«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 7. Тақырыбы: Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру



бет19/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
4 дәріс

Дәріс № 7.
Тақырыбы: Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру.
1. Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар.
2. Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру.
3. Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі.
1. Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар. Танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдістемесін қатаң сақтау – тәжірибе қателігін азайту, тәжірибенің дәлдігін арттыру және сенімді нәтижелер алу қажеттілігінен туындайды. Дәл осыған бұдан бұрын, яғни жоғарыдағы бөлімде қарастырылған әдістемелік сұрақтар негізделген (нұсқалардың, қайталымдардың саны, мөлдектердің көлемі (ауданы), пішіні және бағыты, қорғаныс алаңдары және т.б.).
Тәжірибенің дәлдігін арттыруға бағытталған келесі кезектегі әдістемелік шаралар – тәжірибелік мөлдектерді нұсқалар және қайталымдар бойынша орналастыру әдісі болып табылады, оның өзі дұрыс нәтижелер алуда үлкен маңызға ие.
Танаптық тәжірибелерде мөлдектерді бір немесе бірнеше қабат (ярус) әдісімен орналастыруға болады, мұның өзі тәжірибедегі нұсқалар мен қайталымдарға, мөлдектердің көлеміне (ауданына), топырақтың құнарлылығына, тәжірибені салуда және жүргізуде қолданылатын техникалар мен құралдарға және көптеген басқа да факторларға тікелей байланысты. Мөлдектерді орналастырғанда келесідей жағдайларды (талаптарды) сақтаған дұрыс:
1. Әр түрлі топырақ құнарлылығын біртекті нұсқалармен мүмкіндігінше көп дәрежеде қамту, ал зерттеліп отырған шараның әр қайталымның мөлдектері топырақтың біркелкі құнарлылығы, ылғалмен қамтамасыз етілуі, жер бедері, аграрлық аясы және т.б. жағдайларында орналасуы тиіс.
2. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда, әр бір қабатта бір немесе бірнеше, бүтіндей бір қайталымды, қандай да бір қайталымның әр түрлі қатарлар бойынша ажырауына (үзілуіне) жол бермей орналастыруға болады.
3. Бір нұсқаның мөлдектері, тәжірибені көп қабатты әдіспен орналастырғанда горизонтальды бағыт сияқты, вертикальды бағытпен де жақын болмауы керек, ал көрші мөлдектер өздерінің ұзын жағымен жанасуы (жалғасуы) тиіс.
2. Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру. Молостованың А.С. (1966) жіктеуі және қайталымдар бойынша мөлдектерді нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналастыруға болады және мөлдектерді жүйелі түрде орналастыру тәртібін әр бір қайталымда сақтау қажет. Мөлдектерді қарама-қарсы да орналастыруға болады, бұндай жағдайда нұсқаларды орналастыру тәртібі керсінше бағытта өзгереді. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда және қайталымдарда мөлдектердің орналасуы тобымен ауысқанда мөлдектер сатылы тәртіппен орналасады, ал жүйелі орналасу ұстанымы сақталады. Әдістемелік істің тәжірибесінде мөлдектерді орналастырудың жүйелік және сатылы әдістері қолданылады.
Доспехов Б.А. тәжірибелік жер телімі мөлдектері бойынша үш негізгі тобын ажыратты: стандартты, жүйелі және рендомизациялық, Молостова А.С. жіктеуінен топтардың атауы және рендомизациялық әдіспен орналастыру әдісінің қосылуымен ерекшеленеді.
Стандартты әдіс – әр бір қайталымда бірнеше бақылау нұсқаларының (стандарт) орналасуын қарастырады, яғни тәжірибенің әр бір 1-2 нұсқасынан кейін.
Стандартты әдісте әр бір зерттеліп отырған нұсқа өзінің бақылау (стандарт) нұсқасымен салыстырылады, мұның өзі топырақтың құнарлылығы бойынша ала-құлалылығының теріс әсерін жоюға, эксперименттің қателігін минимум дәрежеге дейін төмендетуге және тәжірибеде зерттеліп отырған сорттың немесе агротехникалық шараның тиімділігіне анағұрлым дәл баға беруге мүмкіндік береді, себебі көршілес орналасқан мөлдектегі бақылау нұсқасымен (стандартпен) салыстыруға, сонымен қатар сорттың ерекшелігін (айрықша белгілерін) тіпті көзбен шолу арқылы бағалауға мүмкіншілік бар. Дегенмен, мұл әдістің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес, яғни мөлдектердің саны, бақылау нұсқасын екі нұсқадан кейін орналастырғанда 40%-ға, бір нұсқадан кейін орналастырғанда 50 %-ға көбейеді, нәтижесінде тәжірибе үлкейеді, жер аумағы тиімсіз пайдаланылады, еңбек шығыны артады, әсіресе, зерттеліп отырған нұсқалардың саны көбейгенде. Бұл әдіс көбінесе сорт сынауда кеңінен қолданылады, сонымен қатар селекционерлермен таңдаудың бірінші кезеңінде: тұқымдық материалдың жетіспеуіне байланысты қажетті көлемдегі мөлдектер мен қайталымдардың саны болмайды, сондықтан зерттеліп отырған мөлдектерді бақылау нұсқасымен қатар орналастырып, олардың қайсысының болашағы зор екенін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет