12. МЕМЛЕКЕТТІ КЕЙІПТЕУДЕГІ (ТИПОЛОГИЯ) ЦИВИЛИЗАЦИЯЛЫҚ ӘДІС
Ерте кезеңдерде «цивилизация» өркениет сөзі «варварство» түсінігіне қарсы қойылған. Кейінірек бұл термин (атау) көбірек тереңірек өз мазмұнына ие болды. Л.Морган қоғамдық дамуды бірін-бірі ауыстырып отыратын даму жолдары деп түсіндірді, яғни «Дикость (тағылық), варварство (мәдениетсіздік), цивилизациялар (өркениеттер)» бірінен соң бірі қоғамдағы даму кезеңдерін басынан өткізген.
Өркениет түсінігін ағылшын тарихшысы А.Тоинби (1889-1975) нақтылады және дамытты. Ол өзінің «Постижение истории» деген орнықты еңбегінде өркениетті салыстырмалы тұйық және қоғамның жергілікті жағдайы ретінде түсінді, сондықтан мәдени жалпылығымен, экономикалық, гео-графиялық, діни, психологиялық және басқадай фак-торларымен айырмашылығы барлығын айтқан.
Мемлекет пен құқықты кейіптеудегі (типологии) өркениеттік (цивилизационный) әдіс – бұл қоғамның дамуындағы мемлекет пен құқықтың тарихи кейіптерінің ауысу заңдылықтарын, қоғамның әлеуметтік-мәдени аядағы, халықтың рухани мәдениетіндегі, оның дініндегі, адамилығындағы өзгерістерді сапалық көзқараспен зерттеу (В.Гумбольд, А.Тойнби, О.Шпенглер, М.Вебер, У.Ростоу, Н.Данилевский, Л.Мечников, П.Сорокин, Л.Гумилев, т.б.).
Әрбір цивилизация (өркениет) барлық мемлекеттерге тұрақтылықтағы қоғамдастықты оның бар қалпында береді. А.Тойнби оның жиырмадан астам әр түрлі: көне шығыстық, грециялық, римдік, египеттік, арабтық, православтық, ортағасырлық, қазіргі және басқа цивилизацияның түрлерін бөліп көрсеткен. Г.Еллинек (1851-1911) барлық мемлекеттерді екі типке бөлген: идеалды және эмпирикалық. Идеалды тип – бұл нағыз өмірде жоқ, ойдағы мемлекет. Идеалды типке қарсы қойылатын эмпирикалық тип, онда өмірдегі бар мемлекеттерді бір-бірімен салыстыру нәтижесіндегі ойлар. Эмпирикалық тип шегінде Еллинек мемлекеттік одақ көзқарасы сипатына қарай бөлді және ол одақтағы индивидтің алатын орнын белгілеуі. Келесі басты өркениет – мемлекеттің тарихи типтері: көне шығыстық, грециялық, римдік, ортағасырлық және қазіргі кездегілері.
Өркениет және ондағы мемлекет пен құқық туралы жоғарыдағы айтылғандардан басқа, олардың типологиясы жөнінде басқа көзқарастар мен мәселелер бар. А.Б.Венгеров тарихтағы бар мемлекеттік құрылымдарды, алғашқы (первичных) мемлекеттерге (көне египеттік, шумерлік, вавилондық, ирандық, кхмерлік, жапондық, т.б.) және екіншілікке (батыс европалық, солтүстік америкалық, шығыс европалық, латын-америкалық) мәдениеттілікке бөлді. Ондай әдістің негізіне жатқызылған билік пен жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастар: демократия және автократия. Американдық ғалым Р.Макайвер барлық мемлекеттерді династиялық (антидемократиялық) және демократиялыққа бөледі. Франциялық зерттеуші М.Тропе өркениеттік әдісте монархияны, аристократияны және демократияны бөліп көрсетеді. Кейде өркениеттік әдісте дәстүрлі және техногендік қоғам бөлініп шығады, бұл батыстың және шығыстың макро мәдениеттілігін айыратын негізге жатады.
13. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫНЫҢ (ФОРМАЛАРЫНЫҢ) ТҮСІНІГІ
Қазіргі өмір мемлекеттік ұйымдардың әртүрлілігімен сипатталады. Көптеген елдерде мұндай ерекшеліктер ғасырлар бойы, тіпті мыңдаған жылдарда сол не басқа мемлекеттердің барлық тарихи прцесінде қалыптасты.
Мемлекеттің нысаны (форма) – күрделі қоғамдық құбылыс, нақтылы елдің аумағындағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын және өзіне қосылатын бір-бірімен қарым-қатынастардағы үш бөліктерді сипаттайды: басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын және саяси режим нысанын.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекет нысанын тұтасымен (басқару ерекшелігімен, аумақтық режимнің жиынтығы) бірнеше түрлерге бөлуді ұсынады:
-
мемлекеттік монократиялық нысаны барлық мем-лекеттік билікті бір қолға біріктірумен сипатталады; мәжбүрлеу не тікелей күштеу сүйеніші; халықтың мемлекеттік саясаттың қалыптасуына ықпал жасауына мүмкіндігінің жоқтығы; жергілікті өзін-өзі басқарудың жиірек жоқтығы; жиі экономиканы мемлекеттендіру және идеологияны монополиза-циялау; тәжірибеде азаматтардың құқығы мен бостандығын толық елемей әр уақытта тежеген, теократиялық монократия (Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Эмираттары), экстремистік монократиялық (форма) нысан (фашистік Германия, Италия, Испания), милитаристік (форма) нысан (мемлекеттік билік әскери кеңеске және оның басқарушысына, әскери хунтаға қарайды);
-
поликратиялық (полиархиялық) мемлекет нысаны, дүниедегі көптеген дамыған елдерге тән, себебі биліктің таза бөлінуі жүргізілген мемлекетте өмір сүреді, онда белгілі аумақты басқару децентрализациясы бар, жергілікті басқару жүйесі тиімді әрекет істейді, экономика мемлекеттен бөлінген, саяси режимді іс жүзіне демократиялық әдіспен іс жүзіне асыру жоғары деңгейде.
-
Мемлекеттік сегментарлық нысаны монократиялық және поликратиялық мемлекет нысандарының арасындағы аралық жағдайда, себебі, әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мемлекеттік биліктің монополиясы жоқ, бірақ белгілі биліктегі мемлекеттік билік органдарының болуы, олигархиялық топтардың және сословиялардың мүдделері үшін әрекет істейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі жеткілікті дамыған.
14. БАСҚАРУ НЫСАНЫ: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Басқару нысаны дегеніміз – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрылысы, олардың құрылуы мен өздерінің арасындағы құзіреттікті бөлу.
Монархия – бұл сондағы басқару нысаны, онда жоғарғы билік бір адамның қолына, әдеттегідей мұрагер ретінде көшеді.
Классикалық монархияның негізгі басқару белгілеріне жататындар: оның билігі мен өмір бойы пайдаланатын жалғыз ғана мемлекет басшысының болуы (патша, кароль, император, шах, сұлтан); мұрагерлік тәртібімен жоғарғы биліктің өтуі; өз қалауымен мемлекеттің өкілеттілігінің болуы; монархияның заңды жауапкершілігінің болмауы.
Әр түрлі тарихи кезеңдерде болған көптеген монархияның түрлерінің болғандығы белгілі. Олардың кейбіреулері біздің қазіргі уақытымызда да өмір сүруге қабілетті. Монархия басқару нысаны ретінде мынадай түрлерге бөлінеді: сеньориалды, сословиялы-өкілеттіліктегі, абсолюттік тежелген (парламенттік), дуалистикалық, теократиялық, парламенттік.
Республика – онда мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі халықтың (сайлаушылардың) қалауы бойынша құралған өкілетті органдардың (парламенттің) билігі болып есептеледі.
Республиканы ерекше басқару нысаны ретінде санау көне замандарда (Афины, Спарта, Рим), орта ғасырда (қала мемлекеттері – Великий Новгород, Псков, Флоренция, Геуя, Венеция) болған. Қазіргі кезде республика жоғарғы нысандағы басқару нысаны.
Парламенттік республика – қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір түрі, онда жоғарғы билік (жүргізуші рөлдегі) мемлекеттік өмірді ұйымдастыруды парламентке береді.
Мұндай республикада үкімет парламентпен депутат-тардан және парламентте көп дауыс жинаған партиялардың өкілдерінен қалыптастырылады. Үкімет парламент алдында өзінің жұмыстары үшін ұжымдық жауапкершілікте болады. Егер көптеген парламент мүшелерінің сенімінен айрылса үкімет отставкаға кетеді не болмаса мемлекет басшысы арқылы парламенттің таратылуын және тез арада жаңа парламент сайлауының жүргізілуіне қол жеткізеді. Парламентарлық республикалар қатарына мыналарды жатқызуға болады: ФРГ, Грецияны, Италияны, Австрияны және Швейцарияны, Исландияны, Үндістанды, т.б.
Президенттік республика – қазіргі мемлекеттік басқару нысанының бір түрі, онда президенттің жеке басқаруына парламентаризммен қоса мемлекет және үкімет басшысының өкілдігі біріктіріледі (АҚШ, Франция, Ресей, Бразилия, т.б.).
Президенттік республикаға тән нәрсе парламентсіз президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру әдісінің болуы: үкіметтің жауапкершілігі мұнда парламенттің алдында емес, президенттің алдында болады. Мұнда мемлекет басшысының өкілдігі, парламентарлық республикаға қараған-да кеңірек болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын қалыптастыру мен қызметіндегі көбірек кездесетін ерек-шеліктерге парламенттік және президенттік республи-калардың элементтерінің (бөліктерінің) араласып кетуі. Ондай кезде, аралас республикалық нысандағы басқару деп айтуға болады. Оған көп жағдайда Ресей Федерациясын жатқызады. Президент және парламент халықпен сайланады, заңмен бірін-бірі жоймайтын кең өкілдікпен қаруландырылып біріккен күшпен үкіметті қалыптастырады (президент премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, парламент оған келіседі не келіспейді). Үкімет осы екі инстанциялардың алдында жауапты (президент оны отставкаға жіберуге мүмкіндігі бар, ал парламент сенбеушілік вотумын хабарлайды. Мемлекет басшысы үкіметтің жұмысын басқарады, ал парламент оның қызметіне тұрақты бақылау жасайды).
15. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттік құрылыстың нысаны (формасы) дегеніміз – бұл ұлттық және әкімшілік-аумақтық мемлекеттің құрылысы оның құрылым бөліктерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қарым-қатынастарды сипаттайды.
Унитарлық мемлекет – бұл біртұтас мемлекеттік құрылым, әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады, орталық билік органдарына бағынады және мемлекеттік тәуелсіздіктің белгілері жоқ (Франция, Түркия, Жапония, Финляндия, т.б.).
Унитарлық мемлекет әр түрлі жағдайларына байланысты бөлінеді:
-
Қарапайым (тек әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады, көбінесе өздерінің басқару аппараты болмайды, сондықтан тікелей билік органдарына бағынады – Чехия, Польша, Эстония, Марокко, Непал). Күрделі (сложный) – (өздерінің құрамында ұлттық не әкімшілік автономиялардың болуы – Испания, Италия, Дания, Украина, Франция, Финляндия);
-
Орталықтандырылған (шеткі регионалды) органдар орталықтан тағайындалған лауазымды адамдармен басқарылады (Нидерланды), не болмаса, сайланған жергілікті биліктің өкілдері мемлекеттік шенеу-ніктермен бекітіледі (Индонезиядағы қалалық старосталар сияқты) және орталықтандырылмаған (Шеткі органдар орталықтан тәуелсіз қалыптас-тырылады (Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия, т.б.).
Федерация – бір одақтық мемлекетке бұрынғы тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі (Ресей, АҚШ, Канада, Мексика, Австралия, Бразилия, Үндістан, Пакистан, Аргентина, Австрия, Белгия, Швейцария, Малайзия, ФРГ, Нигерия, Эпиопия, Танзания, т.б.).
Федеративтік мемлекеттерге тән ерекшеліктерге жататындар: федерацияның аумағы, олардың субъектілерінің жерлерінен құралады (штаттардың, эмираттардың, провинция-лардың, кантондардың, жерлердің, республикалардың, облыстардың, т.б.); Федеративтік мемлекетте екі мемлекеттік аппарат жүйесі болады (атқарушы, заң шығарушы, және сот билігі федералдық мемлекеттік органдардың қолында), екі заң шығару жүйесі және екі азаматтық (федерациялық және оның субъектілерінің); бір ақшалық жүйе белгіленеді; федерация субъектілерінің маңыздырақ тәуелсіздігі бар: федералды мемлекеттік құрылымда, парламентте федерация мүшелерінің мүддесін қорғайтын палата бар; федерация субъектілерінің егемендігі федерация субъектілері үшін тежелген.
Федерациялар былай бөлінеді: келісімділік (бірнеше мемлекеттер бір-бірімен федерация құруға келісіп, бір мезгілде егемендігінің көп бөлігін құрылатын федерацияның қарауына береді) және конституциялық (унитарлық, жартылай федеративтік ауысуы, соған сай қабылданатын конституцияда көрсетілуі (бекітілуі);
Симметриялық (федерация субъектілерінің құқықтық жағдайлары бірдей – АҚШ) және ассиметриялық (субъектілер өздерінің құқықтық статусы бойынша бөлектеу екені көрініп тұр, мысалы, олардың кейбіреулерінің мемлекеттік білім статусы бар, ал басқалары аумақтық субъектілерге жатады – РФ, Үндістан), аумақтық (Австралия, Мексика) және ұлттық, сонымен қатар аралас – ұлттық-аумақтық, мысалы, Ресей Федерациясы сияқты.
Конфедерация жалпылама мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында құрылған егеменді мемлекеттердің уақытша заңды одағы.
Федеративтік құрылымнан конфедерация өзгешелігі мынадай жағдайлармен сипатталады: әдеттегідей егеменді мемлекеттердің арасындағы келісімдер арқылы пайда болады және олардың одақтан шығу бостандығы алдын-ала белгіленеді, федерациядан айырмашылығы сонда, олардың заң шығару, атқару және сот органдары, біртұтас (армиясы) әскері, біртұтас салықтық жүйесі, мемлекеттік қаржысы жоқ, уақытшы одаққа кірген мемлекеттердің тұрғындарының азаматтықтары сақталады.
Әдеттегідей конфедеративтік мемлекеттер көп жасамайды олар бөлініп кетеді не федерацияға айналады.
Қазірігі кезде мынадай мемлекетаралық құрылымдар кездеседі. Мысалы, достық (содружество) – ұлттық, саяси, экономикалық және басқадай мүдделердің қарым-қатынасына негізделген тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі.
16. САЯСИ РЕЖИМНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз – қоғамдағы мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі мен белсенді еместігін көрсетуші.
Антидемократиялық режим – монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.
Авторитаризм – демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі, мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі саяси бостандықты тежеуімен, қысым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс, т.б.), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын-сүргінсіз.
Тоталитаризм – саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін тексеруге тырысуы.
Ақырғы шектегі антидемократиялық режимге жататын-дары – тирания және деспотия, сонымен бірге фашизм, расизм, апартеид, сегерегация. Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған – клика не хунта.
Демократиялық режим – жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.
Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі. Мемлекеттік режим заңдарға негізделеді, жеке адамның және қоғамның объективтік қажеттілігін көрсетеді.
* * *
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ
17. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
Мемлекеттік функцияның белгілері:
-
Мемлекеттік қызметтегі маңыздылау бағыттардың ұқсастық аспектілерінің нақтылы аядағы жиынтығы;
-
Қоғам өмірінің маңызды аясындағы мемлекеттің қалыптасқан тұрақты пәндік линиясы;
-
өзінің функциясын іске асыруда мемлекет биліктік мәжбүрлеу әдісін және қоғамдық қатынастардағы субъектілерге ықпал етудің әр түрлі жолдарын пайдаланады (көтермелеу әдісін, сендіруді және мәжбүр етуді);
-
мемлекеттің функциясы жеткілікті түрде заңда белгіленген;
-
мемлекеттің негізгі міндеті мен мақсаты, берілген кезеңде орындалады. Олар мемлекеттің әр түрлі көп жоспарлы қызметіндегі бір жағы және мемлекеттің функциясын туғызады.
18. МЕМЛЕКЕТТІК ФУНКЦИЯНЫҢ ІС ЖҮЗІНЕ
АСЫРЫЛУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Мемлекет өзінің функциясын әр түрлі мемлекеттік қызметтердің қалпында іске асырады және өзінің жиынтығымен арнайы ұйымдастырушылық пен құқықтық нысанның бар екенін айтуға мүмкіндік береді.
Осы негізде құқықтық нысанға, яғни, сыртқы белгілерімен біртектес (заңды нәтижесі мен сипаты) мемлекеттік органдар түрлерін сол не басқа бағыттарын, заңды актілерді іс жүзіне асырумен байланысты жататындар:
-
құқықтық шығармашылық (заңды нормаларды жасау, қабылдау және қабылдамау жиынтығында мемлекет қызметінің әрбір бағытының дамуын белгілеуші, ағымдағы кезеңнің мемлекеттік саясаты);
-
құқықты іске асыру құқықты қолданғанда көрінеді (Мемлекеттің билігі бар өкілетті органдардың құқық нормалардағы қолдану актісін іс жүзіне асыру) және құқықты орындау (мемлекеттік органдардың жөнді құқық нормаларын қамтамасыз ету, ұйымдар мен мекеменің сонымен бірге мемлекеттік функцияны өз мәнінде іс жүзіне асыруға арналған қажетті күштерді координациялау (реттеу);
-
тексеру-бақылау және құқыққорғау қызметінің түрлерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету (құқық нормаларын бұзушыларға мәжбүрлеу шарасын қолдану);
Ұйымдастырушылық нысандары – мемлекеттік іске асыру функциясымен, тікелей заңды нәтижелер туғызумен байланысты емес. Бұл нысандар мемлекеттік механизмнің жөнді және жемісті жұмысын қамтамасыз етуге керек, олар мемлекеттің нақтылы функциясын іс жүзіне асыру үшін қатынасады. Ұйымдастыру нысанына мемлекет әрекеттерінің мынадай түрлерін жатқызуға болады:
-
ұйымдастырушылық – уақыт тәртібін белгілеу (белгі-лі мекеменің және бөлімдерінің жұмысына бағдарлама жасау, тиімді тәжірибені зерттеп жүйеге келтіруге, біріккен шараларды координациялауға ағымдағы құжаттарды дайындау, т.б.);
-
ұйымдастырушылық-шаруашылығы (әр түрлі мемле-кеттік функцияларды материалдық қамтамасыз ету процесін орындау);
-
ұйымдастырушылық-идеологиясы (әр түрлі мемле-кеттің алған бағыты мен қоғамдық қатынастар аясындағы іс жүзіне асыру әдістерінің дұрыс екенін тұрақты түрде және бір бағытта уағыздайтын жұмыс, ол тұрғындарға ағымдағы нормативтік актілердің мәнін түсіндіру кезінде де көрініс табады).
Мемлекеттің функциясын іс жүзіне асыру әр түрлі әдістерді, қоғамдық қатынастарға ықпал етуді пайдаланумен байланысты. Мемлекеттік функцияны іс жүзіне асырудың мынадай түрін бөліп көрсетуге болады: Көтермелеу (пощрение) құқықтық қатынастар субъектілерін, олардың қоғамға және меншікке қажетті құқықтық тәртіптерін бағалап, көтермелеу; Ұсыныс беру (рекомендация) – мемлекеттің талаптарына сай келетін субъектілердің әрекеттеріндегі тиімді жақтарын көрсетіп, бағыт беру; Сендіру (убеждение) – бағдарлы және мақсатты түрде мемлекеттің субъектілердің сезіміне, өзінің саясатта ұстаған бағытының дұрыстығын түсіндіруге ықпал ету; мәжбүрлеу (принуждение) – құқық негізінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдар арқылы, жеке адамның, қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында, құқық нормаларымен белгіленген тәртіпті бұзушыларға, физикалық, психикалық, мүліктік әсер ету.
19. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ІШКІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары және оның негізімен, әлеуметтік орнымен, елдің ішкі өмірінің мақсатымен қамтамасыз етілген.
Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.
Қаржы функциясы – мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы мен орындалуын көздейді; қаржылық қадағалау жүргізеді (табыстың есебін белгілейді); салық салу (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы, мақсатты жинау, кедендік, қосымша салық), т.б.
Мемлекеттің саяси функциясы – мемлекеттің индиви-дуумдар мен әр түрлі әлеуметтік топтардың және елдегі саяси билікті іске асыру аясындағы мүдделерді үйлестіру қызметі. Сонымен қатар, саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекеті.
Осы аядағы мемлекеттің әрекетінің маңызды бағытына, өмірге қабілетті демократиялық қоғамды құру (демократияны дамыту, ұлттық және таптық сенімділік, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау).
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы – бұл мемлекеттің барлық қоғам мүшелерінің жөнді өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі. Өндіріске қатысу, қатыспауына, материалдық жағдайына, жасына, жынысына, денсаулығына қарамай, т.с.с. (минималды еңбекақы төлеу, пенсия, стипендия, ауруларға қаржылық көмек, мүгедектерге, қартайған адамдарға, студенттерге, балаларға, аналарға, жұмыссыздарға қажетті қаржыны денсаулық сақтауға бөлу, мәдени демалыс, сауаттандыру, тұрғын үй салу, т.б.).
Мемлекеттің құқыққорғау функциясы – бұл мемлекеттің барлық құқық субъектілерімен заңдағы тәртіптерді нақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге арналған қызметі, сонымен қатар, сондай талап, профилактикаға, құқықбұзушылармен күресте, оны болдырмауға бағытталған.
Мемлекеттің экологиялық (табиғатты қорғау) функциясы – бұл өмірлік маңыздылығы бар әрбір мемлекеттің функциясы. Мақсаты, өз кезегінде тиімді табиғатты қорғау заңдарын шығару, табиғи ортаны қорғайтын адамдардың, әр түрлі мекемелердің қызметін реттеу және қоршаған ортаны қорғауға арналған ұлттық бағдарлама жасау. Табиғаттың тұтастығын бұзушыларға белсенді ықпал жасап, заңды жауапкершілікке тарту көзделеді.
Мемлекеттің идеологиялық функциясы – бұл белгілі мемлекеттің идеологиясын қалыптастыру, қолдау, жариялау, бекітудегі мемлекет қызметі. Бұл функция білім беру, мәдени, басылым, теледидар құралдарымен іс жүзіне асырылады.
Мемлекеттің мәдени-тәрбие функциясы – бұл мемле-кеттің искусстваны (әдебиетті, театрды, киноны, музыканы, архитектураны) дене шынықтыруды, спортты, көпшілік ақпарат құралдарын, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, архивтерді, музейлерді, ғылымды мемлекеттік қолдау, елдегі білім беру аясын дамытуға арналған көпжақты әрекеттері.
20. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ СЫРТҚЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің негізгі әрекетінің бағыты, оның негізімен, әлеуметтік орнымен және халықаралық, мемлекетаралық қатынастардағы мақ-саттарымен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қорғау функциясы – бұл елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетке қарсы бағытталған агрессияны тойтаруға, оның аумағының тұтастығы мен дербестігін әскери қорғау қызметтері (әрекеттері).
Мемлекеттің сыртқы экономикалық функциясы – бұл мемлекеттің қызметі, бір-біріне тиімді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, халықаралық еңбекті бөлуде, мамандандыру мен өндірісті кооперацияға айналдырғанда, жаңа технологиямен ауыстырғанда, зат ауыстырудағы координациялау кезінде, кредиттік-қаржылық байланыстың дамуынан көрінеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, ұлттық экономиканы әлемдікке интеграциялау, шетелдердің инвестициясын, халықаралық сауданы мемлекеттік жандандыру жатады.
Мемлекеттің дипломатиялық функциясы – барлық мемле-кеттермен олардың қандай идеологияны қолдайтындығына, қандай шаруашылықты пайдаланатындығына, қарамай тиімді қарым-қатынаста болуға мүмкіншілік жасайды; бұл мемлекет-тің халықаралық аренада, басқа мемлекеттермен жөнді көпші-лік қатынастарды белгілеп қолдау әрекеттері, мақсаты адамзат баласының тұрақтылығы мен гүлденуіне жету көзделген.
Әлемдік тәртіпті қолдаушылық – бұл мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, халықты қыратын қаруларды жою (бактериологиялық, химиялық, т.б.) мақсатындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы әрекеттері. Басқа мемлекеттермен бірігіп, халықаралық және ұлттық қатынастармен, терроризммен, әлемдік әскери конфликтермен күрестегі ынтымақтастық қарым-қатынастар.
Қазіргі кездегі, әлемдік проблемаларды шешуге қатынасу, яғни адам баласының алдында тұрған пролемалардың жиын-тығын, шешуден оның болашағы тікелей тәуелді (эколо-гиялық, демографиялық, шикі затсыз, энергетикалық, эколо-гиялық, космостық қауіптілік, метеориттер, астероидтар), азық-түлік, миграциялық, денсаулықты сақтау (эпидемиямен, пандемиямен күрес), т.б.
Халықаралық басқа елдермен қарым-қатынас, қазіргі мемлекеттердің маңызды функцияларының бірі: бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда жүргізіледі: ынтымақтастық қарым-қатынас; мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым-қатынастар; қоршаған ортаны қорғау туралы қарым-қатынастар; басқа мемлекеттерге әр түрлі құқықтық көмек көрсету.
МЕМЛЕКЕТТІҢ (АППАРАТТЫҢ) МЕХАНИЗМІ
Достарыңызбен бөлісу: |