«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 8. Тақырыбы: Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы



бет23/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
4 дәріс

Дәріс № 8.
Тақырыбы: Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы.
1. Толық құнды танаптық тәжірибе салудың негізгі жағдайлары.
2. Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі.
1. Толық құнды танаптық тәжірибе салудың негізгі жағдайлары. Танаптық тәжірибеден тәжірибе салу әдістемесінің барлық негізгі талаптарын – мөлдектерді орналастырғанға дейінгі жасалатын жұмыстардан бастап, яғни жалпы аяны (фон) дайындау: алғы дақыл және дақылдың ауыспалы егістегі орны, топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу және т.б. жұмыстар, белгілі бір аймаққа ұсынылған агротехника деңгейіне сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар дақылдар және олардың сорттары егістікке енгізілген болуы керек, себілетін тұқымдық материалдар жоғары деңгейдегі себу сапасына ие болуы қажет, себу және жинау техникалары қазіргі заман талаптарына сай болуы керек, себу мерзімдері мен себу тәсілдері, тұқымның себу мөлшері қатаң сақталуы тиіс және т.б. талаптарды қатаң түрде сақтай отырып толық құнды нәтижелер алуға болады.
Тәжірибе жүргізудің кез-келген кезеңдерінде жіберілген, техникалық сипаттағы қателіктер жалғыз (бір, дара) өзгешелік қағидасын бұзады, эксперимент нәтижелерін бұрмалайды, ал тәжірибе салу және жүргізу үрдісінде жіберілген қателіктерді ешқандай математикалық өңдеулермен дұрыстауға болмайды, яғни жұмыстың нәтижелілігі және алынған мәліметтердің бағалылығы төмендейді (мәліметтер құнсызданады). Осыған байланысты танаптық тәжірибені жүргізудің барлық техникалық талаптарын қатаң түрде сақтау – сенімді нәтижелерге қол жеткізудің маңызды бір шарты болып табылады, яғни ол зерттеліп отырған агротехникалық шараларға немесе белгілі бір дақылдың жаңа сұрыптарына дұрыс (әділ) баға беруге және оларды өндірістік жағдайда кең ауқымда сынап көру және іс-тәжірибеге енгізуге ұсыныс жасауды негіздеуге мүмкіндік береді.
Танапта тәжірибе салу жұмыстарына кіріспес бұрын, тәжірибе мөлдектерін, нұсқаларын және қайталымдарын орналастыруды жер учаскесінің сызба нұсқалық жоспарына келтіру қажет, сонымен қатар барлық тәжірибенің, ондағы мөлдектер мен қайталымдардың енін, ұзындығын және жалпы жер көлемін анықтау керек.
Танаптық тәжірибені танаптағы жер учаскесіне салу (қағу) үшін келесідей құрал-жабдықтар және аспаптар қажет:
а) тік бұрыштарын шығару үшін теодолит немесе экер;
б) ұзындығы 20 м кем емес өлшегіш лента немесе рулетка;
в) ұзын, мықты жіп;
г) тәжірибе шекарасын белгілеуге қажетті, тәжірибенің төр бұрышына қағылатын 4 бұрыштық діңгек (репер);
д) ұзындығы 1,5-2 м 5-10 ағаштар;
е) мөлдектердің шекарасын белгілеу үшін қолданылатын, ені 3-4 см, ұзындығы 25-30 см жұмыс қазықтары, олардың саны мөлдектердің санынан екі есе көп болуы қажет, сонымен қатар 10-15 дана қосымша (запас) қазықтар болуы тиіс.
Мөлдектерді танапта қағу (салу), мөлдектердің жалпы және епеп жүргізілетін аудандарының көлемін, бүйірлік және шеткі қорғаныс жолақтарының көлемін, бұрылыс жолақтарының көлемін және т.б. есепке алатын, алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, тәжірибеде (сурет 10) мөлдектердің ені 5 м, ұзындығы 27 м болғанда, ауданы 135 м–ді құрайды, әр бір бүйірлік қорғаныс жолақтарының ені 0,5 м немесе мөлдектердің есеп жүргізу алаңдарының ауданы 4 м және шеткі қорғаныс жолақтарының көлемі 1 м, сондықтан мөлдектердің есеп жүргізу алаңдарының ауданы 4 м х 25 м = 100 м2 (сурет 11) болады. 7 нұсқалық бір қайталымның ауданы 5 х 7 х 27 = 945 м2, барлық тәжірибенің ауданы 945 х 4 = 3780 м2 болады.
Сонымен қатар, тәжірибені айналдыра ені 2 м қорғаныс жолағын және мөлдектердің шетіне, ені 15 м дейін бұрылыс жолақтарын қарастыру қажет.
Тәжірибенің ауданын есептеген соң, мөлдектерді бір қабатқа орналастырғанда мөлдектердің, қорғаныс және бұрылыс жолақтарының жалпы ауданы - 8208 м2, ал екі қабатқа орналастырғанда - 7930 мдеп белгілеуге болады.
Жер учаскесінің шекаралары қағылған соң, оны мөлдектерге бөледі, яғни ұзын жақтары бойынша АД және ВС (сурет 10), өлшегіш лента және рулетканың көмегімен, танаптық мөлдектердің ені өлшенеді және оның шекарасына қазық қағылады, ол қазықта қайталымдардың және мөлдектердің нөмірі жазылады: алымында – мөлдектердің нөмірі, ал бөлімінде – қайталымдардың нөмірі жазылады, мысалы, 1,2,8 … 8910 және т.б.
Егер мөлдектерді қағу жұмыстары дұрыс орындалса, онда олар жер учаскесінің шекарасында орналасулары тиіс, мөлдектерді көп қабаттарда орналастырғанда, мөлдектерді қағу жұмыстарын әр бір қабатта жеке-жеке жүргізу қажет, бірақ әр бір қабаттың шекарасы бір сызық бойында болуы қажет.
Мөлдектерді қағып болған соң, жер учаскесінің шекарасын бекіту қажет, жалғастырылатын сызықтың ұзын жағында, қорғаныс жолақтарының шекарасында әрдайым реперлер (ағаш, металл қазықтар) қойылады, ал реперлерден шеткі мөлдектердің бұрышындағы нүктелерге дейінгі қашықтық дәл өлшенуі тиіс және жоспарға енгізілуі керек, яғни бұл мөлдектер бойынша уақытша қойылған, жұлынып қалған немес орнынан қозғалтылған қазықтарды қалпына келтіру үшін қажет.
2. Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Танаптық жұмыстарды жүргізген кезде келесідей негізгі ережелерді сақтау қажет:
1. Тәжірибенің барлық нұсқаларында барлық жұмыстарды бір мезгілде жүргізу қажет, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерін, әр бір жекелеген тәжірибелерде бір күнде жүргізілуі тиіс, ол мүмкін болмаса жұмысты бір қайталыммен аяқтау қажет. Барлық жұмыстар тәжірибенің барлық мөлдектерінде біркелкі жүргізілуі керек, яғни жалғыз өзгешелік қағидасын (барлық жұмыстардың бір уақыттылығы, біркелкі сапалылығы және қысқа мерзімділігі) сақтау қажет.
2. Орындалатын барлық жұмыстардың жоғары сапалылығы. Тәжірибелік жер учаскесіндегі агротехникалық ая (фон) оңтайлы болуы қажет, сонымен қатар зерттеліп отырған белгілі бір фактордың әсеріне (ықпалына) кедергі келтірмейтін, жаңа, қарқынды технологиялар мен іс-шаралар пайдаланылатын, белгілі бір аймаққа ұсынылған технологияның талаптарына сай болуы қажет.
3. Тәжірибені және өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстары зерттеліп отырған дақылдың танаптық жағдайдағы күтіп-баптау жұмыстарындағы іс-шараларымен сәйкес болуы тиіс, ал барлық жұмыстар өз уақытында, біркелкі және тыңғылықты жүргізілуі тиіс (химиялық және қолмен өңдеу, қатараралық өңдеу, үстеп қоректендіру және т.б.). Тәжірибенің өзгешелігі есепке алынуы тиіс (мысалы, тәжірибе міндеттерімен қаншалықты сәйкестігіне байланысты себу мерзімдері және өңдеу жұмыстары).
4. Топырақты өңдеу техникасы – тәжірибеде топырақты өңдеу техникасы барлық нұсқалар үшін бірдей ме, жоқ әлде зерттелетін фактор ретінде ме, соған байланысты жүзеге асырылады.
Дақылдарды себу кезінде және сол сияқты топырақты өңдеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін, біріншісі, тәжірибенің барлық нұсқаларында дақылдарды бір мезгілде және бір тәсілмен сепкен кезде (мысалы, тұқымның себу мөлшерін, тыңайтқыштардың мөлшерін және т.б. зерттеген кезде) және екіншісі, дақылдарды әр түрлі себу мерзімдерінде және әр түрлі себу тәсілдерін қолданғанда, мысалы, дақылдардың себу мерзімдерін және себу тәсілдерін (қатардағы себу тәсілі, кеңқатарлы себу тәсілі және т.б.) зерттеген кезде.
Дақылдарды себу мөлдектердің бағытымен, ал танапты негізгі өңдеу көлденең жүргізілуі керек. Тәжірибені жоспарлағанда, мөлдектердің енін сепкіштер сиятындай етіп жоспарлау қажет, яғни мөлдектердің ауданы сепкіштердің немесе басқа да тіркемелердің (агрегат) енімен сәйкес болғаны дұрыс.
Белгілі бір дақыл тұқымының себу мөлшерін зерттегенде, сепкіштердің себу мөлшерін қайта-қайта ауыстыры жүрмес үшін, ең бірінші барлық мөлдектерді (бірнеше қайталымдағы біртекті мөлдектерді) бір себу мөлшерімен сеуіп шығады, кейін екінші, одан кейін үшінші және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет