«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж



бет20/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
4 дәріс

Жүйелік – бұл әдіс тәжірибе нұсқаларын әр бір қайталымда, бір немесе шахматтық тәртіппен екі және одан да көп қабаттарда жүйелі тәртіппен орналастыру.
Тәжірибе нұсқаларын бір қабатқа жүйелі әдіспен орналасытру барлық әдістердің ішінде ең қарапайым әдіс болып табылады, себебі олар тәжірибе сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналасады.
Шахмат тәртібі әр түрлі қабаттардың қайталымдарында нұсқалардың араласып орналасуын қарастырады. Келесі қабаттарда нұсқаларды орналастыру жұмысын әрі қарай жылжытуға қажетті, мөлдектердің санын анықтау үшін нұсқалардың санын тәжірибелердің санына бөледі: нұсқалардың саны сегіз болғанда және қайталымдар екі қабатта орналасқанда 4 нөмірге (8:2=4), үш қабатты орналасқанда – 3 нөмірге жылжыту қажет. Бұл әдістің ең басты артықшылығы – танаптық тәжірибе салуды (себу), бақылаулар және өнімді есептеу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді, сонымен қатар қайталымдар мен әр түрлі нұсқалардың мөлдектерінде қате жібермеуге мүмкіндік береді.
3. Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі. Доспехов Б.А. (1985) пікірі бойынша жүйелі әдістің бірқатар кемшіліктері бар, нақты айтқанда «тәжірибе нұсқалары бойынша болуы мүмкін және көбіне болатын ойда жоқ бұрмаланушылықтар, сонымен қатар тәжірибенің қателігін статистикалық бағалаудың сенімсіздігі», яғни осыған байланысты автор тәжірибе нұсқаларын орналастырудың анағұрлым тиімді әдісі – рендомизация деп көрсеткен.
Танаптық тәжірибелерде нұсқаларды рендомизация әдісімен орналастыруды қолдану, әлі күнге дейін көптеген таластар туғызуда, яғни кездейсоқ таңдаудың және нұсқалардың рендомизациясының талаптары ғылыми дәлелденбеген деп есептеледі, экспериментте кездейсоқтық орынсыз және зиянды, ал рендомизацияны мүлде ұсынуға болмайды, себебі «мөлдектерді рендомизация әдісімен орналастырған кезде біз саналы түрде өзімізге және өзіміздің тәжірибе нәтижелерін жеребеге, кездейсоқ ойынына бағындырамыз».
Танаптық тәжірибенің (және т.б. бірқатар тәжірибелердің) нәтижелеріне дисперсиялық талдау жасау әдістерімен айналысып жүрген бірқатар математиктер (Фишер Р.А., 1958, Перегудов В.Н., 1961, Доспехов Б.А., 1979 және т.б.), рендомизация тәжірибені бағалауда орнынан алу қаупіне біраз кедергі (жояды) болады және экспериментаторға тәжірибелік жұмыстардың сапасын дұрыс сипаттауды көрсетеді. Доспехова Б.А. (1979) пікірінше, «Нақты салыстыруларды және статистикалық бағалауды талап ететін танаптық тәжірибелерді жоспарлау үшін нұсқаларды орналастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған дұрыс, оның негізі – рендомизация болып табылады». Бұл көзқарасты ескермеуге болмайды, ең құрғанда рендомизацияның жалпы негізін білу қажет.
Рендомизация – тәжірибеде нұсқалардың жүйесіз орналасуын қарастырады, ал оның анағұрлым қарапайым әдісін келесі мысалдан көруге болады. Тәжірибенің нұсқаларын нөмірлейді немесе әріптермен белгілейді және оларды біркелкі карточкаларға жазады, кейін бұл карточкаларды жақсылап араластырады және бір-бірден суырып алып қарайды. Қайталымдардың нұсқаларын жеребемен, кездейсоқтықпен анықталған тәртіп бойынша мөлдектерге орналастырады, ал әр бір қайталым үшін өзіндік рендомизациясы жасалады.
Доспехов Б.А. (1979) танаптық тәжірибе нұсқаларын рендомизациялық әдіспен орналастырудың бес әдісін ажыратып көрсетті: ұйымдастырылмаған қайталымдар (толық рендомизация); рендомизацияланған қайталымдар; латын квадраты және тік бұрышы; шашыраған мөлдектер; араласқан.
Толық рендомизация (ұйымдастырылмаған қайталымдар әдісі) – жер учаскесінде танаптық тәжірибені орналастырудың қазіргі заманғы әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы деп есептеледі, бұл әдісте жер учаскесіндегі тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша әбден кездейсоқ таратылады (орналасады). Мысалы, төрт қайталымды, 3 нұсқалы танаптық тәжірибеде жер телімі 12 мөлдекке бөлінеді (3х4=12). Кейін кездейсоқ сандар кестесі бойынша, әр бір нұсқаға 4 мөлдектен келетіндей етіп, тәжірибе нұсқаларын мөлдектерге орналастырады.
Бұл әдіс бірқатар жағдайларда, яғни тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқалардың саны аз болғанда (2-ден 4-ке дейін) тиімді деп есептеледі және бұл әдісті жер аумағы үлкен емес және топырақ құнарлылығы бойынша біркелкі жер учаскесінде, көпжылдық жемісті дақылдармен жұмыс істегенде қолдануға болады. Тәжірибеде мөлдектердің санын көбейткенде бұл әдістің тиімділігі төмендейді, бұндай жағдайда ұйымдастырылған рендомизацияланған қайталымдар әдісін қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет