Қағидалары Жалпы ережелер



Дата09.07.2016
өлшемі29.47 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен



бекітілген

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге

жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу

қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.

  2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік қызметтердің сапасын және оған қол жетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

  3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. әлеуметтік маңызы бар қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет;

  2. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  3. ведомствоаралық комиссия ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия, оның ережелері мен құрамы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған ұсыныстар мен кандидатуралардың негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі;

  4. мемлекеттік қызметтердің тізілімі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі.

2. Мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібі


  1. ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады:

  1. әлеуметтік маңызы бар қызметтер;

  2. ақпараттық сипаттағы қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);

  3. құжаттың телнұсқасын берумен байланысты қызмет;

  4. лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты қызметтер.

  1. Мемлекеттік органдар жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру жөнінде ұсыныстар береді.

  2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік қызметтерді талдау негізінде ведомствоаралық комиссияда қарау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.

  3. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.

  4. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.

  5. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия оң қорытынды шығарғаннан кейін 10 мамырдан кешіктірмей жоғарыда аталған тізбені мемлекеттік қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті органның атына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.

Уәкілетті орган жыл сайын, 1 шілдеден кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған тізбе негізінде мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.

  1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін алты ай мерзім ішінде ХҚО-да мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бойынша одан әрі мемлекеттік қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып шаралар қабылдайды.

______________________




Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
npa -> Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасының Үкіметі өкімінің жобасына ТҮсіндірме жазба
npa -> "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға
npa -> "Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет