқауымен жеке мәселелер бойынша әрекет етуін жалғастыру мүмкіндігі

C) заңның заңдық күшіне енген күннен бастап тек "алда" болатын оқиғаларға ғана тарауы

D) нормативті-құқықтық актінің оның заңды күшіне енуіне дейінгі болған фактілер және олардан туындаған құқықтық жағдайларға таралуы

E) заңның әрекет ететін мерзімнің өтуі
$$$ 105

Мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құықтары мен міндеттерін реттейтін жалпыға біодей міндетті әрекет тәртібі:

А) құқық

В) құқық нормасы

С) құқықтық әрекет

D) құқықтық сана

Е) құқықтық мәдениет
$$$ 106

Құқық нормасының құрылымы:

А) өзіне құқықтық жобасы жоқ әртүрлі нұсқаулардан тұратын жүйелер

В) норманың ішкі құрылымы, оның өзара байланысқан бөліктерінің жиынтығы

С) өзара байланысты, келісілген және өзара іс - әрекеттелген заң құралдарының жиынтығы

D) белгілі қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының заңды құқықтары және міндеттерінің байланысы

Е) азаматтардың барлық жалпы құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің жиынтығы
$$$ 107

Гипотеза:

А) құқықтық норманың нұсқауларында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының құрылымдық бөлігі

В) құқық нормасының әрекет ету жағдайларын көрсететін құқық нормасының бөлігі

С) заңды түрде сипаты бар құқық субъектілерінің мінез - құлқының мазмұнын ашатын құқық нормасының бөлігі

D) құқық нормалары бар құқықшығармашылық актісі

Е) мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік нұсқауларының субординациялық жиынтығының байланысы
$$$ 108

Диспозиция:

А) құқықтық норманың нұсқауларында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының құрылымдық бөлігі

В) құқық нормасының іс - әрекет ету шартын көрсететін құқық нормасының құрылымдық элементі

С) құқықтық қатынастарға қатысушыларға нақты құқықтары мен міндеттері көрсетілген құқық нормасының құрылымдық бөлігі

D) құқық нормалары бар құқықтық шығармашылық актісі

Е) мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік нұсқауларының субординациялы жиынтығының байланысы
$$$ 109

Санкция:


А) құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының бір бөлігі

В) құқық нормасының іс - әрекет ету шартын көрсететін құқық нормасының элементі

С) заңды түрде сипаты бар құқық субъектілерінің мінез - құлқының мазмұнын ашатын құқық нормасының құрылымдық бөлігі

D) құқық нормалары бар құқықтық шығармашылық актісі

Е) мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік жазбалардың субординациялы жиынтығының байланысы
$$$ 110

Мемлекеттік органдардың қағидаларын, институттарын немесе құрылымын құратын және құқықтық реттеудің бастапқы шегін анықтайтын нормалар:

А) белгілі анықталған

В) дефинитивті

С) жариялы - құқықтық

D) құрылтайшы

Е) міндеттеуші
$$$ 111

Міндеттілік сипаты бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады, олар:

А) корпоративті, мемлекеттік

В) коммерциялық, коммерциялық емес

С) императивті, диспозитивті

D) заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты

Е) бланкетті, сілтемелі
$$$ 112

Типтік құқық нормалары:

А) құқық қорғаушы, реттеуші

В) жалпы, арнайы

С) категориялы, диспозитивті

D) заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты

Е) абсолютті, салыстырмалы
$$$ 113

Типтік емес құқық нормалары:

А) қорғаушы, реттеуші

В) тұрақты, уақытша

С) императивті, диспозитивті

D) декларативті, дефинивті

Е) бланкетті, сілтемелі
$$$ 114

Тұлғалар шеңбері бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады:

А) қорғаушы, реттеуші

В) жалпы, ерекше

С) категориялы, диспозитивті

D) заң шығарушы, декларативті

Е) бланкетті, сілтемелі
$$$ 115

Құқық шығармашылық:

A) құзыретті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жолымен, құқықтық нормаларды құруға, өзгертуге және жоюға бағытталған қызметі

B) мемлекеттік белсенді шығармашылық қызметі

C) нормативтік актілерде көрініс табатын құқықтық нормалар

D) қоғамның өркениеті мен демократия көрсеткіші

E) халықтың еркін заңды бейнелеудің үрдісі
$$$ 116

Заңдық бастамашылық субъектілері:

A) ҚР Президенті

B) облыс әкімі

C) ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы

D) ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті депутаттары

E) ҚР Президенті, ҚР Парламенті депутаттары
$$$ 117

Заңдық бастамашылық:

A) субъектінің белгіленген әлеуметтік игілікті пайдалануға талпынуында байқалған, ҚР заңнамасында көрініс тапқан және белгілі бір дәрежеде мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық мүмкіндік

B) ҚР негізгі заңында бекітілген белгілі субъектілердің заңды қабылдау туралы ұсыныс жасау және тиісті заң жобасын енгізу құқығы

C) бұзылған немесе даулы құқықты, не болмаса заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңды құралы

D) ҚР заңшығарушы органдарының құқық шығармашылық қызметі үрдісіндегі басқарушылық шешімдерге "қысым көрсету топтарының" әсер ету құралы

E) заңбұзбаушы әрекет тәртібіне құқықтық баулу
$$$ 118

Заң шығармашылық үрдісі:

A) нақты деректерге, субъектілерге, шынайы қоғамдық өмірдің қатынастарына қатысты заң шегінде негізделген құқықтық нормаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің заңдық және ұйымдастырушылық қызметі

B) құқықтық актілерде халықтың еркін қалыптастыру және бекіту, бұл актілерді өзгерту немесе жою бойынша қызметтің кезеңдендірілген үрдісі

C) қоғам мен мемлекеттің құқықтық талаптарын тану және бағалау үрдісі, тиісті үрдіс көлемінде өкілетті субъектілердің құқықтық актілерді қалыптастыруы және қабылдауы

D) құқық құрылуын формальді белгіленген жалпы сипаттағы ұйғарымдарға бекітетін мемлекеттік қызмет

E) келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әрекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау
$$$ 119

Заңдық техника:

A) құқықтық актілер тілінің айқындылығы және нақтылығы, қарапайымдылығы және түсініктілігі

B) құқықтық материалдың өзара байланысы, келісімділігі және ішкі бірлігі

C) заңдық ақпаратты мазмұндаудағы кезектілік

D) құқықтық ұйғарымдардың қысқалығының нақтылық және толықтықпен үйлесімділігі

E) нормативті-құқықтық актілерді дайындау, бекіту, жариялау және жүйелендіру тәсілдерінің жиынтығы
$$$ 120

Құқықты жүйелендіру:

A) мемлекеттің ескірген ережелерден босату мақсатында, қолданыстағы заңнаманы қайта өңдеу бойынша қызметі

B) өмірдің талаптарына сай, заңнаманы жаңарту бойынша мемлекеттің қызметі

C) заңнаманы реттеу және оны тұтас жүйеге келтіру бойынша жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі

D) әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет

E) өмірдің талаптарына және әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет
$$$ 121

Нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:

A) пролонгация, инаугурация

B) промульгация, ратификация

C) инкорпорация, кодификация, консолидация

D) демократизация, социализация

E) юридизация
$$$ 122

Кодекс ұғымы:

A) біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары біріктірілген және жүйелендірілген логикалық тұтас заңнамалық акт

B) қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың фундаменталды бастауларын бекітетін, абсолютті заң күшіне ие болатын негізгі заңнамалық акт

C) қылмыстар мен жазаларды анықтаумен байланысты қатынастарды немесе мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін, заңды нормалардың тәртіптелген жиынтығы

D) жоғары заң күшіне ие болатын және қатаң белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқық салаларының барлығының негізгі нормаларын анықтайды және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді

E) нақты істер бойынша мемлекеттік органдардың шешімі, оның күші болашақта болатын барлық оқиғаларға таралады және оларға міндетті болады
$$$ 123

Заңнаманы кодификациялау:

A) әрекеттегі құқықтық нормаларды біртұтас актіге біріктіру

B) құқықтық актілерді біртұтас актіге біріктіру және белгілі тәртіпте орналастыру

C) құқықтық нормаларды белгілі тәртіпте орналастыру

D) мақсатты бағытталған жұмыс

E) нормативті актілерді бірдей, логикалық тұтас актіге олардың мазмұнын өзгерте отырып біріктіру жолымен жасалатын жүйелендіру нысаны
$$$ 124

Инкорпорация түсінігі:

A) нормативті материалды ішкі және сыртқы өңдеу жүзеге асырылатын реттеу

B) заңға бағынышты актілерді мазмұнын өңдеп, сыртқы түрін бүрынғысынша қалдыру арқылы ретке келтіру

C) муниципалды органдардың актілерін оның сыртқы түрін өзгерте отырып реттеу

D) корпоративті ұйымдардың нормаларын жаңа норма қалыптастыру жолымен реттеу

E) нормативті материалдардың мазмұнын өзгертпестен, тек сыртқы өңдеуден өткізу жүзеге асырылатын реттеу
$$$ 125

Консолидация түсінігі:

A) біртектес қоғамдық қатынастарды тұтас құқық саласына біріктіру

B) ұлттық-мемлекеттік құрылымдарды біріктіру жолымен құрылатын мемлекеттік құрылым нысаны

C) өркениеттік көзқарастағы құқыққа тән, нормативті акт түрінде көрініс табатын құқық нысаны

D) нормативті-құқықтық актілер өңделіп, толықтырылып және біріктірілетін жүйелендірілу нысаны

E) мемлекеттік емес органдарды тұтас саяси жүйеге біріктіру
$$$ 126

Құқық жүйесі:

А) құқықтың құқық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және құқық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы

В) әлеуметтік - экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи себептер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет