Дәріс № 11.
Тақырыбы: Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар және есеп беру.
1. Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар.
2. Танаптық журналдағы кестелердің мысалдары.
Танаптық тәжірибені өткізу өте қиын және ұзақ үрдіс, оған көптеген әртүрлі жұмыстар кіреді: тәжірибе учаскесін таңдау, оны дайындау, тыңайтқыштар енгізу, топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеулер, себу, күтіп-баптау, өсімдіктердің өсіп-дамуын бақылау, метеорологиялық жағдайды бақылау, өнімді жинау және есепке алу, эксперимент материалдарын өңдеу және тәжірибе сұлбасы мен зерттеулер бағдарламасымен ескерілген басқа бірқатар жұмыстар.
Тәжірибедегі барлық жасалған жұмыстар мен олар жасалған жағдайлар сәйкес құжаттарда есептеліп, жазылып отыру керек.
Жұмыстың бұл бөлігі неғұрлым толық жасалса, соғұрлым тәжірибедегі сандық көрсеткіштерді нақты және дұрыс бағалауға болады, олар өнімділіктің көрсеткіші мен сапасын, өсімдіктердің өсіп-дамуын, өнімділік қалыптасуын сипаттайды, бұл тәжірибе нәтижелерінің мәнін дұрыстап ашып, негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Н.Г. Найдиннің (1968) ойы бойынша, тәжірибелерде құжаттар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларда міндетті түрде келесі көрсеткіштер болу керек:
1. Тәжірибе учаскесі туралы толық мәліметтер;
2. Тәжірибе жасалып жатқан жұмыстарды бақылауларды және есептеулерді тәжірибе мақсаттарына сәйкес тіркеу;
3. Мәліметтер жинағын (сведения ) уақытында құру және олардың дұрыстығы;
4. Жазулардың біртектілігі;
5. Тәжірибені басқаратын және оның сапасына жауап беретін адамдар тарапынан жазулардың уақытында және дұрыс болуын қадағалау;
Құжаттардың толықтығы, уақытында толтырылуы, біркелкілігі (типтілігі) және дұрыстығы танаптық тәжірибенің нәтижелерін толық талдауға және тәжірибе бойынша және бірнеше жылдық есептерді жасауды қамтамасыз етеді.
Танаптық тәжірибе құжаттарына қосылатын мәліметтер мазмұны бойынша келесі категорияларға бөлінеді:
Тәжірибе учаскесі (жер бедері, топырақ, шаруашылық тарихы және т.б.), тәжірибе бағдарламасы әдістемесі туралы негізгі мәліметтер. Барлық негізгі мәліметтер тәжірибе қоюдың алдында жасалып, безендірілу керек және тәжірибе мен оның бөлшектері үшін жалпы болады.
Күнделікті жұмыс жазулары, жасалған жұмыстар туралы, бақылаулар мен есептеулер жазылатын ағымды біріншілік құжаттарды жүргізу. Бұл жазулар танапта, лабораторияда немесе бақылау мен есептеулер жүргізіліп жатқанда жасалады.
Есеп және жинақ құжаттарын біріншілік ағымдық құжаттардан жұмыстар, бақылаулар, талдау мен есептеулер туралы өте маңызды мәліметтерді көшіру арқылы құрастырылады.
Ол құжаттарды танаптық жұмыстардан бос кезде біріншілік ағымды құжаттардағы жазуларды жүйелеу мен жалпылау негізінде толтырады.
Әрбір тәжірибеде біріншілік құжат болып «Егістік жұмыстар мен бақылаулар күнделігі» табылады, ол танаптық сумкада немесе қалтада ұстауға ыңғайлы кітап-дәптерше болуы мүмкін.
Қосымша біріншілік құжаттар болып жұмыс дәптерлері саналады, оларда барлық бақылаулар, талдаулар мен есептеулердің керекті жазулары жүргізіледі.
«Танаптық тәжірибе журналы» өзіне тәжірибенің бағдарламасы, сұлбасы, зерттеу әдістемесі, өткізу жағдайлары, барлық агротехникалық жұмыстар жазулары, бақылаулар мен есептеулердің өңделген нәтижелері, өнімділік және т.б. қорытындылауға, жалпылауға және практикалық ұсыныстар жасауға керекті мәліметтер жинақтайтын құжат болып табылады. Журнал уақытында қара сиямен біріншілік құжаттар негізінде толтырылады, журнал беттері нөмірленіп, тігіліп, мөрленеді және бөлмеде сақталады (лаборатория, жұмыс кабинеті).
Барлық мәліметтер журналда басқаларға оңтайлы және түсінікті түрде берілу керек, онда танаптық тәжірибедегі негізгі материал кесте, график, жазбаша түрде жинақталу керек.
Көптеген ғылыми мекемелер, мемсортжүйесі есептеулерді реттеу мен стандарттау үшін типографиялық тәсілмен танаптық кітапшалар, көмекші құжаттар, танаптық журналдар, есеп карточкалары және т.б. біркелкі етіп шығарады, бірақ барлық жағдайда танапты журналда келесі мәліметтер болуы керек:
Тәжірибе атауы, нысанасы мен уақыттары;
Тәжірибені натурада (табиғи) орналастырудың сызба-нұсқасы мен жобасы;
Учаскенің сипаттамасы мен тарихы (топырақ, алғы дақыл, тыңайтқыштар және т.б.).
Учаскенің топырақтық, агрохимиялық және басқа сипаттамасы;
Зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі;
Алғы дақылды жинаудан бастап өсімді жинау мен есепке алуға дейінгі тәжірибедегі барлық жұмыстардың тізімі (мерзімі, тәсілдері мен жасалу сапасының көрсетілуімен);
Барлық бақылаулар мен талдаулардың кесте, сызба, сурет түріндегі нәтижелері;
Өсімдікті мөлдектер бойынша гектарға ауыстырғанда және стандарты ылғалдыққа келтіргендегі есептеу нәтижелері;
Маңызды есептеулер, талдауды және өнімділікті статистикалық өңдеу нәтижелері;
Қорытынды, алдын-ала қорытынды мен ұсыныстар.
Жасалған тәжірибелік жұмыс негізінде есеп, мақала, дипломдық немесе диссертациялық жұмыс жасалады және оларға келесі негізгі тараулар қосылады:
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
Сұрақтың қысқаша тарихы;
Тәжірибенің сызбанұсқасы, әдістемесі және жағдайлары;
Тәжірибе нәтижелері;
Қорытынды және тәжірибелік ұсыныстар;
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Тәжірибелік жұмыстың біржылдық нәтижелерін келтіргенде немесе әсіресе көпжылдық материалдарды көрсеткенде кестелер, графиктер, диаграммалар, суреттерді және т.б. қолданған дұрыс, сонымен бірге жасалған жұмыстың маңыздылығын көрсету үшін оған статистикалық өңдеу нәтижелерін қосу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |