4. Металдар және оның маңызды қосылыстары. Металлургия. (13 сағат)
* металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, металдардың атом құрылысының салыстырмалы сипаттамасы ( I – III период ), металдардың электрохимиялық кернеу қатары, атом мен иондар белсенділігі;
* кальций және оның қосылыстары, Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары, судың кермектігі және оны жою жолдары, кальцийдің биологиялық рөлі, кальций қосылыстарының генетикалық байланысы;
* алюминий және оның қосылыстары, алюминийдің табиғаттағы маңызды қосылыстары және Қазақстандағы кен орындары, алюминийдің және оның маңызды қосылыстарының биологиялық және экологиялық рөлі, алюминий және оның құймаларының Қазақстандағы өндірісі;
* темір және оның қосылыстары ( темірдің оксидтері мен гидроксидтері (II, III) бойынша сандық есептер шығару;
* металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған орта ның ластануының нәтижесі, жемірілуді болдырмау шаралары, темір құймалары және оның қолданылуы, шойын мен болат өндірісі, Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы, металдар және оның құймаларын алу жолдары, металдар және оның қосылыстарының Қазақстандағы маңызды кен орындары;
* металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалардағы рөлі (биогендер және ластағыштар), адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға әсері: химиялық ластану көздері мен себептері, қоршаған ортаны ластанудан сақтаудағы химияның рөлі;
Сандық есептер ( экологиялық мазмұндағы ):
реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесі белгілі болған жағдайда заттың ( реагенттің немесе өнімінің ) массасын анықтау;
ерітінділердегі және қоспалардағы әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы реакция теңдеуі бойынша есептеу;
Терминдер:
металдар, сілтілік жер,лантаноидтар, актиноидтар, металдық қасиет, металдық байланыс, металдық жылтыр, кальций, кальций карбонаты, минералдар, кальций гидриді, кальций хлориді, кальций оксиді, кальций нитриді, кальций карбиді, сөндірілмеген әк, судың кермектігі, уақытша кермектік , тұрақты кермектік, жалпы кермектік, алюминий.
Достарыңызбен бөлісу: |