Ағымдағы деректер бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсанына облыс халқының саны 833,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде 520,7 мың



Дата25.02.2016
өлшемі33.11 Kb.



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Ақтөбе облысының Статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

13-07/1

05.01.2016 жылғы






2015 жылдың қаңтар-қарашадағы Ақтөбе облысындағы

демографиялық ахуал
Ағымдағы деректер бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсанына облыс халқының саны 833,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 520,7 мың (62,5%), ауылдық жерде – 313 мың адам (37,5%).

2015 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,36%-ға көбейген.


Халықтың табиғи өсімі
2015 жылғы қаңтар-қарашада облыс халқының табиғи өсімі 13,2 мың адамды құрады, туылған балалар саны 18,3 мыңға жетті. 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда табиғи өсім 2,2%, туылғандар саны 1,6 % көбейді, өлгендер саны 0,1%-ға азайды. Некелер саны 10,3%-ға азайды, ажырасулар саны 0,4%-ға кобейді.

адам





2014 жылғы

қаңтар-қараша



2015 жылғы

қаңтар-қараша



2015 жылғы қаңтар-қараша

2014 жылғы қаңтар-қараша



(+,-)

%

Туылғандар саны

17 975

18 254

279

101,6

Өлгендер саны

5 066

5 059

-7

99,9

Табиғи өсім

12 909

13 195

286

102,2

Некелер саны

7 344

6 590

-754

89,7

Ажырасулар саны

2 225

2 235

10

100,4

2015 жылғы қаңтар-қараша халық санын 1000 адамға шаққанда:

– туылғандар саны – 24,07 сәби (2014 жылғы қаңтар-қараша – 24,08);

– өлгендер саны – 6,67 адам (2014 жылғы қаңтар-қараша—6,79);

– табиғи өсім коэффициенті 17,40 промилле құрады (2014 жылғы қаңтар-қараша – 17,29 промилле).

Халықтың көші-қоны
Облыс ішінде тұрғындардың көшуін қосқанда, келгендердің жалпы саны 14073 адамды құрады, кеткендер саны – 16085 адам (2014 жылғы қаңтар-қарашада 18262 адам келген, 18480 адам кеткен). Көші-қон сальдосы 2015 жылғы қаңтар-қарашада - -2012 адамды, 2014 жылы – -218 адамды құрады.

Республикадан тыс жерлерден облысқа 179 адам келген, ал 691 адам кеткен. (2014 жылғы қаңтар-қарашада Ақтөбе облысына келгендер саны 359 адам, ал облыстан кеткендер саны – 493 адам).

2015 жылғы қаңтар-қарашада шетелден Ақтөбе облысына 111 қазақ, 29 орыс, 13 украин. Осы кезеңде облыстан Қазақстаннан кеткендер саны – 59 қазақтар, 392 орыстар, 114 украиндер.

Өңіраралық көші-қонда есеп беру кезеңінде келгендер саны 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 15,5% азайды (2015ж. - 4249 адам, 2014ж. – 5026 адам), кеткендер саны 12,5 % көбейді (2015. – 5749 адам, 2014ж. – 5110 адам), көші-қонның сальдосы - -1500 адамға құрады (2014ж. - -84 адам).



2015 жылғы қаңтар-қарашада облыс шегінде мекен-жайын өзгерткендер саны 9645 адамды құрады, 2014 жылғы қаңтар-қарашада - 12877адам, немесе 25,1 % аз.

Орындаған:

Департамент басшысы

Мекен-жайы:

Жаналина Л..

Жекеев Қ.С.

030020, Ақтөбе қ.

Тел. (7132) 542907

Тел. 544221

Әбілқайыр хан д. 25










© Ақтөбе облысының Статистика департаменті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет