Ағымдағы жылдың 3 айында ел аумағында аса қауіпті 55 инфекция ошағы тіркелді



Дата01.07.2016
өлшемі12.11 Kb.
http://www.inform.kz/kaz/article/2457405
20 Сәуір 2012, 12:34

Ағымдағы жылдың 3 айында ел аумағында аса қауіпті 55 инфекция ошағы тіркелді

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 3 айында ел аумағында  аса қауіпті 55 инфекция ошағы тіркелді.

Бұл туралы бүгін елордада «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның жағдайы және даму перспективасы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университеті ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқанов айтты.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  ақпараттарына сүйенсек,  былтыр (2011 жылы) 227-ден  аса қауіпті инфекция ошағы тіркелсе, оның ішінде 7-еуі аусыл ошағы. Биылғы (2012 ж.) 3 айда аса қауіпті 55 инфекция ошағы тіркелген, оның ішінде 7-еуі аусыл ошағы», - деді ол.

Оның атап өтуінше, оның себептерінің бірі «Ветеринария туралы заңға» толықтырулар енгізілгеннен кейінгі нормативтік актілер мен жанама заң актілерді дер кезінде қабылданбауынан болған. Сол себепті, әлі күнге дейін әрбір жануарды тіркейтін электрондық база, ветеринарлық құжаттарды беру ережелері және басқа да нормативтік актілер жоқ.

«Екінші мәселе, ветеринариялық инспекция жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы және  өз міндеттерін толық атқара алмай отырғаны.



Ветеринария комитеті жеке құрылғаннан кейін бәріміз барлық ветинспекторлар тәуелсіз болып, ветеринарлық талаптарды қадағаламағандары атқарушы органдар мен мал шаруашылығы субъектілерін зағаа сәйкес қатаң шаралар қолданады деп үміттендік. Бірақ бұл қызметте әкімшілік қызметкерлердің көбеюінен басқа өзгеріс байқалмады. Өкінішке орай, бұл салада әкімші қызметкерлер саны артқанымен, бағытталған нақты жұмыстар орындалған жоқ», - деді Б.Майқанов.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет