Ағдарбеков Т. А. Ағдарбекова З. Т



бет6/14
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#167441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

40. НОРМАТИВТІ КЕЛІСІМ ШАРТ
Нормативті-құқықтық келісім – бұл құқық субъекті-лерінің арасындағы, бір-біріне қарым-қатынасын және міндеттілігін белгілеу арқылы реттеу.

Нормативті келісім шарт халықаралық көпшілік және ұлттық мемлекеттік (конституциялық) құқыққа тән болады. Мұнда олар маңызды нысан рөлін атқарады (қайнар көздердің). Бұл әр түрлі мемлекеттер арасындағы (үкіметтер) не басқа халықаралық субъектілер арасындағы келісімдер; ішкі мемлекеттік келісімдер (Закавказ Советтік Рес-публикасын 1922 жылы құру туралы; КСРО-ны құру 1922 ж., федеративті келісім РФ мен оның субъектілерінің арасындағы 31 март 1992 ж., т.б.); федералды, аймақтық органдардың атқару биліктері арасындағы келісімдер.

Нормативті келісімдер шарттардың маңызды рөлін еңбек құқығының ережелерінің қалпынан көруге болады: Коллективтік (ұйымдасқан) келісім шарт (жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік акт, ол өндіріс әкімшілігі мен және оның кәсіподақ ұйымының арасында бекітіледі); коллективтік келісім (нормативті акт – арнайы, салалық және генеральді келісім, еңбек жағдайына қарай міндеттілік, белгілі маман-дықтағы салаларға, категорияларға әлеуметтік кепілдіктер бойынша бөлінеді).
41. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫСАНЫ (ҚАЙНАР КӨЗІ) РЕТІНДЕ
Нормативті-құқықтық актілер континентальді құқық елдерінде негізгі және маңызды құқықтың қайнар көзі, оның қатарына Ресей де жатады.

Нормативті-құқықтық акт – бұл белгілі тәртіппен шығарылған құқықтық шығармашылық органының актісі, ол құқық нормаларын белгілеуші, өзгертуші, не жоюшы, жалпыға бірдей міндеттілік сипаты бар және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен бекітіледі.

Нормативті-құқықтық актілердің негізгі белгілері:


  • Жалпыға міндетті, нақтылы белгіленбеген, типтеріне сәйкес қандай да бір нақты қоғамдық қатынастар аясы, нормативті үлгілі ұйғарым.

  • Қызмет бабына сай қатаң түрде белгіленген құқықтық шығармашылық органынан шығып, ондағы аманат етілген бірлік пен тұтастық талабын барлық құқық субъектілерімен орындалуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызды қоғамдық қатынастарды реттеудегі тәртіп белгі талап етілді.

  • Қатаң процедура процесінде қабылданады;

  • Олардың талабын қамтамасыз етуге формальді белгіленген құжатты – жазылған белгілі нысаны бар және онда көрсетілген ұйғарымдарға олардың мазмұнымен таныстырады.

  • Олардың уақытша кеңістіктегі және адамдар аясын-дағы әрекетін нақты белгілейді.

  • Бір-бірімен нақты белгіленген иерархиялық қатынаста болады, негізіне заңды күші бар нормативтік акт жатады, себебі ол құқықтық шығармашылық органдардың қызметімен қамтамасыз етілген.

  • Қоғамдық дамудағы өзгермелі қажеттілікке жеткілікті түрде, тез көңіл аударуға қабілетті, сондықтан басқа құқықтың қайнар көздерінен айырмашылығы сонда, ол әлеуметтік қажеттілікке байланысты, оперативті түрде толтыра алады.

  • Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген норма-тивті ұйғарымдардың орындалуы қолданылады және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, оның механизмі өздерінің нормативті құқықтық актілерін көрсетуі мүмкін.

Нормативті-құқықтық актілерге жататындар – заңдар және қосымша заңды актілер жатады.

* * *

НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР: ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТТЕРІ
42. ЗАҢДАРДЫҢ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Бірінші және негізгі, барлық нормативті-құқықтық акті-лерді бөлу олардың заңды күшіне байланысты жүргізіледі. Сол негізде заңдар мен қосымша нормативті актілер бөлініп шығады.

Құқық нормасында елдегі әрекет ететін нормативті актілердің барлығының жиынтығын заңдар деп атайды, олай айтылуы кездейсоқ емес, себебі жағымды құқықтың бірінші негізі дегенмен заң болып есептеледі.



Заңдар – бұл нормативті-құқықтық актілер, мемлекеттің жоғарғы өкілетті органымен не тікелей халықпен (референдумда) қабылданады, жоғарғы заңдардың күші бар және көбірек маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Заңдар заңдылық сапасы жағынан, ең жоғарғы заңдылық күші бар, яғни нормативті-құқықтық актілердің иерархиялық жүйесінде ерекше орын алады.

Заңның жоғарғы заңдылық күші мынадан көрінеді:


  • Қатаң түрде өкілеттігі бар, мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілеттік органымен, халықпен референдум арқылы қабылданады.

  • Алғашқы шығу сипатындағы нормалары бар, сондықтан барлық басқа нормативті актілер олардың ережесіне сай шығарылуы міндетті; олар тек заңдардың нормативтік белгілерін талдайды және нақтылайды, бірақ оларға әр уақытта қарама-қайшы болмайды;

  • Оны қабылдаған органнан басқа, органдардың бекітуге, өзгертуге не жоюға құқықтары жоқ;

  • Заңдылық реттеудің пәні міндетті түрде өте маңызды қоғамдық қатынастар болуы тиіс, олай болмаса заңның ерекше рөлі, құқықтың басты қайнар көзі ретіндегі беделі бұзылады, яғни деңгейі қосымша заң актілеріндегідей болады. Сонымен заңның идеялары, барлық әлеуметтік субъектілердің негізгі бағыты ретінде бұзылады.

  • Барлық заңдар қатаң түрде иерархиялық, сондықтан, федеративтік мемлекетте олар ерекше п ирамидаға жиналады, оның үстінде конституциялық не негізгі заңдар (РФ Конституциясы, РФ құрамындағы республикалардың конституциялары); одан кейін федералдық конституциялық заңдар, мемлекеттік биліктің маңыздырақ негіздерін жариялауға бағытталған (мемлекеттік елтаңба, әнұран және РФ туы, РФ сот жүйесі туралы, референдум туралы, РФ үкіметінің әрекеті туралы, т.б.); әрекет ететін (салалық кодекстер, заңдардың негіздері, әр түрлі салалық заңдар, т.б.); федерация субъектілерінің заңдары, РФ субъектілерін жүргізу мәселелері бойынша қабылданатын және РФ субъектілерін бірігіп жүргізу және Федерацияның тек берілген Федерация субъектілерінің аумағында шектеліп әрекет ететін заңдар.

Басқаларының барлығы, нормативті актілер қосымша заңдарға жатады.

43. ҚОСЫМША ЗАҢДЫ НОРМАТИВТІ АКТІЛЕР
Қосымша заңды нормативті-құқықтық актілер – міндетті органдардың (ұйымдардың) және лауазымды адамдардың, заңдарға сай және оларға қарама-қайшылығы жоқ нормативті актілер.

Заңды қосымша актілер мемлекеттің басшысымен, мемлекеттің атқарушы билігімен және жергілікті өзін-өзі атқарумен шығарылады, мақсаты сол не басқа қоғамдық қатынастарға қатысты, заңдардың жағдайын нақтылау және ағымдағы мақсаттарды оперативті шешу. Олар өздерінде құқық нормаларын ұстайды, арнайыланған және жалпы міндеттілік сипаты болады, қатаң белгіленген түрі мен қажетті реквизиттері бар.

Ондай актілерге жататындар, ең алдымен РФ Президентінің жарлығы мен өкімі жатады, олар аса маңызды қоғамдық және мемлекетті бақылау мәселелері бойынша шығарылады.

Жарлықтар нормативті не жекелеген-құқықтық болуы мүмкін: РФ Президентінің жарлықтары нормативті сипатта – бұл жалпы тәртіп туралы шешім, ол көп уақытқа және белгісіз субъектілер ортасында пайдалану үшін керек; РФ Президентінің жекелеген сипаттағы жарлығы – бұл шешімдер нормативті сипатта болмайды (мысалы, РФ Президентіне есеп беретін федералды органдарға атқарушы биліктегі басшыларды лауазымды орынға тағайындау не босату, азаматтық беру, мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы, құрметті атақтар беру, жоғарғы әскери және жоғарғы арнайы атақтар беру, ауыр қылмыс жасағандарға кешірім жасау, т.с.с.).



Мемлекет басшысы жоғарыдағы актілерден басқа да қосымша нормативті актілер шығарады:

  • Үкіметтің қаулысы және өкімі, оның қызметіндегі негізгі бағыттар бойынша заңды орындау үшін қабылданады. Қаулы жалпы мәселелер бойынша қабылданады және нормативтік сипатта болады, ал өкім – оперативтік жолмен басқару мәселелері бойынша, сондықтан жекелеген сипатта болады;

  • Жекелеген министрліктердің және қызметтердің актілері олардың құзыретінің шегіне байланысты әрекет етеді: федералды заңдарды орындау үшін шығарылған бұйрықтар, нұсқаулар, өкім, ереже, жарғылар, тағы басқа актілер;

  • Ресей Федерациясының субъектілерінің қабылдайтын актілері (РФ Конституциясының 76-бабы), негізінде федерацияның өзінің жүйесіндегі нормативтік актілерді қайталайды және берілген (қосымша нормативті-құқықтық актілердің жіктелуіне қосыла-тыны РФ Конституциясының үстемдігі, яғни субъектілердің барлық актілері соған сай болуы керек және сол сияқты өздерінің конституциялары мен жарғылары да федералдық конституция негізінде жазылып соған сай болуы міндетті;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері (жергілікті актілер не муниципальді құқықтық актілер) муниципальді құрылымның аумағында міндетті орындалатын, жергілікті маңызы бар мәселелерге арналған шешімдер. Олар жекелеген мемлекеттік өкілетті органдарға арналған. Яғни федералдық заңдармен және РФ субъектілерімен жергілікті өзін-өзі басқаруға берілген өкілеттілік. Муниципальдік тұрғындарымен тікелей қабылданып, жергілікті өзін-өзі басқаратын органмен не оның лауазымды адамымен орындалуы қажет. Ондай нормативті актілерге муниципальді құрылымның жарғысы; құқықтық актілер, жергілікті референдумда қабыл-данған (азаматтардың жиналысында); муниципальді құрылымның басшысының құқықтық актілері; муниципальдік құрылымның жарғысында белгіленген жергілікті әкімшіліктің, лауазымды адамдардың қаулылары мен өкімдері.

  • Локальді нормативтік актілер, ұйымдардың ұжымымен қабылданатын не оны көрсететін және нақтылы ведомствоның, ұйымдардың, өндірістердің шегінде әрекет ететіндермен қабылданғандар және олардың күнделікті ішкі ұйымдастырушылық әрекетін жария етеді (бұйрық, ішкі еңбек тәртібі өкімі, тәртіп туралы алғышарттар, еңбекті ұйымдастыру, бөлімдер арасындағы қарым-қатынас). Сонымен бірге локальдік нормативтік актілерге корпоративтік құқықтардың қайнар көздері де жатады.



44. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ КЕҢІСТІКТЕГІ ӘРЕКЕТТЕРІ
Нормативті-құқықтық актілердің әрекет ету кеңістігінің шегі мемлекеттің аумағына байланысты. Мұнда мемлекеттік аумақтар былай белгіленеді:

  • Мемлекеттік шекара шегіндегі аймақтар – бұл құрлықтар (жер қойнауы, яғни геологиялық зерттеуге және игеруге болатын тереңдікке дейінгі жер қойнауы континентальді шелф (200 теңіз қашықтығы), оған қосымша мемлекетке қарайтын аралдар мен анклавтар; сулар, қосымша ішкі сулар (өзендер, көлдер, су қоймалары, ішкі теңіздер) және аймақтық сулар (12 теңіз өлшемі); әуе кеңістігі (келісілген есептеу бойынша 100 км төменнен жоғарыға дейінгі ұзақтық).

  • Мемлекеттің уақытша аумағы сырт елдердегі елшіліктер мен консулдықтардың тұратын аумағы, теңіздегі, өзендердегі, әуедегі және ғарыштағы мемлекеттің туы астындағы кемелер, ашық теңіздегі желілер және құбырлар. Сонымен бірге әскери кемелер әр уақытта, қай жерде болмасын мемлекеттің аумағына жатады, ал әскери еместер тек өз мемлекетінің сулары мен әуе кеңістігінде.

  • Аумақтық белгімен қатар маңызды белгіге сол не басқа нормативті актілерді шығаратын органның құзіреті жатады. Яғни мемлекеттік биліктің филиалдық органдарының актілері мемлекеттің барлық аумақтарына әрекет етеді, федерация субъектілерінің атқарушы органдарының актілері – тек берілген субъектінің қалпында, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қабылданатын актілері соған сай берілген муниципальді құрылымдардың шекараларымен тежелген.

  • Нормативті-құқықтық актілердің аймақтық аядағы әрекеттеріне қарағанда, еске алатын түсініктер мынадай: аумақтығы, яғни нормативтік актілердің мемлекеттің сыртында таралуы (әскери соттар, сырт елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумақтары).



45. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІ
Әдеттегідей нормативті-құқықтық актілердің әрекеті мемлекеттің аумағында өмір сүретін барлық адамдарға, қоғамның құқықтық мүшесі және заңды тұлға не оның жекелеген бөліктеріне (қатысты) таралады.

Дегенмен кейбір нормативті актілер қатаң түрде белгілі субъектілердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталады. Соған байланысты құқық субъектілері бірнеше түрлерге әр түрлі белгілері бойынша бөлінеді:



  • Құқық субъектісінің түріне байланысты: қоғамның құқықтық мүшесі және заңды тұлға (ішкі мемлекеттік, бірлескен, шетелдердегі ұйымдар);

  • Азаматтығына байланысты мынадай адамдар қарастырылады: мемлекеттің адамдары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқтар, қашқындар, еріксіз көшкендер;

  • Жыныстық және жас мөлшеріне байланысты: әйелдер (жүкті болуы мен бала тууына байланысты көмектер), жастар, зейнеткерлер;

  • Мамандығына байланысты: әскерилер, бюджеттегілер (феодалдық, регионалдық), дәрігерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, коммерциялық ұйымдардың және өндірістердің адамдары;

  • Аумақтық қатыстығына байланысты (Қиыр Солтүстік аудандардың адамдары), т.с.с.

Шетелдіктер үшін өте маңызды құқықтық және қабілеттілік тежеушілік бар. Мысалы, заңмен белгілі лауазымды қызмет істеуге не белгілі әрекет түрлерімен шұғылдануға (оның ішінде жекешеленген), мемлекеттік не муниципалдық қызметте болуды, Ресей Федерациясының субъектілерінің оның шекарасынан тыс жерде еңбек етуге, яғни рұқсат етілген жерден басқа жерде еңбек етуге заңмен тыйым салынған. Жүріп-тұру бостандығы да тежелген (белгілі аумақтар мен ұйымдар және объектілерге баруға тыйым салынған).
* * *

ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
46. ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Ресей құқығының қайнар көздерінің ішіндегі алдыңғы орынды нормативтік-құқықтық актілер алады – мемлекеттік органдардың актілері, құқық нормаларының мазмұндары (заңды нормалар). Олар құқықтық шығармашылықтың нәтижесі. Құқықтық шығармашылық – көбірек кең көлемдегі құрылым бөлігінің құрылысы – құқықтық қоғамдық құры-луындағы – процесс, бұл объективті қалыптасатын қажет-тіліктің әсерімен және мемлекеттік әрекетпен қалыптасатын нормативті-құқықтық актілердің алғышарттары.

Құқықтық шығармашылық – бұл құзіретті мем-лекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, не барлық халықтың (референдумы) қабылдауы туралы (құру, өзгерту не нормативті-құқықтық актілерді жою.

Құқықтық шығармашылық – бұл қиын және жауапты процесс, олардың нәтижесі барлығына және әрбір адамға қатысты. Сондықтан, оның жолында мынандай қағидалар бұлжытпай орындалуы қажет:



  • Демократизм (халықтың құқық нормасын талқылауында және құрғанда қанасуы);

  • Заңдылық (құқықтық шығармашылықты іске асыру, заң жүзінде қатаң белгіленген процедураларға сай жүргізілуі);

  • Кәсібилік (жазылған және қабылданған заң жобалары объективті жағынан қамтамасыз етілуі керек, ал олардың мәтіндері (текстілері) – заңды техниканың талаптарына сай болып, заң шығару процесіне қатынасушылар кәсіби негізде жауап берушілер);

  • Ғылыми сипаттағы құқықтық шығармашылық (юриспруденциядағы) және басқа қоғамдық ғылымдардағы жетістктер және олармен жасалған құқық нормаларын құруға арналған әдістемелерді есепке алу қажеттігі);

  • Жариялық («Қандай болмасын нормативтік-құқықтық актілер» адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына тиісті болса қолдануға болмайды, егер олар жалпыға бірдей ашық түрде арнайы жарияланбаса» РФ Конституциясы ст. 15 б.3);

  • Шығарылған нормативті актілердің құқық туралы маңызды көзқарастарға сай болуы (құқықтың заңдылықтың талаптары, т.б.).



47. ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқықтық шығармашылық күрделі және көпжақты процесс, нәтижелерін құқық нормасын құруға қатысқан субъектілердің ортасына және өздерінің заңдылық күштеріне байланысты айыруға болады.

Құқықтық ұйғарым жеткілікті көлемдегі субъектілермен құрылады, оған сол не басқа кездерде халық, соған арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, өз құзіреттігі көлемінде лауазымды адамдар жатады.

Сондықтан, құқықтық шығармашылық субъектілеріне байланысты мынадай түрлері бөлініп шығады:


  • Халықтың тікелей құқықтық шығармашылығы, ол референдум процесінде болады;

  • Мемлекеттік органдардың құқықтық-шығармашылық әрекеті құқықтық шығармашылықтың негізі ретінде, онымен жеткілікті мемлекеттік органдар шұғыл-данады (Мемлекеттік Дума, Федерация кеңесі, РФ Президенті, РФ Үкіметі, федералдық министрліктер және басқа ведомстволар, аймақтардың, облыстардың басшылары, өздерінің шегінде өкілеттігіне бай-ланысты кәсіпорындардың және мекемелердің басшылары);

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздерінің құзіреті қалпындағы құқықтық шығармашылығы;

  • Локальді нормаларды шығаруға, өкілетті субъекті-лердің әрекеттері жатады, делегаттар не құзіретті негізде іске асырылады және жасауға және белгіленген нормаларды (тәртіп жолын) жалпы сипаттағы қабылдауға бағытталған, олар әр түрлі ортадағы ұйымның әрекетін жариялайды және олардың мүшелерінің арасындағы қалыптаса бастаған қарым-қатынасты көрсетеді (мысалы, ішкі еңбек тәртібінің жолын белгілеу).

Маңыздылығына қарай былай бөлінеді:

  • Заң шығармашылық (мемлекеттің жоғарғы өкілетті органдарының заңдарды құру әрекеттері);

  • Делегаттық заң шығармашылық (заң шығару органының санкциясы бойынша нормативті-құқықтық актілерді қабылдау, олар заң күші бар, мемлекеттің жоғарғы атқарушы билігі бар орган (президентпен, үкіметпен), пайда болған құқықтық проблемаларды оперативтік жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін);

  • Қосымша құқықтық-шығармашылық (әрекеттегі заңдардың негізінде атқарушы билік органдарымен және оған өкілеттігі бар лауазымды адамдармен нормативті актілерді құруы (жазуы); санкция берілген құқықтық-шығармашылық (әрекеттер түрінде қалып-тасқан, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп жолы, не оларға рұқсат еткен құқықтық-шығарма-шылықтағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әрекеттері және жекелеген мемлекеттік емес ұйымдардың әрекеттері);

  • Келісім шарт құқықтық-шығармашылық (нормативтік ұйғарымның күші бар екі жақтың келісімге келуі).



48. ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

(ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ)
Құқықтық шығармашылық – уақыты бойынша созылмалы процесс, бірнеше кезеңдерді қамтиды – нормативті-құқықтық актілерді қабылдауда салыстырмалы ерекшеленген кезеңдерден өтеді. Бұл қатынастарда көбірек маңыздысы заң шығару процесі, мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органының әрекеті ретінде (елдің парламенті – РФ Федералды Жиналысы) федералдық заңды қабылдау жөнінде. Ол заң шығару инициативасының кезеңдерінен тұрады – талқылаудан, қабылдаудан және жаңа заңды жария етуден (халықты құлақтандыру).

Заң щығару инициативасы және нормативті актісінің жобасын дайындау. Бұл кезеңде берілген нақтылы қатынасты заң жүзінде реттеу туралы ұсыныстар беріледі және елдің заң шығару органына соған сай заңның жобасы ұсынылады. Заң шығару инициативасы құқығымен қатаң түрде белгілі субъектілер белгіленеді: РФ Президенті, Федерация Кеңесі және оның мүшелері, Мемлекеттік Думаның депутаттары, РФ Үкіметі, РФ субъектілерінің заң шығарушы органдары, Конституциялық, Жоғарғы РФ Арбитражды соты.

Заң жобасын талқылау (байқау), ең ұзақ және жоғарғы нормативті актіні құрудағы алдын-ала болжанбайтын процесс: заң жобасын жасаудағы мамандардың жұмысы; тұжырым-дарды талқылау, өзгерту енгізу, толықтыру яғни, мәтінді редакциялау; пленарлық отырыста талқылау, ескертулер енгізу; нормативті актінің соңғы редакциясын жазу.

Заңды қабылдау, қандай болмасын басқа нормативті актілер сияқты, оған арнайы түрде жалпылама міндеттілік сипат берумен аяқталған. Федералдық заңды қабылдау процесі РФ мынадай жалғасқан бірінен соң бірі болатын операциялардан қалыптасады: заңды РФ Мемлекеттік Думасымен қабылдауы, (қажет болса) оның РФ Федералдық Кеңесінде қаралуы және оны РФ Президентімен қол қоюы, 14 күннің ішінде оны алғаннан кейін.

Әр түрлі заңдарды қабылдау процедурасы, тура сондай қағидалы (принципиально). Мысалы, жай федералдық заңдарды қабылдау РФ Мемлектеттік Думасында көпшілік дауыспен өтеді. Ал федеральдық консититуциялық заңды не РФ Президентінің ветосын жеңуге көпшілік дауыс үштен екіге сай болуы қажет.

Арнайы нормативті-құқықтық актлерді жариялау (заңды), белгіленген тәртіпке сай мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданған және мемлекет басшысымен қол қойылған заңдарды және басқа да мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді жалпы халыққа мәлім етуге жатады. Қабылданған заңдардың мазмұнымен халықты әр түрлі әдістер арқылы таныс-тырылады: мазмұндары күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады, теледидар не радио арқылы түсіндіріледі, т.б. ескеретін нәрсе, ондай хабарламаларға жариялылық заңның арнайы басылымдарда жарияланғанынан кейін ғана рұқсат етіледі. Ондай арнайы басылымдарға «Российская газета» не «Собрание законадательства РФ» жатады.



49. ЗАҢДЫ БІЛУ ПРЕЗУМЦИЯСЫ
Рим юриспруденциясының жасаған ережесінде «никто не может огавариваться незнанием законов» және «незнание закона никого не извиняет» деп, көрсетіп заңның түсінігін тек юристер ғана білмей, барлық азаматқа түсінікті болу қажеттігі айтылған. Бұл ережені жан-жақты қарау ұсынылады: презумция және фикция, аксиома ретінде қарау мүмкіндігі көрсетілген.

Қазіргі кезде адамдардың жаппай сауаттылығы жағдайында және ақпараттық құралдың жеткілікті кезінде, заңды білу презумциясы шындық екеніне ешкім таласа алмайды. Сондықтан, конституцияда арнайы бекітілген заң нормаларының мазмұндары елдің барлық тұрғындарына түсінікті (РФ Конституциясы ст.15 б.3).



50. ЗАҢДЫ ТЕХНИКА
Заңды техника – бұл құқықтық актілердің жобасын дайындаудың құқықтық шығармашылық жолдары мен әдістерінің тәжірибеге негізделген жүйесі, ол реттелетін мәселелерді қамтуды толығымен қамтамасыз етеді, түсінікті, қарапайым және құқықтық материалды жоғарғы дәрежедегі реттеушілігімен көрінеді.

Құқықтық шығармашылық техникасына тиісті кең көлемдегі талап етілетін мәселелер көп және жалпы тәртіп бойынша, мыналар жатады:



  • Құқықтық-шығармашылық органдарының еркін көбірек соған сай толық көрсету;

  • Актіде бар нормативтік ұйғарымдармен рационалды және логикалық бірізділікпен жазылуы оның біртұтастылығы.

  • Нормативтік актілердің ішкі мазмұндарында жетімсіздік пен қарама-қайшылықтың болмауы.

  • Жеткілікті деңгейде жазылуы және олардың мазмұны-ның көпжақты көрсетілуі, қысқалығы және біртұтастылығы;

  • Құқықтық актілердің тілінің түсініктілігі, қарапайым-дылығы және пайдаланылған тұжырымдамалар мен терминдердің белгілілігі актілердің санын минимумға дейін азайту;

  • Нормативтік актілердің өз кезінде жариялануы және күшіне енуі.

Барлық құқықтық актілердің түрлеріне қатысы бар, арнайы әдебиеттерде құқықтық-шығармашылық техникасын актуальді етуге бағытталған талаптар бөлініп шыққан (нормативті жекешеленген-құқықтық және интерпретацион-дық): құқықтық актінің түріне, деңгейіне және маңызына сай оның қажетті сыртқы құжаттандырылуы; құқықтық ұйға-рымның нәтижесіндегі стильді логикалық-тілдік құрудағы құрылымды ұтымды ұйымдастыру; заңды нормалардың қарым-қатынасын органикалық қамтамасыз ету, олардың ішкі элементерін көрсету; нормативті-құқықтық актілерді есепке алғанда және жүйелегенде ерекше тәртіптілікті сақтау.

Тұтасымен, заң шығару (заңдылық) техникасы, заң шығару стилистикасынан, заңды конструкциядан және заңды терминалогиялардың ерекшеліктерінен қалыптасады.

Заң шығару стилистикасы – нормативті құжаттарға тілдік құралды көбірек лайықты пайдалану жолдарының жүйесі.

Заң шығару стилистикасының тәртібіне байланысты, нормативті-құқықтық актілердің текстілеріне (мәтініне) талаптар қойылады: қарапайымдық, ыңғайлылық, логикалық біткендік, ескірген сөздерді қолданбаушылық және үлгілілік салыстырулардың болмауы; директивтік (қатаң ұйғарымдарда, тілдің тұжырымдарында ерікті, биік міндеттілігінің болуы); арнайылылық; актінің мәтініні тікелей және сабырлылық стилімен жазу; оның субъектілер қиналғанына және эмоцияларға көңіл аудармауы, т.б.

Заңды терминология – нормативтік актіні жазғанда пайдаланатын сөз бен түсініктерді белгілеу.

Заңды терминдер мынадай болады: барлық адамдардың бір деңгейде түсінетін жалпылама пайдаланатындар (қашқын, куәгер, жұмыскер); арнайы техникалық, яғни әр түрлі білім саласында пайдаланылатын білімдер (сапасы төмен тағамдық заттар, техникалық қауіпсіздік тәртібі); құқықтық ғылыммен және тәжірибемен жасалған аранайы заң түсініктері (құқықтық қатынас, қажетті қорғану, қылмысқа қатысқандық, талап арызын берудің уақытының өтіп кетуі).

Заңды терминдерге жеткілікті мөлшерде қатаң талаптар қойылады, олардың ішіндегі көбірек маңыздыларына жата-тындар: біртұтастылық, бірегей маңыздылығы, жалпылама мойындалғандығы және пайдалануға тұрақтылығы, стилистикалық бейтараптық, қолайлы, шексіз түсінікті, т.б.

Заңды конструкциялар – бұл өзіне тән, құқық ережелерінің нормативті-құқықтық актідегі міндеттері мен жауапкершілігін конструкциялау жолы.

Құқықтың жалпы теориясында, конструкция заңды техниканың бір құралы, құқық мазмұнының элементі ретінде есептеледі және ғылыми танымның жолы (құралы), құқық нормаларын талқылау құралы және заңды маңызы бар фактілерді белгілеу ретінде қаралады.

Кейбір заңды құжаттарды құрудағы типтік тәртіптер:



  • Нормативті материалдарды тәртіппен бөлу, оның бөлшектілігі және келісімділігі (нормативтік материалдардың бірізділік бөліктерге бөлінуі: баптарға топтастырылатын бірізділік мәні бар бағыттағы материалдардың болуы (пункттері мен парагрфтарындағы), қажетті кезде өзінің ішкі бөліктерінің болуы (жекеленген баптардың бөліктері, пункттері және қосымша пункттері);

  • Нормативтік құжаттың ішкі логикасы мен тұтастығы (материалдық логикалық бірізділікпен жазу, оның қайшылықсыздығы);

  • Құқықтық актілердің түсініктігі мен сенімділігі (құжаттың тілінің түсініктілігі және жайбарақаттылы-ғы, тыныс белгілерін және образдық салыстырма-ларды дұрыс пайдалану).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет